Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Сиыр етінің күрт қымбаттауының себебі неде? Экс-министр Асылжан Мамытбеков мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Ertenmedia. Соңғы кезде елдегі сиыр еті бағасының күрт көтерілуі жұрттың қалтасын қағып, биліктің басын ауыртып тұр. Бір жыл бұрын келісі 2500-3000 теңгеден сатылған ет биыл тамызда 4500-5000 теңгеге дейін өсті. Мамандар бұған әртүрлі себеп іздеп әлек. Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі, қазір Қазақстанның ет одағының басшысы Асылжан Мамытбеков бағаның шарықтауына қатысты өз сараптамасын ұсынды. Алдымен статистикаға назар аударсақ: 2011 жылы Қазақстан шетелге ет экспорттаған жоқ. 2019 жылы елде 286 мың тонна ет өндірілсе, соның 63 мың тоннасы (22%) сыртқа сатылды. 2024 жылы ел 430 мың тонна…

Толық оқу

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстандағы «Лукойлдың» активтеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ertenmedia. Ресейлік «Лукойл» компаниясы АҚШ-тың президенті Дональд Трамп енгізген санкциялардың салдарынан шетелдегі активтерін сатуға мәжбүр. Бұған дейін корпорация өзіне тиесілі бірқатар активтерді Gunvor тобына өткізу туралы алдын ала келісім жасаған болатын. Бірақ Қазақстандағы активтердің белгілі бір бөлігіне «ҚазМұнайГаздың» иелік етуі мүмкін екені айтылуда. Мұндай жағдайда ұлттық компанияның активтерді сатып алуға басым құқығы бар. 4 қарашада «ҚазМұнайГаз» осы мәселе бойынша ресми мәлімдеме жасап, қазіргі уақытта «Лукойлмен» бірлескен жобалардың барлық қатысушылары ықтимал тәуекелдерді жан-жақты саралап жатқанын айтты. Сараптама барысында құқықтық, қаржылық және техникалық мәселелер терең қаралуда. Дегенмен, ұлттық компания мәміленің нақты…

Толық оқу
су

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Ведомство басшысы вегетация кезеңінің қорытындысы жайлы айтып, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен министрліктің алдағы жоспарлары туралы баяндады, деп жазады Ertenmedia.kz. 2028 жылға дейінгі су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, Жамбыл облысында 10 жаңа су қоймасы салынып, жұмыс істеп тұрған 3 су қоймасы реконструкциядан өтеді. Сондай-ақ 45 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізу жоспарланған. Министрлік келесі жылы Ақмола және Қалғұты су қоймаларының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Теріс-Ащыбұлақ және Қарақоңыз су қоймалары реконструкциядан өтеді. Ал облыс әкімдігі 7 жаңа су қоймасының жобалау-сметалық құжатын әзірлеумен айналысып жатыр. Жиында…

Толық оқу

Семейдегі колонияда отырып, жұртты джихадқа шақырған қауіпті контенттің иесіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ertenmedia. Тергеу материалдарына сай, ол жазасын №20 түзеу мекемесінде өтеп жатқанда WhatsApp пен Telegram арқылы экстремистік сипаттағы видеолар мен жазбаларды таратқан. «Таратылған материалдарда қарулы джихадқа шақыру, террорлық әрекеттерді ақтау және өзге дін өкілдеріне қарсы үгіт-насихат анықталды. Сараптама нәтижесінде материалдардың зорлық-зомбылық пен дінаралық өшпенділікті насихаттайтыны расталды», – делінген сот мәлімдемесінде. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі («Байланыс желілерін пайдалана отырып терроризмді насихаттау») бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға қатаң режимдегі түрмеге кесілді. Бұрын өтелмеген жазасы ішінара қосылып, жалпы мерзім 10 жыл болып белгіленді. Үкім әлі заңды…

Толық оқу
Отбасының цифрлық картасы

Қазақстанда Отбасының цифрлық картасын енгізу әлеуметтік қызметтерді көрсету тәсілін түбегейлі өзгертті. Жаңа жүйе арқылы азаматтарға мемлекеттік қолдау проактивті түрде ұсынылып, көптеген қызмет автоматты форматқа көшті, деп жазады Ertenmedia.kz. 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтерді көрсету үшін 435,5 мың адамға SMS-хабарлама жіберілген. Соның ішінде 231,2 мыңнан астам азамат ешқандай өтінішсіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін пайдаланған. Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық жүйелеріндегі деректер негізінде қалыптасады. Қазіргі таңда жүйеде еліміздің 20 миллионға жуық азаматы немесе 6,2 миллионнан астам отбасы туралы мәлімет жинақталған. Бұл құралдың негізгі мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қолдау шараларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осы бағытта Отбасының цифрлық…

