Автор: Лейла Болтаева

Марк Цукерберг

Meta компаниясының бас директоры Марк Цукерберг жақын арада жасанды интеллект негізіндегі ақылды көзілдіріктер күнделікті өміріміздің маңызды бөлігіне айналып, тіпті смартфондар мен ноутбуктерді алмастыруы мүмкін деп санайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол екінші тоқсан қорытындысына арналған баспасөз жиынында осындай көзілдірігі жоқ адамдар алдағы уақытта «айтарлықтай когнитивтік қиындықтарға тап болады» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, жасанды интеллект көзілдіріктері адамдарға күнделікті міндеттерді шешуде ғана емес, жеке интеллектуалдық көмекші ретінде де қызмет атқаратын болады. Цукерберг бұл көзілдіріктер адамдарға нақты уақыт режимінде көмектесіп, заттарды тануға, тілдерді аударуға, сұрақтарға жауап беруге және пайдаланушымен сөйлесуге мүмкіндік беретінін айтты. «Меніңше, болашақта жасанды интеллектпен байланысу мүмкіндігіңіз болмаса, сіз басқа адамдармен салыстырғанда үлкен когнитивті…

Толық оқу
Каспий

Ақтау гарнизонында журналистер теңізшілердің күнделікті өмірімен жақын танысты. Пресс-тур барысында БАҚ өкілдеріне ұшқышсыз авиацияның дамуы және дрон операторларын оқыту тәртібі таныстырылды. Қазір Әскери-теңіз күштерінде екі мамандандырылған зертхана мен бір оқу сыныбы жұмыс істейді. Онда тек осы бағыттағы мамандар ғана емес, өзге бөлімшелердің әскери қызметшілері де бастапқы дайындықтан өтеді. Мұндай тәсіл қазіргі ұрыс даласының өзгергенін аңғартады. Дрондар қазір барлау, бақылау, нысана табу және тактикалық шешім қабылдау жүйесінің маңызды бөлігіне айналып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасы бас штабының роботтандырылған жүйелерді қолдану жөніндегі аға офицері, подполковник Григорий Селивановтың айтуынша, оқыту әскери қызметшілерге ұшқышсыз жүйені басқарудың бастапқы дағдысын беруге және…

Толық оқу
тұқым

Егер тұқымды аз сепсеңіз, өнім аз шығады. Ал тым көп ексеңіз, әр көшетті күтіп-баптауға күш пен уақыт жетпейді. Дұрысы қайсы? Көктем келіп, бау-бақша жұмыстарын бастайтын кезеңде осы сұрақ әрбір саяжай иесін мазалайтыны анық. Қазір тұқым, топырақ және басқа да бақшаға қажетті материалдардың бағасы арзан емес. Сондықтан саяжайшылар алдын ала барлық шығынды есептеп, артық затқа ақша жұмсамағаны дұрыс, деп жазады Ertenmedia.kz. Тұқымды таңдағанда бірнеше маңызды жайтты ескеру керек. Ең алдымен, өсімдіктің сортына, күтілетін өнім көлеміне, бақшаңыздың аумағына және сақтау мүмкіндігіне назар аударыңыз. Қолда бар тыңайтқыштар мен топырақ мөлшерін бағалау да артық болмайды. Көбінесе бағбандар тағы бір маңызды факторды – уақытты есепке алмайды. Егер…

Толық оқу
баспана

Бүгін Қонаев қаласындағы «Comfort» көппәтерлі тұрғын үй кешенінен 50 адам баспаналы болды. Бұдан басқа Іле ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа медициналық орталықтар іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Заманауи жабдықталған емдеу мекемелері Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Көкқайнар ауылында және «Береке» саяжай-кооперативінде орналасқан. Медициналық нысандарды салуға жауапты мердігер – «Капитал Строй Проект групп» компаниясы. Енді ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетілетін болады. Сонымен қатар ауданда баспана мәселесін шешу мақсатында әлеуметтік осал топ өкілдеріне жаңа үйлердің кілті табысталды. Облыс орталығы Қонаев қаласындағы «Comfort» көппәтерлі тұрғын үй кешенінен 50 адам баспаналы болса, Іле ауданындағы «Galamat» тұрғын үйінен 82 отбасы жаңа…

Толық оқу
көрме

Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда «Наурыз Fest» аясында ерекше крафт өнімдері мен ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңке-көрмесі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Көрмеге өңірдің әр аудан-қалаларынан жиналған жергілікті қолөнершілер, кәсіпкерлер мен шағын өндіріс өкілдері қатысты. Шарада шеберлер табиғи тас пен эпоксидті шайырдан, қызыл балшық пен мақта жібінен, ағаш пен киізден дайындалған бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Ұлттық нақышта безендірілген әшекейлер, ыдыстар, интерьер заттары мен кәдесыйларда дәстүрлі ою-өрнектер қазіргі заманғы материалдармен үйлесім тапқан. Қатысушылар өз өнімдерін таныстырып қана қоймай, оларды дайындаудың ерекшеліктері мен әдістері туралы да баяндап берді. Көрмеге қолөнершілермен қатар азық-түлік өндірушілері де белсене атсалысты. Жәрмеңкеде облыс орталығындағы жаңа базар аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы ұйымдастырылды.…

