Автор: Лейла Болтаева

Иран Қазақстан

ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Мысырдың Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және шетелдік мысырлықтар жөніндегі министрі Бадр Әбделатымен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында тараптар аймақтағы қазіргі жағдайды талқылап, шиеленісті бәсеңдету, қақтығысқа жол бермеу және даулы мәселелерді халықаралық құқық қағидаттары негізінде шешудің маңызын атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстанның сыртқы саясаттағы басты ұстанымы бейбіт диалог, мәміле және халықаралық құқыққа құрмет. Бұл бағыт елдің көпвекторлы дипломатиясымен де, әлемдік және өңірлік қауіпсіздікке қатысты жауапты көзқарасымен де үйлеседі. Таяу Шығыстағы жағдайдың күрделене түсуі әлемдік тұрақтылыққа, гуманитарлық ахуалға, сауда жолдарына және мемлекеттер арасындағы сенімге әсер етіп отырған шақта Қазақстан бітімгершілікке негізделген ұстанымын алға шығарып келеді.…

Толық оқу
мурал

Түркістан облысы Сайрам ауданының Ақсу ауылында еліміздегі Конституциялық реформаны қолдау мақсатында ерекше мурал салынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа туынды саяси жаңғыруды, әділетті қоғам құруды және жаңа Конституцияға деген халықтың қолдауын бейнелейді. Муралдың көлемі – 22×9 метр. Тұрғындардың көп шоғырланатын жерінде Абылай хан көшесіндегі «Ынтымақ» аллеясының жанында орналасқан бұл туынды, ауданның көркіне көрік қосып қана қоймай, жұртшылық жиі келетін тартымды фотозонаға да айналмақ. Аталған игі бастама ауданның зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер мен азаматтық қоғам белсенділерінің қолдауымен жүзеге асты. Муралдың ашылу салтанатына ауданның ақсақалдары мен әжелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ұстаздар қауымы және белсенді жастар қатысты. Жиын барысында тұрғындар Конституциялық реформаға қатысты пікір…

Толық оқу
Асқар Сабдин

Соңғы жылдары Қазақстанның діни кеңістігіне сырттан кірген ұғым мен бөтен діни әдістеменің кесірінен эмоцияға құрылған радикалды риторика аз-кем болса да айтылып қалуда. Бұл қауіпті құбылыс. Осы ретте Ertenmedia.kz тілшілері дінтанушы, теолог Асқар Сабдинге осыған қатысты бірқатар сұрақтарды қойып, тұщымды жауап алды. Енді соған назар аударасаңыздар. – Асқар мырза, қазір Қазақстандағы діни ахуалға сыртқы ықпал күшейіп отыр деген пікір жиі айтылады. Мұны қалай түсінсек болады? – Сыртқы ықпал бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ оны дұрыс түсіну керек. Қазақстандағы діни мәселенің бәрі ел ішінен шығып жатыр деп айту қате. Кейбір дау мен радикалды түсініктің табиғаты бізге сырттан келеді. Әсіресе Таяу Шығыстағы…

Толық оқу
Қан

Қанның қалыпты сұйықтық деңгейінде болуы, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Қан тым қоюланған жағдайда ағзада түрлі аурулар, соның ішінде инфаркт, инсульт сияқты ауыр сырқаттар пайда болуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Қанның қоюлануына қандай себептер әсер етеді? Қанның сұйықтық деңгейіне әсер ететін факторлар өте көп. Оған ағзадағы су мөлшерінің жеткіліксіздігі (дегидратация), аз қозғалысты өмір салты, никотин мен алкоголь, кейбір дәрілік заттарды ұзақ қабылдау, атеросклероз, тұмау, бауыр мен бүйрек аурулары, сондай-ақ күйзеліс және қант диабеті секілді аурулар себеп болады. Қоюланған қан уақыт өте келе тамыр ішінде тромбтың (қан ұйығының) пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл жүрек-қан тамырлары жүйесіне үлкен қауіп…

Толық оқу
кітап оқу

Белгілі фэнтези жазушысы Джордж Мартин: «Кітап оқитын адам мың өмір сүріп үлгереді, ал ешқашан кітап оқымаған адам бір ғана өмір сүреді», – деген екен. Шынында да, кітап оқу – жан дүниеңді байытатын ғана емес, денсаулық пен психологияға да айтарлықтай оң әсерін тигізетін ерекше әдет, деп жазады Ertenmedia.kz. Когнитивті нейроғылым саласының зерттеушісі Анна Мартин әріптестерімен бірге 40-қа жуық зерттеудің нәтижесін саралап, мета-анализ жүргізген. Олар МРТ көмегімен ересектер мен балалардың кітап оқыған кездегі ми жұмысына зерттеу жасады. Нәтижесінде оқу барысында мидың бірнеше аймағы бір уақытта белсенді жұмыс істейтіні анықталған. Атап айтқанда, тілдік орталықтар, сенсорлы-моторлы жүйелер және есте сақтау мен қиялға жауапты бөліктер…

