Кейде адам қанша шаршап тұрса да, ұйқысы келмей қояды. Әрине, ұйқысыздық сирек мазаласа, бір реттік ұйықтататын дәрі ішуге болады. Бірақ бұл мәселе жиі қайталанса, алдымен тамақтану әдеттеріңізді өзгерткен жөн, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұйқыңыздың қас жаулары Кофе – ұйқы ашатын жақсы құрал болғанымен, кофеин әр адамның ағзасынан әртүрлі уақытта шығарылады. Біреулер кешкі кофеден кейін де тыныш ұйықтай алады, ал кейбір адамдар таңертең ішкен кофенің әсерінен кешке дейін ұйықтай алмай қиналады. Темекі – құрамындағы никотин жүйке жүйесін қоздырады, сондықтан темекіге әуес адамдардың ұйқысы тыныш болмайды. Алкоголь тез ұйықтататын сияқты көрінгенімен, одан кейінгі ұйқы үзік-үзік, мазасыз болады. Ұйқы алдында ішімдік ішкендердің көбіне қорқынышты…
Автор: Лейла Болтаева
Жергілікті өзін-өзі басқарудың маңызы мен қажеттілігі жаңа Конституция жобасында ерекше аталған. Аталған өзгеріс билік пен халықтың арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың қоғам өміріне белсене араласуына жол ашады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа Конституцияға сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өңірлік маңызы бар мәселелерді дербес шешуге құқылы болады. Мұндай өзгеріс жергілікті жердегі күрделі мәселелерді жылдам әрі тиімді шешуге септігін тигізбек. Сондай-ақ бұл тәсіл жергілікті билік органдарын халыққа жақындатып, азаматтардың қоғамдық бастамаларға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту демократиялық даму жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Осы арқылы билік орталықсызданып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қосымша серпін береді. Сонымен қатар, жергілікті қауымдастықтардың жауапкершілігі күшейіп, мемлекет…
Түркістанда грек этномәдени қоғамдық бірлестігі Конституциялық реформа бойынша референдумды қолдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы грек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кристина Сидиропулоның қатысуымен конституциялық реформаларды қолдауға арналған жиын өтті. Кездесудің басты мақсаты жаңа Конституция жобасының маңызын тұрғындарға түсіндіру, елдегі саяси жаңғыру процестерінде этномәдени бірлестіктердің ықпалын арттыру, қоғамның бірлігі мен татулығын нығайту. Жиында конституциялық реформаның елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісімді сақтауға, жастардың саяси әрі азаматтық белсенділігін арттыруға беретін ықпалы талқыланды. – Біз еліміздің саяси дамуында этностар арасындағы ынтымақтың сақталуы маңызды деп санаймыз. Бұл реформалар елдің алдағы даму бағытын айқындап, халықтың бірлігін одан әрі күшейтеді. Сондықтан референдумға қатысып,…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады. Кездесу барысында облыс басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп жазады Ertenmedia.kz. Нұралхан Көшеровтің мәлімдеуінше, өткен жылы облыстың экономикалық өсімі 113,9 пайызды құраған. Мемлекеттік бюджетке аударылған салық көлемі 1 триллион теңгеге артқан. 2025 жылы өңір экономикасына 1,7 триллион теңге инвестиция тартылса, оның ішінде жеке инвестиция көлемі 1,4 триллион теңгеге жетті. Ал тікелей шетелдік инвестиция 1,4 миллиард долларды құрады. – 2025 жылы жалпы құны 340 миллиард теңге болатын 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгінде облыста 21 индустриалды аймақ жұмыс істейді.…
Қазақстанда 12 наурыздан бастап жол ережесін бұзудың жаңа түрлері автоматты түрде камерамен анықтала бастайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа ережелер Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілген өзгертулер аясында күшіне енеді. Өзгеріс тек Алматыда ғана емес, бүкіл республика аумағында қолданылады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл шара жаңа айыппұлдарды енгізуге емес, қолданыстағы ережелерді бұзу деректерін анықтаудың автоматты тәсілдерін кеңейтуге бағытталған. Камералар енді қандай бұзушылықтарды анықтайды? Жаңа өзгерістерге сәйкес, жол камералары жүргізушілердің қауіпсіздік белдігін тақпауын немесе көлік жүргізіп келе жатып телефон қолдануын автоматты түрде тіркейді. Бұрын мұндай ережелердің бұзылуын тек жол-патрульдік полиция қызметкерлері ғана анықтайтын. Бұдан басқа, автоматты жүйе арқылы жүргізушінің құжаттарына байланысты бұзушылықтар да…
