Автор: Асылхан Бөрібай

Астанада Президенттің бұрынғы кеңесшісі, Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаров кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Ertenmedia. 56 жастағы Бабақұмаров жақын таныстарымен бас қосып отырған кеште кикілжің туып, арты төбелеске ұласқан. Дене жарақатын алған ол оқиға орнында жан тапсырған. Полиция күдіктіні ұстағанын хабарлады. 90-жылдары Алматы әкімдігінен қызметін бастаған Бабақұмаров президент әкімшілігінде ішкі саясат бағытына жауап берді, экс-елбасы Назарбаевтың тұсында ақпараттық орталықты басқарды. Кейін Мәдениет министрінің орынбасары болып тағайындалып, Кәрім Мәсімовтың үкіметінде Премьер-министр кеңсесінде жұмыс істеді. 2019 жылы Тоқаевтың төңірегіне келіп, уәзірі атанды. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына дейін Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, Бақытжан Сағынтаевпен бірге орнынан кетті. Соңғы атқарған қызметі Президент…

Толық оқу

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Іле және Қарасай аудандарындағы құрылыс нысандарын аралап, өңірдегі инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты. Сапар барысында аймақ басшысы жаңа мектептердің, тұрғын үйлердің және өндіріс алаңдарының құрылысын тексерді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.     Іле ауданында жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын Алғашқы нысан – Іле ауданы Н.Тлендиев ауылында 900 орындық жаңа мектеп. Білім басқармасының басшысы Арайлым Төлеубекованың айтуынша, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін облыстағы үш ауысымды мектептер саны 53-тен 23-ке дейін азаяды. – Іле ауданында бүгінде 18 үш ауысымды мектеп бар. Н.Тлендиев ауылындағы мектеп 600 балаға арналғанымен, онда…

Толық оқу

Алматы облысына қарасты Райымбек ауданында жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Сабан Fest 2025» атты еңбек мерекесі өтті. Ауданның аулы мен қышлағынан жиналған шаруалар, жастар, қарапайым тұрғындар бір жерде бас қосты. Ұйымдастырушылар бұл шараны ауылда маңдай терімен күн көріп жүрген еңбек адамына алғыс айту мағсатында әдейі өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мереке барысында көрме ұйымдастырылып, асылтұқымды қой, сиыр, жылқы мен ауыл шаруашылығы өнімдері қатар қойылып, аудан шаруаларының еңбегінің нәтижесі көпшілікке көрсетілді. Әр шаруашылық өз жетістігін сандармен емес, іс жүзінде көрсеткісі келгені көрінді. Жақсы күтілген малдың түр-сымбаты, дұрыс суарылған жерден шыққан өнімнің сапасын көпшілік өз көзімен көрді. Ауылдағы адам үшін ең үлкен мақтаныш қорасындағы…

Толық оқу

Жыл басынан бері облыстық полиция департаментіне тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 5 000-ға жуық хабарлама келіп түскен. Олардың барлығы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау мақсатында полиция қызметкерлері 3 153 қорғау нұсқамасын шығарды. Бұл туралы өткен брифингте облыстық полиция департаменті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің басшысы Жанар Қалабаева мәлімдеді. «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жыл басынан бері облысымызда 2 кезеңде «Тұрмыс» және «Есептегі тұрған тұлғалар» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілсе, 20 сәуір мен 20 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз – Қазақстан!» атты челлендж-флешмоб форматында акция ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 27 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы өтті. Сонымен қатар, әр…

Толық оқу
Нұртаза

Қазақтың Мәжілісі ақыры әлемге танылды. Тек заң қабылдап емес, шахмат ойнап… Біздің депутаттар Ұлыбританияның Лордтар палатасымен онлайн форматта шахмат ойнап, жеңіске жетіпті. Оны Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза өзіне Фейсбуктағы парақшасында үлкен мақтанышпен жазды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шамасы, Ұлыбритания депутаттарының халық үшін заң шығарып, нақты реформалар талқылап шахмат ойынын жетік меңгеруге уақыттары болмаса керек. Біз білетін лордтар Үкіметтің айтқанына көне салып, заң шығарушы органның мінбесінен анасы құттықтап, желіге жазба қлдырып, лайк жинаумен әуестенбейді. Олар заң шығарушы органды саяси мінбер ретінде пайдаланғанды жөн санайды. Сондықтан оларды бұл жеңіліске мұртыда қисаймаған анық. Есесіне біздің депутаттар мәз. Біздің депутаттар Мәжілістің жайлы креслосында отырып шахмат…

