Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында алапат өрт шығып, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ertenmedia. Қайғылы жағдай бүгін таңсәріде болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде екі қабатты тұрғын үй толығымен отқа оранып үлгерген. Құтқарушылар қызыл жалынның ішінен ес-түссіз жатқан үш адамды алып шығып, жедел жәрдемге тапсырды. Үйдің ішінен 12 адамның мәйіті табылды, олардың тоғызы бала. Көршілердің айтуынша, қайғылы оқиға болардың алдында үйде қонақтар болған, тұрғындар кешкісін жиын өткізген екен. Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Қазір оқиға орнында төтенше қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері анықталуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы Үкімет…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстанда банктегі ақша айналымын бақылаудың жаңа ережелері бекітілді, деп хабарлайды Ertenmedia. Қаржы министрі Мәди Тәкиев қол қойған құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер Қаржымин-нің Мем.кірістер комитетіне клиенттің есепшоты туралы деректі жаңа талап бойынша өткізеді. Жаңа ережеге сәйкес, банктер жеке және заңды тұлғалардың есепшоты мен онда сақталған қаражат, ақша қозғалысы және кәсіпкерлік белгісі бар операциялар туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсынады. Банктер міндетті түрде өткізетін мәліметтің бірнеше формасы нақтыланған: клиенттердің есепшоты, шоттағы ақшаның қалдығы туралы мәлімет; есепшоттағы ақшаның кірісі мен шығысы туралы толық дерек; активтері мен мүлігі туралы декларация тапсыруға міндетті азаматтардың алған кредиті мен олардың қайтарылу сомасы туралы ақпарат;…
Алматы облысында алғаш рет бариатриялық-метаболикалық ота жасалды. Аймақ үшін маңызды бұл жоғары технологиялық хирургиялық ем-шара Іле орталық аудандық ауруханасында өткізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Отаны медицина ғылымдарының докторы, Семіздік пен қант диабеті хирургиясы орталығының жетекшісі, профессор Орал Базарбайұлы Оспановтың қатысуымен жүзеге асырылды. Сондай-ақ операцияны Іле аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Аңсат Нұрмолдаұлы Таубалдиев және хирург Әділхан Бақбергенұлы Карипбаев жүргізді.Бариатриялық-метаболикалық операция — семіздікті және онымен байланысты ауруларды (әсіресе 2 типті қант диабетін) емдеуге арналған хирургиялық әдістердің жалпы атауы. Бұл операциялардың негізгі мақсаты салмақты тұрақты түрде азайту және зат алмасуды жақсарту болып табылады. — Мұндай оталардың аудандық деңгейдегі ауруханаларда жасалуы — халыққа жоғары…
ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жәркешов Tallinna Masinatehas OU (Таллин машина жасау зауыты) компаниясының бас директоры Вадим Мартыновпен кездесті. Тараптар Қазақстанда ауа салқындатқыш аппараттар мен қаптамалы-құбырлы жылуалмастырғыштар өндіретін бірлескен инжинирингтік-өндірістік кәсіпорын құру мүмкіндіктерін талқылады. Tallinna Masinatehas OU – Эстониядағы ең көне машина жасау кәсіпорындарының бірі. Қазіргі уақытта компания Балтық және Солтүстік өңірлерде жылуалмастырғыш жабдық өндіру бойынша көшбасшылардың қатарында. Зауыт жоғары қысымда жұмыс істейтін, соның ішінде арнайы болат маркаларынан жасалатын жабдықты жобалау және өндіруде жоғары техникалық құзыретке ие. Қазақстанда өндірісті жергілікті деңгейде жолға қою бастамасы мұнайхимия, мұнай-газ және агрохимия салаларында заманауи технологиялық жабдыққа деген сұраныстың артуына байланысты қолға алынып отыр. Сонымен қатар,…
Болат Назарбаевтың үйі тоналды деген хабар тарағаннан кейін танымал журналист Гүлжан Ерғалиева Фейсбуктағы парақшасында ойын ортаға салды. Ол елді ұзақ жыл билеген Назарбаев халықтың мінезін өзгерткенін айта келе, Назарбаев әулеті елді тонап жатқанда жұрт шуламай, көптеген адам сол жүйеге мойын ұсынғанын, соның кесірінен елде заңға деген сенім әлсіреп, әділдік көзден бұл-бұл ұшқан ашып айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Рас, Гүлжан Ерғаливаның постында ашу да бар, ашыну да бар. Ол: – Қоғамда Болат Назарбаевтың қарапайым мектеп оқушыларына қиянат жасағаны айтылып жүрді. Ал жәбір көрген қыздардың ата-аналары үнсіз келіп, оның үйінің алдында «ақшасын» алып кетіп отырған. Осындай оқиғалар аймақтарда жасырын емес, ашық айтылғанын…