Артық салмақтан арылу қазіргі заманғы ең өзекті мәселелердің бірі. Бірақ физикалық жаттығу мен диета нәтижесінде жоғалтқан салмағыңыз көп ұзамай қайта оралып жатады. Оның себебі калория шығыны мен кірісінің дұрыс есептелмеуден екенін білмейміз. Бұл туралы дәрігер мамандар кеңінен ақпарат берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Артық салмақ бар-жоғын анықтаудың ең қарапайым тәсілі – дене массасының индексін (ДМИ) есептеу. Оның формуласы: ДМИ = салмақ (кг) / бой² (м). Егер нәтижесі 18,5 пен 24,9 аралығында болса – салмағыңыз қалыпты. 25-тен 29,9-ға дейін болса – салмақ артық. 30–35 арасы – бірінші дәрежелі семіздік, 35-40 аралығы – екінші дәрежелі семіздік, ал 40-тан асса – үшінші дәрежелі семіздік.…
Бүгін Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясы өтті. Жиын барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Сессияның күн тәртібінде 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Ақтау қаласының шекарасын қайта қарау және нақтылау, тарихи-мәдени ескерткіштерді жалға берудегі тарифтерді бекіту мәселелері қаралды. Сонымен бірге Тексеру комиссиясының жаңа мүшесін тағайындау, сайлау комиссияларының құрамын жаңарту және бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу бойынша ұсыныстар депутаттардың назарына ұсынылды. Облыстық мәслихат депутаттары күн тәртібіне шығарылған барлық мәселелерді бірауыздан қолдап, тиісті шешімдерді бекітті. Жиын соңында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қабылданған шешімдер өңірдің экономикалық…
Түркістан облысы Сайрам ауданының Ақсу ауылында еліміздегі Конституциялық реформаны қолдау мақсатында ерекше мурал салынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа туынды саяси жаңғыруды, әділетті қоғам құруды және жаңа Конституцияға деген халықтың қолдауын бейнелейді. Муралдың көлемі – 22×9 метр. Тұрғындардың көп шоғырланатын жерінде Абылай хан көшесіндегі «Ынтымақ» аллеясының жанында орналасқан бұл туынды, ауданның көркіне көрік қосып қана қоймай, жұртшылық жиі келетін тартымды фотозонаға да айналмақ. Аталған игі бастама ауданның зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер мен азаматтық қоғам белсенділерінің қолдауымен жүзеге асты. Муралдың ашылу салтанатына ауданның ақсақалдары мен әжелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ұстаздар қауымы және белсенді жастар қатысты. Жиын барысында тұрғындар Конституциялық реформаға қатысты пікір…
Қанның қалыпты сұйықтық деңгейінде болуы, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Қан тым қоюланған жағдайда ағзада түрлі аурулар, соның ішінде инфаркт, инсульт сияқты ауыр сырқаттар пайда болуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Қанның қоюлануына қандай себептер әсер етеді? Қанның сұйықтық деңгейіне әсер ететін факторлар өте көп. Оған ағзадағы су мөлшерінің жеткіліксіздігі (дегидратация), аз қозғалысты өмір салты, никотин мен алкоголь, кейбір дәрілік заттарды ұзақ қабылдау, атеросклероз, тұмау, бауыр мен бүйрек аурулары, сондай-ақ күйзеліс және қант диабеті секілді аурулар себеп болады. Қоюланған қан уақыт өте келе тамыр ішінде тромбтың (қан ұйығының) пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл жүрек-қан тамырлары жүйесіне үлкен қауіп…
Белгілі фэнтези жазушысы Джордж Мартин: «Кітап оқитын адам мың өмір сүріп үлгереді, ал ешқашан кітап оқымаған адам бір ғана өмір сүреді», – деген екен. Шынында да, кітап оқу – жан дүниеңді байытатын ғана емес, денсаулық пен психологияға да айтарлықтай оң әсерін тигізетін ерекше әдет, деп жазады Ertenmedia.kz. Когнитивті нейроғылым саласының зерттеушісі Анна Мартин әріптестерімен бірге 40-қа жуық зерттеудің нәтижесін саралап, мета-анализ жүргізген. Олар МРТ көмегімен ересектер мен балалардың кітап оқыған кездегі ми жұмысына зерттеу жасады. Нәтижесінде оқу барысында мидың бірнеше аймағы бір уақытта белсенді жұмыс істейтіні анықталған. Атап айтқанда, тілдік орталықтар, сенсорлы-моторлы жүйелер және есте сақтау мен қиялға жауапты бөліктер…










