Күн электр станциялары дұрыс жерге салынып, алдын ала мұқият жоспарланса, олар қазба отынға тәуелділікті азайтып қана қоймай, өсімдік пен жануарлар әлемінің қайта жандануына да ықпал етуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Көп адам күн электр станциясын орман кесу, үлкен жер телімін қоршау және табиғи ортаға араласу ретінде қабылдайды. Мұндай қауіп жоқ емес. Әсіресе биоалуантүрлілігі сақталған, орманы қалың, табиғи экожүйесі бұзылмаған жерге күн панельдерін орнату дұрыс шешім бола алмайды. Ғалымдар да осыны ескертеді. Сау табиғи аумақты құрбан етіп, орнына күн станциясын салу экология тұрғысынан ұтымды қадам емес. Алайда жағдай басқаша болуы мүмкін. Егер күн электр станциялары бұрыннан тозған, құнары азайған, ауыл шаруашылығында…
Автор: Лейла Болтаева
Ақтөбеде құны 100 млн АҚШ долларын құрайтын Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі зауытының құрылысы басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағында өткен салтанатты рәсімде жаңа өндірістік жобаның іргетасы қаланды. Жоба Ақтөбе облысы әкімдігі мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен, қытайлық Beijing Jinyi Yuanfang Holding Group инвестициясы және «Phoenix Industrial Group» ЖШС серіктестігі аясында жүзеге асырылады. Іс-шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов, Қытайдың Ақтөбедегі бас консулы Го Юй, Jin Yi Yuan Fang Holding Group бас кеңесшісі Фэнг Сонг, Guda Wire and Cable компаниясының атқарушы президенті Ли Хаодие, мемлекеттік орган, бизнес қауымдастық…
Алматыда 2026 жылғы 1 мамырдан бастап жылу мен ыстық су тарифі өсті. Жаңа тарифтер Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің бұйрығымен бекітілген. Өзгеріс «Алматы жылу жүйесі» ЖШС көрсететін қызметтерге қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Қарапайым тұтынушылар үшін жылу тарифі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 7 503,35 теңгеден 7 878,51 теңгеге дейін көтерілді. Бұл шамамен 5 пайыздық өсім. Жылу есептегіші жоқ үйлердің тұрғындары қымбатшылықты көбірек сезінуі мүмкін. Мұндай үйлер үшін тариф 9 004,01 теңгеден 9 454,21 теңгеге дейін өсті. Ал ортақ жылу есептегіші бар үйлерде тариф 7 364,88 теңгеден 7 733,12 теңгеге дейін көтерілді. Ыстық су да қымбаттады. Орталықтандырылған ыстық су…
Алматыда қолданылғанына 40 жылдан асқан жылу құбырлары толық жаңартылады, деп жазады Ertenmedia.kz. «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қаладағы жылумен жабдықтау жүйесін жақсартуға бағытталған ірі жоба қолға алынды. Жоба бойынша ЖЭО-2-ден Батыс жылу кешеніне дейінгі жылу магистралінің ескірген құбырлары жаңасына ауыстырылып, толық реконструкциядан өтеді. Жобаның жалпы құны шамамен 54 млрд теңгені құрайды. Жаңғырту жұмыстарын «Алматы электр станциялары» АҚ жүзеге асырады. ЖЭО-2 – Батыс жылу кешені жылу магистралі Алматының орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағына жылу жүктемесін жеткізетін маңызды инфрақұрылым саналады. Аталған желі ЖЭО-2-ден Батыс жылу кешеніне қосымша су жіберіп, қаланың жылу жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне ықпал етеді. Қазіргі құбырлардың пайдалану…
АҚШ билігі грин-карта, яғни тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініш беру тәртібін қатаңдатты, деп жазады Ertenmedia.kz. Енді шетелдік азаматтар грин-картаға өтінішті АҚШ аумағында жүріп емес, елден тыс жерде ғана тапсыра алады. Мұндай өзгеріс туралы АҚШ Азаматтық және көші-қон қызметі ресми мәлімдеді. Жаңа талапқа сәйкес, қазіргі уақытта АҚШ-та уақытша жүрген шетел азаматтары тұрақты тұруға рұқсат рәсімдеу үшін өз еліне оралуы керек. Яғни туристік, студенттік немесе уақытша жұмыс визасымен барған адамдар АҚШ аумағында жүріп грин-карта процесін бастай алмайды. USCIS өкілдері бұл шешім заңсыз көші-қонды азайтуға бағытталғанын айтып отыр. Ведомствоның баспасөз хатшысы Зак Калердің сөзінше, шетел азаматтары өтінішті өз елінен берсе, АҚШ-та заңсыз қалып…
