Автор: Лейла Болтаева

Зеленский

ЕуропаОдақтың қорғаныс және ғарыш мәселелері жөніндегі комиссары Андриус Кубилиус Таяу Шығыстағы зымыран тұтыну қарқыны Батыстың әскери-өнеркәсіптік қуатында күрделі кемшіліктер барын көрсетіп бергенін мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Варшавадан бастап жеті Еуропа елдерінің астанасына зымыран өндірісіне қатысты мәселемен арнайы сапарға шыққан Кубилиус жағдайдың қиын екенін жеткізді. – Үш-ақ күн ішінде Таяу Шығыста Иран зымырандары мен дрондарына қарсы 800-ден астам америкалық зымыран қолданылды. Ал Украина төрт айға созылған қысқы маусымда бар болғаны 700-ге жуық Patriot зымыранын пайдаланды, – деді ол. Бұл жағдай Батыс өндірістік әлеуетінің шынайы жағдайымен сәйкес келмейді. Өйткені Patriot PAC-3 зымыранын шығаратын жалғыз Lockheed Martin компаниясы 2025 жылы бар болғаны 600 дана…

Толық оқу
СІМ

Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстың жалғасуына және бірқатар елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына арнайы үндеу жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрлік өңірдегі әскери шиеленістер толық тоқтап, жағдай толық тұрақтанғанға дейін араб елдеріне бармауды ескертті. Құзырлы орын Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман және Сирия мемлекеттеріне барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады. Сонымен қатар қазіргі уақытта осы елдерде жүрген Қазақстан азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттілігі ескертілді. Қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті биліктің барлық нұсқауларын мұқият орындауға шақырды. Зымыран қаупі туындаған жағдайда тез арада арнайы баспана немесе қорғану орындарына жасырынған…

Толық оқу
дворника машина

Автокөлік маманы Төлегеннің айтуынша, идеалды түрде тазартқыш щеткаларды әр алты ай сайын немесе кем дегенде жылына бір рет ауыстырған дұрыс, деп жазады Ertenmedia.kz. – Ең дұрысы, қыс басталмай тұрып және қыс аяқтала сала ауыстырған жөн. Өйткені аяз, мұз бен жолдағы химиялық реагенттер әйнек тазартқыш резинаны жазғы шаңға қарағанда әлдеқайда тез тоздырады, – деп түсіндіреді сарапшы. Маманның айтуынша шамамен 10-15 мың шақырымнан кейін тазартқыш щеткалардың қызмет ету мерзімі аяқталуы мүмкін. Автокөліктің тұрақ орны да маңызды рөл атқарады. Жабық гараж немесе паркингте тұрған көліктің щеткалары ашық аспан астында тұрған көліктің щеткаларына қарағанда әлдеқайда баяу тозады. Жаңа щеткаларды қалай таңдаймыз? Жаңа әйнек тазартқыштарды сатып алмас…

Толық оқу
Бауыр печень

Бауыр аурулары туралы біз әдетте оң жақ қабырға астындағы ауырсыну мен көздің ақ бөлігінің сарғаюы сияқты белгілер арқылы білеміз. Бірақ бұл белгілер көбінесе тым кеш пайда болады. Ол кезде ағзамыздағы «табиғи сүзгі» бауырды емдеу әлдеқайда қиынға соғады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бір өкініштісі, көптеген адам ұзақ жылдар бойы бауырының қатты зардап шегіп жүргенін білмей өмір сүре береді. Себебі бауыр өте шыдамды орган, ол ұзақ уақыт бойы ешбір белгі бермей-ақ зиянды әсерлерге төзе алады. Сондай-ақ бауыр ауруына шалдыққандардың арасында алкоголь ішпейтіндер де бар. Мысалы, бүгінде кең таралған алкогольді емес майлы бауыр ауруы (НЖБП) көптеген адамға тән. Бауыр ағзамызды зиянды заттар мен токсиндерден тазартумен қатар,…

Толық оқу
Қан тапсыру

Қыс мезгілінен кейін ағзамыз әлсіреп, дәрумендер тапшылығы туындайды. Көктемді сергек әрі сау болып қарсы алу үшін бірқатар талдауларды дер кезінде өткізу маңызды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осы ретте Дәрігер, гастроэнтеролог, гериатр, нутрициолог Балжан Мекебайқызы қыстан кейін ағзаны тексеру үшін ең қажет 5 талдауды атады. D дәрумені (25-OH) Бұл ең маңызды базалық талдаулардың бірі. Қыста күннің сәулесі өте аз, ал бұл дәрумен тек теріде ғана синтезделеді. Оның тапшылығы ағзаның тез шаршауына, бұлшық ет әлсіздігіне, тіс эмалінің бұзылуына, аутоиммундық аурулардың және әйелдер ауруларының өршуіне әкелуі мүмкін. Дәрумен мөлшерін анықтау арқылы дұрыс дозаны белгілеуге болады. Қанның биохимиялық талдауы Қанның клиникалық талдауы, ферритин, трансферрин, жалпы ақуыз…

