Бүгін Орал қаласында Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету мақсатында Ту көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, өңірдің ардагерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер және қоғам белсенділері қатысты. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Әсем әуенмен бірге еліміздің көк Туы биікке көтеріліп, жиналған жұртшылық рухты сәтті ерекше сезіммен қабылдады.
Автор: Асылхан Бөрібай
Әміриканың қаһарына ұшыраған ресейлік «Лукойл» Қазақстандағы қызметін шектеуге мәжбүр болса, елдегі мұнай жобаларына инвестор тартудың қолданыстағы жүйесін қайта қарауға тура келеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Energy Monitor арнасының авторы, мұнай-газ сарапшысы Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, «Лукойл» компаниясы «Қаламқас Хазар» жобасындағы 50 пайыздық үлесінен айырылса, инвестор таңдау жүйесін қайта қарау мәселесі күн тәртібіне шығады. Қазақстанда ұлттық компаниялардың (әсіресе «ҚазМұнайГаз» бен QazaqGaz-дың) басым құқығы бар. Олар кез-келген жобаның серіктесін тендерсіз, өздері таңдап, шақыра алады. Осы тәсіл кезінде «Лукойлдың» «Қаламқас Хазар» жобасына ашық конкурссыз, емін-еркін кіруіне мүмкіндік берген. «Қазіргі қолданыстағы тәсіл ашықтықтан алыс. Осы механизм арқылы ұлттық компаниялар перспективалы кенішті өздеріне бекітіп алып, инвесторды жабық…
25 қазан күні Атырау қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Республика күніне арналған Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты шарасы өтті. Мемлекеттік гимн орындалуымен биіктігі 91 метр болатын тұғырға көк байрақ көтеріліп, аспан астында байрағымыз желбіреді. Ұлттық мереке шарасына Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, мемлекеттік және аймақтық мекемелердің өкілдері, спортшылар, әскери қызметкерлер және қала тұрғындары қатысты. Жалпы, іс-шараға 600-ден астам атыраулық жиналды. Шара соңында жергілікті өнерпаздар «Көк тудың желбірегені», «Сүйемін, Қазақстан» әндерін орындап, халыққа ерекше патриоттық көңіл-күй сыйлады.
Ақтауда Республика күніне арналған мерекелік іс-шара тек думанмен шектелмей, нақты әрекетпен жалғасты. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен «Отбасы Fest» кезінде 20-ға жуық түп тал отырғызылды. Ағаш егу бір күндік рәсім емес, болашаққа жауапкершіліктің белгісі. Белсенділік танытқан отбасылардың арасында байқау жеңімпаздары, көпбалалы аналар, ақсақалдар мен жастар бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Экологиялық шараға «Мерейлі отбасы», «Алтын шаңырақ», «Күміс кереге» байқауларының лауреаттары және түрлі ұрпақ өкілдері қатысты. Озғановтар, Шолтамановтар, Қисановтар, Хожахметовтер, Қонарбаевтар сынды отбасылар тал егіп, табиғатқа деген көзқарастың тәрбие арқылы қалыптасатынын көрсетті. Әр отбасының қатысуында шағын тарих жатыр. Бірі ауылда өсіп, табиғатты қадірлеуді бала күнінен меңгерген, бірі алғаш рет тал еккенін…
Каспийдің толқыны үстінде ерекше патриоттық көрініс орын алды. Теңізшілер Мемлекеттік Туды пирстен бастап палубаға дейін көтеріп, «Орал» зымыранды-артиллериялық кемесімен жүзіп өтті. Әнұран әуенімен басталған бұл салтанат тек әскери рәсім емес, елдік рухты оттай маздатқан символдық сәтке айналды. 20 метрлік алып Ту Каспий аспанында желбірегенде, теңіз көк байраққа үнсіз құрмет білдіргендей болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Рота командирі капитан Жолды Мағжан осы рәсімнің мәнін жүрегімен жеткізді: – Каспий толқындарымен қасиетті туды алып өту арқылы біз Отанға, оның жетістіктеріне және бейбіт өмірге деген зор құрмет сезіміне бөлендік, – деді ол. Бұл сөз жүректен шыққан отаншыл ниеттің анық дәлелі. Себебі теңізде қызмет ететін сарбаз…
Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында 25 қазан – Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты іс-шарасы өтті. Мерекелік іс-шараға қатысушылар алдымен Алаш қайраткерлерінің отты ойларын тыңдап, өңір өнерпаздарымен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқады. Маңызды іс-шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, өңірдің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан бір топ азаматты марапаттады. – Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың сан ғасырлық арманы орындалған күн. 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Декларация – еліміздің еркіндікке жасаған алғашқы нақты қадамы. Бүгінде біз әлемге тәуелсіз, бейбіт, біртұтас және дамушы мемлекет ретінде танылдық. Елдігіміз…
Алматыдағы Ғылым ордасында Республика күніне арналған «Республика күні – Мәңгілік ел мұраты» атты мерекелік іс-шара өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Шараның негізгі мақсаты Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолын еске алып, азаматтардың елге деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпақтың бойында патриоттық рух қалыптастыру және «Мәңгілік ел» идеясын кеңінен насихаттау. Іс-шарада Ғылым ордасының бас директоры Ұлар Мұқажанов сөз сөйлеп, мерекенің тарихи маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Республика күні – елдің мемлекеттілік жолындағы маңызды кезеңін айқындайтын күн. «Ғылым ордасы – қазақ ғылымы мен руханиятының тоғысқан орталығы. Мұнда ел тарихына қатысты құнды құжаттар мен сирек еңбектер сақталған. Осы мұраны келешек ұрпаққа жеткізу – баршамызға ортақ міндет», –…
Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық әріптестік қарқын алып, қытайлық капитал Алматы қаласы мен өңіріндегі жобаларға ерекше назар аудара бастады, деп хабарлайды Ertenmedia. Қазанның 19-23 аралығында Хубэй провинциясы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиясынан келген инвесторлар Алматы және Қонаев қалаларының экономикалық әлеуетімен танысты. Делегация құрамында электроника, медициналық құрал-жабдық, жылжымайтын мүлік пен инновациялық өндіріс салаларында жұмыс істейтін он шақты компания өкілі бар. «Everest Capital Invest Group» шақырған қытайлық кәсіпкерлер алдымен Алматының инфрақұрылымдық дамуымен танысып, Қонаев қаласындағы қазақстандық-қытайлық бірлескен «Самұрық» тұрғын үй кешенінің құрылысын аралады. 11,6 гектар аумақты қамтитын бұл ірі жоба 2029 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Алматы әкімдігімен өткен кездесуде инвесторлар өңірдегі тұрғын үй,…
«Ақорда» алдындағы алаңда өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімі Республика күні қарсаңындағы басты символдық сәттердің біріне айналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұйымдастырылған бұл шара Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына арналды. Рәсім Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету дәстүрін тағы бір мәрте айқындады. Алдымен Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшысына рапорт берді. Одан кейін еліміздің Мемлекеттік туы салтанатты түрде көкке көтеріліп, Қазақстанның әнұраны орындалды. Алаңдағы рәсім бір сәтте ресми форматтан рухани мәні терең оқиғаға ұласты. Себебі ту мен әнұран – мемлекеттің тәуелсіздігін, тұтастығын және тарихи жолын бейнелейтін басты нышандар. Бұл рәсім тек елордамен шектелмейді. Мемлекеттік ту көтеру дәстүрі барлық…
Абай облысында дін мәселелерін зерттеу орталығы соңғы уақытта жұмыс форматын жаңартып, Президент тапсырмасынан кейін нақты нәтижеге бағытталған қадамдарды күшейте бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Инновациялық әдістер, психологиялық тренингтер мен жастарға жақын форматтағы шаралар арқылы деструктивті ағымдардың ықпалына тосқауыл қою қолға алынған. Әсіресе интернет кеңістігіндегі жасырын үгіт-насихатқа қарсы мониторинг жұмысы жүргізіліп, күмәнді парақшалар бұғатталып жатыр. Орталық директоры Мақсат Өмірхановпен болған әңгімеде осы бағыттағы жаңа тәсілдер мен жастарды қорғаудың тиімді жолдары кеңінен сөз болды. Кейде лекциядан гөрі көзге көрінетін әдіс тиімді – Мақсат мырза, Дүниежүзілік діндер съезінде Президент жастарды деструктивті ағымдардан қорғау керектігін ерекше атап өтті. Осы тапсырмадан кейін Абай облысында қандай нақты…










