Автор: Лейла Болтаева

Азизхан Исмаилов

Қазығұрт ауданында былтыр 14,6 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 35,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін аудан әкімі Азизхан Исмаилов айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Табанды жұмыстың арқасында ауданда  80 отбасы баспанамен қамтылған. Ал биыл тағы 100 пәтерді қолданысқа беру жоспарлап отыр. Инфрақұрылым көрсеткіштері бойынша аудан елді мекендері 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Электр желісімен қамту деңгейі 98,4 пайызға жеткен. 61 елді мекеннің 55-і көгілдір отынға қосылып, көрсеткіш 90,1 пайызды құрап отыр. 2027 жылға қарай аудан аумағы толықтай орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмақ. Жол және әлеуметтік нысандар құрылысы да жалғасуда. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2025 жылы 21 ішкі көше…

Толық оқу
Жандос Тасов

Кентауда соңғы үш жылда 200-ге жуық көпқабатты тұрғын үй жөнделіп, қаладағы тұрғын үй қорының 85 пайызы жаңғыртылғанын Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Өткен жылы 5 қабатты 60 пәтерлі әлеуметтік несиелік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жеке мердігер есебінен 3 қабатты 30 пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға берілген. Тұрғын үй инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы бұл қадамдар шаһардың сәулеттік келбетін ғана емес, әлеуметтік тұрақтылықты да нығайтуға ықпал етіп отыр. Қалада жалпы құны 234,6 млрд теңгеге бағаланған 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Өндіріс орындары толық іске қосылған кезде 1 768 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Индустриялық серпін беру мақсатында Арнайы экономикалық…

Толық оқу
іргетасты ылғал мен судан қорғау

Ғимарат іргетасын ылғал мен жылу жоғалтудан қорғауға арналған дренаж және оқшаулау жүйесінің көлденең қимасы қалай жұмыс істейтінін Ertenmedia.kz ұсынады. Төменде қарапайым тілмен негізгі элементтері түсіндіреміз. Бірінші бөлік қабырға құрылысы және оқшаулау. Негізгі тірек бетон цоколь қабырғасы. Оның сыртқы бетіне қалың қара қабат ретінде көрсетілетін гидрооқшаулағыш жағылады (көбіне битум негізді). Мақсаты судың бетонға өтуін тоқтату. Гидрооқшаулағыштың сырт жағында ашық көк панельдер орналастырып, периметрлік жылуоқшаулағыш орнату керек. Ол цоколь арқылы жылудың шығуын азайтады әрі топырақ қысымына төтеп беретіндей берік болуы шарт. Екінші бөлік дренаж қабаттары (қиыршық тас). Су қабырғадан тез әрі еркін кетуі үшін әртүрлі фракция қолданылады. Үстіңгі көрінетін жолақта (ені шамамен 50…

Толық оқу
Қзақ күресі сумо Ерсін Балтағұл

Жапонияда ел намысын қорғап жүрген кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұл қазақстандық спортшылармен және жас балуандармен жүздесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу ұлттық күрес пен халықаралық тәжірибенің сабақтастығын айқындаған мазмұнды диалог алаңына айналды. Жиынға қазақ күресінің түйе балуандары, Qazaqstan Barysy турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлері Бейбіт Ыстыбаев, Руслан Әбдіразақов, Мұхит Тұрсынов, Ерасыл Қажыбаев, сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдо құрамасының өкілдері қатысты. Әртүрлі мектептен шыққан балуандардың бас қосуы күрес мәдениетінің ортақ негізін талқылауға мүмкіндік берді. Шара барысында жас спортшылар төл күрестің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, сумо мен қазақ күресінің техникалық ұқсастықтарын паш етті. Ерсін Балтағұл сумода жиі қолданатын айла-тәсілдерін таныстырып, дайындық процесі, рингтегі психологиялық тұрақтылық…

Толық оқу
Бибісара Асаубаева

Шахматшы қызымыз Бибісара Асаубаева әлемнің 12-чемпионы Александра Костенюкті жеңіп, ірі турнирде маңызды жеңіске қол жеткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл нәтиже оған 2027 жылы Вайсенхауста өтетін Фристайл-шахмат бойынша әлем чемпионатына қатысуға жолдама берді. Кез келген қарсыласты ұту спортшы үшін үлкен қуаныш. Ал әлем чемпионы атанған тәжірибелі гроссмейстерді тізе бүктіру кәсіби деңгейдің айқын көрсеткіші. Александра Костенюк әлемдік шахмат элитасындағы беделді есімдердің бірі. Сондықтан бұл партия тек турнирлік ұпай ғана емес, Бибісараның тактикалық ойлау жүйесі мен психологиялық тұрақтылығын дәлелдеген матч болды. Фристайл-шахмат форматы классикалық дебюттік дайындыққа емес, таза шығармашылық ойлауға сүйенеді. Мұндай форматта импровизация, позициялық сезім және уақытты тиімді пайдалану шешуші рөл атқарады.…

