Қазақстанның бірнеше өңірінде 10-11 наурыз күндері күн күрт суытады. Кей аймақтарда түнде ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Ақмола облысында 10 наурыз, сейсенбі күні түнде ауа температурасы -15–20 градус, облыстың батысы мен солтүстігінде -25–30 градусқа дейін төмендейді. Ал сәрсенбіге қараған түні сынап бағанасы одан әрі төмендеп, облыс аумағында -22–27, шығысында -30 градус аяз болады. Көкшетау қаласында сейсенбі күні түнде -25–27 градус суық күтіледі. Ақтөбе облысында сейсенбі түні -23–28 градус, солтүстік өңірлерінде -31 градусқа дейін аяз болады. Ақтөбе қаласында түнде ауа температурасы -23–25 градусқа дейін төмендейді. Атырау облысында сейсенбіге қараған түні ауа температурасы -15–20 градус,…
Автор: Лейла Болтаева
Алматы облысының Қарасай ауданында спорт пен өнер жұлдыздарының қатысуымен ерекше футбол матчы өтті. Жарқын шара жаңа Конституцияны қолдау мақсатында ұйымдастырылып, «Біз жаңа Конституцияны қолдаймыз» деген ұранмен өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Футбол алаңында ел намысын әлемдік ареналарда қорғап жүрген белгілі спортшылар мен эстрада жұлдыздары кездесті. Бұл қызықты бәсекені тамашалау үшін стадионға 3 мыңнан астам көрермен жиналды. – Шараның негізгі мақсаты бәсеке емес, халыққа мерекелік көңіл күй сыйлап, азаматтарды референдумды қолдауға шақыру. Футбол да, өмір де командалық рух пен бірлікті қажет етеді. Бұл матч халқымыздың жаңа Конституцияны қолдаудағы бірлігін көрсететін маңызды оқиға, – деді өңірлік коалиция басшысы Қуат Байғожаев. Жасыл алаңда екі…
Алматылық кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қала тұрғындарын алдағы республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бизнес қауымдастығының үндеуін белгілі кәсіпкерлер Арманжан Байтасов, Бейбіт Әлібеков, Мақсат Қиқымов, Раушан Әубәкірқызы, Ерлан Жайлаубай және Гүлнара Бижанова қолдады. Олардың айтуынша, әр азаматтың осындай маңызды шараға қатысуы – ел болашағына қосқан үлкен үлес. «Референдум қоғамның ертеңгі даму жолын айқындайтын маңызды шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін демократияның басты құралы», – деді кәсіпкерлер. Белгілі бизнесмен Тимур Турлов Конституцияны білу мен талқылаудың маңыздылығына тоқталды. – Конституция еліміздің құқықтық әрі мемлекеттік жүйесінің негізі. Сондықтан оның мазмұнын түсіну мен талқылауға белсенді қатысу әр азаматтың міндеті деп санаймын, – деді ол.…
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Сатыбалды ауылында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ерекше қайырымдылық шара өтті. Ауылнай Руслан Сарбаев 2026 жылы дүниеге келген төрт сәбидің әрқайсысына 200 мың теңгеден қаржылай қолдау көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Аталмыш ауылда бүгінде 253 адам тұрады. Жыл басынан бері төрт сәби дүниеге келген. Осы қуанышты оқиғаға орай ұйымдастырылған шараға Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов арнайы қатысып, жас аналарды құттықтап, ауылнайдың бастамасына алғыс білдірді. – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, халық пен билік арасындағы ынтымақтастық әділетті қоғам құрудың басты негізі болып табылады. Ауылнайдың міндеті жергілікті тұрғындармен, әкімдікпен, кәсіпкерлермен және қоғам белсенділерімен бірлесе жұмыс істеп, ауылды көркейту. Бүгінгі шара…
Көктемнің басында құстардың қорегіне ерекше назар аударған жөн. Зоологтар құстарға нанның қалдығын беруге болмайтынын ескертеді. Себебі нан құрамындағы бос көмірсулар құстың асқазанын толтырғанымен, ешқандай пайда бермейді. Тіпті нан құстың жемсауында тұрып қалып, шіріп, түрлі ауруға себеп болуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Құстар үшін ең тиімді қорек астық пен күнбағыс дәндерінен жасалған арнайы қоспалар. Дегенмен көктемде жемсауытқа ас үйден шыққан қалдықтардың бір түрін қосуға болады. Бұл жұмыртқаның қабығы. – Біз күнделікті жұмыртқаның қабығын қоқысқа тастаймыз, ал шын мәнінде оның құрамында кальций мен минералдар өте мол. Әсіресе, ұя салу кезеңінен кейін құстарға кальций аса қажет болады, – дейді Help Wild Birds ұйымының директоры…