Толық оқу
Маңғыстау

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Qamqorlyq» орталығының құрылыс барысымен танысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Аймақ басшысына жауапты мамандар жобаның сметалық құжаттамасы, техникалық сипаттамасы және қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Жаңа орталықта аутизм спектрі бұзылыстары және психоневрологиялық ерекшеліктері бар балаларға кешенді арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Заманауи жабдықталған орталық бір мезетте 125 баланы қабылдай алады. Аталған нысанның құрылысы 2025 жылдың 15 шілдесінде басталған болатын. Бүгінде ішкі құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, технологиялық жабдықтарды орнату жұмыстары жүріп жатыр. Қазір нысанның дайындығы 95 пайызға жетті. Жалпы ауданы 2000 шаршы метр болатын орталықта балалардың кешенді дамуына бағытталған сенсорлық бөлме,…

Толық оқу
Ормуз бұғазы

Иран АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған қысымға қарамастан, Қытайға мұнай экспортын тоқтатпай жалғастыруда. Тегеранның бұл әрекеті АҚШ әкімшілігінің экономикалық қысым жасау жоспарына үлкен соққы болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Теңіз арқылы тасымалданатын мұнай көлемін бақылайтын агенттіктердің дерегіне сәйкес, 28 ақпаннан 11 наурыз аралығында Иран Ормуз бұғазы арқылы Қытайға 13,7-ден 16,5 миллион баррельге дейін мұнай экспорттаған. Бұл тәулігіне шамамен 1,1-1,5 миллион баррель мұнайды құрайды. Бұл көрсеткіш ақпан айындағы жоғары деңгейден төмен, бірақ былтырғы орташа деңгейге жақын. 28 ақпанда соғыс басталғалы Ормуз бұғазы айтарлықтай қауіпті аймаққа айналды. Соның салдарынан Иранға қатысы жоқ елдердің мұнай тасымалы күрт азайды. Басқа Парсы шығанағы елдері мұнай экспортын тоқтатып немесе…

Толық оқу
Салтанат

Қаржы мониторингі агенттігі оқушыларға қаржылық сауат пен алаяқтыққа қарсы сақтықты ойын арқылы түсіндіретін жаңа цифрлық жоба әзірлеген болатын. Жоба 10-11 сынып оқушылары мен колледж студенттеріне арналған. Оның басты мақсаты жасөспірімге күмәнді ұсынысты, жалған инвестицияны, телефон алаяқтығын және әлеуметтік желідегі қауіпті схемаларды ерте тануды үйрету. Осы ретте Ertenmedia.kz тілішлері Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкері Салтанат Көшербаева сұхбаттасып, қаржылық қауіпсіздік дағдысын мектеп жасынан қалыптастырудың маңызы туралы сөйлескен едік. Енді соған назар аударсаңыздар. – Салтанат ханым, Қаржы мониторингі агенттігі әзірлеген жаңа цифрлық жобаның негізгі мақсаты қандай? – Басты мақсатымыз балалар мен жастарға қаржылық қауіпсіздікті өмірде кездесетін нақты жағдайлар арқылы түсіндіруді көздедік. Қазір алаяқтық схемалар…

Толық оқу
ғалымдар

Сәтбаев университетінің ғалымдары қоршаған ортадағы механикалық тербелістерді электр энергиясына айналдыратын шағын әрі тиімді құрылғы әзірлеуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Құрылғы шалғай және жетуі қиын аймақтарда орналасқан автономды датчиктерді тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған. Зерттеудің басты мақсаты ондаған герцтен бірнеше жүз герцке дейінгі жиілікте жұмыс істейтін электромагниттік түрлендіргішті жасау. Осы арқылы табиғи ортада жиі кездесетін тербелістерден қуат алуға болады. Әдетте мұндай IoT-датчиктер тұрақты қуат көзін қажет етеді, ал ұсынылған шешім баламалы қуат көзі ретінде экономика мен өнеркәсіптің түрлі салаларында, әсіресе егіс алқаптарын бақылау, экологиялық мониторинг жүргізу ісінде кең сұранысқа ие болады. Әзірлеме электромагниттік индукция заңына негізделген. Құрылғы ішінде магнит пен шарғының өзара қозғалысы…

Толық оқу
Тоқаев банктерге ескерту жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі цифрландыру жұмыстарының баяу жүруіне байланысты алаңдаушылық білдірді. Мемлекет басшысы Ақордада өткен жиында Digital Qazaqstan жобасының іске асырылуын талқылап, цифрлық технологияларды енгізу процесін жеделдетуді талап етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Президенттің айтуынша, мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн форматқа көшкенімен, мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасу мен өзара үйлесімділік әлі де төмен деңгейде. «Басты назарды жылдамдық пен сапаға аударуымыз керек. Адамдар емес, деректер жүгіретін уақыт келді», – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Qazaqstan стратегиясы азаматтар мен бизнестің нақты қажеттіліктеріне бағытталуы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесін терең трансформациялау қажет екеніне баса назар аударды. Президенттің пікірінше,…

Толық оқу