Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Алматы қаласы

Алмалы ауданында «Халық қатысатын бюджет – 2025» бағдарламасы аясында барлық жоба жүзеге асырылды. Тұрғындардың белсенді қатысуы және қаланың қолдауы арқасында аудан айтарлықтай өзгерді. Аудан көркейіп, өмір сүру жайлылығы артты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Биыл Алмалы ауданының тұрғындары жоғары белсенділік танытты. Олар 726 жоба ұсынды, оның 45-і дауыс беру қорытындысы бойынша бағдарламаға енгізіліп, сәтті жүзеге асты. Соның арқасында ауданда аулалар жаңарды, көгалдандыру бойынша 27 жоба, абаттандыру жөнінде 18 жоба, аула аумақтары мен көше учаскелерін көгалдандыру бойынша бірнеше жоба орындалды. Көше бойы абаттандырылды, бұталар отырғызылды, ағаш егілді, автоматты суару жүйелері орнатылды. Соның нәтижесінде сапалы әрі…

Толық оқу
Artline

Германиядағы Нюрбургринг трассасында өткен Lamborghini Super Trofeo Europe жарыс сериясының төртінші кезеңі қазақстандық Artline Kazakhstan командасы үшін сәтті аяқталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Команда екі күнге созылған жарыста тұрақты нәтиже көрсетіп, жоғары деңгейдегі үйлесімділік пен тактикалық дайындықтың арқасында екі бірдей күміс жүлдеге қол жеткізді. Бірінші күні өткен квалификацияда Шота Абхазава өз санатында үшінші орынды иеленіп, трассадағы жылдамдығы мен сенімділігін көрсетті. Жарыстың бастапқы бөлігінде ол жоғары қарқын ұстап, командаға маңызды артықшылық қалыптастырды. Егор Оруджев те квалификацияда жақсы нәтиже көрсетіп, негізгі жарыста алдыңғы орындар үшін күресті. Дұрыс таңдалған стратегия мен уақытында орындалған пит-стоп команданы екінші орынға шығарды. Осылайша, бірінші күн қорытындысында Artline Kazakhstan…

Толық оқу

Қазақстанда тағы бір ірі өндірістік жоба жүзеге асырылмақ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясы Ақтөбе қаласында төртінші зауыт салу туралы шекті келісімге қол қойды, деп жазады Ertenmedia.kz. Келісім Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR) алаңында жасалып, жобаны іске асыруға ұлттық Kazakh Invest компаниясы қолдау көрсетуде. Жаңа зауыттың құрылысы 2026 жылы басталады деп жоспарланған. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін өңірде 120-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жоба экологиялық талаптарға сай жүзеге асырылады. Өндірісте халықаралық стандарттарға сәйкес қалдықтарды басқару жүйесі енгізіліп, тұрақты өндірістік модель қалыптастырылады. Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясының бас директоры Вели Динчель бұл келісімді Қазақстандағы ұзақ мерзімді стратегияның бір бөлігі…

Толық оқу

Қазақстанда биыл астық рекордтық деңгейде жиналғанымен, былтырғы жағдай қайталанып, қамбада орын тапшы болмай ма деген қауіп бар, деп хабарлайды Ertenmedia. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, элеваторларға осы маусымда 7,7 млн тонна астық түскен. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі еседен артық (былтыр 3,4 млн тонна). Қазір элеваторларға жеткізілген жұмсақ бидайдың жартысынан астамы жоғары сапалы, 35%-ы төртінші класс, қалған 12%-ы бесінші класс және классификацияға жатпайтын өнімдер. «Биылғы маусым тек астықпен емес, бұршақ және майлы дақылдардың да рекордтық өнімімен ерекшеленді. Біз осы дақылдарға басымдық беріп отырмыз. Өйткені бұршақ тұқымдастар топырақты азотпен байытып, кейінгі дақылдардың түсімін жақсартады», – деді Сапаров. Министрліктің есебінше, ел бойынша…

Толық оқу
соғыс

Орыс жауынгерлері Украин топырағын тыңайтып жатқан тұста, Кремль тағы бір интригаға тұмсық тығып жатыр деп жазады Ertenmedia. Қазақстанға ерекше екпін беріп, Ресей агрессиясының қауіп-қатерін талдаған Washington Post-тың мәліметінше Мәскеу жақын уақытта іргедегі көршілерін түртпектей бастайды. Киевті үш күнде басып алмақ болған Кремльдің басқа елге соғыс ашуға дәрмені жоқ. Сол себепті арандатудың астыртын амалдарына көшеді. «Орыстар дезинформация, іштен іріту, барлау қызметі арқылы тұрақсыздық туғызуды мақсат тұтып отыр. Осыған дейін Шығыс Еуропа елдерінде сыналған алгоритмді енді Қазақстан мен Әрменияда тексеріп көрмек», — дейді Washington Post. Басылымның жазуынша, соңғы жылдары Астана мен Ереван Мәскеуден алшақтай бастаған. 2024 жылы Кремльге тапсырған құпия баяндамасында премьер…

