Қытайлық Zeekr компаниясы 38 мың автокөлікті нарықтан кері шақырды: батареядан шыққан ақау себеп болып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қытайдың мемлекеттік нарықты реттеу басқармасы хабарлағандай, 2021 жылғы 8 шілде мен 2024 жылғы 18 наурыз аралығында шығарылған Zeekr 001WE модельдерінде батареяның өнімділігін төмендететін өндірістік ақаулар анықталған. Компания қазір кері қайтарылған электрокөліктерді тексеруден өткізіп, қажет жағдайда қашықтан диагностика жүргізуді жоспарлап отыр. Алайда Zeekr брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – Orbis Auto компаниясы бұл жағдайдың елімізде сатылған көліктерге еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. «Қазақстан нарығына ресми түрде жеткізілген барлық Zeekr автокөліктері аймақтың климаттық және техникалық ерекшеліктеріне бейімделген. Олар Catl компаниясының батареяларымен жабдықталған, аталған батареяларда ешқандай…
Автор: Лейла Болтаева
«Один дома» фильмінде басты кейіпкер Кевиннің анасының рөлін сомдап, қазақ көрермендерінің де жүрегін жаулаған әйгілі актриса Кэтрин О’Хара 71 жасында өмірден өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. «Голливудтың аты аңызға айналған актрисасы жұма күні Лос-Анджелесте дүниеден өтті. Әзірге өлімінің нақты себебі белгісіз», – делінген хабарламада. Кэтрин О’Хара өзінің шығармашылық жолын 1970 жылдары бастап, көптеген телевизиялық жобалар мен фильмдерде бой көрсетті. Актриса әлемдік көрермендерге «Один дома» фильміндегі Кейт Маккалистер рөлі арқылы кеңінен танылды. Бұл фильм Қазақстанда да ерекше танымал болып, қазақ көрермендерінің сүйікті картиналарының біріне айналған еді. О’Хара актрисалық өнерімен қатар, дыбыстаушы ретінде де танымал. Ол «Ночь перед Рождеством», «Цыпленок Цыпа», «Лесная братва»,…
WhatsApp қолданушылары жақын арада көптен күткен жаңа мүмкіндікке ие болады. Енді мессенджердің веб-нұсқасы арқылы компьютерден тікелей дауыс және бейнеқоңырау жасауға болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Meta компаниясы бұл жаңартуды бір жыл бойы тестілеп, енді оны көпшілікке ұсынуға дайын. Инсайдерлердің мәліметінше, қазір WhatsApp Web-те дауыс және бейнеқоңырау жасау функциясы сынақтан өтіп жатыр. Әзірге жаңа функция бета-нұсқада іске қосылған, бірақ жақын арада барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді болады деп күтілуде. Жаңа функция қалай жұмыс істейді? Бұл жаңалықтың басты ерекшелігі – компьютерде қосымша бағдарламалар орнатпай-ақ, браузер арқылы тікелей қоңырау жасауға болады. Пайдаланушы үшін процесс өте қарапайым: браузерден WhatsApp Web-ке кіресіз; қажетті чатты ашасыз; жоғарғы бөліктегі…
Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Абай Тұрхановтың айтуынша, өткен жылы кезекте тұрған азаматтарға 2317 пәтер пайдалануға берілген. Оның ішінде 176 пәтер жалдамалы, ал 2138 пәтер несиелік бағытта. Бұған қоса, тағы 580 жалдамалы және 842 несиелік пәтер мемлекет меншігіне алынған. – 2026 жылы бұл жұмыстар жалғасады. Биыл 810 пәтерлі 8 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Қазір осы мақсатта қаржы бөлу жұмыстары атқарылып жатыр. Жалпы, өткен жылы құрылыс басқармасы бойынша 183 нысанның құрылысына 118,2 млрд теңге бөлініп, толық игерілді. Нәтижесінде, 106 нысан ел игілігіне тапсырылса, қалған 77 нысанның құрылысы 2026-2027 жылдары…
Шығыс Қазақстан облысының экономикасы агроөнеркәсіп, экспорт және инфрақұрылым салаларында жаңа белестерді бағындырып, тұрақты даму жолына түсті, деп жазады Ertenmedia.kz. Өткен жыл өңір үшін жемісті болды. Өнеркәсіп өндірісінің қарқыны жыл басындағы 80,3%-дан жыл соңына қарай 95%-ға дейін артып, экономикадағы сенімді өсімнің дәлелі болды. Жалпы алғанда, аймақта 3,3 трлн теңгенің өнімі өндірілсе, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2,9 трлн теңгеге жетті. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 11,8% өсіп, жыл соңында 99,1%-ды көрсетті. Мамандардың болжамынша, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы өңірлік өнім көлемі 100%-дан асады. Облыс экономикасының тұрақты драйвері ретінде ауыл шаруашылығы саласын ерекше атап өткен жөн. Ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 554,6 млрд…
