Автор: Лейла Болтаева

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бөлек ауылының 11-сынып оқушысы Әли Лоян Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинап, өңір жұртшылығын қуантты, деп жазады Ertenmedia.kz. Максим Горький атындағы орта мектептің 17 жастағы түлегі басты білім сынағынан сүрінбей өтіп, барлық сұраққа дұрыс жауап берген. Әли ҰБТ-да Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы пәндерін таңдаған. Қалған баллы IELTS және SAT халықаралық емтихандарының нәтижесі арқылы есептелген. Жас талапкердің айтуынша, ол дайындықты 10-сыныптың соңынан бастаған. Алдымен ағылшын тілін терең оқып, халықаралық емтихандар тапсырған. 11-сыныптан бастап ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындалған. «Достарым футбол ойнауға, серуендеуге шақырғанда “жоқ, мен дайындалып, мақсатыма жетіп, көп балл алуым керек” деп жауап беретінмін. Бір…

Толық оқу

Орал қаласында құны 130 млн АҚШ долларын құрайтын Еуразиялық индустриялық-логистикалық хабтың құрылысы басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылатын инвестициялық жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен қолға алынды. Хабтың іргетасын қалау рәсімі Орал қаласында өтті. Жобаның бастамашысы – Eurasia Holding Group құрамына кіретін «Jinone Excellence Investment» ЖШС. Жоба 20 гектар аумақта іске асырылады. Инвестициялардың жалпы көлемі 130 млн АҚШ долларын құрайды. Кешен құрамына жылына 30 мың тоннаға дейін өнім шығаратын болат конструкциялары зауыты, жылына 60 мың данаға дейін құрылыс қалыптарын өндіретін кәсіпорын және жыл сайын 250 мың бухтаға дейін BV типті кабель шығаратын кабель зауыты кіреді. Нысанды 2026…

Толық оқу

Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселесі екі ел президенттерінің кездесуінде кеңінен талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс тең құқыққа, өзара құрметке және сенімге негізделіп, қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, былтыр Мәскеуде жасалған бірлескен мәлімдемеде екі ел қарым-қатынасы жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне көтерілгені айтылған. Қазіргі ықпалдастық сол ұстанымның нақты жалғасы ретінде барлық бағытта жүріп жатыр. Путин Ресей мен Қазақстан халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы маңызды бірлескен мәлімдеме қабылданатынын айтты. Сонымен қатар экономика, энергетика, мәдени-гуманитарлық байланыс және өзге де салаларды…

Толық оқу
мобильді аударымдар

Мобильді аударым бойынша хабарлама алғандарға 30 жұмыс күні беріледі Қазақстанда мобильді аударымдары тексеруге түскен азаматтар салық органдарына түсініктеме беріп немесе декларация тапсыра алады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, мемлекеттік кірістер органдары қазақстандықтарға хабарлама жібере бастаған. Мұндай хабарлама алған азаматтарға 30 жұмыс күні беріледі. Осы уақыт ішінде адам аударымдардың мәнін түсіндіріп, қажет болса, декларация тапсыруы мүмкін. Вице-министр бұл кезеңде азаматтарға бірден айыппұл салынбайтынын айтты. Оның сөзінше, салық органы алдымен түсініктеме беру немесе декларация тапсыру мүмкіндігін ұсынады. Яғни хабарлама келді деген сөз автоматты түрде айыппұл немесе банктік шектеу қойылады дегенді білдірмейді. Мобильді аударымдардың бәрі бірдей тексеріле бермейді. Негізгі назар…

Толық оқу
Михаил Шайдоров

Олимпиада чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жеңісінен кейін жалақы алмай жүргенін айтып, спорт қоғамында қызу талқы тудырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Спортшы YouTube-тағы подкастта Олимпиададағы тарихи жеңісінен кейін келесі маусымға қалай дайындалатынын түсінбей отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, жаттығу жиындары, жаңа бағдарлама қою мерзімдері алдын ала жоспарланғанымен, қаржыландыру жағы әлі анық емес. Шайдоров ақпаннан бастап дәрігерлік қолдаудан да айырылғанын айтты. «Маған қазір келесі маусымға дайындалу керек. Жиындар жоспарланған, бағдарлама қоятын күндер де белгіленген. Бірақ біз бірнеше рет сұрадық, бір адам бір нәрсе айтады, екіншісі басқа нәрсе айтады. Маған жағдай түсініксіз. Ал 1 ақпаннан бастап дәрігерімді алып тастады. Бұл мен үшін оғаш»,…

