Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Назарбаевтың немере інісі

Депутат Зайытов экс-президент Назарбаевтың немере інісі Нұрбол Назарбаевқа қатысты тәркіленген дүние-мүлік әлі де толық зерттелмегенін айтқан еді деп жазады Ertenmedia. Orda порталының мәліметінше Нұрбол жалпы сомасы 106,75 миллион доллар (57 миллиард теңге) көлеміндегі активінен айырылған. Сот шешімі бойынша Назарбаевтың есеп-шоты бұғатталып, бизнесі бақылауынан шығарылды және активтерін пайдалануға толық тыйым салынған. Осыған орай Мәжілісте мәселе көтерген Ринат Зайытов тәркіленген актив айсбергтің бергі беті ғана екенін айтқан. Ел ішінде Назарбаев әулеті Алматы мен Алматы облысындағы шұрайлы жерді заңсыз иемденді деген әңгіменің гу-гулеп тұрғанын жеткізген. «Алтын Орда? Тәркіленген активтің ішінде осы базарға қатысты еш ақпарат жоқ. Сондықтан қоғамның тарапынан сұрақ туындауы заңды. Бас…

Толық оқу

Қостанай сотында Рудныйдың бұрынғы прокуроры Мұрат Оспановқа қатысты жемқорлық ісі қаралып жатыр. Экс-прокурорға бюджет қаржысын жымқыру бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін 20 миллион теңге пара алмақ болды деген айып тағылды, деп хабарлайды Ertenmedia. «Қостанай жаңалықтарының» мәліметінше, оқиға осы жылдың көктемінде басталған. Рудный әкімдігінің құрылыс бөлімі қаланы абаттандыру жұмыстары кезінде 255 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын талан-таражға салғаны үшін тексеріске іліккен. Осы кезде бөлім басшысы Дәурен Жәкеновке қылмыстық іс қозғалып, басына бұлт үйірілген болатын. Тергеу материалына сәйкес, дәл сол тұста Рудныйдың прокуроры мәселені «шешіп беруге» ұсыныс жасап, оның құнын 20 миллион теңгеге бағалаған. Жәкенов бірден Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабар берген. 28…

Толық оқу

Қытайлық China Energy компаниясы Қазақстанда жалпы құны миллиард доллардан асатын екі ірі энергетикалы жобаны қолға алды, деп хабарлайды Ertenmedia. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен China Energy басшысы Сәо Сүбин Астанада кездесіп, жаңартылатын энергия саласындағы екі бірдей ауқымды жобаны іске асыруға келісті. Оның біріншісі Түркістан облысында қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясын салу. Екіншісі Қарағанды облысында қуаты 500 МВт-қа жететін жел электр станциясын тұрғызу. Екі жоба да Астана мен Бейжіңнің Бакуде өткен БҰҰ климаттық конференциясында жасасқан үкіметаралық келісімі аясында жүзеге асады. China Energy жобаны жүзеге асыру барысында «Қазақтелекоммен» әріптес болады. Қазақстандық оператор осы жоба аясында деректерді өңдеу орталығын (Data-орталық) тұрғызады,…

Толық оқу
Шерзат Полат

Алматы облысында баспанасыз қалған отбасыға қысқа мерзімде жаңа үй салынып берілді. Бұл шешім облыс әкімінің тапсырмасымен жүзеге асырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бір жылға жуық уақыт бұрын Азат ауылының тұрғыны Шерзат Полаттың отбасы ауыр жағдайға тап болған еді. Өрт салдарынан олардың үйі толық жанып, отбасы баспанасыз қалған. Осы оқиғадан кейін жергілікті билік мәселені бақылауға алып, нақты қолдау шараларын қолға алды. Аудан әкімдігі мен меценаттардың бірлескен көмегі нәтижесінде отбасыға жаңа тұрғын үй салу туралы шешім қабылданды. Қысқа уақыт ішінде заманауи талаптарға сай үй тұрғызылып, барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Құрылыс жұмыстары толық аяқталып, баспана пайдалануға берілді. Бүгінде Шерзат Полаттың отбасы жаңа үйге…

Толық оқу
Алматы облысы

25 қазан Республика күніне орай Қонаев қаласында ауқымды мерекелік бағдарлама өтеді. Қаланың Орталық алаңы бұл күні өнер мен заманауи технология тоғысқан ерекше кеңістікке айналмақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Кешкі бағдарлама сағат 17:00-де басталады. Сахнада танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Концерттің басты қонақтары – Esko, Ray және Нұрсұлтан Нұрбердиев. Кештің шарықтау сәті – Алматы облысында алғаш рет өтетін дрон-шоу. Жүздеген дрон түнгі аспанға көтеріліп, жарық арқылы түрлі бейнелер мен композициялар жасайды. Бұл көрініс қала тұрғындары үшін жаңа форматтағы мәдени тәжірибе болмақ. Облыс әкімдігінің мәліметінше, биыл еліміз Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуын атап…

