Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашып, бұл еліміздегі машина жасау саласын дамыту бағытындағы өте маңызды қадам екеніне назар аударды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы осыдан екі жыл бұрын Қостанайға сапары кезінде KIA Sportage автокөлігінің өндірісі іске қосылғанын еске салды. Бүгін KIA Motors корпорациясымен жасалған келісімге сәйкес зауыт ашылды. Қасым-Жомарт Тоқаев KIA Corporation президенті Хо-сунг Сонгқа және компанияға шынайы ризашылығын білдіріп, ауқымды жұмыс атқарылғанын, нәтижесінде өзара тиімді және жемісті байланыс нығая түскенін атап өтті. – Жалпы, бүгінгі айтулы оқиға Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық серіктестік пен табысты қарым-қатынастың жарқын көрінісі екені анық. Корея Республикасы –…
Автор: Асылхан Бөрібай
«Ақорда» резиденциясында Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Екі елдің әнұрандары орындалған соң президенттер келіссөз залына барды. – Сізді мемлекеттік сапарыңыз аясында Қазақстанда қарсы алу – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – елдеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту тұрғысынан өте маңызды оқиға. Қазақстан мен Әзербайжан тек достас елдер емес, сондай-ақ бауырлас халықтар. Сондықтан Сіздің еліңізбен сан қырлы ынтымақтастықты өркендетуге баса мән береміз. Қазіргі кезде Әзербайжан Сіздің қуатты көшбасшылығыңызбен халықаралық аренадағы абырой-беделін елеулі түрде арттырды, өз өңірінде ықпалды…
Тараз қаласында коммуналдық сала қызметкерлері наразылық акциясына шықты. Қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген «Жасыл ел – Тараз» кәсіпорнының жұмысшылары мен Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы уақытша еңбекке тартылған тұрғындар жалақының төмендігін және зейнетақы мен әлеуметтік аударымдардың жүйесіз төленіп отырғанын айтып шағымданды, деп жазады Ertenmedia.kz. Күн сайын қаланың қоқысын шығарып, жол жиегін тазалайтын адамдардың еңбегі еленбейтіне олар қатты наразы. Қолына сыпырғыш пен күрек ұстаған қарапайым еңбеккерлердің арқасында шаһардың көшесі таза, бірақ олардың өз қалтасы жұқа. Жұмысшылардың сөзінше, айына 80-85 мың теңге алып, соның өзін тиісті мекемелер сағазша созып береді екен. Кейбірі зейнетақы жарнасы не міндетті медициналық сақтандыру аударымы уақытында аудармайтыны еңбеккерлердің…
Танымал журналист Марк Холлингсворт Британияның құқық қорғау жүйесінен сытылып кеткен Мұхтар Әблязов туралы бірқатар қызықты инсайдпен бөлісті, деп хабарлайды Ertenmedia. Айтуынша, қазақ олигархы 2012 жылдың 15 ақпаны таң қылаң бере Лондонның қақ ортасындағы қымбат қонақүйдің бірінші қабатындағы терезеден қарғып өтіп, Британиядан оп-оңай қашып кеткен. «Әблязов жылтырақ дүниеге құмар емес. Қымбат Armani емес, ортаңқол Marks & Spencer костюмін киіп жүретін шағын денелі олигарх Виктория вокзалына асығыс жетіп, әрі қарай Дувр портына жол тартады. Сол арада Орталық Африка Республикасының «дипломатиялық» паспортын көрсетіп, Францияға өткен», — дейді ағылшын журналисі. Сол тұста Британ соты Әблязовқа қатысты ел тарихындағы ең ірі алаяқтық істі қарап жатқан.…
Маңғыстау облысында Каспий албырт балығын қайта тірілтуге бағытталған экологиялық және инновациялық бастама қолға алынды. «Каспий албырт балығының аналық үйірін қалыптастыру және инкубациялық цех құру» жобасы аясында теңізге албырттың шабақтары жіберілді. Бұл «Қызыл кітапқа» енген түрді сақтауға бағытталған нақты қадам. Балықтың популяциясы төмендеген тұста табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіру – өңір экологиясы үшін маңызды міндет. Ал осы бастама алдағы жылдары аквашаруашылық саласына жол ашуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Инкубациялық цех Ақтаудағы «Сұлтан Агро» жылыжай кешені базасында жұмыс істеп жатыр. Мамандардың айтуынша, албырт талапшыл балық, оны өсіру үшін су температурасы мен тіршілік ортасы арнайы бақыланады. Тек табиғи жолмен көбейтуге сеніп отыруға болмайды, сондықтан…
