Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының құрамымен кездесіп, ұжымды ел Кубогын иеленуімен құттықтады. Сол сияқты команда жаттықтырушыларына, медицина қызметкерлеріне, ойыншыларына марапаттар тапсырды, деп жазады Ertenmedia.kz. – Команда тарихында алғашқы жеңіс — Кубокты иеленулеріңізбен баршаңызды құттықтаймын. Бұл жеңіс ұжымның бірлескен еңбегінің, бір кісідей жұмылған береке-бірлігінің нәтижесі. Волейбол командалық ойын, сондықтан мұнда физикалық жаттығумен қатар психологиялық қолдау да, техника мен тактика да маңызды. Бұл тұрғыда жігіттердің дайындығы жақсы. Біздің команданың 90% өзіміздің отандық спортшылар, соның 6-уы жетісулықтар. Бұл жергілікті жастардың тәжірибесінің шыңдалып, өсіп келе жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта сіздерді ел Чемпионатының ІІІ туры мен Суперкубок ойындары күтіп тұр. Осы…
Автор: Лейла Болтаева
Токиода өткен «Орталық Азия – Жапония» форматындағы алғашқы саммиті саяси мәртебені нақтылайтын сәт болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Премьер-министр Санаэ Такаичи мен бес мемлекет басшылары қол қойған Токио декларациясы бір нәрсені ашық көрсетті. Орталық Азия енді шеткері аймақ емес, дербес ойыншы ретінде қабылдана бастады. Жапония алдағы бес жылда аймаққа 3 трлн иен, шамамен 20 млрд доллар бағыттауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл жай инвестиция уәдесі емес, ұзақ мерзімді қатысуға берілген саяси сигнал десек болады. 2025 жыл бойы Орталық Азия елдері ЕО, Қытай, Ресей, АҚШ және Италиямен C5+1 форматында кездесулер өткізді. Жыл соңындағы Токио саммиті осы тізбектің логикалық қорытындысына айналғаны анық. Енді форматқа…
Франция теңіздегі флагманын жаңартуға нақты кірісті. Президент Эмманюэль Макрон 2038 жылға қарай жаңа буындағы PANG авианосеці қатарға қосатындарын растады, деп жазады Ertenmedia.kz. Макрон бұл жоспарды Абу Дабидегі Camp de la paix әскери базасында, Ормуз бұғазына жақын аймақтағы әскери қызметкерлер алдында айтты. Париж әскери қатысуын Таяу Шығыс бағытында да көрсетіп, теңіздегі мүмкіндік тек Еуропа шеңберінде өлшенбейтінін байқатты. PANG жобасы Porte-Avions Nouvelle Génération бағдарламасы арқылы іске асады, жалпы құны шамамен 10,25 млрд еуро деп көрсетіліп отыр. Жаңа кеме Франция ӘТК-нің атом энергетикалық қондырғысы бар қазіргі флагманы «Шарль де Голльді» алмастырады. Қолданыстағы авианосец 13 жылдан кейін қызметтен шығарылуы мүмкін. Макрон «осы аптада өте…
Түркістан облысында менталды бұзылыстары бар балаларды қолдауға бағытталған маңызды әлеуметтік нысан «Қамқорлық» арнаулы қызметтер көрсету орталығы өз жұмысын бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. «Қамқорлық» орталығы баршаға үміт сыйлайды Орталықтың ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарды құттықтады. – Бүгін біз үшін ерекше қуанышты күн. Түркі әлемінің астанасы тарихи Түркістан қаласы тағы бір әлеуметтік нысанмен толығып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейтіп, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауды тапсырған болатын. Міне, осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде «Қамқорлық» жаңа арнаулы әлеуметтік орталығы ашылып отыр. «Қамқорлық» атауының өзі…
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесін іске қосты, деп жазады Ertenmedia.kz. Бірінші кезеңде жүйеге қолданыстағы индустриялық сертификаттары бар компанияларды қосу жоспарлануда. Осы мақсатта ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы индустриялық сертификат иелерін қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу жөніндегі Жол картасына қол қойды. Қолданыстағы индустриялық сертификаттары бар кәсіпорындар «Атамекен» ҰКП ұсынған деректер негізінде техникалық оператор «Электрондық қаржы орталығы» АҚ арқылы Тізілімге енгізіледі. Компаниялар өз мәртебесін рәсімдеу үшін 2026 жылғы 30 қаңтарға дейін жүйеде қажетті мәліметтерді толтырып, өтінім беру және цифрлық тексеруден өту қажет. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда кәсіпорын…
Мемлекет басшысының тапсырмасымен алдағы үш жылда өңірдегі 51 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Биыл осы мақсатқа облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 9 мектеп қайта жаңғыртылған болатын. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Алматы облысының Балқаш ауданында «Таза Қазақстан – жарқын болашақ» атты ақпараттық-қорытынды іс-шара ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шара республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізілді. Аталған жиынның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қағидаттарын кеңінен насихаттау және қоғамды тазалық пен тәртіпті сақтауға жұмылдыру. Іс-шара Балқаш аудандық кітапханасында өтті. Кездесуге 50-ден астам адам қатысып, олардың қатарында жастар, еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері мен белсенді азаматтар болды. Қатысушылар экологиялық сана, табиғатты қорғау және қоршаған ортаны таза сақтау мәселелері бойынша пікір алмасты. Шара барысында сөз сөйлеген Балқаш аудандық ақсақалдар қоғамының төрағасы Рақышев Самат экологиялық жауапкершіліктің қоғамдағы рөліне тоқталып, тазалық пен…
Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтай мүшелеріне президенттік реформалардың маңыздылығы мен нәтижелері туралы айтты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ғылым ордасында ғалым, тарихшы Дүйсенәлі Әбділәшімұлының «Елдік феномен: Қазақ хандығының Цин патшалығына жолдаған бірегей дипломатиялық құжаттары туралы тарихи-деректанулық зерттеу» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазақстандық PBC Astana командасы Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі аясындағы Phygital Basketball 3×3 дисциплинасы бойынша жартылай финалға жолдама алды. Команда тартысты өткен матчтың соңғы сәттерінде FlashBasket ұжымын 27:25 есебімен жеңді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұған дейін топтық кезеңде PBC Astana Bad Boys командасын айқын басымдықпен 39:24 есебімен ұтып, турнирдегі ойынын жоғары қарқынмен бастап, көшбасшылар қатарына бірден қосылған. Сонымен қатар команда күрделі қарсыласқа да тап болды. Олар Moskowsky ұжымынан 23:40 есебімен жеңіліп, одан сабақ алып, шешуші ойындар алдында тактикалық тұрғыда қайта жинақталды. Плей-офф кезеңінде PBC Astana Derventa Esports Umbrella командасын 39:26 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты және Phygital…










