Автор: Лейла Болтаева

дәрігерлер

Жалпыұлттық коалиция өкілдерінің кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуі Сайрам ауданындағы «Әл-Каусар» медицина орталығында өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға медицина қызметкерлері, орталықта емделіп жатқан азаматтар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Олар ел дамуының құқықтық іргетасы болып саналатын жаңа конституциялық өзгерістердің мән-маңызын талқылады. Санаторлық-курорттық бағыттағы бұл орталықтағы басқосуға Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық мәслихат депутаты Саидирасулхан Ералиев, саяси партия өкілдері Қуаныш Сыздықов пен Бейбіт Биназаров, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаты Мухиддин Сиддиқов қатысып, Конституцияның ел дамуына беретін мүмкіндіктерін түсіндірді. Қуаныш Сыздықовтың айтуынша, жаңа Конституцияда сапалы медициналық көмекке қол жеткізу мүмкіндігі заңдық тұрғыда нығайтылған. Бұл азаматтардың әлеуметтік тұрмыс сапасын көтеріп, денсаулық сақтау саласына…

Толық оқу
Рефрендум

Ордабасы ауданында жаңа Конституция бойынша еңбек ұжымымен маңызды ақпараттық кездесу болды, деп жазады Ertenmedia.kz. «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Бостандық Жакей мен Есенғали Бөлебай конституциялық өзгерістерді түсіндіру мақсатында «Темірлан абаттандыру» мекемесінің жұмысшыларымен ашық пікірлесу өткізді. Жиында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен халыққа беретін мүмкіндіктері кеңінен талқыланды. Бұл басқосудың басты ерекшелігі – еңбек адамдарының ұсыныстары мен пікірлеріне басымдық беріліп, сұрақтарға толық жауап алу мүмкіндігі қарастырылғаны болды. Коалиция өкілі Бостандық Жакей конституциялық өзгерістер қоғам қажеттілігінен туған маңызды қадам екенін атап өтті. Оның айтуынша, ұсынылған реформалар мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттырып, билік пен халық арасындағы байланысты нығайтады. Сондықтан әрбір азамат…

Толық оқу
жастар форумы

Жетісу облысында Халықаралық волонтерлар жылы аясында «Zhetysu Youth Forum 2026» жастар форумы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Форумға волонтерлер, студенттер мен оқушылар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері жиналып, жалпы саны бес жүзге жуық адам қатысты. Жиында Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов жастардың өңірдің дамуына қосар үлесі туралы ойымен бөлісті. Волонтерлік мәдениетті нығайту жолдары мен жастар бастамаларын қолдау мәселесі жан-жақты сөз болды. – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Осы орайда өңірлік жастар форумын өткізіп, волонтерлікті дамытуға ерекше мән бердік. Жастар арасында еркін пікір алмасып, тәжірибе бөлісетін алаң қалыптастырудың маңызы зор. Мұндай форматтағы…

Толық оқу
өрт

Алматыда ірі сауда нысандары шоғырланған аумақтың маңында өрт шығып, оқиға орнына жоғары деңгейлі шақырту бойынша құтқарушылар жіберілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлеуметтік желіде тараған кадрларда «Адем» сауда орталығының қарсы бетінен аспанға көтерілген қалың қара түтін анық көрінеді. Оқиға қаладағы адам көп шоғырланатын аумақтың бірінде болғандықтан, жағдай бірден жұрт назарын аударды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртке қарсы қызмет бөлімшелері 08:45-те Алатау ауданындағы шақыртуға жоғары ранг бойынша жіберілген. Кейінірек өрт Шапағат ықшамауданында, Шоссейная көшесі, 78 г мекенжайында болғаны нақтыланды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар қойма ғимараты жанып жатқанын анықтаған. Алдын ала дерек бойынша, өрт шамамен 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір оқиғаның нақты себебі…

Толық оқу
кездесу

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесіп, өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту мен инвестиция тарту мәселесін талқылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу барысында тараптар шағын және орта бизнесті қолдау тетіктеріне, жергілікті кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыруға және өзара іс-қимылды күшейтуге назар аударды. Әңгіме тек қазіргі ахуал төңірегінде өрбіген жоқ. Жетісу облысының алдағы экономикалық бағыты, өндірістік әлеуеті және жаңа инвестициялық алаңдардың мүмкіндігі де сөз болды. Бейбіт Исабаев өңірде инвестициялық ахуалды жақсарту, инфрақұрылымды күшейтіп, бизнеске ыңғайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, облыста ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласы қатар дамып келеді. Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің…

