Бүгін Астана қаласында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл бесінші рет ұйымдастырылған іргелі іс-шарада қоғамдық бастамаларға айрықша үлес қосқан еліміздің ең белсенді жас азаматтары марапатталды. Ел болашағына қызмет еткен жастар Салтанатты рәсімге Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері жәнебелсенді жас көшбасшылар қатысты. Айта кетейік, биыл байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жастардан 500-ден астам өтінім келіп түсті. Жалпы осы жылдар аралығында 100-ге жуық жас азамат «Рухтастар» сыйлығының иегері атанды. Әр марапат – еңбекпен келген жетістіктің және тынымсыз ізденістің нағыз үлгісі. Өз кезегінде «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек жастардың ел дамуындағы рөліне тоқталып, бұл…
Автор: Лейла Болтаева
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Құрық портынан 20 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің акваториясында орналасқан, Орталық Азиядағы алғашқы теңізде балық өсіру фермасының жұмысымен танысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін әртараптандыру, аквашаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында іске асырылуда. Жоспарға сай тор қоршамаларға 6 000 келі шамамен 30 000 дана албырт балығының шабағы салынды. Бұған дейін жобаны іске асырушы «Organic Fish» ЖШС теңіздегі тор қоршамаға 30 мың дана балық шабағын жіберген болатын. Сапар барысында аймақ басшысы теңіз аквашаруашылығы саласының елімізде алғаш рет дамып жатқанына тоқталып, бұл жобаның Маңғыстау облысының экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие екенін айтты. – Бұл Қазақстандағы…
Үндістанда туып-өсіп, карьерасын Ұлыбританияда жалғастырған әлеуметтанушы ғалым Дип Шикхадан Азия мен Еуропадағы гендерлік ахуал жайында айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Шығыс қоғамында әйел бейнесі ғасырлар бойы отбасының ұйытқысы, әулеттің абыройын сақтаушы, дәстүрдің үзілмеуіне жауапты тұлға ретінде қалыптасқаны белгілі. Мұнда әйелдің мәртебесі көбіне оның ана, жар, келін ретіндегі рөлімен өлшенді. Отбасының беріктігі мен қоғамдағы тұрақтылық әйелдің сабыры мен жауапкершілігіне телінді. Осы себепті Шығыста әйелдің жеке таңдауынан гөрі, ортақ мүдде алдыңғы қатарға шықты. Батыс елдерінде әйелдің қоғамдық рөлі мүлде басқа тарихи жолмен дамыды. Жеке тұлғаның еркіндігі басты құндылыққа айналып, әйелдер білім алуға, еңбек нарығына, саясатқа ертерек араласа бастады. Гендерлік рөлдер қайта қаралып, «әйел…
Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда «AMANAT» партиясы ұйымдастырған дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы қорытындыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Абай рухы мен жаңа буын Биылғы байқау Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналып, маңызды мәдени шараға Мәжіліс Спикері, «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов қатысты. Өз кезегінде партия жетекшісі «AMANAT» партиясы «Ұлы дала» байқауын алтыншы мәрте өткізіп отырғанын және жыл өткен сайын оның ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Биыл байқау алғаш рет өңірлік деңгейде өткізілді. Осы уақыт аралығында 100-ге жуық жас ақын-жазушы конкурс лауреаты атанып, бүгінде кеңінен танымал қаламгерлерге айналып отыр. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев руханиятқа ерекше көңіл бөлетінін жақсы білесіздер. Президентіміз халқымыздың…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес аудан, қалаларда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашылуда. Халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартуға және өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған нақты істер жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Сондай жобалардың бірі Жетісай ауданына қарасты Асықата кентінің аумағында жүзеге асырылуда. Жалпы ауданы 1 гектар құрайтын шағын өндірістік паркінде құны 210 млн. теңгені құрайтын түйіршіктелген құрама жем өндіру, темір бұйымдарын дәнекерлеу, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру, құрғақ, сұйық ұнтақ, кір сабын мен сусабын өндіру, әжетхана қағазы мен майлықтар өндіру сынды 5 өндіріс орны іске қосылып, 100-ге жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады. Аудан әкімі Серік Мамытов пен…
Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде, деп жазады Ertenmedia.kz. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді.…
Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін арттыру, жаңа өндіріс орындарын ашу мен экономикалық өсімді нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыста 2025-2028 жылдар аралығында 111 инвестжобалар пулы қалыптасып, бұл бағытта тұрақты жұмыстар жалғасуда. Жоба толық іске асқан жағдайда 23 915 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Биыл 58 инвестициялық жоба қолға алынып, нәтижесінде 8 250 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Қазіргі уақытта 34 инвестжоба іске қосылып, 4889 адам жұмыспен қамтылды. Бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар мен анықталған мәселелер бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кезекті апталық мәжілісінде кеңінен талқыланды. – Инвестициялық жобаларды сүйемелдеп, жүзеге асырылуын бақылауда ұстаңыздар. Осы салада бекітілген индикаторға…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған облыс делегациясы Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп жазады Ertenmedia.kz. Делегация құрамында туризм саласына жауапты басқарма мен мекеме басшылары, туристік фирма жетекшілері, қонақ үй өкілдері және осы салаға қатысты азаматтар бар. Мақсат Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасында туризмді дамыту бойынша келіссөздер жүргізу, әріптестік орнату және тәжірибе алмасу. Алдымен Нұралхан Көшеров Ташкентте Өзбекстанның Көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесіп, әріптестікті нығайту жолдарын талқылады. – Өзбекстан біз үшін – бауырлас мемлекет. Біздің елдерді ортақ тарих, рухани құндылықтар мен мәдени мұра байланыстырады. Түркістан облысы туризм мен көлік инфрақұрылымын дамытуды Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттары ретінде…
Түркістан облысында спорт инфрақұрылымын жетілдіру, бұқаралық спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс әкімі апаратының апталық мәжілісінде осы бағыттағы көрсеткіштер сараланып, жоспарлар талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне спортты дамыту, инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмысты ширатуды тапсырды. – Аудан, қалаларда спорт нысандарына деген қажеттілікті реттеу бағытында жасалған 3 жылға арналған кешенді даму жоспары жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс. Спорт инфрақұрылымын және бұқаралық спортты дамыту бойынша бекітілген индикаторлардың толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл өте өзекті мәселе. Жасөспірімдер мен жасар арасында теріс әдеттердің алдын алу үшін спортты дамытудың маңызы зор. Осы…
Түркістан облысы әкімдігінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, аудан, қала әкімдіктерінің және басқармалардың қызметі тиімділігін рейтингтік бағалау мәселелері талқыланған алқа мәжілісі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәжілісте 9 айдың қорытындысы шығарылып, индикаторлардың орындалу барысы талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жоспарды орындамаған аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына сын-ескертпе айтып, жұмысты жандандыруды тапсырды. – Биылғы 9 айдың қорытындысымен облыс экономикасы дамуының оң динамикасы сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,8%-ды құрады. Бұл республикада – 2 орын. Мемлекет басшысының экономикалық өсімді 7%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес, 9 айдың қорытындысымен Үкімет бекіткен межеге толық қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығы өнім көлемі 855,4 млрд. теңгені құрап, өсім 101,5% деңгейінде болса,…










