Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 10 айында 219,7 млрд теңгеге 3 миллионнан астам пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген, деп жазады Ertenmedia.kz. Медициналық ұйымдарды үздіксіз жабдықтау үшін Бірыңғай дистрибьютор 21 млрд теңге сомасына төмендетілмейтін дәрі-дәрмек қорын құрды. Бұл қор медициналық ұйымдардың 2-3 айлық қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді және онкология, қант диабеті, қан ұюының бұзылуы, ағзалар мен тіндерді трансплантаттау және басқа да маңызды бағыттарды қоса алғанда, аурулардың негізгі топтарын қамтиды. «Созылмалы аурулардың бір бөлігін ТМККК пакетінен МӘМС-ке ауыстыруға қарамастан, барлық мемлекеттік кепілдіктер толығымен сақталады, қаржыландыру көлемі өзгеріссіз қалады. Тек…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапары мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Өңір басшысы облыстық басқарма басшыларымен және аудан әкімімен бірге ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар нысандарды аралады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапардың алғашқы нысаны Балтабай ауылындағы «Baltabai Den» кәсіпорны болды. Мұнда жүгері дәндерін кептіру және консервілеу жүзеге асырылады. Өндірісте 30-ға жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Кәсіпорында төрт астық кептіргіш орнатылған, ал қабылданған жүгері дәндерінің көлемі 20 мың тоннаға жеткен. Шелек өңірінде әкімдік өкілдері инженерлік желілердің құрылысы мен қайта жаңарту жұмыстарының барысы туралы баяндады. Шелек ауылында ұзындығы 124…
Келес ауданының орталығы Абай ауылында «Тегін көшет отырғыз» атты күзгі экологиялық акция өтті. Шараға аудан әкімдігінің қызметкерлері, ардагерлер, кәсіпкерлер, тазалық қызметкерлері мен еріктілер белсенді қатысты. Акцияның негізгі мақсаты аудан аумағын көгалдандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Жақсылыққа бағытталған игі бастамаға қатысқан аудан әкімі Жанібек Ағыбаев мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті. – Мұндай игі іс ауданымызда тұрақты түрде өткізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған сенбіліктің басты мақсаты – азаматтарымыздың бойында тазалық мәдениетін қалыптастыру. Әрбір тұрғын өз қоғамына, отбасына және табиғатына қамқорлықпен қарауы тиіс. Бұл бір күндік шара ғана емес. Сол себепті барша тұрғындарды көшет отырғызу жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырамын, –…
Қазан айындағы оң нәтижелер ел экономикасының өсуі бір реттік серпіндерге емес, құрылымдық өзгерістерге негізделгенін көрсетті. Өңдеу саласының кеңеюі, өңірлердің дамуы, экспорт пен өндіріс базасының әртараптанудың барлығы ұзақмерзімді тұрақтылықтың негізін қалайды. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 10 айда елдің ішкі жалпы өнімі 6,4% өсім көрсетті. Бұл тоғыз айдағы көрсеткіштен 0,1 пайызға жоғары. Өсімнің басты драйверлері қатарында құрылыс, сауда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бар. Олардың барлығында дерлік өңірлік деңгейде оң динамика сақталуда. Маңыздысы нарықта қызып кету белгілері байқалмады. Өсу сапамен және өндіріс құрылымының жақсаруымен қатар жүруде. Бұл макроэкономикалық тепе-теңдіктің сақталғанын көрсетеді. Айбар ОЛЖАЕВ
Түркістан облысында жылу беру маусымының үздіксіз әрі қауіпсіз өтуі Түркістан облысының басшысы Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда өңірдегі қазандықтар температуралық кестеге сай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге жылу тұрақты берілуде. Облыс бойынша көмір отынының қажеттілігі 580,4 мың тонна болса, бүгінде 442,5 мың тоннамен қамтылды. Сондай-ақ теміржол тұйықтарында 75 мың тонна көмір қоры жинақталған. Өңірде газбен жабдықталып, іске қосылған елді мекендердің ішінде жалпы 334 007 абонент бар. Оның ішінде, бүгінгі таңға дейін 320 656 абонент газға қосылса, ал 9 647 абоненті газға қосылмаған.…
