Автор: Лейла Болтаева

қар ауа райы

12 наурызда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда қар, боран, қатты жел мен аяз сақталса, оңтүстік пен батыста жауын-шашынсыз күн райы басым болады. Кей қалада тұман мен көктайғақ күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазгидромет болжамына сай, Астанада, Қарағандыда, Қостанайда, Көкшетауда, Петропавлда, Павлодарда, Семей мен Өскеменде қар мен боран болады. Әсіресе Астана мен Көкшетауда желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетіп, түнде 30 метрден асуы мүмкін. Солтүстік пен шығыста түнгі аяз 13–20 градусқа дейін күшейеді. Алматы, Қонаев, Талдықорған, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Тараз, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе және Жезқазғанда негізінен жауын-шашын болмайды. Бірақ Алматы, Қонаев, Қызылорда, Тараз,…

Толық оқу
Нұралхан Көшеров

Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров рефрендумға өңір тұрғындарын белсенді түрде қатысуға шақырып, үндеу жасады. Өңір басшысы саяси науқан Тәуелсіз Қазақстанның болашағын айқындайтын аса маңызды тарихи қадам екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Қадірлі ағайын, құрметті жерлестер! Түркістандықтар әрқашан бірлігімен, елдігімен дараланған. Бүгін біз тағы бір тарихи белестің алдында тұрмыз. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, 15 наурыз күні елімізде жаңа Конституцияға арналған республикалық референдум өтеді. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның болашағын айқындайтын аса маңызды тарихи қадам. Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық реформалар еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағыттылаған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді арттырады. Бұл «Халық…

Толық оқу
Маңғыстау марапат

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ еңбек адамдарына мемлекеттік наградаларды табыстады, деп жазады Ertenmedia.kz. ҚР Президентінің Жарлығымен берілген жоғары марапаттар адал еңбек пен кәсіби біліктілігі үшін тапсырылды. Салтанатты шарада Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасының аға мейірбикесі Дарғұлова Камилла ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Ал Ақтаудағы Әшімбаев атындағы №11 лицей мұғалімі Ұлхия Максимова, Маңғыстау орталық аудандық ауруханасының дәрігері Сәулет Төлемісова және Ақтау электр желілері басқармасының өндірістік үй-жайларды жинаушысы Маржан Чуренова «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай еңбек адамдарына ризашылығын білдіріп, марапат иелерінің ел игілігі жолындағы қызметін ерекше атап өтті. –…

Толық оқу
кальян

Соңғы уақытта кальян шегу көптеген адамдардың сүйікті ермегіне айналғанымен, оның зиянды тұстары туралы ақпарат кең таралмаған. Мамандардың зерттеулері кальян шегудің адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретінін ескертеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Кальян шегудің зиянды тұстары туралы кеңірек тоқталып өтсек: Денсаулыққа зиянсыз деген жаңсақ пікір. Көп адам кальянды зиянсыз деп есептейді. Шын мәнінде, мамандардың зерттеуіне сүйенсек, бір сағаттық кальян шегу барысында адам өкпесіне темекі шеккеннен 100-200 есе көп түтін кіреді. Қауіпті канцерогендердің көптігі. Кальян түтінінде қарапайым темекідегі түтінге қарағанда көміртек тотығы мен басқа да қауіпті канцерогендер әлдеқайда көп болады. Бұл өкпе аурулары мен қатерлі ісік пайда болу қаупін айтарлықтай арттырады. Түтіннің терең тыныс жолдарына енуі.…

Толық оқу
ардагер

Маңғыстаулық соғыс ардагері Василий Салазкин жерлестерін бейбіт өмірдің қадірін түсініп, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Маңғыстау облысында тұратын 99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Салазкин аймақ тұрғындарына арнап үндеу жолдады. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен ардагер бүгінгі ұрпаққа бейбітшілік пен тыныштықтың құндылығын есте сақтап, оның қандай қымбат бағамен келгенін ұмытпау керектігін баса айтты. Ардагердің айтуынша, соғыс жылдары ел үшін үлкен сын болды. Халқымыздың батырлығы мен табандылығы арқасында ғана жеңіске жетіп, бүгінгі бейбіт өмірге қол жеткіздік. Василий Салазкин қазіргі таңда бірлік пен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол кейінгі ұрпақтың тарихты ұмытпай, майдангерлердің ерлігіне құрметпен қарап, ел болашағына…

