Автор: Лейла Болтаева

Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген екі тәуелсіз зерттеу азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімі артып, қоғамда оптимистік көңіл күй күшейгенін көрсетті. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтардың 86,9 пайызы ел Президентіне сенім білдіреді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеу қорытындысы 2026 жылғы 17 шілдеде өткен «Sarap» сарапшылар клубының отырысында таныстырылды. Басқосу «2026 жылғы электоралдық ландшафт және сайлау тенденциялары: қоғам не күтеді» тақырыбына арналды. Іс-шараға сарапшы-академиялық қауымдастық өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары мен талдау ұйымдарының басшылары, жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары қатысты. Олар жаңа Конституция жағдайындағы Құрылтай сайлауы қарсаңындағы қоғамдық үмітті, партиялық құрылымдардың рөлін және азаматтардың саяси белсенділігін талқылады. Отырыс барысында институт жүргізген екі зерттеудің нәтижесі ұсынылды.…

Толық оқу
Астана Astana

Қазақстан халықаралық бизнес үшін Орталық Азияға кіретін негізгі инвестициялық қақпа мәртебесін сақтап отыр. Елде өңірге тартылған жинақталған тікелей шетелдік инвестицияның 70 пайызға жуығы шоғырланған, – деп жазады Ertenmedia.kz. БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы жариялаған World Investment Report 2025 есебіне сәйкес, Қазақстандағы жинақталған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 151, 3 миллиард долларға жеткен. Көрсеткіш Орталық Азиядағы жалпы инвестицияның 68, 6 пайызын құрайды. Өңір бойынша жинақталған шетелдік капиталдың жиынтық көлемі 220, 5 миллиард доллар деп бағаланған. Соның басым бөлігі Қазақстан экономикасына тиесілі. Салыстырмалы түрде Түрікменстанда жинақталған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 44, 6 миллиард долларды құрайды. Өзбекстандағы көрсеткіш 16, 7 миллиард долларға жеткен.…

Толық оқу

Kaspi.kz Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қосылып, өзге қазақстандық банктермен QR-төлем және телефон нөмірі арқылы аударым жасау мүмкіндігін іске қосты. 17 шілдеден бастап жаңа сервис Kaspi.kz клиенттері мен серіктестеріне қолжетімді болды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Енді Kaspi.kz серіктестері Қазақстан аумағындағы 700 мыңнан астам сауда нүктесінде кез келген отандық банктің клиентінен Kaspi QR арқылы төлем қабылдай алады. Сатып алушы өз банкінің мобильді қосымшасын ашып, Kaspi POS құрылғысындағы QR-кодты сканерлеуі жеткілікті. Жүйе кері бағытта да жұмыс істейді. Kaspi.kz клиенттері басқа қазақстандық банктердің QR-кодын сканерлеп, тауар мен қызмет ақысын Kaspi қосымшасы арқылы төлей алады. Банкаралық интеграция ақша аударымдарын да жеңілдетті. Kaspi.kz клиенттері енді телефон…

Толық оқу

Li Auto шетелдегі алғашқы өндірістік серіктесін таңдауға ерекше талаппен қараған. Компания мамандары Allur зауытының технологиялық желісін, сапаны бақылау жүйесін, инженерлік әлеуетін және өндірістік үдерісін жан-жақты тексерген. Аудит қорытындысында Қостанайдағы кәсіпорын брендтің Қытайдан тыс алғашқы сериялық өндіріс алаңы ретінде таңдалды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба автомобильдерді қарапайым құрастырумен шектелмейді. Келесі кезеңде өндірісті оқшаулау деңгейін арттырып, жергілікті құрамдас бөлшектердің үлесін көбейту жоспарланған. Қазақстандық инженерлер Li Auto мамандарының қатысуымен арнайы даярлықтан өтіп, жаңа буындағы гибридті көліктердің электрондық жүйесін баптау мен сапасын бақылауды меңгереді. Li L6, Li L8 және Li L9 модельдері кең салон, интеллектуалды басқару жүйесі және ұзақ сапарға қолайлы гибридті күштік қондырғысымен танылған. Қазақстанда…

Толық оқу

Қазақстан Қытайдың Huida Tech компаниясымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы дрондары мен автопилот жүйелерін ел аумағында құрастыруды жоспарлап отыр. Жоба дайын техниканы сатып алумен шектелмей, толыққанды өндірістік және ғылыми экожүйе қалыптастыруға бағытталған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Келісім Шанхайда өткен WAIC Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференция аясында жасалды. Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Heilongjiang Huida Technology компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Чжан Юймен келіссөз жүргізді. Кездесу қорытындысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Freedom Holding Corp. және Huida Tech стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Әріптестік ауыл шаруашылығына арналған дрондар мен автоматты басқару жүйесін Қазақстанда құрастыруды…

