Түркістан қаласында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов пен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың қатысуымен экономикалық саясат пен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндіруге арналған кеңейтілген кездесу өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуге ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, облыстық маслихат депутаттары, жергілікті кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар мен құзыретті мемлекеттік орган өкілдері, жалпы 200-ге жуық адам қатысты. Күн тәртібінде салық саясаты және бизнесті қолдау, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жиынды Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов ашып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салық жүйесін жетілдіру және бизнеске қолайлы жағдай жасау…
Автор: Лейла Болтаева
Түркістан облысының Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағында орналасқан жер қойнауын пайдаланушылармен мәжіліс өткізілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Мемлекеттік кірістер департаменті мен Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының өкілдері қатысты. Мәжіліс барысында өңірдегі жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың мемлекетке салық төлеу мәселелері қаралды. Облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы м.а. Қанат Шонбасов өз баяндамасында кейбір жер қойнауын пайдаланушылардың салық төлемей отырғанын атап өтті. Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың басқа өңірлерде тіркеліп, салықты сол жақта төлеуі облыс бюджетіне түсетін түсімдерді азайтып отырғанын айтты. Осыған орай, компанияларды Түркістан облысына тіркеудің маңыздылығы көтерілді. Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері жиналғандарға салықтық міндеттемелер және есептілікті…
Биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығы субъектілерін қолдауға 48,5 млрд. теңге қаржы бөлінді, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыстық бюджеттен 43,3 млрд. теңге, үкіметтік резервтен 5,2 млрд. теңге қаржы бөлінді. 9 айдың қортындысымен 42 млрд. теңге шаруаларға бөлініп, аграрлық саланы мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отыр. Осы бағыттағы жұмыстар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров шаруаларды қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын, бұл субсидиялар мен жеңілдіктер өңірдің өзіндік кірістерін арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосуы тиіс екенін жеткізді. Жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктелді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың айтуынша, «Басым…
Түркістан облысында туризм саласына да басымдық берілуде. Салаға инвестор тарту, өңірдегі тарихи және киелі орындарды жүйелеу, туристік соқпақтарды көбейту бағытында жұмыстар атқарылып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Бәйдібек қаған» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Бәйдібек ауданының туризм саласына инвестиция тарту, киелі орындар мен кесенелер маңын абаттандыру мәселесі қаралды. Сонымен бірге ауданда туристер мен зияратшылар үшін қонақүй салу, туристік инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды. Жауаптыларға тиісті тапсырмалар беріліп, ұсыныстар бақылауға алынды. Айта кетейік, Түркістан облысында туризм саласында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Орналастыру орындарының, демалыс аймақтарының, сауықтыру кешендерінің саны артып, туристер…
Түркістан облысында жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеруге басымдық берілген, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс әкімдігінде осы салаға қатысты түйткілдер кезекті рет талқыланып, жоспарлар айқындалды. Кедейшілік деңгейін төмендету, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған осал топтағы азаматтарға бөлінетін әлеуметтік төлемдерді біріздендіру мәселесі де сараланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді. – Аудан, қалалардағы АӘК тағайындауға жауапты учаскелік комиссиялардың жұмысын қатаң бақылауға алып, комиссия мүшелеріне оқыту семинарларын ұйымдастыру қажет. АӘК тағайындалушы азаматтардың санатына жан-жақты мұқият талдау жүргізіп, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан тиімді кешенді іс-шаралар жоспарын қабылдау жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын. Бірінші кезекте инвестиция тарту,…





