Премьер-министр Олжас Бектенов жуырда елдегі базарларда жұмыс істейтін ұйымдасқан делдал топтардың мәселесін реттеуді тапсырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалым Байтуктің айтуынша, бұл тақырып Қазақстан үшін тосын дүние емес. Делдалдармен күрес туралы әңгіме жыл сайын көтеріледі. Бірақ көп жағдайда соңы баяғы сценариймен аяқталады. Тексеріс жүріп, рейд өтеді, ал қысым ең әлсіз буынға, яғни ұсақ саудагерлерге түседі. Оның ойынша, мәселенің түбі сөреде тұрған сатушыда емес, тауар соған жеткенге дейінгі тізбекте жатыр. Мысал ретінде картопты алуға болады. Фермер өнімін шартты түрде 100 теңгеден өткізеді. Ал сол тауар базарға жеткенше бағасы 250-300 теңгеге дейін өсіп кетеді. Байтуктің пайымынша, мұнда негізгі сұрақ бағаның өскенінде емес, арадағы…
Автор: Лейла Болтаева
Желі қолданушысы Алексей Алексеев әке-шешесі жоқ бойеткен Насияның 24 сағатта қалай баспаналы болғанын жазды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Настя әлеуметтік желіге «Егер 30 мың адам маған 200 теңгеден жіберсе, өз пәтерім болады» деген арманын жазғанда оның үміті болды ма, болмады ма – белгісіз. Бірақ оны адамдар естіді», – дейді Алексей Алексеев. Қарапайым ел азаматтары небәрі 24 сағаттың ішінде қыздың арманына қанат бітірді. Бір тәулік. Бір ғана күн. Осы аз ғана уақытта Настяның пәтер сатып алуына қажетті қаражат толығымен жиналды. Алексеевтің ойынша, бұл оқиға қазақтың адам тағдырына бей-жай қарамайтын, бір-біріне жанашырлық таныта білетін халық екенімізді тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазақстандықтардың қиын жағдайда…
Қазақстанда инфляция деңгейі әлі де жоғары күйінде сақталады. Бұған коммуналдық тарифтердің өсуі, жанармай бағасының қымбаттауы және теңгенің әлсіреуі әсер етуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Халық банктың сараптамалық орталықтың сарапшысы Асан Құрманбековтың айтуынша, өткен жылдың соңында басталған инфляцияның баяулауы тұрақсыз болып, биылғы жылдың басында қайта жылдамдаған. Дегенмен наурыз айында жылдық инфляция көрсеткіші былтырғы екінші тоқсаннан бергі ең төменгі деңгейде қалыптасты. – Қазіргі уақытта инфляцияға екі негізгі фактор әсер етуде. Біріншісі, коммуналдық қызмет тарифтері мен жанармай бағасына қойылған шектеудің алынып тасталуы, екіншісі, теңгенің доллар алдындағы әлсіреуі. Осы факторларды ескерсек, биылғы жылдың соңына қарай инфляция 10,5-11,5% деңгейінде болады деп болжаймыз, – дейді сарапшы.…
Алматыда Энергетика министрлігі, Мәжіліс депутаттары мен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясының (КПО) қатысуымен отандық өндірушілерді қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл шара қазақстандық қамту үлесін арттыру және жергілікті кәсіпорындармен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау мақсатында ұйымдастырылған, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуде сөз алған мамандардың айтуынша, жергілікті қамтуды дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Соның нәтижесінде 2025 жылы КПО компаниясының сатып алуларының 61%-ы (367 млрд теңге) қазақстандық тауарлар мен қызметтерге тиесілі болды. Компания осы уақытқа дейін отандық өндірушілермен 25 млрд теңге көлемінде ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасқан. «Қазір біз меморандумнан нақты келісімшарттарға өтуіміз қажет. Бұл отандық өндірушілердің дамуына нақты қолдау көрсетеді», – дейді жиынға қатысушылар. Іс-шара…
Еліміздегі темір жол құрамдарына ерекше қажеттілігі бар жолаушылар үшін арнайы вагондар енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлім етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, көлік саласындағы инклюзивті саясат инфрақұрылым, көлік және қызмет көрсету бағыттары бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде теміржол көлігіндегі құрамдардың шамамен 90%-ы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған көтергіштер және арнайы купелермен жабдықталған. Ал 2030 жылға қарай әрбір теміржол құрамында кемінде бір арнайы мамандандырылған вагон болмақ. Сонымен қатар вокзалдарды жаңғырту бойынша ауқымды бағдарлама іске асырылуда. Бағдарлама аясында пандустар, лифттер, арнайы көтергіш құрылғылар орнатылып, кассалар мен санитарлық орындар қолжетімділік талаптарына сәйкес жабдықталады. Авиация саласында да инклюзивтілік деңгейі…
