Алматы облысында 2025 жылы жастарды қолдау шаралары қарқынды жүргізіліп, нақты нәтижелермен қорытындыланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өткен жылы жастар саясаты өңірде ерекше басымдыққа ие болып, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, білім беру сапасын арттыру, волонтерлікті қолдау және жастар инфрақұрылымын жетілдіру бағытында кешенді жұмыстар атқарылды. NEET-тен нетворкке дейін Жыл қорытындысына сәйкес, 27 360 жас азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде 14 094 жас жеке бастамалары арқылы кәсіп ашып, еңбек етсе, 6 927 жас «enbek.kz» порталы арқылы жұмыс тапқан. Сонымен қатар, жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына 3 852 жас тартылды. Олар жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, алғашқы жұмыс орны және ұрпақтар келісімшарты сынды…
Автор: Лейла Болтаева
Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тоқтар Серіков алғаш рет жұбайы Бейбіт Сейдуалиевамен қалай бас қосқаны туралы ашық айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Екі жүрек, бір майдан Бұл туралы әнші «Хабар» арнасына берген сұхбатында мәлім етті. Әңгіме барысында әнші бұрын еш жерде айтпаған сырын ашып, отбасылық өміріне қатысты көпшілікке белгісіз жайттармен бөлісті. Әсіресе, ол марқұм ата-енесін ерекше құрметпен еске алып, олардың өзіне деген шынайы ықыласы мен қамқорлығын тебірене жеткізді. – Қазақта жақсы сөз бар: «Досыңды жұртқа тастама». Ит екеш иттің өзі ұяласын далаға тастамайды екен. Біз де сондай белестерді бірге бағындырып, бірге жүрдік. Атақ-дәрежеге жетіп, елдің алдында абыройлы болдық. Орта жолға…
Алматы даму орталығының басшысы Руслан Берденов Жаңа жыл мерекесіне қатысты қоғамда туындаған түсініспеушілікке байланысты өз ұстанымын ашық білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлеуметтік желілерде оның мерекені атап өтуге қарсылық танытып, ұжым ішінде Жаңа жыл шараларын өткізуге шектеу қойды деген ақпарат тараған. Бұл жағдай көпшіліктің көкейінде түрлі сауал туғызғаны анық. Сондықтан Берденов бұл мәселеге ашық әрі нақты жауап беруді ұйғарып, әлеуметтік желідегі парақшасында өз ойын жан-жақты жеткізді. Мерекеге құрмет, қызметкерге қолдау Оның айтуынша, Қазақстан зайырлы ел, көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет. Сондықтан да мәдениетке немесе дінге байланысты ешбір алалау болмауы тиіс. «Мен үшін «дұрыс» немесе «бұрыс» мәдениет деген түсінік жоқ және болмақ та емес.…
Кейде алма мен алмұрт ағаштары егілгеннен кейін жақсы өсіп тұрғанымен, ұзақ уақыт бойы жеміс бермей тұрып алады. Мұндай жағдайда тәжірибелі бағбандар түрлі амалдар жасап, ағашты тезірек жеміс беруге мәжбүрлейді, деп жазады Ertenmedia.kz. Соның бірі ежелден белгілі, қарапайым әрі қызықты әдіс: «кері айналған қабық сақинасын» қолдану. Бұл әдіс ағаштың өсу заңдылығын өзгертіп, табиғи процестерді мүлде басқа бағытқа бұратын ерекше тәсіл. Ағашты алдаған бағбан Әрине, мұндай эксперименттерді бірден бүкіл баққа жасай салмай, ең алдымен бір ағаштың діңінде немесе жеке бұтақта сынап көрген дұрыс. Себебі, тәжірибе сәтсіз аяқталса, сол бұтақты алып тастап, ағаштың қалыпты өсуін сақтап қалуға болады. «Кері сақина» әдісінің мәні мынадай:…
Жыл аяқталар тұста Маңғыстау жұртшылығы үшін қуанышты жаңалық жетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен бірқатар сала мамандарына мемлекеттік наградаларды табыстады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы қарапайым еңбек адамының беделін арттырды. Шара жауапкершілігі мол, адал қызметтің қоғамдағы маңызын ерекше бағалауға арналған маңызды қадам болғаны анық. Осы бастаманың жалғасы ретінде Маңғыстау жерінде еңбек ерлерін ұлықтауға арналған мерекелік жиын ұйымдастырылды. Салтанатты шарада аймақ басшысы еліміздің дамуы мен экономикалық өрлеуі тікелей кәсіби білікті мамандардың, өз ісіне адал берілген еңбек адамдарының арқасында жүзеге асатынын атап өтті. Президент Жарлықтарына сәйкес мемлекеттік және қоғамдық қызметте белсенді еңбек еткен,…
