Автор: Лейла Болтаева

Мұнайлы шұбат Нұрдәулет Қилыбай

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік және өндірістік жобалардың құрылысымен танысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Аймақ басшысы алдымен Батыр ауылдық округінде бой көтеріп жатқан мәдени нысанның құрылыс алаңына барды. Мұнда 200 орындық ауылдық клуб пен кітапхана салынуда. Мердігер мекеме «СК А-Строй монтаж» ЖШС өкілдері жобаның техникалық сипаттамалары мен жұмыс барысын баяндады. Жалпы ауданы 1000 шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимаратта тұрғындардың мәдени демалысына арналған 44 кабинет орналасады. Жоба ауыл жастарының шығармашылық қабілетін дамытуға, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға және кітап оқуға қызығушылықты арттыруға бағытталған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 80 пайызы орындалған. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай құрылыс сапасына ерекше…

Толық оқу
Алматы қаласы флешмоб

Алматы жастары Жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды патриоттық флешмоб өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараға 500-ден астам жас жиналып, Көктөбенің төрінде биіктігі 7 метрлік Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтерді. Флешмоб барысында орындалған патриоттық әндер қатысушылардың рухын көтеріп, жастардың бірлігі мен елге деген сүйіспеншілігін паш етті. Жастардың бастамасымен өткен бұл шараның негізгі мақсаты жаңа Конституциядағы құндылықтарды насихаттау, азаматтық жауапкершілікті арттыру және қоғамдағы ынтымақты нығайту болды. Шараға қатысушылардың бірі Ырысбек Ахатай жаңа Конституция жай ғана заңдық құжат емес, мемлекеттің дамуы мен болашағына бағыт беретін маңызды стратегиялық бағдар екенін атап өтті. Оның пікірінше, жастардың реформалардың мәнін түсініп, белсенділік танытуы ел болашағы үшін…

Толық оқу
Curiosity марсоходы

NASA ғалымдары Curiosity марсоходының көмегімен Қызыл ғаламшардан бұған дейін табылмаған аса ірі органикалық молекулаларды анықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеу нәтижелері Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды. Ғалымдардың пікірінше, бұл жаңалық Марстағы пребиотикалық химия, яғни өмірдің пайда болуына қажетті күрделі химиялық процестердің бұрын болжанғаннан да әлдеқайда жоғары деңгейге жеткенін аңғартады. Марсоходтағы шағын зертхана Sample Analysis at Mars (SAM) аппаратының көмегімен ұнтақталған тас үлгілерінен декан, унедекан және додекан сияқты күрделі органикалық молекулалар табылған. Аталған молекулалардың құрамы сәйкесінше 10, 11 және 12 көміртек атомдарынан тұрады. Мамандар бұл қосылыстарды май қышқылдарының Марс топырағында жақсы сақталған фрагменттері болуы мүмкін деп есептейді. NASA…

Толық оқу
Жетісу облысы

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалар негізінде өңірді дамытудың алдағы 6 басым бағытын айқындап берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір басшысы әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, халықтың табысын көтеру, өмір сүру деңгейін жақсарту негізгі міндет екенін баса атап өтті. Ең алдымен инвестиция тарту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізе отырып, кәсіпкерлікті жандандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу міндеті алға қойылды. Жетісудың аграрлы аймақ екенін ескерген облыс әкімі ауыл шаруашылығы саласына ерекше тоқталды. – Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру керектігін айтты. Бұл тек қаржы бөлумен шектелмейді, әр тиынның қайтарымы болуы тиіс. Басты мақсат –…

Толық оқу
жаңартылатын энергия көздері

2026 жылы Қазақстанда дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл ел аумағында жалпы қуаты 2,64 ГВт болатын ірі энергетикалық жобалар іске қосылмақ. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы 2027 жылдың алғашқы тоқсанының соңына қарай еліміздегі энергия тапшылығы толық шешіліп, 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне шығу мүмкіндігі туады. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында былтыр еліміз 3,7 млрд киловатт-сағат энергия импорттауға мәжбүр болғанын атап өтіп, осыған байланысты жаңа қуат көздерін іске қосу жұмысын жеделдетуді тапсырған болатын. Осы тапсырма негізінде биыл Қазақстанда 4 бу-газ қондырғысы (БГҚ), 2 жел электр станциясы (ЖЭС), 4 күн электр станциясы…

