Автор: Лейла Болтаева

Бойко

Freedom Travel CEO Игорь Бойконың айтуынша, туризм нарығында сақтандыру қызметтері саяхаттың маңызды бөлігіне айналып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде әуе және теміржол тасымалында міндетті сақтандыру жүйесі бұрыннан бар. Алайда туристердің сұранысы кеңейген сайын қосымша сақтандыру өнімдеріне қызығушылық артқан. Игорь Бойконың айтуынша, қазір нарықта рейстің кешігуінен сақтандыру, багаждың жоғалуынан сақтандыру және түрлі форс-мажор жағдайларға арналған өнімдер ұсынылады. Мұндай қызметтер саяхат кезінде туындауы мүмкін тәуекелдерді азайтуға көмектеседі. Игорь Бойко компаниялар жаңа сақтандыру өнімдерін де әзірлеп жатқанын айтты. Солардың бірі сапардан бас тарту жағдайына арналған сақтандыру. Мұндай өнім іске қосылса, белгілі бір себептермен ұшпай қалған жолаушылардың шығынын өтеуге бағытталмақ. Бүгінде халықаралық туризмдегі басты…

Толық оқу
Жеке дерек

Жетісу облысында коллекторлық агенттіктің азаматтардың жеке деректерін заңсыз пайдаланғаны анықталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Талдықорғанда жеке ақпараттарды заңсыз жинау және пайдалану фактісіне қатысты арнайы операция жүргізілген. Тергеу барысында коллекторлық агенттік қызметкерлерінің азаматтар туралы мәліметтерді арнайы ақпараттық жүйе арқылы алғаны белгілі болды. База арқылы адамның тегі, аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және ұялы телефон нөмірі бойынша іздеу жүргізуге мүмкіндік болған. Құқық қорғау органдары аталған жүйені ұйымдастыруға және пайдалануға қатысы бар үш адамды ұстады. Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайлары мен жұмыс орындарында санкцияланған тінту жүргізілді. Нәтижесінде жеке деректерді сақтау, өңдеу және тарату үшін пайдаланылуы мүмкін көптеген компьютерлік техника мен мобильді құрылғылар…

Толық оқу
доллар теңге

Доллардың қайта қымбаттай бастауы нарық заңдылығына сай құбылыс. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамындағы өзгерістерге қатысты пікір білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық банк басшысының айтуынша, соңғы айларда теңгенің нығаюы мұнай бағасының өсуімен тікелей байланысты болды. Қазақстанның негізгі экспорттық тауары саналатын мұнайдың құны барреліне 65–70 доллар деңгейінен айтарлықтай жоғарылаған кезде елге түсетін валюталық түсім көлемі де артты. «Мұнай қымбаттаған сайын экспорттан түсетін валюта көлемі көбейеді. Мұндай жағдайда теңгенің нығаюы – табиғи процесс», – деді Тимур Сүлейменов. Сонымен бірге ол валюта бағамына тек ұсыныс емес, сұраныс та әсер ететінін атап өтті. Әсіресе корпоративтік сектордың, квазимемлекеттік компаниялардың және мемлекеттік жобалардың импорттық сатып…

Толық оқу
Тоқаев Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімшілік әділет институтының маңызы артып келе жатқанын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысының айтуынша, әкімшілік істер бойынша қалыптасқан сот тәжірибесі мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын бағалайтын маңызды көрсеткішке айналды. Оның нәтижелері азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің күшейгенін көрсетіп отыр. Президент кейбір азаматтардың сот шешімдеріне көңілі толмайтынын да атап өтті. Алайда мұндай жағдайлар бұрын да болған және қазір де кездеседі. Оның пікірінше, шағымдардың бір бөлігі эмоцияға немесе біржақты көзқарасқа негізделуі мүмкін. Соған қарамастан әрбір өтініш мұқият зерттеліп, әділ шешім қабылдануы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияда әкімшілік сот төрелігінің дербес сот өндірісі ретінде бекітілуін маңызды қадам деп атады. Бұл өзгеріс…