Толық оқу
Нұрымбет Сақтағанов

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов ар-намысты арқау етіп, заң мен тәртіпті төрге оздырған жаңа рефрендумға өңір халықын белсене қатысуға шақырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер! Достықты ту еткен, көпұлтты, еңбекқор халқы бар, қонақжай дәстүрі, жасампаз салты мен мыңжылдық тарихы үйлескен Шығыс Қазақстанның өрелі жұрты! Алдымызда еліміздің келешегіне тікелей әсер ететін маңызды саяси оқиға – республикалық референдум күтіп тұр. Бұл тарихи сәтте халықтың дауысымен қабылданатын жаңа Ата Заңымызда әділеттілік, заң үстемдігі мен тәртіпке ерекше мән беріліп отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді барша халық болып, ақылдасып, бірге қабылдаймыз. Ар-намысты ту етіп, заңдылықты ұстану – ұлттық бірлігіміз…

Толық оқу
үндеу әкім Марат Сұлтанғазиев

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтың өңір тұрғындарын алдағы 15 наурызда өтетін референдум белсене қатысып, тарихи кезең сырт қалмауы үшін үндеу жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қадірменді жерлестер, ардақты ағайын! Дана халқымыз қашанда аталы сөзге тоқтап, ел тағдыры шешілер сын сағатта дала демократиясының алтын діңгегі – билер институтының даналығына жүгінген. «Тура биде туған жоқ» деген ұстанымды ту еткен бабаларымыз ең күрделі мәселелерді бірлікпен, парасатпен және ортақ келісіммен шеше білді. Осынау ұлы далада қалыптасқан әділдік пен тұтастық жолы – бүгінгі мемлекеттігіміздің басты тірегі. Алдағы 15-наурыз сол тарихи сабақтастықтың заңды жалғасы, еліміздің ертеңін айқындайтын жауапты сәт. Референдум бұл әрбір азаматтың өз тағдырына, мемлекет ісіне тікелей…

Толық оқу
Шалқар радиосы ұжымы

Алматы қаласындағы тарихи «Радио үйі» ғимаратында ұлттық руханиятымыздың алтын бесігіне айналған «Шалқар» радиосының толықтай жаңартылған заманауи студиясы салтанатты түрде ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа студияға қазақ радиосының негізін қалаушылардың бірі, радио ардагері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мина Сейітованың есімі берілді. Бұл ерекше шараға радио саласының танымал ардагерлері, қазіргі қызметкерлері, журналистер, БАҚ өкілдері және мәдениет қайраткерлері қатысты. Тұсаукесер рәсімінде Руслана Құдайбергенова, Сауық Жақанова, Алтын Иманбаева сөз алып, жаңа студияның ашылуы тарихи мәнге ие екенін атап өтті. Олар өз сөздерінде қазақ радиосының қалыптасу тарихындағы Мина Сейітованың өлшеусіз үлесі мен оның радио өнеріне қосқан зор еңбегін ерекше тебіреніспен еске алды. «Шалқар» радиосының жаңғыртылған…

Толық оқу
жастар

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында «Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің тыңдаушыларына арналған арнайы оқу курсы өз мәресіне жетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқу курсының аяқталуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді. Бұл жоба мемлекеттік қызметке енді қадам басқан жастардың кәсіби біліктілігін арттыруды, басқарушылық қабілеттерін жетілдіруді және мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын терең түсіндіруді мақсат тұтты. Курс аясында тыңдаушылар мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеу принциптері, стратегиялық жоспарлаудың әдістерін меңгерді. Сонымен қатар көшбасшылық қасиеттерін дамыту жолдары, тиімді коммуникация орнату тәсілдері және қызметтік этиканың маңызды аспектілері бойынша терең білім алды. Оқу бағдарламасы тек теориялық дәрістермен шектелмей, тәжірибелік сабақтар…

Толық оқу
Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше мән беріп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде іске асырып келе жатқан Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің алдына қойылған негізгі міндеттерінің бірі. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді болдырмау және мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайту болып табылады. Осы мақсатта департамент тұрақты түрде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізіп, заңнамалық талаптардың орындалуын қатаң бақылауға алған. Азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін жедел қарау арқылы олардың құқықтарын қорғауға бағытталған іс-шаралар тұрақты атқарылып отыр. Дегенмен, кейбір мемлекеттік органдардың өз міндеттерін атқаруда кемшіліктерге жол беретіні байқалады. Ағымдағы жылдың ақпан айында департаментке Аққұм…

Толық оқу