Толық оқу
Төреғалиев БҚО

Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі ірі кәсіпорындардың жетекшілерімен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуде жаңа Конституция жобасы жан-жақты талқыланып, өңірдегі бизнес өкілдері реформаны толық қолдайтынын жеткізді. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өз сөзінде Конституцияның жаңа редакциясында халықтың ұсыныс-пікірлері кеңінен қамтылғанын айтты. Сонымен қатар құжаттың тек мамандар үшін емес, жалпы қоғам үшін аса маңызды екенін атап өтті. – Мемлекет басшысы бастамашылық еткен бұл конституциялық реформа – соңғы жылдары жүргізілген ауқымды саяси өзгерістердің жалғасы. Жаңа Ата заңды талқылау әр азаматтың парызы, өйткені бұл құжаттағы нормалар мен қағидаттар еліміздің болашағына, ұрпағымыздың тағдырына тікелей ықпал етеді, – деді аймақ басшысы. Жиынға қатысқан облыстық…

Толық оқу
UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысы

Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында ел намысын абыроймен қорғаған командаларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Президент жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, қазақ жауынгерлерінің әлемдік деңгейдегі тартысты додада көрсеткен ерік-жігері мен кәсіби шеберлігін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, әлемнің 48 мемлекетінен 100-ден астам команданың арасынан топ жару  еліміздің қорғаныс қабілеті мен ұлттық рухының жоғары деңгейде екендігінің айқын дәлелі. – Намысты қолдан бермей, қиындықты жеңіп шықтыңыздар! Байрағымыз көкте желбіреді, еліміздің беделі асқақтады. Халық сіздерді мақтан етеді. Дубайда өткен бұл халықаралық жарыста үздіктердің үздігі атану – кездейсоқ емес, қажырлы еңбек пен табанды жаттығудың нәтижесі. Өткен жылы…

Толық оқу
Музарт тобы 25 жыл

Биыл қазақ эстрадасының аңызға айналған «Музарт» тобының құрылғанына 25 жыл толады, деп жазады Ertenmedia.kz. «Музарттың» мерейтойлық гастрольдік сапары 15 ақпаннан басталып, 1 мамырға дейін жалғасады. Осы аралықта топ еліміздің әр өңірінде, соның ішінде ірі қалалар мен облыс орталықтарында арнайы концерт беріп, тыңдармандарымен қауышады. Мерекелік турне тек Қазақстанмен шектелмей, көршілес елдердің де сахнасында жалғаспақ. Концерттік бағдарламаға 25 жыл ішінде халықтың жүрегінен орын алған, «Музарттың» алтын қорына енген хит әндер енеді. Сонымен қатар, топ мүшелері шығармашылық жолының әр кезеңіндегі туындыларын жаңа форматта ұсынуды жоспарлап отыр. Әрбір кеште сүйікті әндер жанды дауыста орындалып, көрермендер үшін ерекше сыйлық ретінде жаңа әндердің тұсауы да кесіледі.…

Толық оқу
JOLTAP жобасы Астана

Астанада бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан JOLTAP жобасы тұрғындардың жаңа дағдыларды игеруіне, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды тегін меңгеруіне және табысын арттыруына мүмкіндік беріп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаға қатысып, кәсіби біліктілігін арттырған Наурызбек Утин JOLTAP арқылы өмірінің қалай өзгергенін айтып берді. Бастапқыда ол бұл жобаның шын мәнінде тегін екеніне сенбеген. Алайда модульдік кеңсеге барып, оқу жүйесін көрген соң, бірден курстарға жазылған. – Алғашында мұндай тегін курс сапасыз, тек үстіртін болады деп ойладым. Бірақ сабақтардың нақты стандарттарға сәйкес, кезең-кезеңімен сапалы өткізілетінін байқадым. Оқытушылар өте білікті, әр сұраққа мұқият жауап береді, қолдау көрсетеді, – дейді Наурызбек. JOLTAP жобасында…

Толық оқу
ағаштарды кесу

Ақпан айының ортасынан бастап, ал оңтүстік өңірлерде одан да ертерек бау-бақшадағы жеміс ағаштарының қысқы бұталу маусымы басталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жұмыс солтүстіктегі аймақтарда күн жылып, ағаш бойына шырын жүре бастағанша жалғасады. Бұталаудың басты мақсаты жас ағаштың дұрыс пішінін қалыптастыру және кейінгі жылдары өнім беретін кезеңде ағаш бұтақтарын ретке келтіру арқылы сапалы әрі мол жеміс алу. Ағашты пішіндеудің бірнеше жүйесі бар. Бірақ көбіне орталық жетекші (негізгі діңгектің жоғары бөлігі) мен одан таралатын негізгі бұтақтардың дұрыс орналасуы арқылы еркін өсетін пішін қолданылады. Ағаш өскен сайын жетекші бойында бірнеше қабатты крона пайда болады. Кейін ағаш тым биіктеп кеткенде, жетекші бұтақты төменірек орналасқан…

Толық оқу