Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы маңында шабуылға ұшыраған танкерлердің бірін «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы жалға алғаны белгілі болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін Қазақстан мұнайы экспортталатын Оңтүстік Озереевкадағы КҚК теңіз терминалына мұнай тиеуге бет алған төрт танкерге теңіздегі ұшқышсыз аппараттар шабуыл жасаған. Солардың бірі «MATILDA» танкері. Кеме «ҚазМұнайГаздың» еншілес құрылымы саналатын «Қазмортрансфлот» компаниясы арқылы фрахтталған. Танкерге жүк тиеу 18 қаңтарға жоспарланған. «ҚазМұнайГаз» таратқан ақпаратқа сәйкес, шабуыл салдарынан жарылыс болғанымен, одан кейін өрт тіркелмеген. Экипаж мүшелері зардап шекпеген. Алдын ала бағалау бойынша, кеме теңізде жүзу қабілетін сақтап қалған, алғашқы тексеріс кезінде конструкциясына елеулі зақым келгені анықталыпты. Қазіргі уақытта келтірілген залалды бағалау жұмыстары жүріп…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін Ғылым ордасында қолжазба мұраны сақтау, зерттеу және ғылыми айналымға енгізу мәселелері талқыланған жұмыс кездесуі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиын «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» атты ғылыми жоба аясында ұйымдастырылды. Кездесуде Ғылым ордасының бас директоры Ұлар Мұқажанов, жоба жетекшісі Нұрлан Атығаев болды. Тағы Қолжазбатану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Ықтияр Палтөре және шығыс тілдеріндегі қолжазба мұраны зерттеп жүрген ғалымдар қатысты. Басқосу барысында жобаның орындалу барысы, қолжазба қорларын реестрлеу мен ғылыми каталогтау әдістемелері, реставрациялау және цифрландыру жұмыстарының қазіргі ахуалы жан-жақты қаралды. Сонымен бірге жүргізіліп жатқан зерттеулердің аралық нәтижелері, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер және ғылыми өнімдердің сапасын…
Өткен жылы Жетісу облысының экономикасына 610,9 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, жоспардың орындалуы бойынша өңір республикада төртінші орынға шықты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жалпы инвестицияның 434,8 млрд теңгесі бюджеттен тыс қаражат есебінен қамтамасыз етілген. Инвестициялық белсенділік нақты жобалармен бекітілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде шамамен мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашқан 25 жоба іске асырылды. Олар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік және логистика, жасыл энергетика, туризм және өзге де бағыттарды қамтиды. Осы жобалар арқылы экономика құрылымын әртараптандыруға және жергілікті еңбек нарығын кеңейтуге басымдық берілді. Мемлекеттік қолдау шаралары да нәтижесін беріп отыр. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы дерекке сәйкес, облыста 63 мыңнан астам шағын…
Гренландия жер шарындағы ең ірі аралдардың бірі әрі, табиғи ресурстар қоры бойынша да әлемдегі ең бай аумаққа жатады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұнда «жасыл» технологиялар үшін шешуші маңызға ие литий мен сирек жер элементтері, өзге де бағалы металдар мен минералдар бар. Соынмен қатар мұнай мен газды қоса алғанда, орасан зор көмірсутек әлеуеті шоғырланған. Гренландия неліктен құнды аймаққа айналды Ғалымдардың бағалауынша, аралдың қалың мұз қабатының астында жатқан сирек жер элементтерінің кемінде үш ірі кен орны әлемдегі ең ауқымды нысандардың қатарына енуі мүмкін. Олар аккумулятор өндірісі мен электр компоненттеріне қажет шикізат тұрғысынан жаһандық энергетикалық ауысымда маңызды рөл атқарады. Көмірсутек пен минералдық байлықтардың осындай…
Түркістан облысында өрт қауіпсіздігін сақтау және газдан уланудың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар қолға алынғанын Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында айтылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірдің барлық аудандары мен қалаларында «Газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері құрылуы тиіс еді. Алайда Жетісай, Мақтаарал және Бәйдібек аудандарында бұл мекемелер әлі құрылмаған, қазіргі таңда олар тек сектор ретінде жұмыс істеп отыр. Бұдан бөлек, облыста арнайы құрылған жұмыс топтарына жалпы саны 925 адам кірген. Жиында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. Оның айтуынша, өрт және газ қауіпсіздігін сақтау бойынша арнайы жоспарлар бекітіліп, барлық қала-аудан әкімдіктеріне…
Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды қала аумағын көгалдандыру мәселелеріне арналған кеңес өткізіп, 2026 жылға дейінгі жасыл желекті дамыту жоспарларын талқылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында негізінен көпжылдық ағаштар мен сәндік өсімдіктердің көлемін арттыруға, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және су үнемдейтін технологияларға басымдық берілді. Қала басшысы көгалдандыру жұмыстарының жаңа тұжырымдамасына тоқталды. Биыл биіктігі 5-6 метрге жететін 7,5 мың ірі ағаш, 38 мың стандартты көшет және 500 мыңнан астам көпжылдық бұта отырғызылады. Бұл жұмыстар Алматыдағы негізгі магистральдар бойында, қала кіреберістерінде, өзендердің жағалау аймақтарында және қоғамдық кеңістіктерде орналасқан 23 учаскеде жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар қалада тік көгалдандыруды дамыту және жасыл дәліздерді жаңарту жобаларына ерекше…
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ават ауылында ерекше әрі пайдалы өнім лимон өсіруге арналған заманауи жылыжай кешені іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бір гектар аумақты қамтитын бұл жылыжай жобасы аудан көлемінде алғаш рет қолға алынып отыр. Кәсіпкер Юрий Паскалов бастамашылық еткен жобаға шамамен 500 миллион теңге жеке қаражат салынған. Заманауи талаптарға сай салынған кешеннің басты ерекшелігі жыл бойына тұрақты температура мен ылғалдылықты ұстап тұруы. Қыста қатты аязға, жазда аптап ыстыққа қарамастан, жылыжай ішіндегі температура бірқалыпты сақталады. Арнайы құрылғылар мен көгілдір отын арқылы жұмыс істейтін жылыту жүйесі лимон ағаштарының сапалы әрі мол өнім беруіне қолайлы жағдай жасайды. Кәсіпкер Юрий Паскаловтың айтуынша,…
Атырау облысының Жангелдин ауылында егде жастағы ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиевке халықаралық іздеу жарияланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Күдікті қаза тапқан әулеттің туған күйеу баласы болып келеді. Сонымен қатар оның зайыбы, отбасының қызы Ақбаян Мұқанғалиева да із-түзсіз жоғалып, полиция оны да жер-көктен іздестіріп жатыр. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, халықаралық іздеудің нақты қай елде жүргізіліп жатқаны жарияланбайды. «Іздеу жүріп жатқан мемлекеттер туралы мәліметті ашық бере алмаймыз, себебі бұл тергеу ісіне кері әсер етуі мүмкін. Қазір күдіктіні әлем бойынша іздеп жатырмыз. Арнайы жедел-іздестіру тобы құрылған. Күдіктілер ұсталған жағдайда, туыстарына және ақпарат құралдарына ресми түрде хабар беріледі»,…
Қазақстанның 16 облысында 13 қаңтарға дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар өңірде қар жауып, бұрқасын болып, көктайғақ күтілуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Абай облысында түнде және таңертең қар жауып, бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ болады. Желдің екпіні түнде 23 м/с жетеді. Семейде түнде және таңертең боран, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендеп, түнде және күндіз -20-25 градусқа дейін жетеді. 14-15 қаңтар күндері аяз -30-35, солтүстігі мен шығысында -38 градусқа дейін күшейеді. Петропавлда ауа температурасы -22-24 градусқа дейін төмендейді. Қазгидромет ескертеді Атырау облысында тұман түсіп, көктайғақ күтілуде. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Атырауда…
Өзбекстандағы Ферғана мұнай өңдеу зауыты Қазақстан мұнайынан халықаралық стандартқа сай келетін Jet A-1 авиациялық отын шығаруды бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ал біздің «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұндай өнімді өндіруге дайын екенін баяндаудан ары аспай отыр. Avianews басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың желтоқсанында Қазақстаннан Ферғана зауытына 35 мың тонна шикізат жеткізілген. Биылғы жылы да бұл көлем артып, 2026 жылдың соңына дейін жарты миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Зауыт операторы Saneg компаниясының мәлімдеуінше, қазақстандық мұнайдан өндірілген Jet A-1 маркалы авиациялық керосин Өзбекстанның ішкі нарығын қамтамасыз етпек. Кәсіпорын толық қуатына шыққан кезде елдегі авиакеросинге деген ішкі сұраныстың 70-80 пайызын өтей алады. Ал Қазақстанның өзінде халықаралық…