Толық оқу
Қыс келді аяз

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10-11 наурыз күндері күн күрт суытады. Кей аймақтарда түнде ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Ақмола облысында 10 наурыз, сейсенбі күні түнде ауа температурасы -15–20 градус, облыстың батысы мен солтүстігінде -25–30 градусқа дейін төмендейді. Ал сәрсенбіге қараған түні сынап бағанасы одан әрі төмендеп, облыс аумағында -22–27, шығысында -30 градус аяз болады. Көкшетау қаласында сейсенбі күні түнде -25–27 градус суық күтіледі. Ақтөбе облысында сейсенбі түні -23–28 градус, солтүстік өңірлерінде -31 градусқа дейін аяз болады. Ақтөбе қаласында түнде ауа температурасы -23–25 градусқа дейін төмендейді. Атырау облысында сейсенбіге қараған түні ауа температурасы -15–20 градус,…

Толық оқу
Футбол

Алматы облысының Қарасай ауданында спорт пен өнер жұлдыздарының қатысуымен ерекше футбол матчы өтті. Жарқын шара жаңа Конституцияны қолдау мақсатында ұйымдастырылып, «Біз жаңа Конституцияны қолдаймыз» деген ұранмен өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Футбол алаңында ел намысын әлемдік ареналарда қорғап жүрген белгілі спортшылар мен эстрада жұлдыздары кездесті. Бұл қызықты бәсекені тамашалау үшін стадионға 3 мыңнан астам көрермен жиналды. – Шараның негізгі мақсаты бәсеке емес, халыққа мерекелік көңіл күй сыйлап, азаматтарды референдумды қолдауға шақыру. Футбол да, өмір де командалық рух пен бірлікті қажет етеді. Бұл матч халқымыздың жаңа Конституцияны қолдаудағы бірлігін көрсететін маңызды оқиға, – деді өңірлік коалиция басшысы Қуат Байғожаев. Жасыл алаңда екі…

Толық оқу
кәсіпкерлер

Алматылық кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қала тұрғындарын алдағы республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бизнес қауымдастығының үндеуін белгілі кәсіпкерлер Арманжан Байтасов, Бейбіт Әлібеков, Мақсат Қиқымов, Раушан Әубәкірқызы, Ерлан Жайлаубай және Гүлнара Бижанова қолдады. Олардың айтуынша, әр азаматтың осындай маңызды шараға қатысуы – ел болашағына қосқан үлкен үлес. «Референдум қоғамның ертеңгі даму жолын айқындайтын маңызды шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін демократияның басты құралы», – деді кәсіпкерлер. Белгілі бизнесмен Тимур Турлов Конституцияны білу мен талқылаудың маңыздылығына тоқталды. – Конституция еліміздің құқықтық әрі мемлекеттік жүйесінің негізі. Сондықтан оның мазмұнын түсіну мен талқылауға белсенді қатысу әр азаматтың міндеті деп санаймын, – деді ол.…

Толық оқу
аналар

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Сатыбалды ауылында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ерекше қайырымдылық шара өтті. Ауылнай Руслан Сарбаев 2026 жылы дүниеге келген төрт сәбидің әрқайсысына 200 мың теңгеден қаржылай қолдау көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Аталмыш ауылда бүгінде 253 адам тұрады. Жыл басынан бері төрт сәби дүниеге келген. Осы қуанышты оқиғаға орай ұйымдастырылған шараға Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов арнайы қатысып, жас аналарды құттықтап, ауылнайдың бастамасына алғыс білдірді. – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, халық пен билік арасындағы ынтымақтастық әділетті қоғам құрудың басты негізі болып табылады. Ауылнайдың міндеті жергілікті тұрғындармен, әкімдікпен, кәсіпкерлермен және қоғам белсенділерімен бірлесе жұмыс істеп, ауылды көркейту. Бүгінгі шара…

Толық оқу
Құстарды қоректендіру

Көктемнің басында құстардың қорегіне ерекше назар аударған жөн. Зоологтар құстарға нанның қалдығын беруге болмайтынын ескертеді. Себебі нан құрамындағы бос көмірсулар құстың асқазанын толтырғанымен, ешқандай пайда бермейді. Тіпті нан құстың жемсауында тұрып қалып, шіріп, түрлі ауруға себеп болуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Құстар үшін ең тиімді қорек астық пен күнбағыс дәндерінен жасалған арнайы қоспалар. Дегенмен көктемде жемсауытқа ас үйден шыққан қалдықтардың бір түрін қосуға болады. Бұл жұмыртқаның қабығы. – Біз күнделікті жұмыртқаның қабығын қоқысқа тастаймыз, ал шын мәнінде оның құрамында кальций мен минералдар өте мол. Әсіресе, ұя салу кезеңінен кейін құстарға кальций аса қажет болады, – дейді Help Wild Birds ұйымының директоры…

Толық оқу