Нұрлан Артықбаев Қазақстанның телеком нарығындағы жаңа әрі ықпалды ойыншыға айналды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Forbes Kazakhstan рейтингінде 2025 жылы $228 млн байлығымен 44-ші орында тұрған кәсіпкерү Ол осы кезге дейін құрылыс пен өндіріс саласында («Qazaq Stroy», «Қазақмыс») қызмет еткен. Алайда, көпшілікке аса танымал емес оның есімі кейінгі уақытта «Kcell» (KCEL) және «Қазақтелеком» (KZTK) акцияларына иелік етуімен ерекшелене бастады. Жақында Артықбаев Kaspi-дің ірі акционері Вячеслав Кимнен KC Holding Ltd компаниясын сатып алды. KC Holding Ltd Kcell-дің 14,87% акциясына ие (29,7 млн акция). Мәміленің нақты сомасы жарияланбады. Алайда, қазіргі нарықтық бағасы шамамен $1,4 млрд деп бағаланатын Kcell компаниясының құнын есепке алсақ, бұл үлестің құны 200…
Автор: Лейла Болтаева
Астанада өткен «Өңірлік экологиялық саммит – 2026» басқосуы халықаралық қоғамдастық кең қолдау білдірген маңызды әрі ауқымды шара. Бастаманы алғаш рет мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында көтерген еді, енді ол нақты іске асуда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Саммитке Орталық Азиядағы алты елдің президенттері мен үкімет басшылары, сондай-ақ БҰҰ-ның жоғары деңгейлі өкілдері қатысуда. БҰҰ агенттіктерінің белсенді атсалысуы мен түрлі халықаралық ұйымдардың қатысуы іс-шараның мазмұнын байыта түсуде. Бұл саммиттің басты мақсаты – Орталық Азиядағы экологиялық ахуалды бірлесіп шешу. Су тапшылығы, климаттың өзгеруі, жердің тозуы сияқты күрделі мәселелер аймақтың тұрақты дамуына қауіп төндіріп тұр. Сондықтан мұндай ауқымды басқосу – уақыт талабы. Саммит қорытындысы…
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі еліміздегі авто мектептердің қызметін тексеру шараларын жүргізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазір республика бойынша жүргізушілерді даярлаумен айналысатын 727 авто мектеп тіркелген. Тексеру барысында олардың біразынан елеулі кемшіліктер анықталған. Атап айтқанда, автодромдарда қажетті жол белгілерінің, жол таңбаларының, жарықтандыру жүйелерінің болмауы және оқу көліктерінің техникалық ақаулары үшін 20 нұсқама берілген. Сонымен қатар, тексеріс кезінде 59 авто мектептің оқу үдерісіне міндетті техникалық байқаудан өтпеген және сақтандыру полистері жоқ автокөліктерді пайдаланғаны белгілі болды. Осы заң бұзушылықтар үшін ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жалпы саны 701 оқу тобының қызметін уақытша тоқтатты. Қазіргі таңда авто мектептердің есебін жүргізу және оқу топтарын тіркеу «Автомектеп» ақпараттық…
Қазақстанда камерамен тіркелген жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл әрдайым соңғы шешім бола бермейді. Кейбір жағдайларда ондай айыппұлды заңсыз деп тануға болады. Мұндай жағдайда айыппұлмен келіспеген жүргізуші оны заңды жолмен даулай алады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қандай жағдайда камерадан түскен айыппұл қате болуы мүмкін? Автоматты түрде тіркеу құрылғылары кейде қателеседі. Мәселен, камерадағы техникалық ақаулар, дұрыс көрсетілмеген күн немесе уақыт, суреттің сапасыздығынан көлік нөмірінің немесе заң бұзушылықтың нақты анықталмауы себеп болады. Сонымен қатар, камераның калибрленуі мен уақытылы тексерістен өтуі маңызды. Егер камера қажетті тексеруден өтпесе, оның берген деректері заңды күмән туғызады. Ауа райы да маңызды фактор. Қатты жаңбыр, тұман немесе қар кейде камераның…
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен қолға алынған «Ауыл – Ел бесігі» жобасы Түркістан облысында жемісті жүзеге асуда, деп жазады Ertenmedia.kz. 2019-2025 жылдар аралығында Түркістан облысында 136,5 млрд теңге көлеміндегі қаржыға 1 570 жоба іске асырылды. Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеруді мақсат тұтқан бұл жобалар әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Жоба аясында 2 421,3 шақырым ауылішілік жол жөнделді, 38 елді мекенге газ тартылды, 6 ауылдың су жүйелері жаңғыртылды, 49 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ жылу жүйелері қайта жаңартылды. Әлеуметтік нысандар құрылысына да ерекше мән берілді. Жеті жыл ішінде 25 мәдениет үйі бой көтеріп, тағы 16-сы күрделі жөндеуден өтті. 22…
