Автор: Лейла Болтаева

ауа райы

Астана, Шымкент және Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі, ал жекелеген облыстарда түнгі үсік күтіледі. Сонымен қатар бірнеше аймақта өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады. Астанада күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Шымкентте де күндіз жауын-шашын мен найзағай болжанып отыр. Абай облысында түнде ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі ықтимал. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, -2 градусқа дейін үсік күтіледі. Ақмола облысында қысқа…

Толық оқу
Ұлттық тестілеу орталығы Малайзия

Қазақстандық ҰБТ сертификатын Малайзия елінің Жоғары білім министрлігі ресми түрде мойындады, деп жазады Ertenmedia.kz. Енді қазақстандық түлектер ҰБТ сертификатын Малайзия университеттерінің бакалавриат бағдарламаларына түсу кезінде қолдана алады. Бұл қазақстандық талапкерлердің академиялық дайындығын бағалау жүйесінің халықаралық деңгейде мойындала бастағанын көрсетеді. Министрлік мәліметінше, қазақстандық мектеп бітірушілер Малайзиядағы бірқатар жоғары оқу орнына Foundation дайындық бағдарламасынан өтпей-ақ құжат тапсыра алады. Дегенмен ағылшын тіліндегі бағдарламаларда оқу үшін IELTS, TOEFL немесе соған теңестірілген сертификаттар талап етіледі. Әр университет ҰБТ бойынша ең төменгі өту балын және қосымша қабылдау шарттарын өзі белгілейді. Таңдалған мамандыққа қарай талапкерлерге ішкі емтихан, сұхбат, портфолио қарау немесе дайындық курсынан өту талабы қойылуы мүмкін.…

Толық оқу
кеме

Франция жағалауында теңіз түбінде жатқан XVI ғасырдағы сауда кемесін зерттеу үшін арнайы робот-дайвер пайдаланылып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалымдар Жерорта теңізінің шамамен 2,4 шақырым тереңдігінде жатқан көне кемені «уақыт капсуласы» деп бағалап отыр. Себебі мұндай тереңдікте кеме тонаушылардан, күн сәулесінен және қатты ағыстан қорғалған. Соның арқасында 500 жыл бұрынғы теңіз саудасына қатысты көптеген заттар біршама жақсы сақталған. Кеме қазір «Камарат 4» деп аталады. Оны алғаш рет 2025 жылдың наурызында Франция Әскери-теңіз күштері жоғары дәлдіктегі гидролокатор арқылы байқаған. Теңіз түбіндегі белгісіз нысанды тексеру үшін камерамен жабдықталған автономды суасты дроны жіберіліп, ұзындығы 29 метрлік сауда кемесінің бейнесі алынған. Кемеде Солтүстік Италиядан жеткізілген…

Толық оқу
Түркістан

Түркістанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтіп, сала мамандары марапатталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, мәдениет және өнер саласының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады. Ол мәдениет ел руханиятының өзегі екенін айтып, өңірде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ертай Алтаевтың айтуынша, Түркістанда жуырда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті жоғары деңгейде өтті. Мұндай халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың абыроймен ұйымдастырылуына мәдениет саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. «Елдің абыройын көтеретін игілікті істердің барлығы – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі деп сеніммен айта аламын. Өңірде көптеген мәдениет ошақтары салынып, халыққа рухани қызмет көрсетіп келеді. Түркістан қаласынан бөлек, облыстың…

Толық оқу
НЛО

АҚШ әскери ведомствосы белгісіз ұшатын нысандарға қатысты видеожазбалар мен құжаттардың жаңа топтамасын жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жарияланған материалдардың ішінде 50 видео мен құжат бар. Олардың қатарында азаматтық тұлғалар мен әскери қызметкерлердің куәлік сипатындағы мәліметтері де қамтылған. Алайда видеолардың ешқайсысына нақты түсіндірме берілмеген. Сондықтан онда көрінген нысандардың табиғаты әзірге ашық сұрақ күйінде қалып отыр. 2019 жылы Таяу Шығыста түсірілген бір видеода Парсы шығанағы үстінде бір қатармен ұшып бара жатқан үш белгісіз нысан көрінеді. Пентагон дерегінше, кадрлар америкалық әскери кемедегі инфрақызыл датчик арқылы түсірілген болуы мүмкін. 2022 жылғы тағы бір видеода Иран жағалауындағы суларда кемелердің жанынан ұшып өткен төрт белгісіз нысан байқалады.…

