Ерте, ерте, ертеде орманның шетінде бір ешкі өмір сүріпті. Оның жеті лағы болыпты. Лақтарының біреуі қара, қалған алтауы аппақ, сүп-сүйкімді екен. Ешкі күнде орманға барып, шөп жеп, балаларын асырайды екен. Бір күні ешкі орманға кетер алдында лақтарын жинап алып, ақылын айтыпты: «Балаларым, мен жоқта ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүреді. Ол айлакер, алдауы мүмкін. Мен келгенде: “Балаларым – лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді” деп әндетемін. Сол кезде ғана есік ашыңдар», – деп ескертіп кетіпті. Ешкі кетісімен, бұта арасында тығылып тұрған қасқыр бәрін естіп алады. Ол ешкінің үйіне келіп, есікті қағып, жуан дауысымен сол әнді айта бастайды. Бірақ лақтар оның даусынан…
Автор: Лейла Болтаева
Ерте заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Бір күні шал кемпіріне қамбаның түбінде қалған ұнды жинап, бауырсақ пісіріп беруін сұрайды. Кемпірі қамбаның түбін қағып, елеуішпен електен өткізіп, аз ғана ұн жинайды. Сол ұнды қаймаққа илеп, домалақтап, майға қуырып, бауырсақ пісіреді. Піскен бауырсақты суыту үшін терезе алдына қояды. Бауырсақ суып жатып, өздігінен кетіп қалуды ойлайды. Сөйтіп, терезеден секіріп түсіп, аулаға шығып, жол бойымен домалап кетеді. Жолда келе жатып, ол қоянға кездеседі. Қоян оны жегісі келеді. Бірақ бауырсақ ән айтып, өзін мақтап, шал мен кемпірден қашып шыққанын айтып, қояннан да оңай құтылатынын жеткізеді. Қоян аңырып қалып, бауырсақ одан қашып кетеді. Одан…


