Автор: Лейла Болтаева

талқылау

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай халыққа жолдаған Үндеуін қолдау және іске асыру мәселелері талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Кеңейтілген алқалы жиынға университет басшылығы, белгілі ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы, белсенді студенттер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Басқосуда Президент Үндеуінің елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызы және Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жаңа міндеттер сөз болды. Жиынды ашқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы, ректоры Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысының Үндеуі тарихи кезеңнің мазмұнын айқындайтын маңызды құжат екенін атап өтті. Ол Президент сөзін мінберден оқып беріп, ондағы әр қағидаттың білім мен ғылым саласы үшін мәніне тоқталды. Ректордың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев…

Толық оқу
Жетісу

1 шілде күні Талдықорғанда Қазақстанның жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі» атты ауқымды конференция өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға қоғам қайраткерлері, ғылым және білім саласының өкілдері, заңгерлер, азаматтық сектор белсенділері мен жастар қатысты. Конференцияда жаңа Ата заңның саяси және құқықтық реформалардың берік іргетасы ретіндегі маңызы талқыланды. Іс-шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов модераторлық етті. Ол конференцияны ашып, қатысушыларды ел өміріндегі маңызды тарихи кезеңмен құттықтады. Оның айтуынша, жаңартылған Конституцияның күшіне енуі әр азамат үшін айрықша мәнге ие оқиға. Диас Есдәулетов жаңа Конституция қоғамның әділеттілікке, ашықтыққа және тең мүмкіндікке деген сұранысын көрсететінін атап өтті. Құжаттың…

Толық оқу

Қазақстанның жаңа Конституциясы ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық бағытын жаңа деңгейге көтерді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа Ата заңның күшіне енуі ел тарихындағы маңызды кезең саналады. Құжатта адам капиталын дамыту, білім беру жүйесін жетілдіру, ғылымды қолдау және серпінді инновацияларды ілгерілету басымдықтары ең жоғары құқықтық деңгейде бекітілді. Бұл өзгеріс Қазақстанның болашақ даму бағдары адамға, оның біліміне, кәсіби құзыретіне және зияткерлік әлеуетіне сүйенетінін көрсетеді. Яғни елдің бәсекеге қабілеті табиғи ресурсқа ғана емес, білімді азаматқа, ғылымға және жаңа технологияны меңгеру қабілетіне байланысты болады. Отандық ғылым мен жоғары білім саласы үшін бұл жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Ендігі міндет сапалы кадр даярлау, заманауи ғылыми-зерттеу ортасын…

Толық оқу

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келтірілген зиянды өтеу құқығы жаңа Конституцияда бекітілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Елдің Негізгі заңы қоғамның іргелі құндылықтарын айқындап, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа құқықтық негізін қалыптастырады. Жаңа Конституциядағы маңызды өзгерістің бірі 15-бапқа қатысты. Онда әркімнің мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген өзге де адамдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтетуге құқығы бекітілді. Бұл норма азаматтардың құқығын қорғауды жаңа деңгейге көтереді. Бұған дейін мұндай мәселелер негізінен салалық заңдар арқылы реттеліп келген. Енді зиянды өтеу құқығы конституциялық кепілдікке айналды. Яғни азамат мемлекеттік органның заңсыз шешімінен,…

Толық оқу
балалар

Алматыда жас суретшілер Қазақстанның болашағын өз қиялымен бейнеледі. Алматыдағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Конституциясы күшіне енген күнге орай «Балалар болашақты бейнелейді» атты ашық пленэр өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Шығармашылық шараға №199 мамандандырылған гимназия оқушылары мен Оқушылар сарайының бейнелеу өнері студиясының тәрбиеленушілері қатысты. Жас суретшілер өз жұмыстарында Жаңа Қазақстанның келбетін көрсетуге тырысты. Балалардың суреттерінде болашақ қалалар, цифрлық инновациялар, мәдени дәстүрлер, отбасы құндылықтары, туған жерге сүйіспеншілік және Конституцияда бекітілген маңызды ұстанымдар көрініс тапты. Оқушылар сарайының директоры Айгүл Байсымақованың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты, балаларға ел болашағы туралы өз ойын шығармашылық арқылы жеткізуге мүмкіндік беру. «Балалар туған өлкесін алдағы жылдары қандай күйде көргісі келетінін…