Толық оқу
Тоқаев

Қазақстан Орталық Азиядағы шетелдік инвестиция тарту бойынша көшбасшы болып қала береді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  халықаралық «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі» форумында мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысының айтуынша, елдің инвестициялық тартымдылығын арттырып отырған негізгі факторлардың бірі Astana International Financial Centre жұмысы. Мұнда ағылшын құқығы қағидаттары негізінде сот пен халықаралық арбитраж орталығы қызмет етеді. Президенттің пікірінше, инвесторлар үшін құқықтық кепілдіктің болуы қазіргі әлемдегі ең маңызды шарттардың бірі саналады. Сондықтан Қазақстан соңғы жылдары бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударып келеді. Тоқаев сондай-ақ Үкімет жанындағы Инвестициялық штабтың жұмысына тоқталды. Оның айтуынша, бұл алаң инвестициялық жобаларды…

Толық оқу
Үкімет

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі егіс науқанының қорытындылары мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Жиынға Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, өңір әкімдері және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы ел экономикасының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешенінің дамуына, азық-түлік қауіпсіздігіне және ауыл халқының өмір сапасын арттыруға ерекше назар аударып келеді. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биылғы көктемгі егіс жұмыстары толық аяқталғанын баяндады. 2026 жылы республика…

Толық оқу
Тимур Сулейменова

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануға қатысты пікір білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаты – азаматты қартайған шағында тұрақты табыспен қамтамасыз ету. Сондықтан зейнетақы жарналарын баспана алуға арналған бастапқы жарна немесе коммерциялық депозит ретінде қабылдауға болмайды. Тимур Сүлейменовтің сөзінше, адам еңбекке қабілетті, табыс тауып жүрген кезеңде кірісінің бір бөлігін болашақтағы зейнетіне жинауы керек. Жинақтаушы жүйенің мәні де осыған негізделген. Ұлттық банк басшысы міндетті зейнетақы жарналары ұзақ мерзімді жинақ екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай қаражаттың басты міндеті қазіргі тұтынуды емес, болашақтағы әлеуметтік қорғанысты қамтамасыз ету. Сүлейменов пандемиядан кейін зейнетақы жинағының бір…

Толық оқу
ҰҚК

Мамыр айында ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 83 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәліметке сәйкес, анықталған фактілердің басым бөлігі пара алу, тонау және алаяқтық қылмыстарына қатысты. Қылмыстық істер аясында 45 адам күдікті деп танылған. Сондай-ақ мамырда 85 қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Оның 66-сы сотқа жолданды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал көлемі 1,5 млрд теңгені құрады. Құқық қорғау органдары бюджетке 835,3 млн теңге қайтарылғанын хабарлады. Бұдан бөлек, құны 11,2 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Бұл деректер жемқорлықпен күресте қаржылық залалды өтеу мәселесі маңызды бағыттардың бірі болып отырғанын көрсетеді. Тергеу нәтижелері бойынша күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденуі тиіс.

Толық оқу
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ

Қарағандыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған Қазақстанның Ұлттық нейрохирургтарының VI Конгресі басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Екі күнге созылатын ауқымды ғылыми форум Қарағанды медицина университетінің базасында өтіп жатыр. Конгреске еліміздің барлық өңірінен келген 200-ге жуық нейрохирург, ғалым, дәрігер және жас маман қатысуда. Қазақстандағы нейрохирургия саласының ең ірі кәсіби алаңдарының бірі саналатын жиында нейрохирургиялық қызметті дамытудың өзекті мәселелері талқылануда. Форум жұмысына Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары, өңірлік медициналық ұйымдардың өкілдері және халықаралық ғылыми қауымдастықпен байланысы бар сарапшылар қатысып отыр. Конгресс қатысушыларына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың құттықтау хаты жолданды. Ашылу рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері, өңір басшылығы мен медициналық ұйымдардың жетекшілері қатысты.…

Толық оқу
Нұрымбет Сақтағанов

5 маусымда елімізде Экологтар күні атап өтіледі. Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаны қорғау саласы мамандарының кәсіби мерекесіне орай аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов ШҚО бойынша Экология департаментінің зертханасына барып, экологтарды, сала ардагерлері мен әріптестерін құттықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Аймақ басшысы Экологтар күні қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарды қорғауға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз өмірін арнаған жандардың басын қосатын мереке екенін атап өтті. – Шығыс Қазақстан облысы ерекше аймақ. Біздің өлкеміз орман мен өзенге, тау мен көлге бай. Бұл – біз сақтап, келесі ұрпаққа аманаттауға тиіс бірегей табиғи мұра, – деді Нұрымбет Сақтағанов. Сонымен қатар аймақ басшысы ШҚО еліміздің ең ірі…

Толық оқу