Премьер Олжас Бектенов «С5+1» форматы аясында Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға дипломатиялық корпус өкілдері, оның ішінде АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Джули М. Стаффт, халықаралық компаниялар мен іскер топтардың басшылары, сондай-ақ қазақстандық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты. Премьер-министр өз сөзінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның маңызына тоқталды. – Қазақстан қазіргі таңда маңызды саяси кезеңнен өтуде. Алдағы 15 наурыз күні өтетін жалпыұлттық референдумда азаматтар жаңа Конституцияның жобасын дауысқа салады. Жаңа Конституция – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті әрі Қуатты Қазақстан құру…
Автор: Лейла Болтаева
Ғалымдар ұйқы сапасын арттырудың оңай әрі табиғи жолын тапты, деп жазады Ertenmedia.kz. Шетелдік зерттеушілер ұйқысыздықтан құтылып, ұйқыны ұзартуға магний мен түймедақ гүлінен алынатын апигенин флавоноидын бірге қолдану жақсы көмектесетінін анықтады. Ғылыми сынақтың нәтижелері Food & Function журналында жарияланды. Тышқандарға жүргізілген эксперимент магний мен апигениннің қосындысы ұйқы ұзақтығын 44%-ға арттырғанын көрсетті. Қанында кофеин болған жануарларда бұл көрсеткіш 32%-ға, ал жасанды ұйқысыздық кезінде 37%-ға жақсарған. Ғалымдардың айтуынша, бұл екі затты бірге қолданғанда, олардың тиімділігі бөлек-бөлек қолданудан әлдеқайда жоғары. Зерттеу барысында магний мен апигениннің бірігуі қан мен гипоталамуста қабыну процестерін тудыратын цитокиндердің деңгейін төмендеткен. Гипоталамус мида ұйқы циклін реттейтін маңызды бөлік. Зерттеушілер бұл…
21 ақпан күні эмоционалды сезімталдық артып, әрекет етуге деген ұмтылыс күшейеді. Алайда жұлдыздар ескертеді. Жағымсыз эмоцияларға еріп, қателік жібермеу үшін өте сақ болу қажет, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір) Бүгін Тоқтылардың күш-қуаты тасиды, бірақ ішкі мазасыздық басым болады. Тез шешім қабылдауға асықпаңыз, маңызды нәрселер назардан тыс қалуы мүмкін. Қаржылық мәселеде сабыр сақтаңыз, асығыс қадам жасамаңыз. Торпақ (21 сәуір – 20 мамыр) Бұл күн – жоспарларыңызға қайта үңіліп, өзгеріс енгізуге қолайлы уақыт. Бұрынғы жұмыс тәсілдері нәтиже бермеуі мүмкін, сондықтан жаңа жобаларға кіріспей, қолға алған істерді аяқтаған дұрыс. Егіздер (21 мамыр – 20 маусым) Ақпаратқа мұқият болыңыз. Әрбір…
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 21 ақпан күні дауылды ескерту жарияланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлытау облысында түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауып, боран, көктайғақ болады. Солтүстік пен шығыста жауын-шашын қатты жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге, шығыс пен оңтүстікте кейде 23 м/с-қа дейін жетеді. Жезқазғанда түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Қарағанды облысының батысында түнде қар жауып, боран болады. Солтүстігі мен шығысында қар қалың түседі, күндіз де боран мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып, екпіні кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Қарағандыда күндіз қар жауып, боран соғады. Маңғыстау облысының…
Еліміздегі ең ірі университеттің оқытушылары мен студенттері референдум өткізу идеясын бірауыздан қолдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстандағы Конституциялық реформа: мемлекет институттары мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының құқықтық негіздері» атты дөңгелек үстел өтті. Талқылауға Парламент Мәжілісінің депутаттары, прокуратура органдарының өкілдері, заңгер ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Кездесуді ашқан ҚазҰУ Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев университет әрқашан маңызды қоғамдық-саяси мәселелер талқыланатын зияткерлік алаң болғанын атап өтті. Оның айтуынша, конституциялық жаңғырту саяси жүйені сапалы жаңартуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға жаңа серпін береді. – Тәуелсіздік тарихымызда алғаш рет Конституция жобасы бүкіл қоғамның белсенді қатысуымен талқыланып жатыр. Қазақстандықтар 10 мыңнан астам…
