YouTube видеохостингі платформаға жаңа әрі маңызды функция қосты, бірақ ол көпшілік күткен жаңалық емес сияқты. YouTube-тың жеке хабар алмасу қызметін енгізгені Spotify-дың дәл осыған ұқсас мессенджерін іске қосуымен сабақтас келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Компания бұл мүмкіндікті сынақ ретінде 2025 жылдың қарашасында тек Ирландия мен Польшада шектеулі пайдаланушыға ұсынған болатын. Ал 2026 жылдың 3 наурызынан бастап, функцияны қолдану аясы кеңейіп, Еуропаның 31 елінде қолжетімді болды. Олардың арасында Австрия, Бельгия, Германия, Грекия, Франция мен Италия бар. Алайда жаңа функцияның Америка құрлығы елдеріне қашан келетіні әзірге белгісіз. Тағы бір айта кетерлік жайт, бұл мүмкіндік 18 жастан асқан пайдаланушыларға ғана беріледі. Сондықтан Google-дың жасанды интеллект негізінде…
Автор: Лейла Болтаева
Кейбір адамдар өт қабын алып тастаудың аса қауіпті емес екеніне сенімді. Шынында да, бұл шағын органсыз өмір сүріп жүргендер аз емес, деп жазады Ertenmedia.kz. Бірақ кішкентай өт қабының бүкіл ас қорыту жүйесінің жұмысын реттеуде атқаратын өз міндеті бар. Оның негізгі қызметі бауырдан келетін өт сұйықтығын жинап, оны он екі елі ішекке қажет кезде ғана шығарып отыру. Өт қабында кездесетін ең күрделі мәселелердің бірі оның ішінде құмның («билиарлы сладж») немесе өт тастарының пайда болуы. Бұл тастарды бір пайда болған соң ағзадан шығару қиын. Сондықтан дәрігерлер басты назарды осы жағдайға жеткізбеуге кеңес береді. Медицина ғылымдарының кандидаты Айжан Омарқызының айтуынша, өт қабында тас пайда болуының…
Жұлдыздар 8 наурызда кімге сәттілік сыйлайды, ал кімдерге күтпеген тосын сый дайындап отыр? Бүгінгі жұлдыз жорамалынан өзіңізге керекті жауапты тауып, күніңізді дұрыс жоспарлаңыз, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) Бүгін Тоқты өміріне жаңа леп келеді. Бұрын байқамаған сезімдер мен ерекше көзқарастар пайда болуы мүмкін. Бұл өзгерістер болашақта үлкен әсер қалдырады. Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр) Күніңіз тыныш әрі жағымды өтеді. Сәттілік сіздің жағыңызда, күтпеген қуанышты жаңалықтар болады. Интуицияңызға сеніңіз. Егіздер (21 мамыр – 20 маусым) Күннің басында жиналған эмоцияларыңыз кенеттен сыртқа шығуы мүмкін. Ашуланбауға тырысыңыз, бүгін сабыр сақтағаныңыз жөн. Шаян (21 маусым – 22 шілде) Бүгін Шаяндар үшін…
Ыстық су ішудің денсаулыққа пайдасы туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Біреулер мұны артық салмақтан арылудың ең оңай тәсілі десе, енді біреулер тамақ ауруын емдейді деп сенеді. Осы ретте Ertenmedia.kz тілшілері сарапшылар пікірін ұсынады. Миф № 1. Ыстық су салмақ тастауға көмектеседі Ыстық су ішу арқылы артық салмақтан арылуға болады деген сенім бар. Алайда ғалымдардың зерттеуі бойынша, судың температурасы салмақ жоғалту процесіне тікелей әсер етпейді. Сарапшы Лорен Боллдың айтуынша, кез келген су, оның температурасына қарамастан, денені ылғалдандырып, тәбетті бақылауға көмектеседі. Бұл өз кезегінде тәтті және калориялы сусындарды тұтынуды азайтады. Бірақ майды ерітетін судың температурасы емес, сұйықтықтың өзі. Миф № 2. Ыстық су тамақ…
Қазақстанда жексенбі күні ауа райы тұрақсыз болады. Елдің солтүстік және батыс аймақтарында жауын-шашын күтіледі: жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін. Оңтүстікте тұман түсу ықтимал, деп жазады Ertenmedia.kz. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр. «Қазгидромет» Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және барлық облыстарда дауылды ескерту жариялады. Астана: көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр және қар аралас жауын жауады, боран, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде −2 0 °C, күндіз 0 +2 °C аралығында болады. Алматы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы түнде 0 +2 °C, күндіз +14–16 °C. Шымкент: көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауып, тұман түседі, ауа температурасы түнде +4–6 °C, күндіз +14–16…