Толық оқу

Мегаполисте Республика күніне орай бірден төрт заманауи жалпы білім беретін мектеп салтанатты түрде ашылды. Солардың бірі Медеу ауданында орналасқан, жобалық қуаты 2 мың оқушы орны болатын №220 жалпы білім беретін мектеп. – Бұл жалпы білім беретін мектеп өз шағынаймақтағы орын тапшылығын толық жабады. Жалпы, 1 қыркүйектен бері қалада 12 жаңа мектеп ашылды. Республика күніне орай осы аптада тағы төрт білім беру мекемесі пайдалануға беріледі. Бесінші мектеп – қараша айында, ал тағы сегізі – жыл соңына дейін «сатып алу» тетігі арқылы іске қосылады, – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков. Оның айтуынша, мегаполисте биылғы оқу жылында барлығы 24 мектеп ашылады,…

Толық оқу

Биыл ауылдағы шаруалардың жұмысын жандандыруға ерекше көңіл бөлдінді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен елімізде алғаш рет көктемгі және күзгі дала жұмыстарына бір жылда 1 трлн теңге бөлінді. Осының арқасында қаражат нақты егістікке, техникағажұмсалып, салада ілгерілеушілік орын алғанын атап айтуға болады.  Осылайша биыл елемізде шаруалар жылды алаңсыз өткіздің десек артық айтқандық болмас еді. Осы тақырыпты халыққа кеңінен түсіндіру үшін Ertenmedia.kz тілшілері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Егін шаруашылығы департаментінің директоры Назгүл Хатеповамен әңгімелескен еді. Білікті маман мемлекет тарапынан бөлінген қаржат қалай жұмсалғанын ашық айтып берді. – Назгүл ханым, биылғы 1 трлн теңге көлеміндегі қолдау ауылға бұрын-соңды болмаған сома ретінде айтылып жүр.…

Толық оқу
Тоқаев Ақорда

Президент Тоқаев Республика күніне арналған сөзінде алдағы уақытта Конституцияға бірқатар өзгерістер енгізілетінін хабарлап, Қазақстан үшін мықты президенттік билікті сақтау қажеттігін ерекше атап өтті, деп жазады Ertenmedia. Мемлекет басшысы сөзін Қазақстанның өткен тарихынан сабақ алу қажеттігінен бастады. «Осыдан 35 жыл бұрын еліміздің егемендігі туралы декларация қабылданды. Ел тарихының әр кезеңінде өз қолтаңбасын қалдырған барша мемлекеттік қайраткерлер мен азаматтарға алғыс білдіреміз. Әрине, ешбір жұмыс кемшіліксіз болмайды. Біздің міндет өткеннен сабақ алып, өзгенің жетегіне ермей, өз жолымызбен жүру», – деді президент. Ол соңғы жылдағы жаһандық дағдарыстар Қазақстанды да айналып өтпегенін атап өтті. Қаңтар оқиғасынан кейін ел ішінде басталған реформа әлемдегі күрделі кезеңмен тұспа-тұс…

Толық оқу
Алтай Асқар

Соңғы күндері жарияланған деректерде Назарбаевтың немересі, Тимур мен Динара Құлыбаевтардың ұлы Алтай Асқар 2019 жылы Кипр азаматтығын алғаны айтылды. Еуропада кеңінен талқыға түскен «алтын паспорт» бағдарламасына қатысқан ол құжатты бағдарлама жабылардан бірнеше ай бұрын рәсімдеген, деп жазды «Выход к морю». Кипрдің инвесторларға азаматтық беру бағдарламасы 2013-2020 жылдар аралығында жүзеге асқан. Шетелдік ауқатты тұлғалар ел экономикасына инвестиция құю арқылы азаматтық алуға мүмкіндік алған. Ақпарат көздері сол кезеңде басты өтініш беруші үшін құжат құны шамамен 2,5 млн еуро болғанын айтады. Ол кезде теңгемен есептегенде сома 1 млрд теңгеден асқан. Бағдарлама кейін дау-дамаймен жабылған болатын. Al Jazeera секілді халықаралық медиалардың жүргізген зерттеулері нәтижесінде…

Толық оқу

Қазақстанда емін-еркін таралатын Pravda.ru еліміздегі орыс тілінің ертеңіне алаңдап отыр. Кремль пропагандасына сұхбат берген қазақстандық саясаттанушы Максим Қазначеев қоғамдағы орыс тіліне қатысты көзқарастың өзгеріп жатқанына қынжылыпты деп жазады Ertenmedia. Сарапшының пікірінше, егемендік ала сала, біздің элита британдық және әмірикалық жобалардың жетегінде кеткен. Негізгі кен орындары да солардың қолында, саяси элита толығымен Батысқа бет бұрған. Айтуынша, Ақорда үшін Ресеймен арадағы шекараны ың-шыңсыз, тыныш ұстаса болғаны. Мәскеудің өзге ешқандай саяси-экономикалық маңызы қалған жоқ. «Орысша орта барған сайын тарылып, қазақтілді ортаның өрісі кеңейіп келеді. Орыстілді қауымның көбі елден кеткісі келеді. Олардың ішінде тіпті қазақтар да аз емес. Азаматтардың шамамен 75-80 пайызы болашағын басқа…

Толық оқу