Автор: Лейла Болтаева

ауа райы саябақ

26 мамыр, сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі, ал оңтүстікте және солтүстіктің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +13…+15 градус, күндіз +27…+29 градус жылы болады. Алматыда да жауын-шашын күтілмейді. Түнде +11…+13, күндіз +25…+27 градус. Қонаевта түнде +10…+12, күндіз +28…+30 градусқа дейін жылынады. Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +14…+16, күндіз +27…+29 градус. Таразда да жаңбыр мен найзағай күтіледі, күндіз +28…+30 градус болады. Түркістанда жауын-шашынсыз, түнде +16…+18, күндіз +30…+32 градус. Батыс өңірлерде де күн ыстық болады. Ақтауда күндіз +21…+23 градус, жел екпіні 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін.…

Толық оқу
ұйқы

Ішпен жатып ұйықтау миға жиналған метаболизм қалдықтарын шығаруға қолайлы қалып болуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалымдар ұйқы кезінде мида ерекше биологиялық процесс жүретінін айтады. Адам күндіз сергек жүргенде ми белсенді жұмыс істеп, түрлі ақуыз қалдықтары мен метаболизм өнімдері жиналады. Түнде ағза демалған кезде ми осы “қалдықтарды” тазартуға кіріседі. Осы үдеріс глимфатикалық жүйе арқылы жүреді. Зерттеу барысында ғалымдар тышқандардың ұйқы кезіндегі үш қалпын салыстырған: қырынан жату, шалқасынан жату және етпетінен жату. Нәтижесінде ми-жұлын сұйықтығының айналымы қырынан жатқан кезде тиімдірек жүргені байқалған. Яғни мида жиналған зиянды ақуыздар мен қалдықтардың шығарылуы осы қалыпта жақсырақ іске асуы мүмкін. Зерттеу авторларының бірі, профессор Майкен Недергаард…

Толық оқу
Электромобиль

Электромобиль көліктердегі электрлі есік тұтқалары апат кезінде жолаушыны көлік ішінде қамап қоюы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұндай тұтқалар кәдімгі механикалық ысырма арқылы емес, электр қуатымен жұмыс істейді. Кей модельдерде, әсіресе Tesla көліктерінде, тұтқа есік панеліне толық кіріктірілген немесе батырма арқылы ашылады. Сырттай әдемі, аэродинамикаға тиімді көрінгенімен, қуат өшкен сәтте есікті ашу қиындық тудыруы мүмкін. Bloomberg дерегінше, 2018 жылдан бері Tesla есіктерінің істен шығуына байланысты 140-тан астам оқиға тіркелген. Электронды тұтқаларға қатысты 15 адам өлімі айтылып отыр. 2019 жылы Tesla-ға қарсы сотқа талап та берілген. Онда жүргізуші өртеніп жатқан көлік ішінде есік ашылмағандықтан қаза тапқаны көрсетілген. Осы себепті Қытай жылжымалы және…

Толық оқу
Иран Америка

АҚШ пен Иран Таяу Шығыстағы соғысты тоқтатуға қатысты ықтимал келісім бойынша ілгерілеу барын мойындағанымен, тараптар жылдам мәміле жасалады деген үмітті бәсеңдетіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен жасалатын келісім «өте үлкен әрі маңызды» болады немесе мүлде болмайды деп мәлімдеді. Ал Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Бакаи Вашингтонмен келіссөздерде белгілі бір прогресс барын айтқанымен, түпкілікті келісімге әлі қол жетпегенін жеткізді. Қазіргі келіссөздегі ең күрделі түйіндердің бірі Иранның ядролық бағдарламасы. Тегеран тарапы ядролық мәселе бастапқы келісімнің негізгі бөлігі емес, кейін бөлек талқыланатын тақырып екенін алға тартады. Иран ақпарат құралдары да Тегеран ядролық қорды беру, жабдықтарды бөлшектеу немесе нысандарды…

Толық оқу

Үйге күн панелін орнатқысы келетіндер үшін 20 пайыз ережесі маңызды бағдар саналады. Бұл ереженің мәні қарапайым, күн электр жүйесі үйдің орташа айлық тұтынуынан шамамен 20 пайыз артық энергия өндіре алатындай есептелуі керек, деп жазады Ertenmedia.kz. Мысалы, бір отбасы айына орта есеппен 1000 кВт/сағ электр энергиясын тұтынса, күн станциясының қуаты кемінде 1200 кВт/сағ өндіруге лайықталғаны дұрыс. Қосымша 200 кВт/сағ ауа райының құбылуы, қысқы қысқа күндер, бұлтты кезеңдер немесе тұтынудың күтпеген өсуі кезінде қорғаныс қоры қызметін атқарады. Күн энергиясы тұрақты әрі бірқалыпты өндірілетін ресурсқа жатпайды. Қыста күн қысқарады, кей аймақта бұлт жиілейді, панельдердің өнімділігі төмендейді. Жаз тым ыстық болса, кондиционер көп қосылады.…