Жақында астрономдар Құс жолы глактикасының орталығын ерекше дәлдікпен бейнелейтін таңғажайып суретті ұсынды. Жаңа деректер Чилидегі Атакама шөлінде орналасқан Атакама үлкен миллиметрлік/субмиллиметрлік антенналық телескоптар жиынтығы (ALMA) арқылы алынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Нәтижесінде галактикамыздың орталығында аса үлкен қара құрдымды айнала қозғалып, жұлдыздардың пайда болуына негіз болатын суық газдың күрделі торлары айқын көрінді. Бұл зерттеу жұмысы «ALMA CMZ Exploration Survey» (ACES) жобасы аясында орындалды. Құс жолының Орталық молекулалық аймағы (CMZ) деп аталатын бұл өңір шамамен 650 жарық жылына дейін созылады. Аймақтағы газ бен шаң бұлттары өте тығыз және күрделі құрылымдарға ие. Бұл біздің Жерден анық бақылап, зерттеуге мүмкіндік беретін бірден-бір галактика орталығы. ALMA бақылаулары арқылы…
Авто механик Ербол Тұрғынбай бензин орнына дизель құйылған жағдайда жүргізушілерге бірнеше пайдалы кеңестер берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Автокөлікті іске қоспаңыз Қателік анықталған бойда көлікті оталдыруға болмайды, тіпті жанармай құю бағанасынан алысқа кетпеген жөн. Себебі дизельді отын қозғалтқышқа түссе, ол зақымдалуы мүмкін. Жауапкершілікті АЗС қызметкерлеріне жүктеңіз АЗС басшылығынан эвакуатор шақыртып, автокөлікті қызмет көрсету орталығына жеткізуін талап етіңіз. Жанармай багын тазалау Автосервисте көліктің жанармай багын толық шешіп, тазалап, дұрыс отынмен қайта құю қажет. Қозғалтқыш дұрыс емес отынмен іске қосылса Егер жүргізуші қателікті бірден байқамай, көлікті жүргізе бастаса, бұл одан да күрделі жағдай. Әсіресе, дизель отыны аз мөлшерде құйылып, бензинмен араласса, қозғалтқыш біртіндеп қуатын жоғалтады,…
Әр мереке сайын гүл сыйлау ерекше сезім мен махаббаттың белгісі. Дегенмен, кейбір адамдар олардың тез солып қалатынын айтып, мұндай сыйлықтың мәнін түсінбеуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Бәлкім, осы жағдайда ыдыстағы гүлдер сыйлау жақсы шешім болар еді. Бұл өсімдіктер ұзақ уақыт бойы гүлдеп, сүйіктіңізді, анаңызды немесе әріптесіңізді қуанта алады. Әсем азалиялар Үй жағдайында өсіретін гүлдердің ішінде әсіресе азалия ерекше танымал. Оның гүлдері түрлі түске және пішінге ие, әрі ешқандай иісі жоқ. Азалия көздің жауын алатын, өте әдемі гүл. Ол жылына бір рет гүлдеп, иесін қуантады. Дегенмен, азалия ерекше күтімді қажет етеді. Бұл гүл жоғары температураны ұнатпайды, сондықтан оны үнемі суғарып, ылғалдандырып, топырағын қышқылдандыру…
Электромобильдер Қазақстанда қарқынды дамып келеді, алайда ұзақ сапарға шықпас бұрын арнайы дайындықты талап етеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бірақ электромобильдер дәстүрлі бензинді көліктерге қарағанда әлдеқайда басқаша. Ertenmedia тілшілері Auto сарапшылардың көмегімен алыс сапар алдында электромобиль иелеріне арналған маңызды ұсыныстарды әзірледі. Сапар алдындағы дайындық Авто саласының маманы Рамиль Дәулетгильдиев ұзақ жолға шықпас бұрын жол бойында зарядтау станцияларының бар-жоғын мұқият тексеруге кеңес береді. Бұл үшін арнайы мобильді қосымшалар бар, оларда зарядтау станциялары туралы барлық ақпарат көрсетілген. Мұндай қосымшаларға жанармай құю станциялары да кіреді. Автокөлік сарапшысы Эдуард Эдоков Алматыдан Қарағандыға дейінгі алғашқы сапары туралы бөлісті. Оның айтуынша, электромобильмен ұзақ сапар жасағанда маршрутты алдын ала жоспарлау маңызды.…
Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында Қазақстан Премьер-лигасының І туры аясында «Ақтөбе» мен «Тобыл» футбол клубтарының арасындағы кездесу өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Матчтың ерекшелігі спорттық шараның жастардың ел өміріндегі маңызды саяси бастаманы қолдау акциясымен үйлесімді түрде бірігуі болды. Футбол мерекесі Түркістан жастарының ел патриотизмін көрсеткен әсерлі флешмобымен ашылды. «Жастар VIBE» би тобының орындауындағы «Рух» биі жастардың бірлігін, туған елге деген сүйіспеншілігін ерекше паш етіп, көрермендердің қошеметіне ие болды. Бұдан кейін Түркістан қаласының өнерпаздары сахнаға шығып, патриоттық әндер орындап, стадионға жиналған жанкүйерлердің көңілін көтеріп, кештің мазмұнын байыта түсті. Шара барысында алдағы референдумның саяси және қоғамдық маңызын жастар арасында кеңінен түсіндіру мақсатында сөз алған «Аманат»…










