Автор: Лейла Болтаева

Конституциялық сот

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты ұсынған материалға сүйенсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституциядағы бір реттік өкілеттік мерзіміне қатысты нормаларды ресми түсіндіру жөніндегі өтініші қаралды, деп жазады Ertenmedia.kz. Әңгіме Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабының 1-тармағы, 72-бабының 2 және 3-тармақтары, 83-бабының 1-тармағы және 84-бабының 3-тармағы туралы болып отыр. Аталған нормалар Президент, Конституциялық Сот Төрағасы мен судьялары, Жоғарғы Сот Төрағасы және Бас Прокурор қызметіне қатысты бір реттік өкілеттік қағидатын белгілейді. Конституциялық Соттың ашық отырысы Төраға Эльвира Азимованың, судьялар Қайрат Жақыпбаев, Анар Жатқанбаева, Айгүл Қыдырбаева, Қанат Мусин, Бақыт Нұрмұханов, Роман Подопригора және Сергей Ударцевтің қатысуымен өтті. Іс бойынша баяндамашылар ретінде Конституциялық Сот судьялары Сергей Ударцев, Қайрат…

Толық оқу
ауа райы фонтан

Қазақстанда 7 шілде күні аптап ыстық сақталады. «Қазгидромет» болжамынша, сейсенбіде елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауады. Кей қалада найзағай ойнап, жел күшейеді. Оңтүстікте және батыстың кей жерінде ауа температурасы 40 градустан асуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада күн бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 7-12 метр. Түнде +17… +19 градус, күндіз +30… +32 градус. Алматыда да жаңбыр күтіледі. Найзағай ойнап, жел екпіні 13 метрге жетеді. Түнде +19… +21 градус, күндіз +30… +32 градус болады. Шымкентте жауын-шашын болмайды. Жел секундына 8-13 метр. Түнде +17… +19 градус, күндіз +35… +37 градус ыстық болады. Ақтауда күн құбылмалы бұлтты. Жауын-шашын күтілмейді. Жел екпіні…

Толық оқу

Азаматтардың елдік шешімдерге қатысуы жаңа саяси нормаға айналуы тиіс, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстанның күшіне енген жаңа Конституциясы елдің саяси жаңғыруындағы жаңа кезеңді айқындап, мемлекеттік басқарудың ашық әрі теңгерімді жүйесін дамытуға негіз қалайды. Мұндай пікірді Конституциялық комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев айтты. Оның сөзінше, Конституцияны жалпыұлттық референдум арқылы қабылдау халық егемендігі қағидатын күшейткен маңызды қадам болды. Депутаттың айтуынша, азаматтардың іргелі мемлекеттік шешімдерге тікелей қатысуы ендігі жерде саяси мәдениеттің тұрақты нормасына айналуы қажет. «Өзгерістерді жалпыұлттық референдум арқылы қабылдау рәсімінің өзі халық егемендігі қағидатының күшейгенін көрсететін маңызды белгі болды. Іргелі шешімдерді қабылдауға азаматтардың қатысуы жаңа саяси нормаға айналуы тиіс. Бұл қоғамның саяси…

Толық оқу
ауыл партиясы

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімін бекітті. Астанада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XXVI съезі өтіп жатыр. Съезде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына ұсынылатын кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Партия Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды. Олардың 71 пайызы ер азаматтар. Әйелдердің үлесі 29 пайызды құрады. Партиялық тізімге мүгедектігі бар 6 азамат енгізілді. Бұл жалпы кандидаттар санының 8,7 пайызына тең. Жас құрамы бойынша үміткерлердің басым бөлігі 35 пен 55 жас аралығында. Олардың үлесі 56,5 пайыз болды. 25 пен 35 жас аралығындағы жастар 14,5 пайызды құрады. Партия мәліметінше, кандидаттар еліміздің әр өңірінен жасақталған. Олардың қатарында түрлі сала өкілдері бар. Съезде…

Толық оқу
Асыл мұра

Астанада Ұлттық домбыра күніне арналған «Асыл мұра» концерті өтті. Елорда күні қарсаңында ұйымдастырылған мәдени кеш Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Дәстүрлі өнерді дәріптейтін жоба биыл төртінші рет көрерменге жол тартты, деп жазады Ertenmedia.kz. Биылғы концерттің басты ерекшелігі айқын болды. Қазақтың әншілік және күйшілік мектептері бір сахнада тоғысты. Ұлттық өнер жаңа технологиялармен үндесіп ұсынылды. «Асыл мұра» жобасы дәстүрлі музыка өнерін насихаттауға бағытталған. Оның негізгі мақсаты тарихи-мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізу. Концертте Арқа, Сыр, Жетісу, Алтай-Тарбағатай және Батыс өңірлерінің өнер мектептері таныстырылды. Әр өңірдің орындаушылық ерекшелігі сахнада айқын көрінді. Әндер, күйлер, жыр-термелер көрерменге ұлттық өнердің байлығын сезіндірді. Биылғы концертке 90-ға жуық өнерпаз…