Щучинск қаласындағы «Палау орталығында» газ жарылысынан қаза тапқандардың саны 11 адамға жетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек хабарлады. Оның айтуынша, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, тағы екі адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. – 8 наурыз күні жарылыстан зардап шеккен бір азамат Авиценна-Бурабай ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Ал 9 наурызда Көкшетаудағы көпбейінді облыстық ауруханада ем қабылдаған тағы бір пациент көз жұмды. Екі науқастың да жағдайы өте ауыр еді, – деді басқарма басшысы. Қазіргі таңда Ақмола облысының дәрігерлері басқа зардап шеккен азаматтардың өмірі үшін күресіп жатыр. Пациенттерге барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде…
Ғалымдар электроника саласында жиі қолданылатын қымбат әрі сирек кездесетін индий элементін қажет етпейтін жаңа мөлдір электрод жасап шығарды, деп жазады Ertenmedia.kz. Оңтүстік Кореяның Сонгюнкван университетінің ғалымдары профессор Хан-Ки Ким мен профессор Бо Рам Лидің жетекшілігімен инновациялық зерттеу жүргізіп, нәтижесін Materials Today журналында жариялады. Қазіргі таңда смартфон, теледидар және күн батареялары секілді электронды құрылғылардың маңызды бөлшектерінің бірі мөлдір электродтар. Олар электр тогын өткізумен қатар, жарықты да еркін өткізуі тиіс. Соңғы онжылдықтар бойы бұл функцияны орындау үшін индий мен қалайының оксидінен жасалған ITO (индий-қалайы оксиді) қолданылады. Алайда индийдің қолданысында бірнеше қиындық бар. Бұл металл өте сирек кездесетіндіктен, өндіріс шығынын арттырады. Ең бастысы,…
Автокөлік аккумуляторы арасындағы ең сапалы брендтер рейтингі анықталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы уақытта электромобильдерге сұраныс артқанымен, жолдарда жүрген көліктердің басым бөлігі әлі күнге бензинмен жүреді. Бұған бензинмен жүретін автокөліктердің жөндеу жұмыстары арзанырақ болуы да әсер етеді. Ал көлік аккумуляторы автомобильдің тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін маңызды бөлшек. Дегенмен нарықта аккумулятордың сан алуан түрі бар. Сол себепті таңдауда жаңылысу оңай. Осы мәселені жеңілдету мақсатында Consumer Reports журналы көлік аккумуляторларына арнайы зерттеу жүргізді. Зерттеуде аккумуляторлардың сенімділігі, қызмет ету мерзімі, қосалқы сыйымдылығы (көлік генераторы істен шыққан жағдайда қанша уақыт жұмыс істейтіні) және суық ауа райында көлікті іске қосу қабілеті сыналды. Consumer…
НАСА ғалымдары астероидтің Аймен соқтығысу қаупін жоққа шығарды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұған дейінгі орбиталық есептеулерде 2024 YR4 астероидінің 2032 жылдың 22 желтоқсанында Аймен соқтығысу ықтималдығы 4,3% деп бағаланған еді. Алайда Джеймс Уэбб ғарыш телескопымен жүргізілген соңғы бақылаулар нәтижесінде бұл болжам түбегейлі өзгерді. 18 және 26 ақпанда алынған жаңа деректерді қолдана отырып, НАСА-ның Оңтүстік Калифорниядағы реактивті қозғалыс зертханасы жанындағы Жер маңы нысандарын зерттеу орталығы астероидтің нақты траекториясын қайта есептеді. Жаңартылған ақпаратқа сәйкес, астероид Айдың жанынан шамамен 21 200 шақырым қашықтықта ұшып өтеді. Ғалымдар жаңа есептеулер орбитаның өзгергенін емес, астероид орналасқан нүктенің дәл анықталғанын білдіретінін атап өтті. Бұрынғы есептеулер соңғы бақылаулар енгізілмегендіктен,…
«Мектептегі ҚМЖ-ны (қысқа мерзімді жоспар) толық алып тастау дұрыс шешім емес, бірақ оны міндеттеуге де қарсымын», – дейді белгілі педагог, мектеп директоры Аятжан Ахметжанұлы, деп жазады Ertenmedia.kz. Әріптесі Айманның ҚМЖ-ны мүлдем алып тастау туралы ұсынысы жайында пікір білдірген ол, мәселені жан-жақты қарау керегін айтады. – Жалпы, мен өзім кезінде ҚМЖ жазбайтын мұғалім болдым. Қазір директор ретінде де мұғалімдерден ҚМЖ талап етпеймін. Бірақ соған қарамастан, ҚМЖ-ны толық алып тастауға қарсымын. Неге? Себебі еліміздегі мұғалімдердің біліктілігі әлі де төмен деңгейде. Жақында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы да Қазақстандағы мұғалімдердің жартысынан астамының білімі төмен екенін айтты. Мұны қайдан алынғанын білмеймін, бірақ өз басым 16…