Қазақстанда автомобиль өндірісі қарқынды өсуде. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында елде 45 260 автокөлік пен техника шығарылған, бұл былтырғы көрсеткіштен 36,8%-ға жоғары, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Әсіресе наурыз айында автокөлік өндірісі күрт жанданып, 17 462 бірлікке жетті, бұл өткен жылдың наурызымен салыстырғанда 42,8%-ға көп, ақпан айымен салыстырғанда өсім 20%-ды құрады. Қазақстанның Автокөлік Одағының президенті Анар Мақашеваның айтуынша, автомобиль өндірісі көлемінің артуы бүкіл машина жасау саласының дамуына оң әсерін тигізіп отыр. Жылдың алғашқы үш айындағы жалпы өндіріс көлемі 563,9 млрд теңгеге жетіп, автокөлік өнеркәсібінің машина жасау саласындағы үлесі 43,1%-ға өскен. «Қазақстандық автопром қарқынды дамуын жалғастыруда. Әсіресе, автокомпоненттер өндірісінің көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды. Үш ай…
23 сәуірге арналған жұлдыз жорамал. Бейсенбі күні ішкі тепе-теңдік пен іскерлік үйлесім күні болмақ. Астрологтар қаржылық мәселелерде асығыс шешім қабылдамауға кеңес береді. Іскерлік байланыстарды нығайтуға назар аударып, кешке демалуға уақыт бөлуді ұмытпаңыз, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін ұзақ уақытқа созылған жобаларды алға жылжытуға қолайлы күн. Сіздің энергияңыз күрделі мәселелерді шешуге жетеді, бірақ күшіңізді дұрыс бөліңіз. Кешке толыққанды демалысқа көңіл бөліңіз. Торпақ Әріптестермен қарым-қатынаста сабырлы болу қажет. Құжаттарды мұқият тексеріп, ұсақ-түйектерге мән беріңіз. Жұмыс сәттілігі осыған байланысты болмақ. Кешті тыныш үй жағдайында өткізген дұрыс. Егіздер Коммуникативтік қабілетіңіз бүгін шыңында. Идеялармен бөлісуге, ұжымдық жобаларға қатысуға және жаңа серіктестер табуға тамаша күн. Ең бастысы…
23 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады. «Қазгидромет» мәліметінше, республиканың көптеген өңірлерінде күн бұлттанып, жауын-шашын түседі. Кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні күшейеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы күндіз +16…+18°C. Алматыда жаңбыр мен найзағай күтіліп, желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге дейін жетеді. Күндізгі ауа температурасы +21…+23°C аралығында. Шымкентте күн райы бұзылып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы күндіз +20…+22°C болады. Ақтауда жаңбыр жауады, күндіз ауа температурасы +15…+17°C. Ақтөбеде жаңбыр жауып, желдің екпіні 15 м/с жетеді, күндіз +10…+12°C аралығында. Атырауда күн бұлтты болып, жаңбыр…
Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы «Ғылым ордасы» мекемесінің қорына 100-ден астам ғылыми басылымдардан тұратын кітаптар топтамасын табыс етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шараға АҚШ Бас консулы Мишель Еркін, «Ғылым ордасы» РМК бас директорының міндетін атқарушы Азамат Нұршанов, консулдық өкілдері және Орталық ғылыми кітапхананың қызметкерлері қатысты. Бас консул Мишель Еркін бұл бастаманың ғылыми байланыстарды дамытуда стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. – 100-ден аса ғылыми басылымдар мен «Америкалық кітаптар бұрышының» ашылуы – білім мен ғылымдағы ынтымақтастығымыздың маңызды кезеңі. Біз ұсынған бұл ресурстар ғылыми ізденістерді жандандырып, екі ел ғалымдарының тәжірибе алмасуына ықпал етеді деп сенемін, – деді Бас консул. Қазір Орталық ғылыми кітапхана қорында…
Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммитте І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің инновациялық жобалары көпшілік назарына ұсынылып, жоғары баға алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан маңызды жиында экология, жасыл технологиялар мен тұрақты даму мәселелері сөз болды. Саммит аясында ұйымдастырылған көрмеде Қазақстанның үздік университеттері өздерінің ғылыми-инновациялық жетістіктерін таныстырды. Көрмені аралаған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жетісу университетінің жобаларына ерекше назар аударып, олардың ғылыми және практикалық маңызын атап өтті. Жетісу университетінің ректоры Ермек Бөрібаев екі негізгі бағыттағы жобаларын таныстырды: Біріншісі – «Green Zhetysu University» жасыл экономика мен қалдықсыз технологиялар бағыты. Мұнда сирек өсімдіктерді in vitro технологиясымен көбейту,…










