Ғалымдар гендік инженерия көмегімен биоотын өндірісіне жарайтын жаңа цианобактерия штамын жасап шығарды, деп жазады Ertenmedia.kz. Биожанармай бүгінде мұнайға тәуелділікті азайтатын балама энергия көздерінің бірі ретінде қарастырылып келеді. Әлемде ғалымдар кофенің қалдығынан бастап басқа да күтпеген органикалық ресурстарға дейін түрлі шикізатты отынға айналдыру жолын зерттеп жатыр. Енді осы қатарға күн сәулесі арқылы жұмыс істейтін микроорганизмдер де қосылуы мүмкін. Жаңа зерттеуде цианобактериялардың ерекше түрі туралы айтылады. Цианобактерияларды кейде көк-жасыл балдыр деп атағанымен, шын мәнінде олар бактериялар қатарына жатады. Ғалымдар осы микроорганизмнің генін өзгертіп, фотосинтез кезінде көп мөлшерде еркін май қышқылдарын бөлуге бейімдеген. Еркін май қышқылдары тірі ағзалар үшін энергия көзі саналады. Адам…
Автор: Лейла Болтаева
Қазақстанда пациенттер медициналық қызметтің толық құнын сұрап, көрсетілмеген қызмет үшін ақшасын қайтаруды талап ете алады, деп жазады Ertenmedia.kz. Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны жеке медициналық клиникамен арадағы даудан кейін 650 мың теңгесін қайтарып алды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлады. Ведомство мәліметінше, әйел жеке клиникамен 780 мың теңгеге медициналық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасқан. Бір ай бойы ем қабылдағаннан кейін тағайындалған ем өзіне сәйкес келмегендіктен, әрі қарайғы процедуралардан бас тартуға шешім қабылдаған. Келісімшарт бұзылғаннан кейін клиника ақшаның бір бөлігін ғана қайтарған. Бірақ пациентке нақты қандай қызмет көрсетілгені, әр процедураның бағасы қанша болғаны туралы толық есеп…
Қонаев қаласында Алматы облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жаңа ғимараты салынып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін нысан іргетасына уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Жаңа кешен Алматы облысындағы құқықтық тәртіп пен экономикалық қауіпсіздік саласының инфрақұрылымын күшейтуге бағытталған. Жоба бойынша 2 гектар жер теліміне 5 қабатты әкімшілік ғимарат салынады. Сонымен қатар заттай дәлелдемелерді сақтау қоймасы, спорт зал, шағын футбол алаңы, бақылау-өткізу пункті, фронт-офис, саптық алаң және автотұрақ қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 11 ай бойы жүргізіледі. Салтанатты рәсімге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы Әлібек Төлепбергенов қатысты. Олар ғимарат іргетасына уақыт капсуласын салды. Марат Сұлтанғазиев жаңа…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесімен халықтты құттықтады. Президент өз сөзінде мейірім, қайырымдылық, өзара құрмет пен жанашырлық секілді құндылықтардың қоғам үшін маңызын атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Құрметті отандастар! Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Халқымыздың рухани өмірінде ерекше орын алатын бұл мейрамды бүкіл мұсылман қауымы қадір тұтады. Осы киелі мерекеде рухани кемелденуге жол ашатын мейірімділік пен қайырымдылық, өзара құрмет пен сенім, жанашырлық пен тілеулестік қасиеттері кеңінен дәріптеледі. Құрбан айт күндері азаматтарымыз өзгеге қол ұшын беру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезіну айрықша маңызды екенін ұғына түседі. Бұл – әділдік пен адамгершілікті, ой…
Қазақстанда цифрлық қаржы активтерін шығаратын компанияларға міндетті есептілік енгізіледі. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі цифрлық қаржы активтері эмитенттеріне арналған жаңа талаптарды бекітті. Енді осы нарықта жұмыс істейтін компаниялар мемлекетке арнайы белгіленген нысан бойынша есеп беруге міндетті болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Құжат «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заң аясында қабылданды. Жаңа ереже күшіне енгеннен кейін цифрлық қаржы активтерін шығаратын эмитенттер бекітілген үлгі бойынша есеп тапсырады. Оның орындалуын қаржы реттеушісі мен Ұлттық банк қадағалайды. Мұнда әңгіме криптовалюта сатып алып жүрген қарапайым азаматтар туралы емес. Жаңа талаптар цифрлық қаржы активтерін нарыққа шығаратын компанияларға қатысты. Яғни мемлекет мұндай активті кім…