Freedom Holding Corp. 2026 фискалдық жылының тоғыз айында айтарлықтай қаржы көрсеткіштерін жариялап, нарықтың назарын өзіне аударып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Холдингтің осы кезеңдегі жалпы түсімі 1,7 млрд долларды құрап, тұрақты даму қарқынын көрсетуде. Ал компанияның таза пайдасы 145,4 млн долларға жеткен, бұл әрбір жай акцияға шаққанда 2,43 доллардан келеді. Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов қаржылық нәтижелерге былай деп түсініктеме берді: – Макроэкономикалық жағдайдың өзгерістері мен жаңа реттеуші талаптарға қарамастан, біз өтімділікті жоғары деңгейде сақтап, клиенттік базаны арттыруды жалғастырып келеміз. Мұндай көрсеткіштерге компанияның икемді стратегиясы мен инновацияларға деген ерекше ықыласы мүмкіндік беріп отыр. Біз үшін ең басты мақсат…
Елорда кезең-кезеңімен толықтай газға көшіріліп, қаланы және оның айналасындағы елді мекендерді газдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі уақытта елорда маңында Қазақстандағы ең ірі №3 автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді. Жаңа станция құрылыстың қарқыны артқан және энергия тұтыну деңгейі өскен жағдайда да Астана мен оның агломерациясын тұрақты газбен қамтуға мүмкіндік береді. Станцияның өткізу қуаты – сағатына 350 мың текше метр газ. «Аршалы ауданындағы Ижевск ауылынан бастап Астананың Оңтүстік-Батыс айналма жолына дейінгі 67,6 шақырымдық магистральдық газ құбыры салынып, қазір сынақ жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады әкімдік. Осыған дейін Астана қаласын айналдыра…
Қазақстан мен Моңғолия арасында зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы маңызды келісімге қол қойылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 29 қазанда Ұлан-Батор қаласында қол қойылған Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті. Аталған құжат Қазақстан мен Моңғолия азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғап, екі ел арасындағы әлеуметтік кепілдіктерді арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, осы келісімнің орындалуы халықаралық әріптестікті нығайтып, екі мемлекеттің өзара сенімін күшейтуге септігін тигізбек. Келісімнің маңызды тұсы енді Қазақстан мен Моңғолия азаматтары басқа елге көшкен жағдайда екі елдегі еңбек өтілі толықтай мойындалып, зейнетақы тағайындау кезінде есепке алынатын болады. Одан бөлек, Моңғолияға қоныс аударған Қазақстан азаматтары Бірыңғай…
Солтүстік Қазақстанда Ресей теміржолдары филиалының әрекетінен заң бұзушылық анықталып, монополиялық пиғылы әшкере болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жағдайға Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті араласып, тиісті тергеп-тексеруді толық аяқтады. Мәселе мынада Ресей темір жолдарының филиалы, яғни Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі Қазақстан аумағында өздеріне тиесілі электронды вагон таразыларының метрологиялық қызметін өте жоғары бағамен ұсынып келген. Бұл әділетсіз жағдай жергілікті кәсіпкерлердің наразылығын тудырып, құзырлы органдардың назарына ілікті. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде ресейлік компанияның Қазақстан нарығындағы үстем жағдайын теріс пайдаланып, монополиялық жоғары баға белгілегені анықталды. Осылайша көрші елдің кәсіпорыны Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабын бұзған. Агенттіктің…
Белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында танымал өнер қайраткерлері Мейрамбек Беспаев және Ринат Ғайсинмен бірге түскен суретін жариялап, олардың шығармашылығына жоғары баға берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы уақытта Кеңес Рақышев парақшаларын қазақ тілінде жүргізіп, мазмұнды жазбаларымен көпшіліктің ықыласына бөленіп жүр. Оның бұл бастамасы өзге де кәсіпкерлерге үлгі болса игі. «Бүгін қазақ өнерінің майталманы, көптеген танымал әндер мен әуендердің авторы, досым Ринат Ғайсиннің туған күні. Ринат – қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне өлшеусіз еңбек сіңірген тұлға. Оны отбасымыздың атынан шын жүректен құттықтаймыз!» – деп жазды кәсіпкер. Сонымен қатар, ол атаулы күні Ринат Ғайсинмен бірге халықтың сүйіктісі, «Бозторғай» әнімен талайдың…










