Қазақстан гидроэнергетика саласын бірден үлкен секіріспен емес, кезең-кезеңімен кеңейтіп келеді. Қазір ел аумағында жалпы қуаты 313 МВт болатын 43 гидроэнергетика нысаны жұмыс істеп тұр. Энергетика саласының білікті маманы Қуаныш Жұмабековпен тілішлеріміз тілдесіп, су электр стансаларының елдің энергетикалық теңгеріміндегі орны, жаңа жобалар жайында ой-пайымын білген едік. Енді соған назар аударсаңыздар. – Қуаныш Рабатұлы, Қазақстанда гидроэнергетика саласының қазіргі жағдайын қалай бағалауға болады? – Қазақстан үшін гидроэнергетика жаңартылатын энергияның ең тұрақты бағыттарының бірі. Қазір республика бойынша жалпы белгіленген қуаты 313 МВт болатын 43 гидроэнергетика нысаны жұмыс істеп тұр. Әрине, мұны алып энергетикалық қуат деп айту қиын. Бірақ су электр стансаларының өзіндік артықшылықтары бар.…
Автор: Лейла Болтаева
Жетісу облысында жаңа Конституцияға арналған ерекше мурал салынды. Оның эскизін жасау кезінде жасанды интеллект технологиясы пайдаланылды, деп жазады Ertenmedia.kz. «Jetisu jastary» мекемесінің ұсынысымен Талдықорған қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріне салынған «Ата заңым – айбыным» атты мурал жастардың азаматтық санасын нығайтуға, сонымен қатар заманауи көше өнері арқылы қоғамдағы құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Муралдың ашылу салтанатына аймақ жастары, қоғам белсенділері, шығармашылық қауымдастық өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. – Бұл туынды жаңа Ата Заңымызға арналған. Мемлекет басшысы атап өткендей, жаңа Конституцияда жастарға ерекше мән берілген. Ата заңымызда волонтерлік қызмет, ғылым, инновация, жасанды интеллект сияқты жаңа ұғымдар бар. Сондықтан біз муралды заманауи тәсілдермен ұштастыруға тырыстық.…
Қазақстанда 16 наурыздан бастап «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендияға құжаттарды қабылдау басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Өтініш беру мерзімі биылғы жылдың 16 қазанына дейін жалғасады. Ал үміткерлерді іріктеу конкурсы 13 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды eGov электронды үкімет порталы және Халықаралық бағдарламалар орталығының кеңсесі арқылы өткізуге болады. Осы жылы бағдарлама аясында жалпы саны 635 стипендия бөлінген. Оның ішінде бакалавриат бағдарламасына – 20, магистратураға – 400, докторантураға – 50 және ғылыми тағылымдамаларға – 165 стипендия қарастырылып отыр. «Болашақ» стипендиясы – қазақстандықтардың шетелде білім алуына мүмкіндік беретін танымал халықаралық бағдарлама. Оның мақсаты – жоғары білікті мамандарды даярлау арқылы еліміздің…
Қазіргі жаһандану дәуірінде ақпараттық технологиялардың дамуы барлық қоғамдық қатынастарды түбегейлі өзгертуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде жасанды интеллект инновациялық құрал болумен қатар, киберқылмыскерлер үшін қуатты технологиялық қаруға айналды. Әсіресе, адамның биометриялық деректерін өзгерту арқылы жасалатын «Deepfake» технологиясы ұлттық қауіпсіздікке және жеке адамның құқықтық қорғалуына айтарлықтай қауіп төндіреді. Дипфейк технологиясы адамның бет-әлпетін, дауысын және қимылдарын нейрондық желілер көмегімен дәл қайталауға мүмкіндік береді. Егер бұрын алаяқтар тек мәтіндік хабарламалар немесе фишингтік сілтемелер арқылы әрекет етеді. Қазіргі таңда олар жасанды интеллект көмегімен мемлекеттік қызметкерлердің, ірі компания басшыларының жалған цифрлық бейнесін жасап, үлкен қаржылық шығындарға әкелуде. Бұл тек технологиялық қана емес, сонымен қатар құқықтық реттеуді қажет ететін…
Бүгін Алматыда Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Фестиваль барысында «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат: музей жәдігерлері мен этнодизайнның тоғысуы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Шарада отандық және шетелдік дизайнерлердің этноколлекциялар шеруі, қолөнер шеберлерінің халықаралық көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, көне технологияларды жаңғырту бойынша шеберлік сабақтары да өтті. Жоба көшпелілер мәдениетін насихаттап, заманауи этнодизайнды дамытуға және халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Фестиваль музей жәдігерлері, ұлттық қолөнер және заманауи сән мен креативті индустрияны біріктірді. Іс-шарада Дүниежүзілік қолөнер қалаларының (World Craft Cities) қатарына кіретін Тараз, Түркістан және Алматы қалаларының…