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік, экономика, энергетика, атом саласы, көлік-логистика, білім және гуманитарлық байланыс туралы кеңінен пікір білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Владимир Путиннің айтуынша, Ресей мен Қазақстанды ортақ тарих, мәдени байланыс, адам тағдыры мен өзара мүддеге негізделген берік қарым-қатынас біріктіреді. Мәскеу Астанамен арадағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылық, қауіпсіздік және әлеуметтік-экономикалық даму үшін маңызды фактор ретінде қарастырады. Ресей президенті Қазақстанның қазіргі даму бағытына жоғары баға беріп, елдің саяси жүйесі, тұрақты экономикасы және жаңа Конституциясы туралы пікір айтты. Оның сөзінше, қазақстандықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған мемлекеттік институттарды күшейту, елді…
Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турлов Stanford University студенттерімен кездесуде компанияның брокерлік бизнестен қаржы экожүйесіне дейінгі жолын түсіндірді. Оның айтуынша, Freedom алғашқы кезеңде өнімнен бұрын сенім мәселесіне тірелген деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Турловтың сөзінше, Қазақстанда қор нарығы ұзақ уақыт бойы көпшілікке түсініксіз әрі күмәнді сала болып көрінген. – Біз басынан бастап сенімді қалай қалыптастыру керек деген сұраққа тірелдік. Адамдарға нарық инфрақұрылымы қалай реттелетінін, қаражаты неге қауіпсіз екенін, дивиденд қалай жұмыс істейтінін, тәуекел мен ықтимал табыс қандай болатынын түсіндіру қажет болды, – деді ол. Оның айтуынша, банкті сатып алу Freedom үшін сенім мәселесін шешкен маңызды қадамға айналған. Дамушы елдерде банк брокерге…
27 мамыр, сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің көп өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде шығыс өңірлерде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Температура біртіндеп төмендей бастайды. Күндіз батыста +16…+28 градус, солтүстік пен орталықта +18…+25 градус, шығыста +23…+30 градус, оңтүстікте +20…+27 градус шамасында болады. Астанада күн құбылмалы бұлтты. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде +14…+16, күндіз +30…+32 градус жылы. Алматыда күндіз жаңбыр жауып,…
27 мамырға арналған жұлдыз жорамал барлық зодиак белгісіне асығыс уәде бермеуге, соңғы күндердегі дау, шаршау немесе күрт шешімнен кейін қалған жағдайға мұқият қарауға кеңес береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты бүгін айналасындағы адамдарға мұқият қарағаны дұрыс. Кім қолдау береді, кім артық жанжалға итермелейді – соны ажырататын күн. Жұмыста ұжымдық дауға араласпаңыз. Кешке қажетсіз чаттарды ысырып қойып, тек маңызды хабарға жауап беріңіз. Торпақ үшін жұмыс, мәртебе және өз мүддесін қорғау мәселесі алға шығады. Біліктілігіңізді ашумен дәлелдеудің қажеті жоқ. Сабырлы нәтиже қатқыл сөзден әлдеқайда өтімді. Кешке ертеңгі киіміңізді немесе жұмыс жазбаңызды реттеп қойған дұрыс. Егіздер бүгін ұсақ детальға немқұрайлы қарамауы керек. Құжат, хат,…
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана қаласынан келген мәслихат депутаттарымен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Делегация Маңғыстау өңіріне тәжірибе алмасу және өзара ынтымақтастықты нығайту жөніндегі меморандум аясында арнайы іссапармен келді. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, туризм әлеуеті, инвестициялық жобалар, инфрақұрылым мәселесі және өңіраралық байланысты күшейту бағыттары талқыланды. Нұрдәулет Қилыбай меймандарға Маңғыстаудың тарихи-мәдени мұрасы терең, табиғаты ерекше, қонақжай өңір екенін атап өтті. Аймақ басшысы өңірдің туризм, мәдениет, білім және инновация бағытындағы мүмкіндіктеріне де тоқталды. – Маңғыстау – қонақжай ғана емес, табиғаты мен тарихы үндескен ерекше өлке. Біздің өңір талантты жастарымен, мәдениетімен және жетістіктерімен мақтанады. Соңғы жылдары білім…










