Автор: Лейла Болтаева

Азиз Бейшенәлиев

Қазақстанда Ұлттық киім күні аталып өтіп жатқан сәтте бұл мерекенің мәні тек сыртқы келбетпен шектелмейтіні тағы бір мәрте байқалады. Бұл ұлттар арасындағы байланыс, ортақ тарих пен тағдыр туралы ойланатын күн, деп жазады Ertenmedia.kz. Тегі қырғыз, белгілі қазақ-қырғыз актері Азиз Бейшенәлиевтің пікірінше, Қазақстан тек бір ұлттың емес, ондаған халықтың ортақ үйі. Оның айтуынша, өзінің отбасы бұл елмен жарты ғасыр бұрын байланыс орнатқан. – Әкем қазақ киносына қызмет етіп, өмірін осы елмен байланыстырды. Мен де сол жолды жалғастырып келемін. Қазір осында тұрып жатқаныма он жылдан асты. Мен қазақ емеспін, бірақ өзімді қазақстандық деп есептеймін, – дейді актер. Азиз Бейшенәлиевтің ойынша, Қазақстан тарихы…

Толық оқу
мектеп

Алматы облысында білім беру саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Өңірде жаңа мектептер салынып, ескі білім ошақтары жаңартылып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. 2026 жылдың наурыз айының соңына дейін облыста жалпы 7200 орындық 9 «Келешек мектебінің» құрылысы аяқталмақ. Бұл жобалар үш ауысымды оқытуды азайту және оқушы орындарының жетіспеу мәселесін шешуге бағытталған. Жаңа мектептердің бесеуі үш ауысымды оқытуды жою үшін салынып жатыр. Олар Алатау қаласының Қоянқұс ауылында, Іле ауданындағы Тілендиев ауылында, Қарасай ауданындағы Бұлақты ауылында және Талғар ауданындағы Тұздыбастау мен Жалқамыс ауылдарында орналасқан. Ал қалған төрт мектеп Еңбекшіқазақ ауданындағы Сатай мен Ащысай ауылдарында, сондай-ақ Талғар ауданындағы Қызылту және Көктал ауылдарында бой көтеруде.…

Толық оқу
Чак Норрис

86 жасында америкалық актер, жекпе-жек шебері Чак Норрис қайтыс болды. Қаралы хабарды оның отбасы әлеуметтік желі арқылы жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жақындарының айтуынша, актер соңғы уақытта ауруханаға түскен. Олар оған қолдау көрсеткен барша жанға алғыс білдіріп, отбасының жеке өміріне құрметпен қарауды сұрады. Чак Норрис 1940 жылы 10 наурызда АҚШ-та дүниеге келген. Ол алғашында каратэ нұсқаушысы ретінде танылып, жекпе-жек өнерінде үлкен жетістіктерге жеткен. Бірнеше мәрте чемпион атанып, өзінің жекпе-жек мектептерін ашқан. Кейін кино саласына келіп, 1970-жылдардан бастап кеңінен танымал бола бастады. Ол ойнаған фильмдерде әділдік үшін күресетін, мықты әрі қайсар кейіпкерлер бейнесін сомдады. Әсіресе «Крутой Уокер» телехикаясы арқылы оның есімі әлемге…

Толық оқу
дрон

Қазақстанда 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы елдегі жаңа үрдістердің бағытын айқындады. Осы бастаманың нақты көрінісі ретінде Өскеменде іске қосылған Digital Nauryz платформасы цифрлық өзгерістердің символына айналып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы аяда Өскемен қаласында өткен «Ұлы дала ойындары: VR & Drone» командалық сайысы ерекше форматымен көзге түсті. Бұл жарыс дәстүрлі рух пен заманауи технологияны біріктіріп, жастарға тың тәжірибе ұсынды. Сайыс Oskemen Hub алаңында өтті. Шығыс Қазақстанның IT қауымдастығына кіретін жастар командаларға бөлініп, дрон жарыстары мен VR-симуляторлар арқылы өз шеберліктерін көрсетті. Мұнда тек жылдамдық емес, дәлдік пен үйлесім басты рөл атқарды. Қатысушылар техникалық дағдылармен қатар логикалық ойлау,…

Толық оқу
спутник

NASA-ның ескі ғылыми спутнигі Van Allen Probe A бақылаусыз орбитадан шығып, Жер атмосферасына кірді. Аппарат Тынық мұхиты үстінде жанып кеткен, деп жазады Ertenmedia.kz. АҚШ ғарыш күштерінің мәліметінше, спутник Галапагос аралдарына жақын аймақтан өткен. NASA алдын ала аппараттың басым бөлігі атмосферада толық жанып кетеді деп болжаған. Спутниктің салмағы шамамен 600 келі болған. Мамандар оның кейбір бөліктері жерге жетуі мүмкін екенін айтқанымен, адамға зиян келтіру қаупі өте төмен деп бағаланған. Бұл көрсеткіш шамамен 1/4200 деңгейінде. Van Allen Probe A 2012 жылы ұшырылған екі аппараттың бірі еді. Оның егізі – Van Allen Probe B әлі де орбитада, бірақ жұмыс істемейді. Бұл спутниктер Жерді…