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Елнұр Ахметов журналистермен кездесіп, ұлттық парктің соңғы жылдардағы жұмысы, жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, ұлттық парк 1996 жылы 164 мың гектар жермен құрылған болса, бүгінде ерекше қорғалатын аумақ көлемі 200 мың гектардан асқан. Мұны мемлекеттің табиғатты қорғау және табиғи мұраны сақтау бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі десе болады. – Соңғы отыз жылда ұлттық парк аумағында 5 миллионнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. Орманды қалпына келтіру және экожүйелердің тұрақтылығын сақтау жұмыстары одан әрі жалғасады, – деді Елнұр Ахметов. Журналистер ұлттық парктегі өрт қауіпсіздігі жөнінде сұрады. – Биыл өрт қауіпсіздігі…
Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи 36 жыл билігі кезіндегі ең күрделі кезеңмен бетпе-бет келіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде аймақтағы әскери шиеленіс күшейіп, ел ішінде санкциядан шаршаған халықтың наразылығы артып келеді. Қаңтарда мыңдаған адамның өмірін қиған ірі наразылықтар күшпен басылған еді. Былтыр Израиль мен АҚШ соққылары Иранның стратегиялық маңызы бар ядролық және зымыран нысандарына ауыр залал келтірді. Бұған қоса, Иранның өңірдегі одақтастары мен жақтастары да әлсіреді. Хаменеидің АҚШ-пен қауіпті ойыны АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қайтадан соққы беру туралы қоқан-лоқысы Хаменеидің жағдайын одан әрі күрделендіре түсті. Әсіресе, былтыр маусымда болған шабуыл кезінде жақын серіктестері мен революциялық гвардия қолбасшылары қаза…
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымы экономика және сауда министрлерінің 14-ші кездесуі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында Түркі елдері арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды нығайту мен өзара ықпалдастықты тереңдетуге бағытталған нақты қадамдар талқыланды. Кездесуге ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев бастаған, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан өкілдері қатысты. Шара жұмысына ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев және Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Әміреев белсене араласты. Жиынды ашқан Асан Дарбаев Ұлы Жібек жолындағы тарихи әрі рухани қала Түркістанда кездесудің символдық маңызын ерекше атап өтті. – Бүгінде Түркі әлемі бірлескен диалог алаңынан практикалық ынтымақтастықтың нақты тетігіне айналып келеді. Ендігі міндет жаңа құн тізбегін құру, өзара сауданы кеңейту…
Алматыда Жалпыұлттық коалиция өкілдері мәдениет қайраткерлерімен бірге Жаңа Конституция жобасын талқылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен жиынға депутаттар, әлеуметтанушылар, отандық кино және музей саласының мамандары қатысты. Бұдан басқа шығармашылық одақтар мен медиасала өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары да болды. Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасы мен 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумның маңызы айтылды. Жиынды ашқан Аида Балаева жаңа құжатта адам капиталының дамуына ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. – Жаңа Конституцияда білім, ғылым, мәдениет және инновация салаларына айрықша мән берілген. Ұлттық мәдениетті қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау қағидаттары енді конституциялық деңгейде бекітілмек. Бұл…
Жаңа Конституция терең талқыланған, ұлттық мүдде мен адам құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды құжат, деп жазады Ertenmedia.kz. Семей қаласындағы Абай атындағы кітапханада басталған «Қаладан – ауылға» өңірлік форумына облыс әкімі Берік Уәли, Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, «Аманат» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев, Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов, Сенат депутаты Қайрат Тастекеев, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Қайрат Көшенов, қалалар мен аудандардың әкімдері, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарынан келген қонақтар, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Форумға жалпы саны 500-ден астам адам жиналды. Жиынның ашылуында сөз алған облыс әкімі Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары аясында…