Австралиялық инженерлер мұнай төгілген жерлерді қауіпсіз әрі тиімді тазалауға арналған шағын робот жасап шығарды, деп жазады Ertenmedia.kz. «Электрондық дельфин» деп аталған бұл құрылғының өлшемі шамамен спорттық аяқ киіммен шамалас. Робот судың бетінде жиналған мұнайды арнайы сүзгінің көмегімен жинайды. Бұл сүзгі теңіз кірпілерінің табиғи сүзгілеріне ұқсас технологиямен жасалған. RMIT университетінің зерттеушілері жасаған робот мұхиттар мен өзен жағалауларына төгілген мұнайды жылдам тазалауға мүмкіндік береді деп күтілуде. Зерттеу нәтижелері Small ғылыми журналында жарияланған. Қазіргі таңда мұнайдың төгілуі дүниежүзіндегі ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі. Төгілген мұнай теңіз жануарларына зиян келтіріп, жағалау экожүйелерін бұзады және тазалау жұмыстарына миллиардтаған доллар жұмсалады. Сонымен қатар, мұнай төгілген жерлерді тазалау…
Қазақстанда Сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия сиыр етін экспорттауға, жұмыртқа импорттауға және мал басын сақтауға қатысты шешімдер қабылдады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұсынылған өзгерістерге сәйкес, фермерлік шаруашылықтарға етті экспорттауға қатысу мүмкіндігін арттыру үшін талаптарды жеңілдету көзделген. Өзінің ет өңдеу комбинаты бар шаруашылықтар үшін мал басының минималды шегі 500 басқа дейін төмендетілмек. Өз ет өңдеу кәсіпорны жоқ ірі фермалар да экспортқа ет шығара алады. Егер шаруашылықта мал басы бес мыңнан асса, етті басқа ет комбинаттары арқылы шетелге экспорттауға рұқсат беріледі. Сонымен қатар, жаңа ережелерге сәйкес, алты айлық мерзімге арналған жаңа, салқындатылған және мұздатылған сиыр етін экспорттау…
Қазіргі уақытта электромобильдер кең таралғанымен, олардың өрт қауіпсіздігіне қатысты кейбір мәселелер бар. Әсіресе, электромобиль батареясының өртенуі қарапайым көліктерге қарағанда әлдеқайда көп суды қажет етеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Электромобиль батареяларының ішінде жылулық өршу деген процесс басталса, батареяның элементтері қатты қызып, ішінен улы газдар бөлініп шығып, ұзақ уақыт жанып тұратын өрт пайда болады. Өрт сөндірушілер үшін электромобильдегі өртті сөндіру қиындық тудырады. Себебі батарея ішіндегі химиялық реакция жалғаса береді. Ал бұл өрттің қайта тұтануына себеп болуы мүмкін. Сондықтан, өрт сөндірушілер бірнеше мың литр су жұмсауға мәжбүр. Халықаралық өрт-құтқару қызметі қауымдастығының (CTIF) дерегінше, АҚШ-та Tesla көлігінің батареясы өртенген кезде оны сөндіруге шамамен 90 000…
Қазіргі уақытта гаджеттер, компьютерлер, қашықтан жұмыс істеу және оқу сияқты факторлардың кесірінен көзіміздің көру қабілеті тез нашарлайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Көз ауруын витаминдер мен сәбіз арқылы түбегейлі шешу мүмкін емес. Бірақ олар көзімізге қосымша қолдау болатыны анық. Көз дәрігерлері көздің саулығын сақтап, көру қабілетін жақсарту үшін қажетті дәрумендер мен микроэлементтер туралы тілшілерімізге айтып берді. Лютеин Мамандар лютеин пигменті көру өткірлігіне тікелей әсер ететінін алға тартты. Лютеин көздің тор қабығына жиналып, көзге түскен зиянды ультракүлгін сәулелердің 40 пайызға дейінін ұстай алады. Сонымен қатар ол көз ішіндегі қан тамырларын жақсартып, қараңғыда және ымыртта көру қабілетін жақсартатын мүмкіндігі бар екен. Лютеин шпинат пен…
Қазақстанда Конституцияға қатысты жалпыхалықтық референдум өтті. Референдумды ұйымдастыруға шамамен 20,8 млрд теңге жұмсалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа Конституция жобасы қабылданғаннан кейін енді бізді Құрылтайға (яғни Парламентке) жаңа сайлаулар күтіп тұр. Ал бұл дегеніміз тағы да қосымша шығындар деген сөз. Қандай қаржы көлемі туралы әңгіме болуы мүмкін? Соңғы рет Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы жақында ғана, 2023 жылы өткен еді. Сол кезде сайлау науқанына шамамен 33,4 млрд теңге жұмсалған болатын. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, енді өтетін жаңа парламенттік сайлауға да шамамен осындай қаржы немесе бұдан да көбірек қаражат бөлінуі мүмкін. Себебі, сайлауға дайындық шаралары, үгіт-насихат жұмыстары, сайлау учаскелерінің ұйымдастырылуы,…