Толық оқу
Си Цзиньпин

«Эпикалық ашу» операциясы Қытайға жаһандық позициясы әскери қуатқа тікелей тәуелді екенін айқын көрсетті. АҚШ пен Израильдің Иранның ядролық және әскери инфрақұрылымына жасаған соққысы, әсіресе рухани көшбасшы Али Хаменеидің өлтірілуі, Тегеранның шекарасынан асып, Бейжіңнің стратегиялық жоспарын қайта қарауға итермеледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Операция Қытай үшін мүмкіндіктер мен тәуекелдерді қатар тудырғаны анық. Қысқа мерзімде бұл дипломатиялық және пропагандалық тұрғыдан тиімді болуы мүмкін. Орта және ұзақ мерзімде Қытайдың энергетикалық қауіпсіздігіндегі, технологиялық тәуелділігіндегі және геосаяси ұстанымындағы әлсіз тұстарды ашып берді. Вашингтон үшін маңызды мәселе тек Ирандағы соғыс әрекеттерін басқару ғана емес, сонымен қатар бұл оқиғалардың АҚШ пен Қытайдың кеңірек қарама-қайшылығына қалай әсер ететінін түсіну қажет. Энергетика …

Толық оқу
Нетаньяху

Израильде премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың жұбайы Сара Нетаньяхуға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған куәгерлерді қорқыту және күйеуіне қатысты жемқорлық ісі бойынша тергеу жұмысына кедергі келтірді деген айып тағылып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Израиль мемлекеттік прокуратурасы Сара Нетаньяхуға қарсы ресми тергеу басталғанын растады. Істі Израиль полициясы мен прокуратураның киберқылмысқа қарсы бөлімінің қызметкерлері жүргізіп жатыр. Бұл туралы Times of Israel басылымы хабарлады. Тергеу деректеріне сәйкес, Сара Нетаньяху күйеуіне қатысты істе негізгі куәгерлердің біріне қысым көрсету үшін арнайы кампания ұйымдастырған болуы мүмкін. Атап айтқанда, журналистік зерттеу барысында оның Нетаньяхудың бұрынғы көмекшілерінің біріне Хадас Кляйнге қарсы наразылық акцияларын және әлеуметтік желілерде онлайн-науқан жүргізуді ұйымдастыруды тапсырғаны айтылған. Хадас…

Толық оқу
студент ойын ойнау

Төрт күн ұйықтамай ойын ойнаған студентда колледж студенті төрт күн бойы тоқтаусыз видеоойын ойнап, ұйықтамаған соң қайтыс болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Тайваньдағы жансақтау бөлімінде жұмыс істейтін медбике Лин Тинг өзінің күнделікті өмірі мен кәсіби тәжірибесінен алынған оқиғаларды жиі бөліседі. Бұл жолы ол студенттің соңғы қысқы демалыстан кейін басынан өткен қайғылы оқиғаны айтып берді. – Демалыстан кейін ол төрт күн, үш түн бойы демалмастан, ұйықтамастан ойын ойнаған. Қандай ойын соншалықты қызық болуы мүмкін? Анасының кеңесін де тыңдамаған ғой, – дейді медбике Лин. Бір күні түнде студент дәретханаға барған кезде, отбасы кенеттен оның айғайлаған дауысын естіген. Әйелдің айтуынша, студент есінен танып, көздері жоғары қарай…

Толық оқу
Анар

Анар ерекше дәмімен ғана емес, ағзаға пайдалы қасиеттерімен де танымал жеміс. Оның шырыны ерте заманнан бері денсаулық пен жастықты сақтаудың тиімді құралы ретінде қолданылып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Анар шырынын күнделікті ішу қаншалықты қауіпсіз және оның ғажайып емдік қасиеттері асыра бағаланған емес пе? Анар шырынының пайдалы екені рас, бірақ ол кейбір дереккөздерде айтылғандай «барлық ауруға қарсы шипа» емес. Мамандардың айтуынша, анар шырынын қолдану емнің дәстүрлі әдістері мен дәрі-дәрмектердің орнын толық алмастыра алмайды. Анар шырыны ағзаны нығайту үшін пайдалы болғанымен, оны тұтынарда денсаулығыңыздың ерекшеліктерін ескеріп, алдын ала дәрігермен кеңескен жөн. Әсіресе асқазанның қышқылдығы жоғары, асқазан жарасы немесе аллергияға бейімділігі бар адамдар абай болуы…

Толық оқу
Робот

Қытай ғарышты игеруде жаңа биік белеске қадам басты. Іргедегі көршіміз Айдағы пайдалы қазбаларды өндіру үшін арнайы робот жасап шығарды. Айдың құпиясын ашуға бағытталған ерекше роботтың басты ерекшелігі – оның аяқтары мен дөңгелектері қатар жұмыс істейді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл қытайлық робот «жәндікке» ұқсайды: алты аяқты, тырнақ тәрізді аяқтары ай бетіне берік бекініп, кез келген жағдайда тиімді қозғалуға мүмкіндік береді. Қытай инженерлері бұл жаңа құрылғының көмегімен болашақта Айдың қиын жерлерінде еркін жүріп-тұруға болатынын айтып отыр. – Бұл робот Айдағы пайдалы қазбаларды зерттеуге және өндіруге арналған, — дейді жоба жетекшісі профессор Лю Синьхуа. – Біздің негізгі мақсатымыз ай бетінде ұзақ уақыт жұмыс істей алатын…

Толық оқу