Түркістан қаласындағы №33 жалпы білім беретін “Келешек мектебінде” робототехника бағыты жүйелі түрде дамып келеді. Үйірме жұмысының нәтижесінде оқушылар халықаралық деңгейде табысқа қол жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Білім ұясының жас робототехниктері Қытайдың Макао қаласында өткен First Lego League Asia Open Championship 2025 халықаралық чемпионатында жеңімпаз атанып, ел намысын абыроймен қорғап қайтты. Аталған чемпионат робототехника, ғылыми зерттеу және инженерлік инновациялар бағытындағы Азияның ең ірі алаңдарының бірі. Биылғы додада әлемнің 30-дан астам елінен 500-ден астам команда және 12 мыңнан аса қатысушы бақ сынады. Жарыстың тақырыбы «Су асты әлемін зерттеу». Үш күндік байқау барысында түркістандық жасөспірімдер…
Өзбекстандағы Суффа үстіртінде салынып жатқан халықаралық радиоастрономиялық обсерватория әлемдік ғылымындағы ең ірі және стратегиялық маңызы зор жоба ретінде бағалануда. Жоба аясында миллиметрлік диапазонда жұмыс істейтін қуатты РТ-70 радиотелескоп орнатылмақ. Бұл аспап ғарыштағы жұлдызаралық шаң, галактикалардың қозғалысы мен ғарыштық сәулелену процестерін зерттеуге мүмкіндік береді. Мұндай құрылғы тек дамыған елдердің еншісінде болатын, ал енді Өзбекстан солардың қатарына қосылуға бір табан жақындады, деп жазады Ertenmedia.kz. Суффа үстіртінің табиғи жағдайы мұндай кешен салуға ерекше қолайлы. Ауасы мөлдір, атмосфералық ылғал төмен, радиошу аз. Сондықтан ғалымдар радиотолқындарды еш кедергісіз қабылдап, нақты ғылыми деректер алуға мүмкіндік алады. Жоба Кеңес дәуірінен бері жоспарланып, түрлі себептермен тоқтап қалған еді.…
АҚШ билігі тәркілеген әйгілі Amadea атты суперъяхта ақыры сатылды. Бұл кеме әлемдегі ең қымбат жеке яхталардың бірі. 106 метрлік алып су көлігін АҚШ Әділет министрлігі 10 қыркүйекте жабық аукцион арқылы сатып, жаңа иесін тапсырды. Әзірше суперъяхта жаңа қожайының аты-жөні құпия сақталуда. Бастапқыда яхтаның құны 300 миллион доллар деп бағаланғанымен, кейінгі сарапшылар оның нарықтық құнын 230 миллионға дейін төмендеткен, деп жазады Ertenmedia.kz. Amadea-ның тарихы бір ғана сән мен байлықтың символы емес, санкциялық саясаттың да көрінісі іспетті. 2022 жылы АҚШ-тың сұранысымен яхта Фиджиде ұсталып, кейін Сан-Диегоға жеткізілген. Тергеушілердің мәліметінше, кеме ресейлік олигарх Сүлейман Керимовтың мүлкі саналған. Керимов Ресей билігіне жақын, Кремльдің қаржылық…
28 қазанда Түркістан облысында республикалық «IQanat» Олимпиадасының І туры өтеді. Аталған сайысқа өңірдегі ауыл мектептерінің 18 мыңнан астам баласы қатысады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «IQanat» Олимпиадасының І туры ең ынталы оқушыларды іріктеуге бағытталған. Бұл кезеңде — оқушылар математикалық және оқу сауаттылығын, логикалық ойлау мен қазақ тілін білуін бағалайтын кешенді тестілеуден өтеді. Сондай-ақ, тур аясында оқушыларды білім алуға, дамуға және өз мақсаттарына қол жеткізуге шабыттандыруға бағытталған ынталандыру кездесулері болады. Бұл олимпиадаға республика бойынша 63 мыңнан астам оқушыл қатысады. Үш турдан өтетін Олимпиада жеңімпаздары Бурабайдағы «IQanat» мектеп-пансионатына тегін оқуға түседі немесе олимпиададан кейінгі үш жылдық…
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай медицина саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін кезекті аппарат жиналысын өткізді. Ерекшелігі кеңес жабық есік жағдайында емес, тікелей эфир арқылы өтті. Яғни, әр тұрғын сұрақ қойып, ой бөлісе алды. Медицина секілді шетін тақырыпта ашық сөйлесу жауапкершіліктің белгісі, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров баяндама жасады. Жыл басынан бері ана өлімі тіркелмегенін, сәби өлімінің де азайғанын айтты. Мұнайлы ауданындағы 150 төсектік аурухана, Бейнеудегі оңалту орталығы, бірнеше ауылда ашылған жаңа медициналық пункттер осы жылда жүзеге асқан тірліктер. – Дәрігер жетіспейді. Облыста 249 маман тапшы. Бұл мәселені шешу үшін облыс әкімдігі арнайы грант бөліп…
