Автор: Лейла Болтаева

Трамп Вэнс–Рубио тандемі

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің саяси мұрасын жалғастыруға лайықты кандидат туралы кеңесшілерімен ақылдасып жатыр. Қазіргі таңда ол вице-президент Джей Ди Вэнс пен мемлекеттік хатшы Марко Рубионың кандидатураларын қарастыруда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Басылымның дерегінше, Трамп бұл екі саясаткердің арасындағы ықтимал тандем туралы жиі ойланып, кеңесшілерінен пікір сұрай бастаған. – Президенттің 2028 жылға арманы Вэнс–Рубио тандемі, әрі бұл ретте Вэнс көшбасшы болуы тиіс. Бірақ Трамп Рубио–Вэнс тандеміне де қарсы емес, – дейді президенттің есімін атамаған кеңесшісі. Порталдың мәліметінше, Джей Ди Вэнстің президенттік кампаниясын жүргізуге қабілетті саяси кеңесшілер тобы бар. Ал Марко Рубионың әзірге мұндай инфрақұрылымы жоқ, дегенмен ол Вэнстің кандидатурасын қолдайтынын айтқан.…

Толық оқу
жұлдыз жорамал гороскоп

24 ақпан күнгі астрологиялық болжам мен күннің негізгі ұсыныстарын шетелдік астрологтар ұсынады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Mystic Meg болжамына сәйкес, 24 ақпан  шешілмеген мәселелерге қайта оралу мен ашық әңгімелесуді талап ететін күн. Бүгінгі күн қатынастарды, мақсаттар мен жеке шекараларды қайта бағалауға итермелейді. «Бұл – күрт шешім қабылдайтын емес, өмір бағытын сабырмен түзететін уақыт. Табысқа икемділік пен байсалды сенім арқылы жетесіз», – дейді астрологтар. Овен Бүгін дипломатиялық тәсіл маңызды. Отбасыңызда немесе жұмыста шиеленістер болуы мүмкін, жағдайды жұмсақ, сабырлы мінезбен шешкен жөн. Торпақ Бұрынғы шешілмеген мәселе немесе ұсыныс қайта пайда болуы ықтимал. Бұл – жіберілген мүмкіндікті қалпына келтіруге қолайлы сәт. Егіздер Интуицияңыз ерекше…

Толық оқу
қыс пен көктем суық пен жылу

Қазақстанда 24 ақпан күні ел аумағында ауа райы күрт өзгеріп, бірнеше өңірде күн суытады деп болжануда. Осыған орай, синоптиктер ұсынған еліміздің өңірлеріндегі ауа райы туралы толық ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астана: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13 градус аяз, күндіз 0 градус шамасында. Алматы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел жылдамдығы 2-7 м/с. Температура түнде 0-2 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы. Шымкент: көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күннің екінші жартысында қатты жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 11-13…

Толық оқу
Ақтау қаласы

Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде жаңа Конституцияны қолдау мақсатында өткен форумға 4000-ға жуық адам қатысты. Ірі іс-шараға қоғам белсенділері, облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер мүшелері, өңір жастары және тұрғындар жиналды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Форумның басты хедлайнері халықтың сүйікті тобы «МузАРТ». Танымал өнер иелері патриоттық әндерімен залда ерекше рухани атмосфера қалыптастырып, көрермендердің көңілін көтерді. Конституциялық реформалар, азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық даму мәселелері көтерілген жиында Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Жаңбырбай Матаев сөз сөйледі. – Жастар елдің қозғаушы күші әрі стратегиялық ресурсы. Болашақта қуатты, әділетті әрі өркендеген Қазақстанды құру – сіздердің қолдарыңызда. Конституциялық реформалар азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін…

Толық оқу
скотч зауыт

Түркістан облысының орталығында «QazEcoPack» ЖШС-ның полиэтилен қаптамалары мен скотч шығаратын өндіріс орны ашылды. Зауыттың ресми ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, зауыт ұжымын құттықтады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Алдымен баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бүгін біз осы бағыттағы игі бастаманың куәсі болып отырмыз. «TURAN» арнайы экономикалық аймағында іске қосылған жаңа өндіріс орны өңіріміз үшін өте маңызды. Бұл кәсіпорынның ашылуы Түркістан облысының экономикалық дамуына, импортты алмастыруға және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға зор үлес қосады. Жобаны іске…