Толық оқу
Kasper

Kaspi.kz Kaspi Магазиндегі жаңа AI-көмекші Kasper-ді таныстырды. Алматыда өткен таныстырылымда Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе клиенттерге арналған жаңа сервисті көпшілікке ұсынды. Іс-шара «Қалыптан шығу уақыты келді!» ұранымен өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Kasper – Kaspi.kz инновацияларының жаңа кезеңі ретінде сипатталды. Жаңа AI-көмекші Kaspi Магазинде тауар таңдауды жеңілдетуге арналған. Ол клиенттің сұранысын түсінеді, нақтылайтын сұрақтар қояды, тауарларды салыстырады және күрделі техникалық терминдерді қарапайым тілмен түсіндіреді. Бұған дейін клиенттер тауарды кілт сөз арқылы іздеп, сипаттамасын оқып, пікірлер мен рейтингтерді салыстырып, көптеген нұсқаның ішінен өзіне керегін таңдауы керек еді. Енді қолданушы өзіне не қажет екенін қарапайым сөзбен жазса немесе дауыспен айтса жеткілікті.…

Толық оқу

Құрылтай депутаттарының сайлауы қарсаңында дауыс беруге құқығы бар азаматтар тізіліміне 12, 5 миллионнан астам азамат енгізілді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауына дайындық барысында сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру тәртібін бекітті. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген Қазақстан Республикасының 12 561 644 азаматы дауыс беруге құқығы бар азаматтар тізіліміне енгізілді. Осы негізде жергілікті атқарушы органдар әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімдерін қалыптастырады. Сайлаушылар тізімдері 2 тамызда учаскелік сайлау комиссияларына беріледі, ал 7 тамыздан бастап азаматтар өздері туралы деректердің дұрыстығын және сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады. 23 шілдеден…

Толық оқу
AMANAT

AMANAT партиясы алдағы Құрылтай сайлауына қатыспайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды. ОСК-де алдағы Құрылтай сайлауына қатысты ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелер қаралды. Отырыста Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова баяндама жасады. Ол соңғы жылдары жүргізілген саяси реформалар нәтижесінде саяси партиялар туралы заңнама кезең-кезеңімен жетілдірілгенін айтты. Вице-министрдің сөзінше, 2022 жылы партияларды тіркеу үшін қажетті мүшелер саны 5 мың адамға дейін төмендетілді. Бұл партия құру талаптарын жеңілдетіп, азаматтардың бірлесу құқығын іске асыру мүмкіндігін кеңейтті. Ботагөз Жақселекова соңғы жылдардағы тәжірибе бұл өзгерістердің тиімділігін көрсеткенін атап өтті. Тіркеу шегі төмендегеннен кейін елде 3 жаңа…

Толық оқу

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне еніп, өңірлерді жедел дамытуға арналған жаңа құқықтық тетік іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап еліміздің жаңа Ата заңы ресми түрде қолданысқа енді. Құжатта өңірлерді жедел дамытудың заманауи тетігі қарастырылған. Соның ішінде «жедел дамитын қала» мәртебесі мен арнайы құқықтық режим енгізу маңызды жаңалықтың бірі болып отыр. Мұндай жаңа модельдің алғашқы алаңы Алатау қаласы болады. Мемлекет басшысы 8 мамырда қол қойған Конституциялық заң осы ауқымды жобаның құқықтық негізін қалыптастырады. Жаңа мәртебе арқылы Алатау жеке институционалдық құрылымы бар дербес экономикалық экожүйеге айналады. Арнайы режим 12 ай ішінде кезең-кезеңімен енгізіледі. 1 шілдеден бастап Alatau City Authority…

Толық оқу

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған дөңгелек үстел өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шара «Конституция – құқықтық мемлекеттің негізі» тақырыбында ұйымдастырылды. Жиынға университет басшылығы, мемлекеттік органдар өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді университеттің Басқарма төрағасы, ректоры Ермек Бөрібаев жүргізді. Ол қатысушыларды 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда Қазақстан халқы қолдаған жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтады. Ректордың айтуынша, жаңа Конституцияның қабылдануы елдің құқықтық жүйесіндегі маңызды кезең ғана емес, мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындайтын тарихи оқиға саналады. Ермек Бөрібаев жаңа Ата заңда адами капиталды, білімді, ғылымды және инновацияны дамытуға ерекше мән берілгенін…

Толық оқу