Astana Motors компаниясы Польшаның автокөлік нарығына шығады. Бұл туралы Astana Group негізін қалаушы әрі президенті Нұрлан Смағұлов Great Wall Motors алаңында хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Смағұловтың айтуынша, компания Польшада ресми өкілдігін ашып, Great Wall Motors және оның барлық суббрендтерінің автокөліктерін дистрибуциялаумен айналысады. «Astana Motors үшін бұл – өте маңызды қадам. Польша Орталық Еуропадағы ең ірі экономикаға ие елдердің бірі», – деді ол. Сонымен қатар, Смағұлов Great Wall Motors компаниясымен серіктестік Қазақстанда да белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Қазір бұл брендтің көліктері қазақстандық нарыққа жеткізіліп жатыр, сондай-ақ кейбір модельдерді Astana Motors зауытында құрастырып, өндірісті жергіліктендіру жоспарланған. Оның пікірінше, соңғы бір…
Автор: Лейла Болтаева
Қазақстан темір жолының қарызы 3 триллионнан асып, жағдай күрделенуде. Бұл туралы Сенат депутаты Шәкәрім Бұқтұғұтов парламенттік тыңдауда айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін Сенатта Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту мәселесі талқыланған жиында депутат ҚТЖ-ның жоғары қарыз жүктемесіне алаңдаушылық білдірді. – Қазақстан темір жолының қарызы қазіргі таңда 3 триллион теңгеден асып отыр. Бұл мәселе шешілмесе, компанияның болашағына ғана емес, жалпы елдің транзиттік әлеуетіне де елеулі кері әсер етеді, – деді сенатор. Бұқтұғұтовтың айтуынша, бұған негізгі себеп темір жол тасымалдарының тарифі төмен болуы. Қазақстанда жүк тасымалының шамамен 70 пайызы өзіндік құнынан төмен тарифпен жүзеге асады екен. – Қазақстан темір жолындағы тариф ЕАЭО мен ТМД…
Қазақстанда енді табысын ресми растамаса азаматтарға кепілсіз несие беру қиындай түседі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) бұл санаттағы несиелерге талаптарды күшейтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа ереже бойынша, зейнетақы жарналары немесе салықтық есеп арқылы табысын көрсете алмайтын клиенттерге несие беру кезінде банктер жоғары тәуекел коэффициентін қолдануы тиіс. Әсіресе, ірі көлемдегі займдарға қойылатын талап қатал болмақ. «Егер несие сомасы 2 000 АЕК-тен асып, артық төлем мөлшері 30%-дан жоғары болса, тәуекел коэффициенті 300%-ға дейін жетеді», – делінген агенттік құжатында. Бұл жағдайда банктер өз капиталынан көбірек резерв бөліп, қосымша шығынға ұшырайды. Сондықтан қаржы ұйымдары табысын ресми растай алмайтын азаматтарға несие беруді азайтуға…
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың жаңа әрі тиімді бастамаларын қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңгеден 30 грант ұсынылады. Конкурсқа 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) Қазақстан азаматтары қатыса алады. Гранттар мына бағыттар бойынша беріледі: «Ғылым» – жаңа ғылыми зерттеулер мен жобаларға арналған; «Мәдениет» – ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраны дәріптейтін жобаларға; «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT-шешімдер мен стартаптарға; «Бизнес» – кәсіпкерлік бағытындағы жаңа идеяларға; «Медиа» – жастарға арналған танымдық әрі пайдалы медиа-контент жасауға; «Волонтерлік» – әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған еріктілер жобаларына беріледі. Конкурсқа қатысу…
Алматы облысында Ұлттық кітап күні аясында ауқымды әрі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазіргі таңда облыс әкімдігіне қарайтын 145 мемлекеттік кітапхана өңір тұрғындарына тұрақты түрде қызмет етіп келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл кітап қорына 1983 дана жаңа әдебиет қосылып, барлығы «БАРЫС» бағдарламасының электронды каталогына енгізілді. Бүгінде облыстық электронды кітапхана қорында 1,9 миллионнан астам кітап бар. Сонымен қатар, ҚазҰЭБ базасымен бірлесіп, 2137 кітап цифрландырылып, кітапханалық қызмет көрсету кезең-кезеңімен автоматтандырылуда. Кітапханаларды жаңғырту ісі де жалғасын табуда. Жақында ғана Қонаев қалалық және Ұйғыр аудандық кітапханалары заманауи үлгіде жаңартылса, енді Шелек және Жандосов ауылдарында жаңа кітапханалар ашу жоспарланған. 15-23 сәуір аралығында облыс бойынша барлығы 152 іс-шара өтіп, оған…
