Автор: Лейла Болтаева

ауа райы боран қар көктайғақ

«Қазгидромет» синоптиктері 5 қаңтар күні еліміздің көптеген өңірінде қолайсыз ауа райы сақталатынын ескертеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жел өтіндегі Қазақстан Абай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Күндіз өңірдің оңтүстігі мен орталығында осындай ауа райы сақталады. Таңертең және түнгі уақытта облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, Жарма ауданында 23 метрге дейін жетеді. Семейде түнде және таңертең қар жауып, боран, көктайғақ күтіледі. Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде қар жауып, боран соғады. Ал оңтүстігі мен шығысында аздап қар жауып, жаяу бұрқасын көтеріледі. Күндіз өңірдің солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында қар…

Толық оқу
Марат Мәзімбаев

Кәсіпқой бокстан IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған спортшы Марат Мәзімбаевтың жұбайы Жанна Мәзімбаева дүниеден өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жамбыл өңірінің тумасы Марат Мәзімбаев кәсіпқой бокста жеті жыл өнер көрсетіп, осы аралықта 25 жекпе-жек өткізген. Оның 20-сында жеңіске жетіп, әлемдік аренада еліміздің мерейін асырды. Атап айтқанда, Марат IBA нұсқасы бойынша екінші аса жеңіл салмақта әлем чемпионы атағын иеленген және WBO Intercontinental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуді жеңіп алған. Марат пен Жанна 2001 жылы шаңырақ көтерген болатын. Ерлі-зайыптылардың отбасында алты перзент дүниеге келген, олардың төртеуі қыз, екеуі ұл бала. Бұған дейін бір сұхбатында Марат Мәзімбаев жұбайымен қалай танысқанын былайша әңгімелеп берген еді:…

Толық оқу
құс фермасы

Құс шаруашылығында энергия шығындарын азайтудың маңызы зор, деп жазады Ertenmedia.kz. Алайда, жаңа құс қораларын салу немесе бұрынғыларын жаңарту кезінде фермерлер көбінесе құрылыс пен жабдықтарға кететін қаражатты ғана ескеріп, энергия көздеріне жұмсалатын тұрақты шығындарды есепке алмай жатады. Шын мәнінде, бастапқы инвестицияның өзіндік құнынан гөрі, болашақтағы тұрақты шығындарды азайтуды көздейтін технологияларға басымдық берген әлдеқайда тиімді. Қазіргі кезде газ бен электр энергиясының бағасы күн санап өсіп келе жатқанын ескерсек, бүгінгі таңда қосымша қаржы салып, энергия үнемдейтін құрал-жабдық орнату ертеңгі күні үлкен табыс әкелетіні сөзсіз. Құс қораларында сыннан өткен және тиімділігі дәлелденген заманауи технологияларға тоқталсақ: Вентиляторларды қолдану Ауаны бірқалыпты араластырып, айналым жасайтын арнайы вентиляторларды пайдалану…

Толық оқу
спойлерге қатысты шындық

Автокөліктің артқы бөлігіне орнатылатын спойлерге қатысты көптеген аңыздар мен шындықтар бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Кейбір жүргізушілер спойлер көлікті «ракетаға» айналдырып, жылдамдықты, басқаруды, тіпті жанармай үнемдеу көрсеткіштерін жақсартады деп сенеді. Бірақ бұл қаншалықты рас? Спойлердің әсері қай кезде сезіледі? Автоспорт әлемінен шыққан спойлер бүгінде автомобильдің жылдамдығы мен спорттық сипатының символына айналған. Porsche 911 Turbo-ның әйгілі «кит құйрығынан» бастап, жапондық тюнинг автокөліктерге дейін спойлер жоғары жылдамдықты білдіретін стильді аксессуар ретінде танымал. Бірақ шын мәнінде ол қаншалықты тиімді? Спойлердің негізгі мақсаты көлікке ауа ағындарының әсерін реттеу. Бұл элементтің нақты пайдасын анықтау үшін бірнеше аспектіні талдап көрелік. Біріншіден, аэродинамика. Спойлер жоғары жылдамдықта артқы бөлікке…

Толық оқу
Нью-Йорк мэрі Зохран Мамдани

Нью-Йорк мэрі мен демократ-сенаторлар АҚШ-тың Венесуэлада жүргізген әскери операциясын қатаң сынға алды, деп жазады Ertenmedia.kz. – Егемен елге қарсы біржақты шабуыл бұл соғыс жариялаумен тең және федералдық әрі халықаралық заңдарды өрескел бұзу. Режимді күшпен өзгерткісі келген мұндай әрекет тек шетелдегі адамдарға ғана емес, Нью-Йорк тұрғындарына да тікелей әсер етеді, – деп жазды Нью-Йорк мэрі Зохран Мамдани әлеуметтік желіде. Бұған дейін президент Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуроның Нью-Йоркке жеткізіліп жатқанын хабарлаған еді. Демократиялық партиядан сайланған сенаторлар мен конгрессмендер де Ақ үйдің әрекетін өткір сынап отыр. Сенатор Энди Ким АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен қорғаныс министрі Пит Хегсеттің бұрын Венесуэлада…