АҚШ санкциясы «Лукойлды» теңселтіп жатыр. Ирактағы ірі жоба тоқтап, Бұлғария Бұрғас мұнай өңдеу зауытын бақылауға алмақ, деп хабарлайды Ertenmedia. Әміриканың Кремльге қарсы санкциясы «Лукойлдың» халықаралық жобаларын тығырыққа тіреп, компанияның Ирактағы ең құнды активі «Батыс Курна-2» кен орнындағы жұмысын тоқтатты. Reuters агенттігінің хабарлауынша, өткен аптада ресейлік компания Ирактың мұнай министрлігіне хат жолдап, форс-мажор жағдайында жобаны жалғастыру мүмкін еместігін мәлімдеген. Басра портынан 65 шақырым жерде орналасқан «Батыс Курна-2» әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі, Ирак мұнай өндірісінің 9%-ын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта тәулігіне 480 мың баррель мұнай өндіріліп отырған осы кен орнындағы жұмыс алты ай ішінде қайта жанданбаса, «Лукойл» жобадан толық…
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов жұмыс сапары аясында қаланың әлеуметтік нысандарының құрылысы мен қайта жаңарту барысын тексерді. Әкімнің орынбасары алдымен Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театрының ғимаратын қайта жаңарту жұмыстарының барысын тексерді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жобада тірек құрылымдарын күшейту, тесілген шатыр мен қасбеттік кеспе тастарды, барлық инженерлік коммуникацияны ауыстыру көзделген. Театр жабдықтарын, сахна мен жарықтандыруды 100% жаңарту, жақсы көрінісі мен акустикасы бар көрермен залының классикалық өлшемін сақтау жоспарланған. Сондай-ақ, алаңы 10 мың шаршы метр болатын үш қабатты жаңа ғимарат салу қарастырылған. Жаңа нысанда 200-ден астам орынға…
The Washington Post басылымында «Қазақстанның «Ибраһим келісімі жолындағы қызықты саяхаты» атты ірі мақала жарияланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Материалда елдің келісімге қосылуға бағытталған шешімі қалай қалыптасқаны, қандай сыртқы-саяси мақсат көзделгені терең талданған екен. Жалпы мәтінде Қазақстанның қадамы ең алдымен ойластырылған, прагматикалық және мұқият есептелген деп бағаланған. Мақаланың басында бастапқыда Вашингтондағы көптеген тараптар алдында Қазақстанның бұл қадамы таңқаларлық болып көрінгені, келісімге қосылу мотивациясына қатысты сұрақтар туындағаны атап өтілген. Кей тұста бұл қадам «Президент Трампқа арналған белгі секілді көрінеді» деп жазылған. Алайда мақалада Қазақстанның қандайда бір мақсатты көздейтіні де мойындалып, елдің жағдайын ескере отырып, бұл әрекетті табиғи әрі орынды деп бағалаған. Материалда келесі…
Бүгін Кәсіпкерлік кодекстің қабылдануына 10 жыл толуына орай Алматы қаласындағы “Narxoz” университетінде конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес-қауымдастық, сарапшылар мен академиялық орта қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев сөз сөйлеп, Кәсіпкерлік кодекстің қабылдану тарихына, оның құқықтық эволюциясына және қазіргі экономикалық саясаттағы рөліне кеңінен тоқталды. Өз баяндама басында ол қазанның 29 күні қазақстандық бизнес-қауымдастық алғаш рет өзінің кәсіби мерекесі – Кәсіпкерлер күнін атап өткенін еске салды. 2015 жылдың дәл осы күні Кәсіпкерлік кодекс қабылданған болатын, бұл құжат отандық бизнестің құқықтық іргетасы болуға бағытталғанын айтты. Азат Перуашевтың айтуынша, конференция өтіп жатқан…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында Мақатта «Таза Мақат» атты коммуналдық мемлекеттік мекеменің ресми ашылуы өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таза Мақат» КММ биыл маусымда құрылған болатын. Мекеменің теңгеріміне облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп, 17 бірлік арнаулы техника сатып алынды. Жаңа кәсіпорынның құрылуы аудандағы санитариялық тазалықты жүйелі түрде қамтамасыз етіп, экологиялық мәдениетті арттыруға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Іс-шараға аудан әкімі Азамат Мәмбетов қатысып, жаңа мекеменің ұжымын құттықтады. Ол…
