Автор: Лейла Болтаева

ақылы жолдар

Қазақстанда «Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал» тасжолының басым бөлігі ақылы болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Астана мен Алматы арасында жиі қатынайтын жүргізушілер үшін жол шығыны артуы мүмкін. Көлік министрлігі елдегі ең көп жүретін бағыттардың бірінде ақылы учаскенің ұзақтығын кеңейтті. Өзгеріс Көлік министрі міндетін атқарушы Мақсат Қалиақпаровтың бұйрығында көзделген. Бұған дейін тек Балқаш – Бурылбайтал аралығындағы 91 шақырымдық учаске ақылы болған. Жаңа тәртіп күшіне енгеннен кейін Қарағандыдан Бурылбайталға дейінгі жолдың басым бөлігі ақылы санатқа өтеді. Төлемді есептеу үшін маршрут 18 тарифтік аймаққа бөлінеді. Әр аймақ үшін ақы бөлек алынады. Көлік министрлігінің мәліметінше, бүкіл бағыт бойынша жол ақысы шамамен жеті есе өседі. Мұндай…

Толық оқу
комета

Қытай астероидтарды бақылау және қажет болған жағдайда олардың бағытын өзгертуге арналған ғарыштық қорғаныс жүйесін дамытуға кірісті, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұндай технологияның мүмкін екенін NASA 2022 жылы дәлелдеген еді. Сол кезде DART ғарыш аппараты Dimorphos астероидына әдейі соғылып, оның орбитасын өзгерткен. NASA дерегінше, соққыдан кейін Dimorphos-тың Didymos айналасындағы қозғалыс уақыты 32 минутқа қысқарған. Астероид қаупі кейінгі жылдары ғарыш саласындағы маңызды тақырыпқа айналды. Апофис сияқты ірі аспан денелерінің Жерге жақын өтуі қоғам назарын аударғанымен, ғалымдар оның Жермен соқтығыспайтынын растаған. Соған қарамастан, Жер маңындағы астероид саны көп. Сондықтан АҚШ, Қытай және басқа елдер планеталық қорғаныс бағдарламаларын күшейтіп жатыр. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Қытай астероид…

Толық оқу
камера

Қазақстанның республикалық трассаларында жасанды интеллекті бар жаңа камералар орнатыла бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы күндері жүргізушілер әлеуметтік желіде жол бойындағы ерекше құрылғылардың суретін жариялап жатыр. Көпшілік оларды жол ережесін автоматты түрде тіркейтін жаңа радарлар деп болжаған. Алайда «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бұл құрылғылар айыппұл салатын радар емес екенін түсіндірді. Компания мәліметінше, жол бойына орнатылып жатқан жабдықтар жасанды интеллект элементтері бар интеллектуалды мониторинг жүйесіне жатады. Оның негізгі мақсаты – трассадағы жағдайды тәулік бойы бақылау, қауіпті сәтті ерте анықтау және жол қызметтерінің шұғыл әрекет етуіне мүмкіндік беру. Жаңа камералар жолдағы бірнеше жағдайды автоматты түрде байқай алады. Жүйе жүріс бөлігінде адамның пайда болуын, жануардың…

Толық оқу
Ерлан Карин

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық Соттың бүгінгі түсіндірмесі таза нормативтік-құқықтық сипатқа ие екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, бұл жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты туындаған рәсімдік мәселелерге берілген құқықтық жауап. Әңгіме жаңа мемлекеттік-саяси модельге көшу кезеңінде лауазымдарға қатысты нормаларды қалай қолдану керегі туралы болып отыр. Ерлан Қариннің түсіндіруінше, жаңа Ата Заң күшіне енгеннен кейін 1 шілдеден бастап бір реттік өкілеттік мерзімі қолданылатын бірқатар лауазымды тұлға тағайындалуға тиіс болды. Олардың қатарында Жоғарғы Сот Төрағасы, Бас Прокурор, Конституциялық Сот Төрағасы мен судьялары бар. Осыған байланысты «бір реттік өкілеттік мерзімге қатысты норманы қазіргі қызметтегі лауазымды тұлғаларға қолдану керек пе,…

Толық оқу

Жетісу облысында Алакөл жағалауын дамыту және санитарлық тазалықты күшейту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір әкімдігінің мәліметінше, облыс құрылғаннан бері туризм саласына, соның ішінде Алакөл жағалауының инфрақұрылымын жақсартуға жүйелі көңіл бөлініп келеді. Президент тапсырмасына сәйкес, демалыс аймағында санитарлық тазалық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты бағыттың біріне айналған. Ақши және Көктұма ауылдарындағы жағалау тазалығын тұрақты бақылау үшін арнайы «Алакөл Тазалық» коммуналдық кәсіпорны құрылған. Қазір онда 50-ге жуық адам еңбек етеді. Тазалық жұмыстарына 20-дан астам техника жұмылдырылған. Коммуналдық жағажай аумағына 720 қоқыс контейнері қойылған. Сонымен қатар 44 киім ауыстыратын кабина, 24 модульдік дәретхана және 45 биодәретхана орнатылған. Бұл демалушыларға қолайлы…