Толық оқу
Атырау

Атырауда халықаралық қолөнершілер фестивалі «ШеберFEST-2026» басталды. Сұлтан Бейбарыс алаңы бірнеше күнге нағыз шеберлер қалашығына айналды. Мұнда жартылай киіз үй үлгісіндегі тақырыптық аймақтар орнатылып, келушілер халық шығармашылығымен жақын танысуға мүмкіндік алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауқымды фестивальге Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген сәндік-қолданбалы өнердің 100-ге жуық шебері қатысып жатыр. Олар 4 мыңға жуық авторлық бұйым ұсынды. Көрмеде киізден жасалған әшекейлер, зергерлік бұйымдар, ағаш ою өнері, ұлттық музыкалық аспаптар, тоқыма, этнодизайн үлгілері және басқа да қолөнер туындылары қойылды. Фестивальге қатысқан Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов көрме экспозициясымен танысып, халықтық қолөнерді сақтау мен насихаттаудың маңызына тоқталды. Өңір басшысының айтуынша, халықтық қолөнер – ұлттың жаны…

Толық оқу
ауа райы жаңбыр

23 мамыр, сенбі күні Қазақстанның батысында кей жерде шаңды дауыл тұрып, оңтүстік өңірлерде қатты жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Түнде +3…+5 градус, топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін. Күндіз +21…+23 градус жылы. Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +8…+10, күндіз +16…+18 градус болады. Қонаевта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіні 18 м/с дейін жетеді. Түнде +9…+11, күндіз +19…+21 градус. Шымкентте жауын-шашынсыз, бірақ жел екпіні 15–20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Түнде +13…+15, күндіз +23…+25 градус. Түркістанда да жауын-шашын күтілмейді, күндіз +27…+29 градусқа дейін жылынады. Батыста ауа райы жылы болады. Ақтауда…

Толық оқу
Жетісу

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Панфилов ауданының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарларын талқылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуде өткен жылдың қорытындысы бойынша Панфилов ауданы облыс көлемінде бірінші орынға шыққаны айтылды. Ауданның негізгі көрсеткіштері ауыл шаруашылығы, туризм, тұрғын үй, ауыз су және газдандыру бағыттарында оң нәтиже көрсетіп отыр. Ауыл шаруашылығы саласында биыл егіс алқабы 43,7 мың гектарға жетпек. Негізгі басымдық жүгері дақылына беріліп отыр. Жоспар бойынша 190 мың тонна өнім алу көзделген. Бау-бақша бағытында да ілгерілеу бар. «Жаркент фрукт» пен «Агромир» 110 мың жаңа көшет отырғызды. Бұған қоса, бұрын тоқтап тұрған жылыжайлар қайта іске қосылып, қияр егу жұмысы қолға…

Толық оқу
ашылды

Алматы облысының Бақбақты ауылында жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді. Салтанатты рәсімге ауыл тұрғындары жиналып, жаңа нысанның ашылуына куә болды. Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысып, жергілікті жұрттың қуанышына ортақтасты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа спорт кешені ауылына жанашыр азаматтардың жеке қаржысына салынған. Ғимараттың жалпы аумағы 1007,05 шаршы метрді құрайды. Нысанда футбол, баскетбол және волейболға арналған әмбебап алаң, жекпе-жек түрлерімен айналысуға арналған күрес залы, техникалық бөлмелер бар. Сонымен қатар ашық аспан астындағы заманауи жаттығу алаңы да қарастырылған. Кешен бір мезетте 250-ге жуық спортшыны қабылдай алады. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жаңа спорт нысаны ауыл жастарына тың мүмкіндік ашатынын айтты. Оның…

Толық оқу
салық қарыздары

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге арналған жаңа API-сервистің іске қосылғанын хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа сервис «Интеграцияланған салықтық әкімшілендіру жүйесінде» іске қосылды. Ол сыртқы ақпараттық жүйелер арқылы қызметті тоқтату туралы салық өтініштерін қабылдауға арналған. Бұл жаңашылдық электронды қызметтердің қолжетімділігін арттырып, салық төлеушілерге ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған. Енді қызметін тоқтатқысы келетін кәсіпкерлер мен ұйымдар тиісті салық өтінішін тек «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы арқылы ғана емес, сыртқы ақпараттық жүйелер арқылы да қашықтан бере алады. API-сервистің форматтары Smart Bridge платформасында орналастырылған. Интеграция үшін VSHEP_MGU_TAX_APPLICATION_TERM_ACTIVITIES және VSHEP_MGU_GET_JOURNAL_STATUSES сервистік кілттері қолжетімді. Жаңа сервиске қосылғысы келетін ұйымдар мен әзірлеушілер Smart Bridge платформасы арқылы…

Толық оқу