Қазақстанда 2026 жылдан бастап жаңа ресми мереке – Қазақы тазы мен төбеттің күні атап өтіледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкіметтің арнайы қаулысына сәйкес, мереке жыл сайын 3 қыркүйекте атап өтілетін болады. Қазақтың ұлттық мұрасы мен дәстүрінің бір бөлігі саналатын қазақы тазы мен төбет иттерінің мәртебесін көтерудің маңызы зор. Тазы итті сақтау және кеңінен насихаттау мақсатында осындай шешім қабылданды. Тазы мен төбет – ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасап келе жатқан құнды ит тұқымдары. Әсіресе, аңшылықта серік болған тазы мен малды күзеткен төбеттің қазақ өмірінде алатын орны ерекше. Жаңа мереке арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-бабамыздан жеткен осы бір ерекше ит түрлерін сақтау мен көбейтуге…
Алматы облысының Кеген ауданы жасыл-желек өсіруден еліміз бойынша алдыңғы қатарда келеді. Әсіресе, бұл өңірдің Шренк шыршасы сияқты табиғатқа ерекше көрік беретін ағаш түрлерін көбейту ісі қарқынды жүріп жатыр. Табиғат байлығын сақтау мақсатында орманшылар жүйелі жұмыстарды қолға алған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Кеген орман шаруашылығы» мекемесінің директоры Айболат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бүгінде аудан аумағында 154,4 гектар жерге 1 миллионнан астам қылқан жапырақты ағаш отырғызылған. Сонымен қатар, 110 гектар жерге 118 мыңнан астам көшет егілді. Мұндағы негізгі мақсат орман алқабын көбейтіп, топырақтың тозуына жол бермеу. Орманшылардың жұмысы отырғызылған ағаш санымен емес, олардың жергілікті табиғатқа бейімделу көрсеткішімен бағаланады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 75-80 пайызды құрайды.…
Қазақстанда зейнетақы жүйесіне елеулі өзгерістер енгізу мәселесі талқыланып жатыр. Соның бірі – «4+1» деп аталатын жаңа модель. Оның негізгі ерекшелігі жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын екі бөлікке бөлу арқылы азаматтардың жеке жинақтарын көбейту және өмір бойы төленетін зейнетақы жүйесін енгізу, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкер үшін ай сайын зейнетақы қорына аударым жасайды. Бұл аударымдар 2024 жылы – 1,5 пайыз, 2025 жылы – 2,5 пайыз, 2026 жылы – 3,5 пайыз болса, 2028 жылға қарай 5 пайызға дейін артады. Бірақ бұл қаражат қызметкердің жеке меншігі емес, ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлеріне берілмейді. Жаңа ұсынылып отырған «4+1» моделі бойынша осы 5 пайыздың…
Соңғы жылдары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында (ШЫХО) цифрландыру және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл шаралар орталықты туризм, сауда және инвестиция саласында жоғары деңгейде қызмет көрсететін заманауи алаңға айналдырды, деп жазады Ertenmedia.kz. «Қорғас» ШЫХО басқарма төрағасының орынбасары Сейілбек Садырбектің айтуынша, орталықтағы өткізу бекеттері толық автоматтандырылып, Face ID жүйесі енгізілген. – Басты ғимарат күрделі жөндеуден өтті. Орталыққа кіру, билет алу және тауарды алу процестері толығымен цифрланды. Онлайн билет сатып алу үшін QR-код енгізілді. Соның нәтижесінде орталықтың өткізу мүмкіндігі айтарлықтай артты. Бұрын күніне 4-5 мың адам қабылдасақ, қазір бұл көрсеткіш 9 мыңға дейін жетті. Мысалы, 2024 жылмен салыстырғанда былтыр туристер саны…
Алматыда жаттықтырушы Данияр Сафин өз өмірін тәуекелге тігіп, суға батып бара жатқан кішкентай қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға «Шахристан» тұрғын үй кешенінің маңында болды. Жаттықтырушы Данияр Сафин шәкірттерімен бірге жүгірумен айналысып жүрген кезде, Үлкен Алматы өзенінде ағып бара жатқан баланың қолын байқап қалады. Қыз өзеннің қатты ағысына төтеп бере алмай, су астына кетуге шақ қалған еді. Жағдайды бірден бағамдаған Данияр ойланбастан суға секіріп, мұздай судан қызды алып шығады. Кейін оны жағалауда тұрған шәкірттеріне табыстаған. Даниярдың бұл батыл әрекеті көпшіліктің құрметіне бөленіп, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Осындай қайсар әрі батыр адамдарға мың алғыс! Астанаға ұшып келген ұшақта кәмелетке…