Германияның Гельзенкирхен қаласындағы Sparkasse банкінің бөлімшесін қарақшылар тонап, 30 миллион еуроны қолды қылған, деп жазады Ertenmedia.kz. Тонау барысында банк ғимаратында орналасқан 3200 сейфтің шамамен бәрі дерлік бұзылып, салдарынан 2500-ден астам адам зардап шекті. Қазірдің өзінде сарапшылар бұл оқиғаны Германия криминалдық полициясы тарихындағы ең ірі тонаулардың бірі деп бағалап отыр. Нақты шығын көлемін анықтау әзірге мүмкін емес. Өйткені, банктер, әдетте, сейф ішіндегі заттарды бақыламайды. Ал клиенттер ол жерде көбіне ақша, алтын бұйымдар мен бағалы заттарын сақтайды. Қарақшылық шабуыл дүйсенбіге қараған түні, 29 желтоқсанда анықталған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері өрт дабылының іске қосылуына байланысты келген. Тергеушілердің болжамынша, қарақшылар ғимаратқа…
Алматы даму орталығының басшысы Руслан Берденовтің ұжым үшін жаңа жылдық корпоратив өткізбеу туралы шешімі әлеуметтік желіде қызу пікірталасқа себеп болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл мәселені әлеуметтік желіде көтерген Threads қолданушысының жазуынша, мекемеде жаңа жылдық шарамен бірге қызметкерлерге бюджеттен қаралған шағын сыйлықтар да берілмейтін болған. Оған себеп басшылық «Жаңа жыл мұсылмандардың мерекесі емес» деген уәж айтыпты. Берденовтің шыршасыз шешімі «Жаңа жыл – Қазақстан Республикасының ресми бекітілген мемлекеттік мерекесі. Біз зайырлы мемлекетте өмір сүреміз. Дін мен еңбек қарым-қатынасын араластырмаған жөн. Мәселе конфет немесе кеш ұйымдастыруда емес, мәселе – екіжүзділік пен қос стандартта. Елестетіп көріңізші, бір христиан басшы Наурыз немесе айт мерекесін атап…
Журналист Михаил Козачков 200 мың теңгелік параның 52 жастағы полиция қызметкерінің тағдырына қалай әсер еткенін жазды, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы қалалық полиция департаментіне қарасты көші-қон қызметі басқармасының ішкі миграцияны бақылау және құжаттандыру бөлімінің бұрынғы бастығы, полковник Жанна Жақыпбаева өз мансабын 200 мың теңгеге бағалаған. Жанна Қанетқызының өмірі бастапқыда жақсы қалыпта еді. Ол ішкі істер органдарында ұзақ уақыт қызмет атқарып, Серік Күдебаев басшылық еткен тұста, 2018 жылы тұтас бір бөлімнің бастығы болып тағайындалған болатын. Полковник шенін алып, басшылықтың алдында беделі де жоғары еді. Тіпті, үгіт-насихат роликтерінде Алматының құрметті тұрғындары мен жас азаматтарына жеке куәлік тапсырып жүрген сәттері де жиі көрсетілетін. Алайда…
Жыл соңында Тоқтылар асықпай әрекет етуі керек, себебі сабырлылық пен байыптылық қана сіз байқамаған нәрселерді алдыңызға алып шығады, деп жазады Ertenmedia.kz. Сол елеусіз көрінген жайттар келешектегі маңызды шешімдерге түрткі болуы мүмкін. Әзірге өзіңізге кішкене үзіліс беріп, күш-қуат жинаңыз. Торпақ Торпақтар үшін тұрақтылықтың ауылы сөзде емес, нақты әрекетте болуы маңыздырақ. Сәрсенбі қаржы мәселесіне қатысты батыл шешім қабылдауға қолайлы уақыт. Бұл күні көптен бері көкейіңізде жүрген дүниені сатып алып, өзіңізді қуантуға толық негіз бар. Алайда асықпай, әр нәрсеге мұқият көз жүгіртіп барып қадам жасаған дұрыс. Кешқұрым өз-өзіңізбен іштей үйлесім тауып, жайлылық сезіміне бөленесіз. Егіздер Егіздер үшін әңгіме-дүкенге толы күн болады, бірақ сөздің…
Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Талдықорған қаласында өткен мерейлі шараға Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен өкілдері қатысты. Соныман қатар жиыннан белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен жастарды көрдік. Жиынға жиналған көпшілік үшін бұл күн тек мереке ғана емес, ел бірлігі мен ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеретін тарихи оқиғаға айналды. Отыз жылдық жол Облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов облыс басшысы атынан шара қонақтары мен қатысушыларды құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы маңызды рөліне ерекше тоқталды. – Қазақстан…