Құрбан айт қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қалалық жерде құрбан шалудың мәдениеті мен тәртібін түсіндірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл Құрбан айт 27 мамырда басталады. Ұлық мереке қарсаңында Діни басқарма құрбандық шалу кезінде тазалық, қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп талаптарын сақтау аса маңызды екенін еске салды. ҚМДБ мәліметінше, құрбандық малы тек арнайы белгіленген орындарда шалынуы керек. Жыл сайын мереке алдында өңірлерде жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, құрбан шалуға арналған орындар анықталады. Мұндай жерлерде санитарлық талаптар сақталып, ветеринарлық бақылау жүргізіледі және қалдықтарды жою жүйесі алдын ала ұйымдастырылады. Ал көпқабатты үйлердің ауласында, көшеде немесе арнайы бейімделмеген жерде мал сою қоғам талабына да, ислам әдебіне де қайшы.…
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жер қойнауын басқару саласында мемлекеттік бақылауды күшейту қажет деп есептейді, деп жазады Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, Қазақстан жылдар бойы жер қойнауы саласында «инвестиция тарту», «халықаралық стандарт» деген ұғымдарды алға тартып, стратегиялық ресурстарға мемлекеттік бақылаудың әлсіреуіне жол беріп келді. Оның пікірінше, бұл мәселе енді тек экономикалық өлшеммен қаралатын тақырып емес, ұлттық мүддеге тікелей қатысты стратегиялық бағытқа айналып отыр. Еділ Жаңбыршин мемлекеттік сараптаманың жойылып, оның орнына «құзыретті тұлғалар» институтының енгізілгеніне назар аударды. Депутаттың сөзінше, мұндай жағдайда ел байлығының есебін жер қойнауын игерушілермен мүдделес болуы мүмкін жеке сарапшылар анықтайтын жүйе қалыптасты. Оның ойынша, сирек және стратегиялық металдардың нақты есебі әлі…
Құрбан айт қарсаңында Қазақстанда құрбандыққа шалынатын мал бағасы айтарлықтай өсті, деп жазады Ertenmedia.kz. 2026 жылы мал басы көбейгеніне қарамастан, нарықтағы баға төмендеген жоқ. Наурыз айының соңындағы дерек бойынша, елімізде ірі қара саны 9,2 млн басқа жеткен. Бұл былтырғыдан 2,9 пайызға көп. Қой саны 21,1 млн бастан асып, 2,3 пайызға артты. Жылқы 7,1 пайызға, түйе 2 пайызға көбейген. Соған қарамастан, мал базарындағы баға халық қалтасына салмақ түсіріп отыр. Орта есеппен сиыр бағасы 489,3 мың теңгеге, бұқа 526,7 мың теңгеге, жылқы 581,3 мың теңгеге жеткен. Қойдың орташа бағасы 77,2 мың теңге болса, қошқар 86,3 мың теңгеге дейін қымбаттаған. Ең қымбат мал түйе.…
Астанада электр энергиясының тарифін көтеру мәселесі қаралып жатыр. Елордада «Астана-РЭК» компаниясының жаңа тариф бекіту туралы өтінімі бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Компания басқарма төрағасы Руслан Абжановтың айтуынша, шекті бағаны қосылған құн салығынсыз 1 киловатт-сағат үшін 31,18 теңгеден 35,07 теңгеге дейін көтеру ұсынылған, деп жазады Ertenmedia.kz. Өсім 12,5 пайызды құрайды. Жаңа тарифтер мақұлданса, 2026 жылғы 5 маусымнан бастап күшіне енуі мүмкін. Алайда тариф әлі бекітілген жоқ. Астана қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің мәліметінше, өтінім бір айға жуық қаралуы мүмкін. «Астана-РЭК» тарифті көтеру қажеттігін электр энергиясын сатып алу және тасымалдау шығындарының өсуімен, KEGOC тарифтерінің қымбаттауымен, баланс нарығы мен қуат нарығындағы шығыстармен…
Алматыда «Алматы жастары» жеңілдетілген ипотека бағдарламасына өтінім қабылдау 2026 жылғы 1 маусымда басталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бағдарлама бойынша ең жоғары несие сомасы 20 млн теңгеге дейін беріледі. Жылдық мөлшерлеме – 5 пайыз. Бастапқы жарна кемінде 10 пайыз болуы керек. Несие мерзімі 25 жылға дейін қарастырылған. Бағдарламаға қатысу үшін бастапқы жарна Отбасы банктегі депозитте тұруы қажет. Өтінім берген кезде банктен алынған үзіндіні PDF форматында тіркеу керек. «Алматы жастары» бағдарламасы 35 жасқа дейінгі азаматтарға арналған. Қатысушы Алматыдағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда ресми жұмыс істеуі тиіс. Бағдарлама денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, журналистика, әлеуметтік сала, құқық…









