Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эстония басшысы Алар Карис Астанада өткен қазақ-эстон бизнес-форумына қатысты. Қос елдің басшылары кәсіпкерлерге әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia. Ақорданың мәліметіне сәйкес, Тоқаев форум аясында Қазақстан мен Эстония іскер топтарының өзара байланысы нығайтудың маңызан тоқталды. Екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетін арттыруға жол ашылатынын атап өтті. Президент өз сөзінде қос мемлекет үшін тиімді болуы мүмкін көлік және логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру салаларындағы ынтымақтастыққа екпін беріп, эстон бизнесінің Қазақстан нарығына кіруі үшін жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін мәлімдеді. Айта кетерлігі, форум аясында екі ел кәсіпкерлері жалпы сомасы 517 миллион…

Толық оқу

Алматы полициясы брокерлік нарықтағы ең ірі ойыншылардың бірі «Фридом Финансқа» қатысты жалған ақпарат тарату ісін тергеуді әдейі кешеуілдетіп, істің мән-жайын анықтауға құлықсыздық танытып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia «Курсивке» сілтеме жасап. Істің түп төркіні биылғы сәуірге барып тіреледі. Сол кезде KazTAG ақпарат агенттігі ондаған материал жариялап, «Фридом Финансты» «салымшылардың ақшасын жоғалтуға себеп болды» деп айыптаған. Артынша брокерлік компания өкілдері бұл мәлімдемелерді «жоспарлы түрде жасалған жалған ақпарат пен PR-шабуыл» деп бағалады. Олардың пікірінше, KazTAG-тың түпкі мақсаты «Фридом Финансты» заңсыз жолмен «ымыраға» көндіру болған. «Фридом Финанс» компаниясының адвокаты Александр Камендровскийдің айтуынша, осы негізде Алматы қаласы полиция департаментінде агенттіктің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Істі…

Толық оқу
Жетісу ауыл шаруашлығы еңбеккерлері

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай осы саланың бірқатар мамандарына мемлекеттік марапаттар тапсырды. Атап айтқанда, осы күні механик, трактор жүргізушісі, малшы, шаруа қожалықтарының жұмысшылары сияқты 7 еңбек адамы құрметке ие болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.  Жиынға келген мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған Бейбіт Исабаев өз сөзінде аграрлық салаға көрсетіліп отырған қолдауларға, Президенттің қатысуымен өткен Агрофорумда айтылған мақсат-міндеттерге қысқаша тоқталды: – Бұл мереке өмірін ауыл шаруашылығымен тығыз байланыстырған еңбек адамдарының қажырлы қызметіне көрсетілген құрмет деп білеміз. Мемлекет басшысы Агрофорумда фермерлерді қолдау, су үнемдеу технологияларын енгізу, заңсыз алынған және игерілмей бос жатқан жерлерді қайтару, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру, өнімді терең өңдеп,…

Толық оқу

Ашхабад үш күн бойы Орталық Азияның цифрлық астанасы атанды. Қарашаның 12-14 аралығында Түрікменстанда Turkmentel 2025 халықаралық көрмесі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Орталық Азиядағы телекоммуникация, инновациялық технологиялар мен цифрлық басқарудың болашағын талқылайтын бұл маңызды алаңға биыл 15 елден 200-ден аса қатысушы жиналды. Іс-шара барысында IT-технологиялар, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және спутниктік жүйелер саласындағы озық шешімдер ұсынылды. Көрме мазмұны мен ұйымдастырылу деңгейі тұрғысынан тек тәжірибе алмасып қана қоймай, заманауи технологияларды көрсететін әрі жаңа әріптестік байланыстарға жол ашатын маңызды платформаға айналды. Түрікменстан цифрлық трансформация саласында аймақтағы ең қарқынды дамушы елдердің бірі. Қазір мұнда мемлекеттік бағдарламалар арқылы «ақылды технологиялар» кезең-кезеңімен енгізілуде, байланыс инфрақұрылымы жаңартылып, ұлттық…

Толық оқу

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Лукойлдың» Қарашығанақ жобасындағы үлесін сатып алады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Ertenmedia. «БАҚ-та тарап жатқан мәлімет шындыққа жанаспайды. Дегенмен Қарашығанақ жобасындағы санкцияның әсерін серіктестерімен бірге мұқият әрі тұрақты түрде сараптап отырмыз», – деп нақтылады ҚМГ баспасөз қызметі. Бұған дейін, Reuters агенттігі «ҚазМұнайГаз» санкцияға ілінген «Лукойлдың» Қазақстандағы үлесін сатып алуы мүмкін екенін хабарлаған. Агенттік материалында нақты кен орындары аталған жоқ, алайда Қарашығанақ туралы жанама айтылды. Мұндағы «Лукойлға» тиесілі үлес 13,5 пайыздың шамасында. Еліміздің Энергі министрлігі де Қарашығанақ консорциумындағы жаңа серіктестіктер санкцияны есепке ала отырып мақұлданатынын ескерткен еді. Күні кеше Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов те Қазақстан «Лукойлдың» активін…