Толық оқу
аэростат

Қытай ғалымдары мен инженерлері әдеттегі жердегі жел турбиналары жете алмайтын биіктікте жел қуатын аэростат арқылы өндіріудің жаңа технологияны дамытып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Әңгіме стратосфералық әуе жел энергетикасы жүйесі туралы болып отыр. Алғаш естігенде фантастика сияқты көрінеді. Алып аэростат аспанға көтеріліп, ішіндегі турбиналар арқылы электр энергиясын өндіреді. Бірақ Қытай бұл бағытқа өте байыппен кірісті. Жобаны Бейжіңдегі Цинхуа университеті мен SAWES Energy Technology Co., Ltd. стартабы әзірлеп жатыр. Жүйенің басты артықшылығы – биіктегі желдің күші мен тұрақтылығында. Жердегі турбиналар ауа райына, рельефке, биіктік шектеуіне және жер теліміне тәуелді. Ал гелиймен толтырылған аэростат турбиналарды 2000 метрге дейін көтере алады. Мұндай биіктікте жел…

Толық оқу

Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін энергетикалық әріптестікті дамытуда сенімділік, технологиялық кооперация және отынмен тұрақты қамтамасыз ету негізгі бағытқа айналып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы Еуразиялық экономикалық форум аясында айтты. Ведомство басшысы «Еуразиялық энергетикалық интеграция. Қозғалыс векторы» атты панельдік сессияда сөз сөйледі. Министрдің пікірінше, ЕАЭО аясындағы энергетикалық байланыстар өзара сенімге, болжамды реттеуге және нақты экономикалық тиімділікке сүйенуі тиіс. Мұнай, мұнай өнімдері, газ және электр энергиясы бойынша ортақ нарықтарды кезең-кезеңімен қалыптастыру кезінде әр елдің ұлттық мүддесі, қолданыстағы екіжақты келісімдері және азаматтар мен өнеркәсіпті сенімді қамтамасыз ету басымдығы міндетті түрде…

Толық оқу
санавиация

Шетелде ауыр жағдайда қалған қазақстандықтарды санитарлық авиация арқылы елге жеткізу арнайы тәртіп бойынша жүргізіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, егер азамат шетелдегі медициналық ұйымда ем алып жатса және жағдайына байланысты өздігінен Қазақстанға қайта алмаса, оның отбасы сол елдегі Қазақстан консулдығына өтініш бере алады. Қажетті құжаттар жиналғаннан кейін консулдық өтінімді Сыртқы істер министрлігіне, кейін Денсаулық сақтау министрлігіне жолдайды. Осыдан соң Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық атқарушы комитеті пациенттің құжаттарын қарап, оның жағдайын бағалайды. Шешімді орталық басшылығы мен бейінді мамандар бірлесіп қабылдайды. Санитарлық авиация көбіне өздігінен тыныс ала алмайтын, комада жатқан, тұрақты медициналық сүйемелдеуді қажет ететін, ауыр жарақат алған…

Толық оқу
ипотека в Казахстане

Қазақстанда қайталама нарықтағы баспана бағасы мамыр айында тағы да төмендеді. Ақтау, Астана және Алматыда баға қатты түскені мәлім болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ел бойынша ескі пәтерлердің орташа бағасы бір айда 0,3 пайызға арзандаған. Баға құлдырауы әсіресе Ақтау, Астана және Алматы қалаларында анық байқалды. Мамырдағы ең үлкен төмендеу Ақтауда тіркелді. Қалада қайталама нарықтағы пәтер бағасы бірден 2,6 пайызға түскен. Астанада баға 2 пайызға, Алматыда 1,7 пайызға төмендеді. Қарағанды мен Қызылордада пәтер құны 1,1 пайызға арзандаса, Шымкентте төмендеу 0,5 пайыз болды. Орал, Тараз, Атырау және Павлодарда бағадағы өзгеріс айтарлықтай үлкен емес. Ал кей қалаларда, керісінше, өсім сақталған. Түркістанда баға 1,1 пайызға, Петропавлда 1…

Толық оқу
евразиский

28 мамырда Астанада V Еуразиялық экономикалық форум жұмысы басталады. Биылғы форумның басты тақырыбы – «ЕАЭО жаһандық цифрлық жарыста: жасанды интеллектке басымдық». Іс-шараға 44 елден 3 мыңға жуық адам қатысады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қатысушылар қатарында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өкілдерімен бірге АҚШ және басқа да елдерден келген сарапшылар, бизнес қауымдастық өкілдері мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері бар. Форум күн тәртібінде жаһандық цифрландыру, жасанды интеллект, ортақ нарықты дамыту, ЕАЭО елдері арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдету және үшінші елдермен өзара іс-қимыл мәселелері қаралады. Іскерлік бағдарлама аясында 30 іс-шара өткізу жоспарланған. Олар төрт негізгі бағытқа біріктірілген. Атап айтқанда, ЕАЭО нарығын дамыту трансформациясы, еуразиялық өзара байланыс, «ЕАЭО+»…

Толық оқу