Автор: Лейла Болтаева

ветеряк жел энергиясы

Қытай әлемдегі ең ірі қалқымалы теңіз жел турбинасын іске қосты. Бүгінде Қытай парниктік газдар шығарындылары бойынша әлемдегі ең ірі елдердің бірі болып қала бергенімен, соңғы жылдары жаңартылатын энергетика саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді. Соның бірі оңтүстік Қытай теңізінде орнатылған жаңа алып жел турбинасы, деп жазады Ertenmedia.kz. «Үш шатқал» пилоттық жобасы деп аталатын нысанды Қытайдың China Three Gorges Corporation компаниясы салған. Мамандар оны қуаты мен ротор көлемі бойынша әлемдегі ең ірі жұмыс істеп тұрған қалқымалы теңіз жел турбинасы деп бағалап отыр. Турбинаның қуаты 16 мегаваттқа жетеді. Роторының диаметрі шамамен 253 метрді құрайды, ал қалақтарының ең жоғарғы нүктесі теңіз деңгейінен 270…

Толық оқу
Виктория Торгунакова

Freedom Events компаниясының бас директоры Виктория Торгунакованың айтуынша, Қазақстандағы мәдени индустрияның басты мәселесі концерттердің аздығында немесе көрерменнің жоқтығында емес, өңірлердегі мәдени инфрақұрылым саласының жеткілікті дамымауында жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның пікірінше, бүгінде Астана мен Алматы ғана емес, Атырау сияқты ірі өңірлік орталықтар да мәдени оқиғалардың негізгі алаңына айналып келеді. Алайда Қазақстанның көптеген қаласында халықаралық деңгейдегі концерттер өткізуге қажетті инфрақұрылым әлі толық қалыптаспаған. – Бұл ретте мәселе әртістердің өңірлерге барғысы келмеуінде емес. Көп жағдайда ұйымдастырушылар жаңа қалаларда жұмыс істеуге дайын. Бірақ концерт өткізетін орындардың техникалық мүмкіндігі, дыбыс пен жарық сапасы, қауіпсіздік талаптары және көрермен сыйымдылығы секілді мәселелер шешуші рөл атқарады, –…

Толық оқу
байланыс орталығы

Жетісу облысында жер сілкінісінен кейін тұрғындарға арналған жедел желі іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, мамандар 8 (7282) 32-44-36 нөмірі арқылы азаматтарға кеңес беріп, сұрақтарына жауап береді. 4 маусым күні сағат 21:19 шамасында Алматы, Алматы облысы, Жетісу және Абай облыстарының тұрғындары жер дүмпуін сезген. Ең қатты тербеліс Жетісу облысында байқалды. Жаркент қаласында жер сілкінісінің күші 4 балл, Текелі мен Сарқанда 3 балл болған. ТЖМ жедел қызметтері жергілікті атқарушы органдарды, полицияны және бейінді қызметтерді хабардар еткен. Қазір өңірдегі жағдай тұрақты. «Қазселденқорғау» гидробекеттерінің бақылаушылары гидротехникалық нысандарды тексерді. Деформация мен жарықтар анықталған жоқ. Министрлік мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған нысандар…

Толық оқу
жұлдыз жорамал гороскоп

5 маусым күні барлық зодиак белгілеріне асығыс шешім қабылдамай, күш-жігерді нақты нәтиже беретін іске бағыттау ұсынылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін бәрін жылдамдатуға тырыспаған жөн. Бір нақты істі аяқтауға назар аударыңыз. Кешке серуендеу немесе жеңіл жаттығу жүйкені тыныштандырады. Торпақ Қаржы мен тұрмыстық мәселелерге көңіл бөлуге қолайлы күн. Ұсақ шығындарды қайта қарап, қажетсіз дүниелерден арылған дұрыс. Үй шаруасына қатысты бұрыннан кейінге қалған мәселені шешуге мүмкіндік туады. Егіздер Бір уақытта бірнеше идеяны қолға алудың қажеті жоқ. Бүгін бір бағытты таңдап, соны дамыту әлдеқайда тиімді болады. Кешке жоспарларыңызды реттеп алған жөн. Шаян Өз ойыңызды ашық айтуға қолайлы күн. Басқалар сіздің қалауыңызды өздігінен түсінеді…

Толық оқу
ауа райы фонтан

5 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде жылы әрі жайлы ауа райы сақталады. Ал батыс және солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +27…+29 градусқа дейін көтеріледі. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Алматыда күн бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз +27…+29 градус шамасында болады. Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +31…+33 градус ыстық болады. Желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Ең ыстық ауа райы Түркістан, Павлодар, Семей және Талдықорған өңірлерінде байқалады. Бұл аймақтарда ауа температурасы +32…+34 градусқа дейін жетеді. Қызылордада күн ашық болады. Ауа температурасы күндіз +29…+31 градус…