Толық оқу
Қапшағай

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында ашық суда жүзуден өткен «OCEANMAN QAZAQSTAN – 2026» халықаралық жарысы мәресіне жетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Орта Азиядағы ең ірі ашық суда жүзу сайыстарының бірі биыл ерекше ауқымда өтті. Жарысқа 20 елден келген 3000-нан астам спортшы қатысты. Қатысушыларға 10 мыңнан астам жанкүйер қолдау көрсетті. Қазақстанда аталған жарыс бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Спортшылар 500 метрден 10 шақырымға дейінгі бес санат бойынша сынға түсті. Олар OCEANMAN, HALF OCEANMAN, SPRINT, OCEANKIDS және INSPIRATION санаттары. Додаға кәсіби спортшылар ғана емес, әуесқой жүзушілер де қатысты. Балалар, ардагерлер және ерекше қажеттілігі бар азаматтар да өз мүмкіндігін көрсетті. Бұл жарыстың бұқаралық сипат…

Толық оқу
Домбыра күні

Талдықорғанда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дала жүрегі» атты мәдени іс-шара өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Мерекелік шара Қаратал жағалауында ұйымдастырылды. Оған 2000-ға жуық қала тұрғыны мен қонақ қатысты. Көпшілік қазақтың қасиетті аспабы ұлықталған рухани кешке жиналды. Іс-шара аясында ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған танымдық-интерактивті ойын өткізілді. Көрермендер қазақтың дәстүрлі өнері, күйшілік мұра, домбыра тарихы және ұлттық мәдениет туралы сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар өз білімін сынап, ұлттық мұраға деген қызығушылығын көрсетті. Ойын көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, домбыраның тарихы мен мәнін тереңірек тануға мүмкіндік берді. Интерактивті ойын қорытындысы бойынша белсенділік танытқан 10 қатысушы марапатталды. Оларға ұлттық өнерді қолдау және насихаттау…

Толық оқу

«Ақ жол» демократиялық партиясы Құрылтай сайлауына қатысып, «Өзгерістер қажет» атты сайлауалды бағдарламамен шығатынын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада өткен партияның сайлауалды съезіне партия басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, өңірлік конференцияларда сайланған 200-ден астам делегат, депутаттар, жастар қанатының өкілдері және кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелері қатысты. Съездің негізгі тақырыбы «Ақ жол» демократиялық партиясының Құрылтай сайлауына қатысуы және сайлауалды бағдарламасын бекіту болды. Партия төрағасы Дания Еспаева «Өзгерістер қажет» атты бағдарламаны таныстырды. Оның айтуынша, Халықтық Конституция Қазақстан дамуының жаңа дәуірін бастап берді. Енді елге тек саяси өзгеріс емес, тұрақты экономикалық өсім, әділ бәсеке, тиімді мемлекеттік басқару және азаматтардың лайықты өмірін қамтамасыз ететін нақты шешімдер қажет. Бағдарламада…

Толық оқу
жас домбаршылар

Жетісу облысында түрлі этнос өкілдері қатысқан «Үздік жас домбырашы» облыстық байқауы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық домбыра күніне арналған байқау Талдықорған қаласында ұйымдастырылды. Іс-шараны «Қоғамдық келісім» КММ өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты, қазақтың ұлттық мәдениеті мен дәстүрлі музыка өнерін түрлі этнос өкілдері арасында кеңінен насихаттау. Сонымен қатар өңірдің мәдени имиджін арттыру, домбырада шебер ойнайтын дарынды жастарды анықтау және олардың шығармашылық әлеуетін қолдау көзделді. Жарыс барысында қатысушылар халық күйлері мен қазақтың дәстүрлі музыка өнерінің таңдаулы туындыларын орындады. Жас домбырашылар сахнада шеберлігін көрсетіп, ұлттық өнерге деген ықыласын танытты. Қаратал ауданынан келген Ершат Байқаданұлы домбыраға бала кезінен қызыққанын айтты. Ол Үштөбе қаласындағы Балалар шығармашылығы…

Толық оқу
Домбыра күні

Ұлттық домбыра күніне орай Жетісу облысында әлемнің 10 елі мен өңірінен қосылған домбырашылар бір мезетте Нұрғиса Тілендиевтің «Алқиса» күйін орындады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мерекелік шара Талдықорған қаласында өтті. Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің музыканттары тікелей эфир арқылы Қытай, АҚШ, Түркия, Бельгия, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Башқұртстан және Алтай өлкесіндегі домбырашылармен бірге күй тартты. Осылайша, қазақтың күй өнерін дәріптейтін өнерпаздар бір арнаға тоғысты. Бір мезетте орындалған «Алқиса» күйі Ұлттық домбыра күнінің рухани салмағын арттырды. Көрерменге театрландырылған пролог та ерекше әсер қалдырды. Сахнада ақсақалдың домбыраны алдымен жас буынға, кейін бүлдіршінге табыстауы ұрпақтар сабақтастығын бейнеледі. Бұл көрініс ұлттық мұраның үзілмей жалғасатынын айшықтады.…

Толық оқу