Толық оқу

Қазақстан Орталық Азия экономикасының негізгі тірегіне айналып, өңірдегі өндіріс, қаржы, инвестиция және транзит ағынының басым бөлігін өзіне шоғырландырды. 2025 жылдың қорытындысында елдің жалпы ішкі өнімі 306 миллиард долларға жетіп, аймақ экономикасының 53, 7 пайызын құрады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Халықаралық басылымдар келтірген дерекке сәйкес, Қазақстан экономикасының көлемі өңірде екінші орында тұрған Өзбекстаннан екі еседен астам үлкен. Өзбекстанның жалпы ішкі өнімі 147, 1 миллиард доллар деп бағаланған. Түрікменстан экономикасы 77, 4 миллиард долларды, Қырғызстан 21, 6 миллиард долларды, Тәжікстан 17, 5 миллиард долларды құрады. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткішінде де айырмашылық айқын байқалады. Қазақстанда аталған меже шамамен 15 мың…

Толық оқу

Цифрлық Құрылтайдың негізін әр заңнамалық бастаманың ұсынылған сәтінен бастап заң ретінде қабылдануына дейінгі бүкіл жолын көрсететін бірыңғай цифрлық карта құрауы тиіс. Мұндай ұсынысты Алматыда өткен «Құрылтай – заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасының негізі» атты сараптамалық алаңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Айгерім Жүнісова айтты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Цифрлық карта азаматтар мен сарапшыларға заң жобасының қалай әзірленіп, қандай өзгерістерден өткенін қадағалауға мүмкіндік береді. Айгерім Жүнісованың пікірінше, заң шығарушы билікті цифрландыру электрондық құжат айналымын енгізумен және отырыстарды онлайн көрсетумен шектелмеуі қажет. Шынайы e-Parlament заң шығару үдерісінің ашықтығын, айқындығын және азаматтардың толыққанды қатысуын қамтамасыз ететін…

Толық оқу

Қазақстандағы жаңа өкілді органның қалыптасуы, партиялық тізімдердің сапасы және азаматтардың заң шығару үдерісіне қатысуы сараптамалық алаңда кеңінен талқыланды. Мамандар Құрылтайдың қызметі ашықтыққа, кәсіби құзыретке және қоғаммен тұрақты байланысқа сүйенуі қажет екенін атап өтті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуде партиялық бәсеке, цифрлық қатысу тетіктері, өңірлік өкілдік және сайлау белсенділігінің маңызы сөз болды. Сараптамалық алаңда партиялық тізімдердің қалыптастырылуына қатысты зерттеу нәтижелері таныстырылды. Кандидаттарды бағалау кезінде олардың медиадағы танымалдығымен шектелмей, кәсіби біліміне, тәжірибесіне және нақты мәселелерді шешу қабілетіне мән беру қажеттігі айтылды. Өңірлік өкілдік те тізім сапасын анықтайтын маңызды өлшем ретінде көрсетілді. Сарапшының пікірінше, қоғамға танымал болу кандидаттың саяси және кәсіби дайындығын толық…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысында 50 ерікті демалушылар жиі баратын Дубығалы көлінің, ел арасында Окуньки аталып кеткен айдынның жағасын қоқыстан тазартты. Экологиялық шара Ұлан ауданында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Акцияға қатысқан жастар туған өлкенің табиғатын қорғау қажеттігін нақты ісімен көрсетті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Тазалық жұмысына Ұлан ауданындағы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшелері қатысты. Аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Бигалиевтің айтуынша, шара Таврия ауылдық округіне қарасты көл жағасында өтті. Бастаманың негізгі мақсаты жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу болды. Ұйымдастырушылар демалушылар мен туристерді жағалауды таза ұстауға шақырды. Әр адам демалған орнын жинап, пластик, шыны және өзге де…

Толық оқу

Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдары толық жөндеуден өтті. Қазір облыстық маңызы бар 150 шақырым жолда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 38 елді мекендегі жалпы ұзындығы 230 шақырым көшені жаңарту қолға алынған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Көлік инфрақұрылымын жаңғырту аясында «Жансүгіров – Ақсу» облыстық маңызы бар жолы жөнделіп жатыр. Аталған бағыттың жалпы ұзындығы 30 шақырымды құрайды. Жолға кейінгі 30 жылда күрделі жөндеу, құрылыс немесе қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген. Орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталды. Жобаны жүзеге асыруға қажетті қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. Алдымен жолдағы су бұру мәселесін шешуге басымдық берілген. Жоспарланған 13 су өткізу құбырының барлығы орнатылып,…

Толық оқу