Толық оқу
Астана

Астанада мектеп салу және балаларға жайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қалада бірқатар мектеп пен оқушылар сарайының құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылы ішінде тағы 12 оқу орнын ашу жоспарланған. Соңғы жылдары елордада 44 мектеп салынды. Осы шаралар қолданыстағы білім ошақтарына түсетін жүктемені азайтып, қосымша оқушы орындарын ашуға мүмкіндік берді. Әсіресе әлеуметтік инфрақұрылымға сұраныс жоғары аудандарға басымдық беріліп отыр. Қала халқының жыл сайын артуы мектеп, балабақша, қосымша білім беру орталықтары сияқты нысандарға қажеттілікті күшейтті. Сондықтан білім беру инфрақұрылымын кеңейту елорда дамуының маңызды бағытына айналды. Қазір 2027 жылға арналған дайындық жұмыстары да басталған.…

Толық оқу
жиын

Түркістан қаласындағы «Достық» үйінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылданғанына 5 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Түркістан облыстық сотының судьялары, мамандандырылған әкімшілік сот өкілдері, прокуратура және құқық қорғау органдарының мамандары, адвокаттар, жеке сот орындаушылар, өңірлік департаменттер мен басқарма басшылары, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді Түркістан облыстық сотының төрағасы Асламбек Сұлтанов ашып, әкімшілік әділет институтының құқықтық жүйені жетілдірудегі маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдануы мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы құқықтық тепе-теңдікті нығайтуға мүмкіндік берді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысушыларды кодекстің қабылданғанына 5 жыл толуымен құттықтап, заңның…

Толық оқу
зейнетақы 2026

2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің табыстылығы 0,00 пайыз деңгейінде тіркелді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мұны ұлттық валютаның айтарлықтай нығаюымен түсіндірді. 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 25,57 трлн теңгеден асты. Ал жыл басынан бері қазақстандықтардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс 2,78 млрд теңге ғана болды. Қор көлемімен салыстырғанда бұл көрсеткіш нөлдік табыстылық ретінде көрініп отыр. БЖЗҚ мәліметінше, мұндай жағдай уақытша сипатқа ие. Негізгі себеп – шетел валютасындағы активтердің теңгемен қайта бағалануы. 2026 жылдың басынан бері теңге долларға шаққанда 8,43 пайызға нығайды: доллар бағамы 505,53 теңгеден 462,91…

Толық оқу
Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдап, елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы есебін тыңдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысына биылғы төрт айда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 588 млрд теңгеге жеткені баяндалды. Бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,1 пайызға жоғары. Инвестициялық жобалар өңдеу өнеркәсібі, білім беру, медицина, көлік, сауда және логистика салаларын қамтып отыр. Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT қозғалысы толық іске қосылғанын және жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру мәселесі пысықталып жатқанын айтты. Бұл бағыт қаладағы қоғамдық көлік жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, көлік жүктемесін азайтуға ықпал етуі тиіс. Білім беру инфрақұрылымы да кеңейіп келеді. Соңғы жылдары Астанада…

Толық оқу
сиырлар

Қазақстан халықаралық деңгейде мойындалған эпизоотиялық қолайлылық жүйесін жүйелі түрде нығайтып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Елде ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және оларды бақылау бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкімет жүзеге асырып отырған жүйелі шаралар мен ветеринариялық қызметті жаңғырту нәтижесінде Қазақстан бірқатар маңызды халықаралық мәртебесін қайта қалпына келтіріп, агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық мүмкіндігін кеңейте бастады. 2025 жылы еліміздің оңтүстік-шығыс өңірлерінде аусыл ауруы бойынша қауіпсіз мәртебені қалпына келтіру бағытында кешенді жұмыс атқарылды. Сонымен қатар жоғары патогенді құс тұмауы, африкалық шошқа обасы, классикалық шошқа обасы және африкалық жылқы обасы бойынша қауіпсіз ел мәртебесін халықаралық деңгейде мойындатуға басымдық берілді. Аталған жұмыстардың…

Толық оқу