Толық оқу

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында алапат өрт шығып, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ertenmedia. Қайғылы жағдай бүгін таңсәріде болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде екі қабатты тұрғын үй толығымен отқа оранып үлгерген. Құтқарушылар қызыл жалынның ішінен ес-түссіз жатқан үш адамды алып шығып, жедел жәрдемге тапсырды. Үйдің ішінен 12 адамның мәйіті табылды, олардың тоғызы бала. Көршілердің айтуынша, қайғылы оқиға болардың алдында үйде қонақтар болған, тұрғындар кешкісін жиын өткізген екен. Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Қазір оқиға орнында төтенше қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері анықталуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы Үкімет…

Толық оқу

Қазақстанда банктегі ақша айналымын бақылаудың жаңа ережелері бекітілді, деп хабарлайды Ertenmedia. Қаржы министрі Мәди Тәкиев қол қойған құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер Қаржымин-нің Мем.кірістер комитетіне клиенттің есепшоты туралы деректі жаңа талап бойынша өткізеді. Жаңа ережеге сәйкес, банктер жеке және заңды тұлғалардың есепшоты мен онда сақталған қаражат, ақша қозғалысы және кәсіпкерлік белгісі бар операциялар туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсынады. Банктер міндетті түрде өткізетін мәліметтің бірнеше формасы нақтыланған: клиенттердің есепшоты, шоттағы ақшаның қалдығы туралы мәлімет; есепшоттағы ақшаның кірісі мен шығысы туралы толық дерек; активтері мен мүлігі туралы декларация тапсыруға міндетті азаматтардың алған кредиті мен олардың қайтарылу сомасы туралы ақпарат;…

Толық оқу
Алматы облысында ота жасау

Алматы облысында алғаш рет бариатриялық-метаболикалық ота жасалды. Аймақ үшін маңызды бұл жоғары технологиялық хирургиялық ем-шара Іле орталық аудандық ауруханасында өткізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Отаны медицина ғылымдарының докторы, Семіздік пен қант диабеті хирургиясы орталығының жетекшісі, профессор Орал Базарбайұлы Оспановтың қатысуымен жүзеге асырылды. Сондай-ақ операцияны Іле аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Аңсат Нұрмолдаұлы Таубалдиев және хирург Әділхан Бақбергенұлы Карипбаев жүргізді.Бариатриялық-метаболикалық операция — семіздікті және онымен байланысты ауруларды (әсіресе 2 типті қант диабетін) емдеуге арналған хирургиялық әдістердің жалпы атауы. Бұл операциялардың негізгі мақсаты салмақты тұрақты түрде азайту және зат алмасуды жақсарту болып табылады. — Мұндай оталардың аудандық деңгейдегі ауруханаларда жасалуы — халыққа жоғары…

Толық оқу

ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жәркешов Tallinna Masinatehas OU (Таллин машина жасау зауыты) компаниясының бас директоры Вадим Мартыновпен кездесті. Тараптар Қазақстанда ауа салқындатқыш аппараттар мен қаптамалы-құбырлы жылуалмастырғыштар өндіретін бірлескен инжинирингтік-өндірістік кәсіпорын құру мүмкіндіктерін талқылады. Tallinna Masinatehas OU – Эстониядағы ең көне машина жасау кәсіпорындарының бірі. Қазіргі уақытта компания Балтық және Солтүстік өңірлерде жылуалмастырғыш жабдық өндіру бойынша көшбасшылардың қатарында. Зауыт жоғары қысымда жұмыс істейтін, соның ішінде арнайы болат маркаларынан жасалатын жабдықты жобалау және өндіруде жоғары техникалық құзыретке ие. Қазақстанда өндірісті жергілікті деңгейде жолға қою бастамасы мұнайхимия, мұнай-газ және агрохимия салаларында заманауи технологиялық жабдыққа деген сұраныстың артуына байланысты қолға алынып отыр. Сонымен қатар,…

Толық оқу
Болат Назарбаев

Болат Назарбаевтың үйі тоналды деген хабар тарағаннан кейін танымал журналист Гүлжан Ерғалиева Фейсбуктағы парақшасында ойын ортаға салды. Ол елді ұзақ жыл билеген Назарбаев халықтың мінезін өзгерткенін айта келе, Назарбаев әулеті елді тонап жатқанда жұрт шуламай, көптеген адам сол жүйеге мойын ұсынғанын, соның кесірінен елде заңға деген сенім әлсіреп, әділдік көзден бұл-бұл ұшқан ашып айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Рас, Гүлжан Ерғаливаның постында ашу да бар, ашыну да бар. Ол: – Қоғамда Болат Назарбаевтың қарапайым мектеп оқушыларына қиянат жасағаны айтылып жүрді. Ал жәбір көрген қыздардың ата-аналары үнсіз келіп, оның үйінің алдында «ақшасын» алып кетіп отырған. Осындай оқиғалар аймақтарда жасырын емес, ашық айтылғанын…

Толық оқу