Толық оқу
Сабыржан Махметов

Сабыржан Махметовтің дүниеден озғаны туралы суық хабар бүгін спорт қоғамына жетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол елге кеңінен танымал спортшы, шығыс жекпе-жегі саласының хас шебері, “Жекпе-жек” федерациясының негізін қалаушы әрі президенті ретінде қазақ жастарына ержүректілік пен төзімділікті тәрбиелеуде айрықша үлес қосқан тұлға еді. Сабыржан Махметов спортқа бала күннен бері берілген жан болды. Жекпе-жек өнерін жаны тоқтатқан ешбір нәрсемен салыстыру қиын оның бұл өнерге деген құштарлығы сан алуан белестерден өткен еңбек пен қажырлы тәртіптің ұштасуы еді. Спорттық мансабында Сабыржан жанкешті пәлсапа мен айқас тактикасын үйлестіре білді. Ол өзін тек күш пен төзімділік тұрғысынан ғана көрсетіп қойған жоқ, сонымен бірге рухани жинақтылық пен…

Толық оқу
Duonychus динозавр

Моңғолияның Гоби шөлінде су құбырын тарту кезінде табылған қазба қалдықтары динозаврлар әлеміндегі ең тосын өкілдердің бірін анықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалымдар оған Duonychus tsogtbaatari деген атау берген. Ерекшелігі екі саусақты қолы және әрқайсысы шамамен 30 сантиметрге жететін иілген, өткір тырнақтары бар. Зерттеушілердің мәліметінше, Duonychus шамамен 3 метрге жуық ұзындықта, салмағы 260 келі шамасында болған. Ол 90-95 миллион жыл бұрын, Бор кезеңінде өмір сүрген. Табылған дара толық жетілмеген деп есептеледі. Duonychus теризинозаврлар деп аталатын біршама оғаш көрінетін топтың орташа көлемдегі өкілі. Бұл топқа жататын динозаврлар дене бітімі жағынан өзгеше болған: жуан дене, ұзын мойын, шағын бас, екі аяқпен жүру, денесін қауырсын…

Толық оқу
Ләйлә Сұлтанқызы

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өміріне «аскеза» енгізу арқылы айтарлықтай өзгеріс болғанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Өз кезегінде танымал тележүргізуші өзін-өзі шектеу тетігі тек салмақ тастауға емес, ішкі тәртіп пен сенімді қалыптастыру керектігін алға тартты.  Тәттіден, газдалған сусыннан бас тартқан, жаяу жүруді көбейткен, ойлау мәдениетіне назар аударып, ұйқы режимін тұрақтандырған. Мұндай қадам денсаулық тренді ретінде емес, жеке мақсатқа байланған ішкі келісім форматына құрылған. Өз сөзінде ол өзін «келісімшартқа отырған адамдай» сезінгенін айтады. Егер тәртіп бұзылса, ниет орындалмайды деген психологиялық тосқауыл орнатқан. Сол шектеу миға сигнал беріп, өзін-өзі бақылау механизмін күшейткен. Сұлтанқызы мұндай аскетикалық тәртіп ерік-жігері әлсіз адамдарға өзін жинақтауға көмектесетінін алға…

Толық оқу
Алматы қаласы қар жауды

16 ақпан, дүйсенбі күні ел аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі жаңбыр мен қар аралас түседі. Солтүстік-батыста түнде қалың қар жаууы ықтимал, ал оңтүстікте күндіз нөсер жаңбыр болжанып отыр. Тек шығыста антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін. Үш қаладағы ауа райы мынадай. Астанада құбылмалы бұлтты болады. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, төменгі боран және көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады: түнде 2–7 м/с, күндіз 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде –10–12°С, күндіз 0–2°С шамасында.…

Толық оқу
Эльдар Жақыпбеков

Қырғызстанда күштік құрылымдар ішіндегі кадрлық өзгерістер үдей түсті, деп жазады Ertenmedia.kz. Бішкек қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті бас басқармасының бұрынғы жетекшісі Эльдар Жақыпбеков қамауға алынып, астаналық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Әскери прокуратура тергеп жатқан іс аясында ұстаған. Қылмыстық істің мазмұны әзірге жарияланған жоқ. 14 ақпанда Бішкек қаласы бойынша ҰҚМК бас басқармасының жаңа басшысы болып Ұлан Бийбосунов тағайындалғаны белгілі болды. Оған дейін Жақыпбеков кадрлық резервте тұрған. Айта кетерлігі, оның ұсталғаны жөніндегі ақпарат 10 ақпанда тарағанымен, сол кезде ҰҚМК ресми түрде жоққа шығарған еді. Саяси кеңістіктегі кадрлық ротация тек бір қызметкермен шектелмей отыр. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің…

Толық оқу