Қазақстанда 50 жаста зейнетке шығуға мүмкіндік беретін тетік бар. Бұл «зейнетақы аннуитеті» деп аталатын арнайы сақтандыру қызметі. Осы тетіктің көмегімен адамдар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген зейнет жасына жетпей тұрып, өз жинақтарын пайдаланып, ай сайын зейнетақы алып отыра алады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Зейнетақы аннуитеті азаматтың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) жиналған қаражатын сақтандыру компаниясына аударып, өмір бойы немесе келісімде көрсетілген мерзімде тұрақты түрде төлемдер алу құралы. Бұл стандартты зейнетақы төлемдерінен өзгеше қызмет екенін Tengrinews.kz жазды. Зейнетақы аннуитетін әдетте: Ер адамдар – 55 жастан; Әйел адамдар – 53 жастан бастап рәсімдей алады. Әйелдердің жас шегі 2031 жылға дейін кезең-кезеңмен 55 жасқа дейін…
Қоғам белсендісі Қыдырәлі Оразұлының айтуынша, Серікжан Біләштің «Шаханов маған арыз жазды, сотта куәгер болды» деген сөзі – нағыз жалған, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның ойынша, Серікжан Біләш шын мәнінде Мұхтар Шахановқа жала жауып отыр. Мұндай сөздер Шаханов қайтыс болғаннан кейін айтылғаны да дұрыс емес. Қыдырәлі Оразұлы Серікжан Біләшпен бұрын жақын араласқан адам ретінде бұл істің мән-жайын өте жақсы білемін дейді. Қыдырәлі Оразұлы 2017 жылы Қытайдағы қазақтарды қорғау мақсатында «Атажұрт» ұйымын құрғанын, алғашында ұйымға Серікжанның мүлдем қатысы болмағанын айтады. Ол кезде Қытайдағы қазақтарды қорғауға Мұхтар Шаханов, Дулат Исабеков, Қабдеш Жұмаділов, Совет-Хан Ғаббасов сияқты танымал азаматтар белсенді қолдау білдіргенін айтады. – 2017 жылдың…
Алматы метросында техникалық ақау болып, пойыз тоқтады. Оқиға 17:02-де «Алатау» станциясында болған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда жолаушылардың вагоннан шығарылғаны және түтін байқалғаны айтылған. Метрополитен өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. «Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолаушылар пойыздан түсірілді. Олар келесі келген пойызбен бағыт бойынша сапарларын жалғастырды. Техникалық ақауы бар пойыз «Москва» станциясындағы резервтік жолға жіберілді. Метро жұмысында өрт немесе түтін болған жоқ, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнбеді», – деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта пойыздар қозғалысы қалыпты режимде жалғасуда. Еске сала кетсек, бұған дейін наурыз айында Алматы метросында жаңа турникеттер орнатылып, ұзын кезектер пайда…
Саясаттауншы Тимур Сейітмұратовтың айтуынша, күні кеше ғана Ресейде сенсациялық оқиға орын алған. Мемлекеттік Думада сөз сөйлеген КПРФ жетекшісі Геннадий Зюганов блогер Виктория Боняның президент Путинге жолдаған үндеуіне байланысты күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Зюгановтың пікірінше, егер тез арада экономикалық және қаржылық шаралар қабылданбаса, күзде Ресейде тарихи жағдай қайталануы мүмкін. Бұл сөздерді айтқан – ешқандай шетелдік сарапшы емес, ресейлік саясаткердің өзі. Өз кезегінде Зюганов Ресейде 1917 жылғы революцияның қайталану қаупі бар екенін ашық айтқан. Тимур Сейітмұратов атап өткендей, Ресейдің Украинаға қарсы соғысының салдарлары туралы 2022 жылы-ақ америкалық сарапшылар ескерткен болатын. Олар Кремльдің бұл әрекеті Ресейдің өзіне қатты соққы болып тиетінін айтты. Сарапшылар…
24 сәуірге арналған жұлдыз жорамал жұма күнін тиімді өткізуге кеңес береді. Бүгін маңызды шаруаларды аяқтап, кейінге қалдырған әңгімелерді соңына жеткізген жөн. Кешке белсенді демалыс ұйымдастырып, демалыс күндеріне күш жинаңыз, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін кәсіби салада жаңа мүмкіндіктер ашылады. Қиын тапсырмаларды орындаудан қашпаңыз, басшылық сіздің батыл әрекетіңізді бағалайды. Кешкі уақытта достарыңызбен кездесіп, апталық шаршауды басыңыз. Торпақ Қаржылық мәселелерге мұқият болыңыз. Күтпеген интернет саудаларынан бас тартып, демалыс күндеріне арналған бюджетіңізді қайта есептеңіз. Жеке қарым-қатынаста жұмсақтық танытып, серіктесіңізді мұқият тыңдаңыз. Егіздер Бүгін күш-қуатыңыз ерекше артады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, іш пыстыратын жұмыстарды аяқтаңыз. Түстен кейін алыстағы туыстарыңыздан немесе ескі достарыңыздан жағымды хабар келуі…