Толық оқу
ауа райы жол қар

Синоптиктер 23 ақпанда Қазақстанның солтүстік-батысында ауа температурасының күрт төмендеп, 25-37 градус аязға дейін жететінін, кейінірек суық солтүстік, шығыс және орталық аймақтарға тарайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астана қаласында түнде және күндіз -15…-17 градус, кей жерлерде қар, бұрқасын, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан соғып, 9-14 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматыда түнде -1…+1 градус, күндіз +9…+11 градус жылы. Күн бұлтты, таңертең тұман, күндіз жаңбыр жауады. Шымкентте түнде 0…+2 градус, күндіз +10…+12 градус жылы, жауын-шашынсыз, тұман түседі. Ақмола облысында түнде және күндіз -15…-20 градус, қар жауып, бұрқасын соғады. Көкшетауда ауа температурасы түнде -16…-18 градус, күндіз де осындай суық сақталады. Алматы облысында түнде 0…-8 градус, күндіз +5…+10…

Толық оқу
балалар

№1 қалалық көпсалалы балалар ауруханасында Қазақстан Республикасының жаңа Конституции жобасы талқыланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аталған медициналық мекемеге жұмыс сапарымен AMANAT партиясының мүшелері қатысты. Арасында №1-2 ауруханалардың директорлары Гүлнәр Күлушева мен Ербол Сәрсенбаев келді. Спикерлер аурухана ұжымымен кездесу өткізіп, Конституция жобасында ұсынылған негізгі өзгерістер мен бастамаларды түсіндірді. Сонымен қатар Конституцияның елдің құқықтық жүйесінің іргетасы екендігі және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы басты бағыттарын анықтайтыны атап өтілді. Жиын барысында әлеуметтік саясат, азаматтардың денсаулық сақтау құқығын қорғау және сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Медициналық қызметкерлер талқылауға белсенді қатысып, мамандардың әлеуметтік қорғалуы, еңбек жағдайларын жақсарту…

Толық оқу
Жиналыс

Астанада «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сараптамалық алаң өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараға Парламент депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар, академиялық және сарапшылар қауымдастығы, азаматтық қоғам өкілдері қатысты. ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты бірлесіп ұйымдастырған жиында Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланып, оның саяси, құқықтық және институционалдық салдары қаралды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин іс-шараны аша отырып, Конституцияны тек заңдық құжат емес, қоғамның өзара келісімі деп бағалады. Оның пікірінше, жаңа Конституция қоғамдық сұраныстар мен үміттерді нақты көрсетіп, ақылға қонымды әрі парасатты саясат жүргізуге мүмкіндік береді. Кеңесші жаңа Конституция ел дамуының негізгі…

Толық оқу
піл

Пілдің өміріндегі барлық негізгі әрекеттер қоршаған ортамен және өзге пілдермен байланысу, тамақтану, су ішу – бәрі де тұмсығы арқылы жүзеге асады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалымдар жуырда пілдің тұмсығында орналасқан шамамен 1000-ға жуық мұртшаның (вибриссалардың) осы процестер үшін аса маңызды екенін анықтады. Жаңа зерттеулер жер бетіндегі ең ірі жануарға тиесілі бұл мұртшалардың өзге сүтқоректілерден ерекше екенін көрсетті. Мысалы, тышқандар мен егеуқұйрықтар мұртшасынан айырмашылығы пілдің мұртшаларында қуыс камералар бар. Сондай-ақ әрбір мұртшаның бойында қаттылық деңгейі әртүрлі келеді екен. Ғалымдардың айтуынша, дәл осы ерекшеліктер пілдерге қалың терісі мен нашарлау көру қабілетіне қарамастан, қоршаған ортадағы заттарды айқын сезіп, бағдар алуға мүмкіндік береді. Зерттеудің нәтижелері пілдердің мұртшалары…

Толық оқу
Референдум Жұлдыздар

Республикалық референдум елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформалардың шешуші кезеңі. Бәріміздің ортақ болашағымызға қатысты шешім қабылданатын сын сағатта дауыс беруден шет қалмау әрбір қазақстандық үшін маңызды борыш, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осы орайда, қоғам өміріндегі айтулы өзгерістерге қатысты түрлі саланың өкілдері өз пікірлерін білдіріп жатыр. Олардың ішінде өнер майталмандары мен спортшылар, шығармашылық иелері де бар. Белгілі эстрада жұлдызы Ұлықпан Жолдасов әлеуметтік желіде Конституциялық реформа туралы ойын білдіре келе, бұның еліміздің дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай, мәдениет пен өнер саласының еркін өркендеуіне де мүмкіндік ашатынын жазды. – Мәдениет ұлттың рухани тірегі. Сондықтан ұлттық құндылықтарды сақтап, заманауи шығармашылықпен ұштастыру ортақ міндетіміз, – деді әнші.…

Толық оқу