«AMANAT» партиясы барлық деңгейдегі мәслихаттарды биылғы 1 желтоқсанға дейін оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдауға шақырды. Корпоративтік табыс салығының немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін төмендету туралы шешім қабылдау маңыды. Бүгінде 27 аудан мен қалада салық 2-3%-ға дейін төмендетілді. Партияластардың пікірінше, бұл шара шағын және орта бизнестің фискалдық жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Түрлі деңгейдегі мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы депутаттық корпусының атқарған жұмыс нәтижесі «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің төрағалығымен өткен кеңесте қаралды. Оған өңірлердегі мәслихаттардың төрағалары қатысты. Қатысушылар партияның сайлауалды уәделерін орындау, кәсіпкерлерге қолдау көрсету мәселелерін, сондай-ақ бизнес қауымдастығының жаңа Салық кодексі бойынша жұмысқа дайындық деңгейін талқылады. Іс-шараны…
Ресейге қарсы қысымды күшейту мәселесі АҚШ Конгресінде қызу талқылануда. Мұны Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың өзінің президенттік ұшағында кетіп бара жатып айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Трамп журналистердің «Ресейге қысымды күшейтетін уақыт жеткен жоқ па?» сауалына бұл мәселені Конгресс қызу талқыланып жатқанын жеткізді. – Маған жеткен хабар бойынша Конгресс бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. Ол заң жобасы өте қуатты болады. Ресеймен соғысып жатқан елге қарсы әрекет еткендерге санкция салуға мүмкіндік береді, – деді АҚШ президенті. Осы жауаптың өзі-ақ Вашингтонның қандай бағытқа бет алғанын байқауға болады. АҚШ тек Мәскеуге ғана емес, сонымен бірге Ресеймен сауда жасап, оның бюджетін толықтырып отырған кез келген…
Астанада соңғы жылдары еңбекке ынталы тұрғындарға қолдау көрсететін бастамалар жиі қолға алынып жатыр. Солардың бірі JOLTAP жобасы. Бұл жоба қысқа уақыттың ішінде кәсіпке бейімдей алатын тегін курстарымен елордалықтардың ризашылығына ие болған жоба, деп жазады Ertenmedia.kz. Әсіресе көпбалалы аналар үшін жаңа мүмкіндік, жаңа тыныс ашатын бағдарламаға айналды. Күнделікті тіршіліктің күйбеңімен жүріп, бала тәрбиесіне өмірін арнаған аналар үшін мұндай бастама үлкен демеу. Солардың бірі Ләззат Оралбаева. Көп жылдан бері басты міндетін ана ретінде атқарып келген Ләззат енді өзі үшін, болашағы үшін қадам жасауға бел буған. Балалары өсіп, әрқайсысы өз жолын тапқан шағында ол да қала өміріндегі тұрақты табыспен байланысты бір мамандықты игергісі…
Алтай Көлгінов өзінің Эстонияға елші боп тағайындалуын «саяси жер аудару» деген қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia. Үш жыл бұрын Астана әкімінің орнын босатқан Көлгінов былтыр мамырда Қазақстанның Эстониядағы елшісі боп кеткен еді. Orda-ның жазғанындай Ақорданың дәлізінде журналистермен жүздескен дипломаттан тағайындаудың артында саяси астар бар ма деген сұрақ қойылған. «Мұндай сұрақпен барлық елшілерді ренжітіп алдыңыздар. Елші мемлекетаралық деңгейдегі маңызды саяси қызмет. Мемлекет маған осындай жауапты істі сеніп тапсырғанын мақтан тұтамын», – деп қысқа қайырған Көлгінов. Журналистер елшіге Астана тұрғындарының әкімдікке жиі наразылық танытқанын да еске салды. Көлгінов бұған әкімдік жұмысына шағым айтылуы заңды құбылыс деп жауап берді. «Наразылық бұрын да…
Алматы қаласы мегаполистің сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жаңғырту мақсатында халықаралық ынтымақтастығын нығайтып келеді. Алматы қаласы Энергетика және су шаруашылығы басқармасына қарасты «Алматы Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Корея Республикасының Ұлттық су өнеркәсібі кластерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кореяның жетекші компанияларымен серіктестік Алматыдағы су шаруашылығын цифрландыруды жеделдетуге, халықаралық тәжірибені меңгеруге және су ресурстарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Корея Республикасы «Алматы Су» кәсіпорнының «Цифрлық егіз» жобасын жүзеге асыруға атсалысады. Бұл датчиктер, жасанды интеллект және симуляция негізінде нысандарды нақты уақыт режимінде бақылауға, талдауға және басқаруға мүмкіндік беретін виртуалды модель. Пилоттық жоба ретінде бас тазарту нысандарына заманауи су өлшегіш құралдар…