Толық оқу

Алматы қаласының әлеуметтік қолдау жүйесі жаңа бағытқа бет алды. Қала әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым жариялағандай, «Цифрлық отбасы картасы» арқылы 1819 отбасыға, яғни 9063 адамға 755 000 000 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілгенін айтты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Мұндай көрсеткішке жету оңай болмаған, бірақ қолжетімді механизм мен нақты цифрлық жүйе көмектескен. Сонымен қатар, осы жылдың басынан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бағытталған 12,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 33 000-нан астам адам оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерге қол жеткізді. Әрі қарай 1,3 млрд теңгемен 277 адамға инновациялық техникалық құралдар беріледі деп жоспарлануда. Бұл статистика…

Толық оқу

Бітімгерлік операциялар орталығы Қазақ әскерінің бітімгерлік мектебі деп атасақ болады. Аталған орталық 2006 жылдан бері әскерилерді БҰҰ стандарттарына сай дайындап келеді. Сарбаздарымыз қақтығыс аймағына бармай жатып, осы жерде сол жақтың ережесі мен мәдениетін үйренеді. Соңғы жылдары орталық БҰҰ сертификаттаған курстарды тұрақты өткізіп, тек қазақ сарбаздарын ғана емес, өзге елдердің әскери қызметшілерін де оқыта бастағанын атап айтуға болады. Мұнда сарбаздар халықаралық гуманитарлық құқық, тілдік дайындық, психологиялық тұрақтылық, көпұлтты ортада жұмыс істеу мәдениетін иегерді. Қысқаша айтқанда, орталықтың тәжірибелі мамандары жауынгерлерді тек атысқа ғана емес, ақылмен әрекетке де баулиды. Қазір орталықта Голан жоталарына жіберілетін үшінші ұлттық контингенттің машығын шыңдап жатыр. Голан жоталары геосаяси…

Толық оқу

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуды жалғастыруда. Биыл жаңа форматтағы 140-қа жуық мектептің 7 мыңнан астам педагогі біліктілікті арттыру курсынан өтті. Қазіргі таңда оқыту нәтижелерін бағалау мақсатында қорытынды тестілеу жүргізілуде. Тестілеу қорытындысы бойынша қатысушыларға кәсіби дамуын одан әрі жалғастыруға арналған жеке ұсынымдар беріледі. Алдағы уақытта вебинарлар, семинарлар, шеберлік сабақтар және басқа да білім беру іс-шараларын өткізу жоспарланған. Айта кетейік, «Келешек мектептерінің» педагогтері LMS платформасы арқылы онлайн оқудан өтті. Курстар базалық деңгейдегі 11 пәнді қамтиды: бастауыш сынып, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, математика, информатика, физика, химия, биология, география…

Толық оқу

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиевтің Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға әлеуметтік желілерде қауіпті пранктердің кеңінен таралуы туралы депутаттық сауал жолдады. – Бүгінгі депутаттық сауалым «Ойын түбі – от, тұман түбі – жұт» дегенді санасына сіңірмеген селтеңбайлар туралы. Қазір қоғамда пранкпен парақшасындағы лүпілдің санын арттырғанмен парасат биігінен омақаса құлағандар қаптап кетті. Адамды қорқытуды, қоғамдық орында ақымақтық жасауды қызық көріп әзілдің шекарасынан шығып кеткен әркімдер әлеуметтік желіде әлек салуды доғармай тұр. Нақты мысал айтайын: Астана қаласында блогер достарымен бірге лифттің ішіне «жалған мәйітті» кіргізіп, кейін жарықты өшіреді. Сол сәтте мәйіт кейпіндегі адам қозғала бастайды. Жеделсатының…

Толық оқу

AMANAT партиясының депутаты Сергей Пономарев Жаслан Мадиев пен Ержан Саденовке жолдаған сұрауында дипфейктерге қатысты құқықтық реттеу мәселесін көтерді. Ол жасанды интеллект арқылы жасалатын жалған бейнелер мен аудио жазбалардың халық сенімін шайқап, қоғамдық сенімді бұзуы мүмкін екенін айтады. Дипфейк дегеніміз жасанды интеллект арқылы жасалған, реалдылығы күмәнді видео немесе аудио материал Егер елге ондаған мың көрермен мен тыңдаушыны адастыру үшін жасалған фейк көбейсе, оның салдары тек жеке жанжал емес, ұлттық қауіпсіздікке де әсер етуі мүмкін. Сол себепті депутат тарапынан жауапты министрліктер – цифрлық даму мен ішкі істер нақты заңнамалық шараларды әзірлеу қажет екенін алға тартты. Дипфейктердің таралуы қоғамда сенімнің азаюына, қарсы пікірдің…

Толық оқу