Толық оқу
оркестор

Семейде Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына арналған «Дәуірдің дара қаламгері» атты әдеби-сазды еске алу кеші өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәдени шара Абай атындағы театр сахнасында ұйымдастырылды. Кешке зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты. Жиында сөз сөйлеген Абай облысының әкімі Берік Уәли Қабдеш Жұмаділовтің қазақ әдебиетіндегі орны ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, қаламгер шығармаларында тарихи әділеттілік, туған жерге сағыныш, елдік сана мен азаттық рухын терең бейнеледі. Аймақ басшысы жазушының Қаздар қайтып барады, Көкейкесті, Бақыт жолында және Дарабоз секілді туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорынан берік орын алғанын айтты. Ал қазақ көшінің тағдырын арқау…

Толық оқу
ту байрақ флаг қазақ

Шығыс Қазақстан облысында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиын Өскемен қаласындағы Амфитеатр алаңында ұйымдастырылды. Шара Әнұран шырқалып, Мемлекеттік Ту көтерілумен басталды. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Аймақ басшысы тұрғындарды мерекемен құттықтап, Ту, Елтаңба және Әнұран елдің тарихын, рухын және болашаққа деген сенімін айқындайтын қасиетті құндылықтар екенін айтты. Нұрымбет Сақтағановтың сөзінше, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әр азаматтың Отан алдындағы жауапкершілігін күшейтеді. Тәуелсіздік туын биік ұстау, ел абыройын асқақтату тек әскери қызметшілердің ғана емес, барша қазақстандықтың ортақ міндеті. Салтанатты жиында өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды. Президент Жарлығымен «Құрмет» ордені Катонқарағай ауданындағы Сейітқамза Ластаев атындағы орта…

Толық оқу
Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қазіргі мемлекеттілік дәстүрі Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихымен және Алтын Орда мұрасымен сабақтас екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысының сөзінше, жаңа Конституцияда қазақ елінің төл шежіресі Ұлы дала өркениетімен тығыз байланысты екені айқын көрсетілген. Бұл қазіргі Қазақстанның тарихи тамыры тереңде жатқанын білдіреді. Тоқаев елордада Ұлы дала өркениетіне арналған зәулім ғимарат салынатынын атап өтті. Сонымен қатар Астанада ЮНЕСКО аясында Алтын Орда мұрасын зерттеуге арналған халықаралық симпозиум өткенін еске салды. Президенттің айтуынша, мұндай бастамалар мемлекеттілік тұғырын нығайтуға ықпал етеді. Мемлекет басшысы Алтын Орданы орта ғасырдағы аса қуатты мемлекеттердің бірі ретінде сипаттады. Оның басқару институттары, дипломатиялық қызметі, байланыс және…

Толық оқу
Гимн әнұран

Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Қонаев қаласының аспанында Көк Ту қалықтап, мыңдаған тұрғынның бойында ерекше мақтаныш сезімін оятты, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы облысында ұлттық мерекеге арналған іс-шаралар аясында Қонаев қаласының орталық алаңында салтанатты жиын өтті. Шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – арнайы тікұшақпен Мемлекеттік Тудың көк аспанда желбіреуі болды. Әуелеген Әнұран үні мен көкте қалықтаған Көк байрақ егемен елдің рухын айшықтап, жиналған жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді. Салтанатты жиынға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тұрғындарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Өңір басшысы өз сөзінде 1992 жылғы 4 маусым Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі екенін атап өтті. Дәл осы күні тәуелсіз мемлекеттің Туы…

Толық оқу

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне қатысты Үкіметке депутаттық сауал жолдады, деп жазады Ertenmedia. kz. Депутаттың пікірінше, соңғы жылдары елімізде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған заңнамалық шаралар күшейгенімен, қоғамдағы экологиялық мәдениет деңгейі әлі де өзекті мәселе болып отыр. Сергей Пономарев азаматтардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру тек айыппұлдар мен бақылау арқылы шешілмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, ұзақ мерзімді нәтиже беру үшін экологиялық білім беру мен тәрбие жүйесін күшейту қажет. Мәжілісменнің пікірінше, мектептен бастап табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Өйткені экологиялық жауапкершілік адам бойында бала кезден қалыптасады. Депутат сондай-ақ қоғамдық орындардағы тазалық мәселесіне тоқталды.…

Толық оқу