Толық оқу

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанындағы Мұхтар Әуезов ғылыми кабинетінің жабылуы туралы бірқатар БАҚ-та пайда болған ақпаратқа байланысты оның толыққанды жұмысын жалғастырып, оқырмандар мен зерттеушілерді штаттық режимде қабылдайтынын хабарлаймыз. Мұхтар Әуезовтің ғылыми кабинеті ҚР Ұлттық кітапханасында қалыпты түрде қызмет көрсетіп, келушілерді қабылдауды жалғастырып жатыр және кітапхананың экскурсиялық маршрутына енгізілген. Кабинеттің кітап қоры алдағы уақытта да толықтырылатын болады, сондай-ақ жазушының шығармашылығына арналған іс-шаралар тұрақты өткізіледі. Еске сала кетейік, биылғы қазан айында «Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КМҚК-нің №4 кітапхана-филиалына Мұхтар Әуезовтің есімін беруге және онда жазушының мемориалдық кабинеті ашылуына байланысты, Мұрат Әуезовтің бірқатар жеке заттары мен кітаптары жазушының отбасынан осы филиалға берілді.…

Толық оқу

Ақтөбе облысында шенеунік шөп шабуға жер телімін беремін деп пара алған, деп хабарлайды Ertenmedia. Ырғыз ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Медет Бердалин жергілікті тұрғыннан шабындық үшін жер телімін рәсімдеуге көмектесемін деп 300 мың теңге талап еткен. Сот дерегіне сүйенсек, шенеунік тұрғынмен кабинетте емес, көшеде кездесіп, сұраған ақшасын сол жерде айтқан. Бердалинге ақша бергісі келмеген азамат бірден Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз түсірген. Кейін ҰҚК қызметкерлері пара беру сәтін құжаттап алған. 2025 жылдың қыркүйегінде Бердалин әйелі атына ашылған банк шотына алдымен 200 мың, кейін 100 мың теңге алған. Тергеу барысында шенеунік ақшаны отбасының қажеттілігіне жұмсап жібергенін айтқан. Сот Бердалинді «пара алу» бабымен…

Толық оқу
Атырау

Алдағы екі жылда Атырау облысындағы барлық ауылдық округ спорттық инфрақұрылыммен қамтылады. Бұл туралы Үкімет отырысында өткен жиында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов айтты. Ол баяндамасында өңірде бұқаралық спортты дамыту, спорт нысандарының санын көбейту және дарынды балаларға жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір облыста 800 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 8 стадион, 53 спорт кешені, 702 спорт алаңы, 50 метрлік олимпиадалық бассейн, «Атырау» спорт сарайы, теннис орталығы және мұз сарайы бар. Сонымен қатар 17 жеке спорт нысаны да халыққа қызмет көрсетіп тұр. Бұл – қаладағы тұрғынға да, аудан орталығындағы жасөспірімге де спортпен шұғылдануға мүмкіндік бар…

Толық оқу
Құлыбаев

Құлыбаевқа тиесілі компания Қонаевта ірі агрокешен ашты, деп хабарлайды Ertenmedia. Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында Тимур Құлыбаев жанама иелік ететін «Қапшағай бидай өнімдері» кешені іске қосылды. Кәсіпорын астық пен майлы дақылды терең өңдеумен айналыспақ. Forbes мәліметінше жоба туралы алғашқы ақпарат биылғы мамырда шыққан. Сол кезде кәсіпорын аумағында үш жаңа зауыт, қоймалар мен өндірістік терминал салынып, теміржол инфрақұрылымының жаңартылатыны хабарланған болатын. Компания өз өнімін қаптау мәселесін де шешкен арнайы қап шығаратын желі іске қосылған еді. Бес ай бұрын кешенге салынатын қаржы көлемі 8 млрд теңге деп көрсетілсе, Ауыл шаруашылығы министрлігі ашылу рәсімінде инвестиция сомасы 15 млрд теңгеден асатынын мәлімдеді. Кәсіпорын жылына…

Толық оқу
келесі жылдан бастап күшіне енетін

Белгілі салық адвокаты Жангелді Сүлейманов президент Тоқаевтан жаңа Салық кодексін қолданысқа енгізуді тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia. «Қазіргі қалпында кодекс кәсіпкерлікке кедергіні көбейтеді, бизнес-климатты нашарлатады. Құжат шикі, құқықтық тұрғыдан өрескел қателер мен әділетсіз нормалар көп. Мұны сарапшылар мен кәсіпкерлердің бәрі айтып жатыр. Өзім де бірнеше рет осы мәселені көтердім, талай мемлекеттік органға хат жолдап, кодекстегі қарама-қайшылықтарды жоюды талап еттім. Бірақ мәселе мұнымен ғана шектелмейді», – дейді адвокат. Жангелді Сүлеймановтың айтуынша, басты қауіп ендігі жерде көптеген салық мәселесі кодекстің өзімен емес, одан төмен деңгейдегі 245 нормативтік-құқықтық актімен реттелмек. «Осыны ойлап көріңіз: бірнеше жыл дайындалған кодекстің өзінде сансыз қате жіберілген. Енді асығыс…

Толық оқу