Толық оқу

«AMANAT» партиясы азаматтарға қолдау көрсетудің кешенді жүйесін іске қосты. Бұл жүйе ел азаматтарының әлеуметтік, экономикалық, еңбек және білім беру бағытындағы күн сайынғы мәселелерін шешуге арналған деп жазады Ertenmedia. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жиында «Қарызсыз қоғам», «Әкімдер мектебі» және «Ауыл аманаты» партиялық жобаларының нәтижелері мен мүмкіндіктері талқыланды. Бүгінде жүздеген мың ел азаматы партияның бірыңғай сервистік моделімен қамтылып отыр. Президент азаматтардың қарызға белшеден батуына қатысты мәселеге үнемі назар аударып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтіп, оның түпкі мақсаты – халықтың мойнындағы қарызын азайту ғана емес, азаматтардың табысы тұрақты болуын қамтамасыз…

Толық оқу
Абай мұрасы

Алматыдағы Ғылым ордасында «Қазақстанның ғылым мен мәдениет тарихының үш алыбы: “Әл-Фараби – Шоқан – Абай” руханият тәрбиесінің темірқазығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шара ұлт руханиятының үш ірі тұлғасының мерейтойларына арналды. Әмбебап ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің, ағартушы әрі этнограф Шоқан Уәлихановтың және ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының мұрасы ғылыми тұрғыда талқыланды. Конференция «Қазақстанның қолжазба мұрасы» бағдарламасы мен әл-Фарабидің педагогикалық еңбектерін қазіргі білім жүйесіне енгізуге бағытталған ғылыми жоба аясында ұйымдастырылды. Жиынға Ғылым ордасы басшылығы, Иранның Қазақстандағы мәдени орталығының өкілдері, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының мамандары, ғалымдар, мәдениет саласының қызметкерлері, жас зерттеушілер мен мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара барысында маңызды…

Толық оқу
мектеп

Елімізде жүзеге асып жатқан «Келешек мектебі» ұлттық жобасы білім беру жүйесіндегі ең ауқымды бастамалардың біріне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған бұл жоба мектеп инфрақұрылымын жаңғыртып қана қоймай, елдегі білім сапасын теңестіруге бағытталған, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаның басты мақсаты – ауыл мен қала арасындағы білім беру алшақтығын қысқарту, апатты және үш ауысымды мектеп мәселесін шешу, оқушыларға заманауи әрі қауіпсіз орта қалыптастыру. Осы арқылы Қазақстанның кез келген өңіріндегі бала бірдей жағдайдағы мектепте білім алуға мүмкіндік алады. 2025 жылдың соңына дейін ел бойынша 217 жаңа мектеп салу жоспарланған. Бұл шамамен 460 мың оқушыға қосымша орын ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда…

Толық оқу
Жиын-терін

Елімізде 2025 жылғы астық жинау науқаны толық аяқталып, аграрлық сектордағы негізгі көрсеткіштер жарияланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың мәліметінше, республика бойынша 16 млн гектар алқаптан орташа өнімділігі гектарына 17 центнер болып, жалпы 27 млн тонна астық жиналған. Биыл бидай 12,2 млн гектар аумақтан орылып, 20 млн тонна өнім алынған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жарты миллион тоннаға артық. Егіс алқаптарын әртараптандыру нәтижесінде бидай көлемі 900 мың гектарға қысқарғанымен, өндіріс көлемі артқан. Бұл агротехнологиялардың тиімділігін көрсетеді. Арпа өндірісі 4 млн тоннаға жуықтаған. Бұршақ дақылдары алғаш рет 1 млн тоннаға жетсе, майлы дақылдар бойынша рекордтық 4,3 млн тонна…

Толық оқу

«Қазіргі заманғы қазақ романы» конкурсының үшінші кезеңінде өз шығармасын жазып жатқан Айым Ақылтаймен сұқбат – Айым, 2025 жылдың 15 тамыз күні есіңде шығар. Онда «Қазіргі заманғы қазақ романы» конкурсының бірінші және екінші кезеңдері аяқталып, сарапшылар жеті романның жобасын мақұлдаған болатын. Сол кезде конкурстың құрылтайшысы және демеушісі, ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Алиджанұлы Ибрагимов болашақ жеті роман авторларының қатарында жас қаламгер жоқтығын байқап, ол үшін қосымша бір орын беретінін айтты. Содан кейін сарапшылар түскен жобаларды қайта қарап, сенің шығармаңның жобасын қолдады.  – Ол күнді неге ұмытайын. «Қазіргі заманғы қазақ романы» сайтынан конкурсының бірінші және екінші кезеңдерінен өтіп, соңғы үшінші кезеңге…

Толық оқу