Толық оқу
Бірінші несие бюросы

Қазақстанда қаржы және әлеуметтік салаға қатысты резонансты қылмыстық іс тергеліп, сотқа жолданды. Бұл іс екі бұрынғы вице-министр мен «Бірінші кредиттік бюроның» басшысын қамтиды, деп жазады Ertenmedia.kz. Журналист Михаил Казачковтың айтуынша, бұл оқиға өткен жылдың жазында басталған. Сол кезде «Бірінші кредиттік бюроның» бас директоры Руслан Омаров ұсталып, онымен бірге бұрынғы вице-министрлер Дәулет Арғандықов пен Ақмади Сарбасовқа қатысты тергеу жүргізілген. Тергеу нұсқасы бойынша, Омаров шенеуніктерге 75 мың доллар көлемінде қаражат тапсырған. Бұл қаражат «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» мен жеке компания арасындағы келісімдер аясындағы заңсыз әрекеттермен байланысты болған. Казачковтың пікірінше, мәселенің түп-төркіні деректерге қол жеткізу мен қаржылық артықшылықта жатыр. Аталған орталық Қазақстан азаматтарының…

Толық оқу
Монте-Верде

Чилидегі Монте-Верде археологиялық ескерткіші ұзақ уақыт бойы Америка құрлығына адамдардың алғаш қоныстану тарихын түсіндіретін негізгі дәлелдердің бірі саналып келді. Алайда соңғы зерттеулер бұл нысанның жасы қайта қаралуы мүмкін екенін көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Монте-Верде 1970-жылдары ашылғаннан бері ерекше маңызға ие болды. Мұнда ағаш найзалар, мастодонт сүйектері, ежелгі құрылыс қалдықтары және өсімдік қалдықтары табылған. Ең бастысы – бұл жерден табылған деректер адамдардың Оңтүстік Америкада шамамен 14 500 жыл бұрын өмір сүргенін көрсеткен. Бұл тұжырым ұзақ уақыт бойы қабылданып, Солтүстік Америкадағы Кловис мәдениетінен де бұрын адамдардың келгенін дәлел ретінде қарастырылды. Осы арқылы адамзаттың Америкаға көшу жолдары туралы жаңа пікірлер пайда болған. Алайда…

Толық оқу
баспаналы болды

Батыс Қазақстан облысында Наурыз мерекесі қарсаңында 43 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Орал қаласында өткен салтанатты шарада пәтер кілттерін облыс әкімі Нариман Төреғалиев табыстады, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір басшысы тұрғын үймен қамту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. – 2023 жылдан бері облыста тұрғын үй құрылысына 63 млрд теңге бөлініп, 3698 пәтер пайдалануға берілді. Соңғы үш жылда ауылдық жерлердің өзінде 1733 отбасы баспаналы болды. Жаңа үй – әр отбасы үшін жаңа өмірдің бастауы, – деді әкім. Қазіргі таңда Орал қаласында тұрғын үй кезегінде 27 мыңнан астам азамат тіркелген. Биыл әлеуметтік осал топтарға 200 пәтер беру жоспарланған. Сонымен қатар…

Толық оқу
Мұз сарайы

Маңғыстау облысында Наурыз мерекесі қарсаңында жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді. Ақтау қаласында халықаралық стандарттарға сай салынған мұз сарайының ашылуы өңірдегі спорт инфрақұрылымының дамуына тың серпін берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Ол өз сөзінде жастарға қолайлы жағдай жасау мен бұқаралық спортты дамыту басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті. – Жастардың спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беру стратегиялық міндет. Қысқы спорт түрлерін дамыту арқылы жаңа буынның әлеуетін ашуға жол ашамыз, – деді өңір басшысы. Мұз сарайының лентасын қию рәсіміне облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев, кәсіпкер Ұлықпан Көбесов, мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт…

Толық оқу
Баспана

Түркістанда Рамазан айында игі бастама жалғасып, жастар көпбалалы отбасыға баспана тарту етті. Бұл үрдіс жыл сайын дәстүрге айналып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістан қаласындағы «Бекзат» мөлтек ауданының 1995 жылы туған азаматтары бірігіп, жалғызбасты ана Айсұлу Көшербаеваға 5 бөлмелі үйдің кілтін табыстады. Ол бірнеше жылдан бері төрт баласымен бірге жалдамалы пәтерде тұрып келген. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі әкесіне де қамқорлық жасап жүр. Салтанатты рәсімге өңірдің беделді тұлғалары қатысты. Үйдің лентасын ауыл ақсақалы Дәулеткерей Оспанов, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Адырбекқызы және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің қарындасы Айғаным Серім қиды. Қалалық мәслихат депутаттары мен ел ағалары жаңа қоныс иелерін құттықтап, ізгі…

Толық оқу