Толық оқу
бухгалтері

Orda Media бухгалтері Айгүл Ботагарова сотта редакциядағы жалақы мен салық төлеу тәртібі туралы куәлік берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы қаласының Бостандық аудандық сотында өткен отырыста бухгалтер Гүлнар Бажкенованың ай сайынғы табысы үш миллион теңге болғанын айтты. Оның сөзінше, осы соманың 1,8 миллион теңгесі ресми түрде банк шотына аударылып, тиісті салық төленген. Ал қалған 1,2 миллион теңге қолма-қол беріліп отырған. Сот отырысында судья Елена Кван куәгерден редакциядағы төлем жүйесіне қатысты бірнеше нақтылау сұрағын қойды. Әсіресе жалақы мен гонорардың екі бөлек тәртіппен төленуі назарға алынды. Айгүл Ботагарованың айтуынша, ол компанияға келген кезде мұндай жүйе бұрыннан болған. Қызметкерлерге төленетін ақының бір бөлігі ресми…

Толық оқу
Қазақстан Халық партиясы

Қазақстан Халық партиясы кезектен тыс XXV съезінде сайлауалды саяси бағдарламасы мен 72 кандидаттан тұратын партиялық тізімін бекітті, деп жазады Ertenmedia.kz. Елордада өткен съезд жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі партия үшін алғашқы ауқымды саяси жиын болды. Форумда 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған сайлауалды бағдарлама мақұлданды. Сонымен қатар партиялық тізім бекітіліп, Саяси кеңестің жаңа құрамы сайланды. Елдің барлық өңірінен келген делегаттар алдында Қазақстан Халық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов бағдарламалық баяндама жасады. Ол өз сөзінде әділ саясатты ұлттық домбырамен салыстырды. Оның айтуынша, домбырада жалған ойнау мүмкін емес, өйткені халық жалғандықты бірден сезеді. Партия төрағасы ел үшін жаңа кезең басталғанын…

Толық оқу
асхат қасенғали

Конституциялық Сот ұсынған деректерге сүйеніп, сарапшы Асхат Қасенғали жаңа Конституциядан кейінгі құқықтық түсіндірменің мәнін талдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Сотқа сұрау салып, 1995 жылғы Конституция бойынша мемлекеттік лауазым атқарып отырған адам жаңа Конституция қабылданғаннан кейін сол қызметке қайта сайлана немесе қайта тағайындала ала ма деген сауал қойған. Асхат Қасенғалидың айтуынша, бұл жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін туындаған заңды сұрақ. Кез келген мемлекетте конституциялық өзгеріс қабылданған соң мемлекеттік басқару жүйесі жаңа талапқа бейімделеді. Осындай өтпелі кезеңде заң нормасының мазмұны түсіндіріледі. Кейде құқықтық айқындық Конституциялық Сотқа жүгіну арқылы қамтамасыз етіледі. Президенттің өтініші де осы тұрғыдан қарастырылған. Жаңа Конституция күшіне…

Толық оқу

Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін саяси жүйедегі ең маңызды құқықтық сұрақтардың бірі бірден күн тәртібіне шықты. Жоғарғы биліктің сабақтастығы қалай қамтамасыз етіледі? Конституциялық шектеулер жаңа конституциялық циклде қалай жұмыс істейді? Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселеге қатысты Конституциялық Сотқа ресми түсіндіру сұрап жүгінді. Соттың ұстанымы құқықтық жағынан да, саяси жағынан да маңызды. Түсіндірудің өзегі қарапайым: 1995 жылғы Конституция бойынша қызмет атқарған тұлғалар жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін сол лауазымдарға қайта сайланса немесе тағайындалса, ол жаңа конституциялық жүйе аясындағы алғашқы сайлану немесе алғашқы тағайындалу болып есептеледі. Бұл қағида, ең алдымен, Конституциялық Сот судьяларына қатысты. Заң бойынша олар бір ғана сегіз жылдық мерзімге…

Толық оқу
Конституциялық сот

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты ұсынған материалға сүйенсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституциядағы бір реттік өкілеттік мерзіміне қатысты нормаларды ресми түсіндіру жөніндегі өтініші қаралды, деп жазады Ertenmedia.kz. Әңгіме Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабының 1-тармағы, 72-бабының 2 және 3-тармақтары, 83-бабының 1-тармағы және 84-бабының 3-тармағы туралы болып отыр. Аталған нормалар Президент, Конституциялық Сот Төрағасы мен судьялары, Жоғарғы Сот Төрағасы және Бас Прокурор қызметіне қатысты бір реттік өкілеттік қағидатын белгілейді. Конституциялық Соттың ашық отырысы Төраға Эльвира Азимованың, судьялар Қайрат Жақыпбаев, Анар Жатқанбаева, Айгүл Қыдырбаева, Қанат Мусин, Бақыт Нұрмұханов, Роман Подопригора және Сергей Ударцевтің қатысуымен өтті. Іс бойынша баяндамашылар ретінде Конституциялық Сот судьялары Сергей Ударцев, Қайрат…

Толық оқу