Толық оқу
Air Astana кешігу

Жаңа жыл басталса да, Air Astana әуе компаниясы бұрынғы қиындықтардан арыла алмай отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлеуметтік желілерде жолаушылар Air Astana рейстерінің бірнеше сағатқа, тіпті бір тәулікке дейін кешігуіне байланысты жаппай шағымдануда. Әсіресе Вьетнам мен Таиландта жүрген қазақстандық туристер елге қайта алмай, қиын жағдайда қалған. Сондай-ақ ішкі рейстер бойынша да түйткіл көп. Алматы – Ақтау рейсі бір тәулікке кейінге қалдырылған. Әуе компаниясының ресми өкілдері рейстердің кешігуін ауа райының қолайсыздығымен түсіндіруде. Алайда орын алған жағдайдың негізгі себебі ұлттық тасымалдаушыда ұшақ тапшылығы болуы мүмкін деген болжам айтылуда. Бұл жағдай бүкіл әуе қатынасы кестесіне кері әсер етіп отыр. Қазіргі таңда «Air Astana» әуе…

Толық оқу
салық декларациясын толтыру

Мемкірістер комитеті 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінде бизнес өкілдері үшін үш түрлі арнайы салық режимі (АСР) белгіленгенін хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген арнайы салық режимдері мыналар жатады. Олар өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған АСР, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР және шаруа және фермерлік қожалықтарға (ШФҚ) арналған АСР. Жаңа режим, ескі ереже Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмысшылары жоқ. Тек үкімет бекіткен тізімдегі қызмет түрлерімен айналысатын жеке тұлғалар қолдана алады. Аталған қызмет түрлерінің тізімі өткен жылдың қараша айында Үкімет қаулысымен бекітілген болатын. Оған такси қызметі, дайын тамақты…

Толық оқу
Заңгер Айман Омарова Вашингтон

Белгілі заңгер Айман Омарова алдағы уақытта Вашингтонда өтетін маңызды семинарға қатысатынын хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, бұл жиында АҚШ-тың жаһандық және ішкі саясатындағы стратегиялық басымдықтар талқыланады. – Вашингтондағы семинардың негізгі тақырыптары, белгілі саясаткерлердің өзекті мәселелер бойынша пікірлері мен ұсыныстары жайлы егжей-тегжейлі айтып беремін, – деді ол. Семинар алдында заңгер АҚШ-та соңғы күндері орын алған оқиғаларға, әсіресе Венесуэладағы америкалық әскери операцияға байланысты тікелей эфирде талдау жасамақ. Айта кетейік, АҚШ күштері Венесуэла аумағында арнайы операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуроны өз үйінде ұйықтап жатқан жерінен ұстап әкеткен болатын. Онымен бірге әйелі мен ұлы да қамауға алынған. Айман Омарованың айтуынша, жұртшылықтың назарын…

Толық оқу
Әли Хаменеи мәлімдеме жасады

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи желтоқсан айының соңында басталған наразылық шерулеріне қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. 86 жастағы Хаменеи 3 қаңтарда мемлекеттік телеарна арқылы сөйлеген сөзінде елдегі қаржы нарығындағы күрделі ахуалдың ушығуына байланысты көшедегі саудагерлердің алаңдаушылығын орынды деп бағалады. Айта кетейік, Иранда жаппай шерулердің басталуына ұлттық валютаның құнсыздануы себеп болған еді. Дегенмен, аятолланың сөзінше, экономикалық жағдайды саясиландырып, ел ішіне іріткі салуға бағытталған әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. – Біз наразы азаматтармен ашық диалог орнатуымыз керек. Шенеуніктердің міндеті осы. Бірақ тәртіп бұзушылармен сөйлесудің еш пайдасы жоқ. Қоғам тыныштығын бұзғандар қатаң жазалануы тиіс, – деді Хаменеи. Иранның жоғарғы көсемі…

Толық оқу
Қазақстан ауа райы 4 желтоқсан

Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» мекемесінің хабарлауынша 4 желтоқсанда елімізде бойынша ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Қар, бұрқасын, еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында жауын-шашын күтіледі. Тек республиканың шығыс және оңтүстік-батыс аймақтарында күн райы жауын-шашынсыз болады. Сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің екпіні күшейеді. Қар, тұман және көктайғақ Астанада қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі. Алматы қаласында тұман түссе, Шымкентте де тұман мен көктайғақ күтіледі. Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Өңірдің батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында тұман басады. Алматы облысында тұман…

Толық оқу