Толық оқу
алаяқ мұғалім

Ақтөбеде математика пәнінің мұғалімі оқушыларды Назарбаев зияткерлік мектебіне түсіріп беремін деп, ата-анадан алған ақшаны құмар ойынға жұмсағаны үшін сотталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс материалына қарағанда, Шыңғысхан Пайзов жекеменшік оқу орталығында жұмыс істеп, балаларды Назарбаев зияткерлік мектептеріне түсу емтиханына дайындаған. Сол жерде екі оқушының анасына белгілі бір ақыға олардың ұлдарын беделді мектепке кіргізіп бере алатынын айтқан. Ата-аналар мұғалім сөзіне сеніп, қомақты қаржыны сеніп тапсырады. Жәбірленушінің бірі оған 1,5 миллион теңге берген. Екіншісі 1 миллион 700 мың теңге табыстаған. Алайда мұғалім уәдесін орындай алмапты. Тергеу барысында оның оқуға қабылдау процесіне ықпал ететін ешқандай нақты мүмкіндігі болмағаны анықталды. Яғни, ата-аналарға айтылған сөз басынан-ақ…

Толық оқу
жұлдыз жорамал гороскоп

12 наурызға арналған жұлдыз жорамал күн тәртібін реттеуге, маңызды шешімдерді салмақпен қабылдауға және айналамен байланысты күшейтуге қолайлы кезеңді аңғартады. Астрологтар бүгінгі планеталық ықпал адамға нақты мақсатқа назар аударуға, ішкі тепе-теңдікті сақтауға және қарым-қатынаста байыпты қадам жасауға серпін береді деп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бейсенбіге арналған астрологиялық болжам күннің айқын мақсат, ұтымды шешім және белсенді байланыс энергиясымен өтетінін көрсетеді. Күнделікті жұлдыз жорамалға сүйенсек, бүгінгі планеталық ықпал мансапты нығайтуға, қарым-қатынасты реттеуге және ішкі үйлесімді табуға көмектеседі. Стратегиялық ойлау мен өзіне сенімділік табысқа бастайтын негізгі тетікке айналмақ. Тоқты Бүгін мансапқа қатысты талпынысыңыз айқын қолдау табады. Басшылық сіздің бастамаңызды байқап, еңбегіңізге назар аударуы мүмкін.…

Толық оқу
қар ауа райы

12 наурызда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда қар, боран, қатты жел мен аяз сақталса, оңтүстік пен батыста жауын-шашынсыз күн райы басым болады. Кей қалада тұман мен көктайғақ күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазгидромет болжамына сай, Астанада, Қарағандыда, Қостанайда, Көкшетауда, Петропавлда, Павлодарда, Семей мен Өскеменде қар мен боран болады. Әсіресе Астана мен Көкшетауда желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетіп, түнде 30 метрден асуы мүмкін. Солтүстік пен шығыста түнгі аяз 13–20 градусқа дейін күшейеді. Алматы, Қонаев, Талдықорған, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Тараз, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе және Жезқазғанда негізінен жауын-шашын болмайды. Бірақ Алматы, Қонаев, Қызылорда, Тараз,…

Толық оқу
Нұралхан Көшеров

Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров рефрендумға өңір тұрғындарын белсенді түрде қатысуға шақырып, үндеу жасады. Өңір басшысы саяси науқан Тәуелсіз Қазақстанның болашағын айқындайтын аса маңызды тарихи қадам екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Қадірлі ағайын, құрметті жерлестер! Түркістандықтар әрқашан бірлігімен, елдігімен дараланған. Бүгін біз тағы бір тарихи белестің алдында тұрмыз. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, 15 наурыз күні елімізде жаңа Конституцияға арналған республикалық референдум өтеді. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның болашағын айқындайтын аса маңызды тарихи қадам. Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық реформалар еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағыттылаған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді арттырады. Бұл «Халық…

Толық оқу
Маңғыстау марапат

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ еңбек адамдарына мемлекеттік наградаларды табыстады, деп жазады Ertenmedia.kz. ҚР Президентінің Жарлығымен берілген жоғары марапаттар адал еңбек пен кәсіби біліктілігі үшін тапсырылды. Салтанатты шарада Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасының аға мейірбикесі Дарғұлова Камилла ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Ал Ақтаудағы Әшімбаев атындағы №11 лицей мұғалімі Ұлхия Максимова, Маңғыстау орталық аудандық ауруханасының дәрігері Сәулет Төлемісова және Ақтау электр желілері басқармасының өндірістік үй-жайларды жинаушысы Маржан Чуренова «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай еңбек адамдарына ризашылығын білдіріп, марапат иелерінің ел игілігі жолындағы қызметін ерекше атап өтті. –…

Толық оқу