Ғалымдар ғарыштағы алып қара құрдымнан бұрын-соңды болмаған, аса қуатты жарқылды бақылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мамандардың болжамынша, бұл ерекше жарқыл алып қара құрдым өзіне тым жақын ұшып өткен алып жұлдызды жұтып қоюы салдарынан туындаған оқиға екенін алға тартты. Зерттеушілердің мәліметіне сүйенсек, жарқыл шарықтау шегіне жеткен сәтте Күннен 10 триллион есе жарық болған. Алып қара құрдым Жерден шамамен 11 миллиард жарық жылы қашықтықта орналасқан. Ал оның массасы Күн массасынан 300 миллион есе үлкен. Бір жарық жылы дегеніміз шамамен 9,5 триллион шақырым қашықтық. Қара құрдым ғарыштағы өте тығыз және ауыр дене, оның тартылыс күші соншалықты, жарықтың өзі одан қашып құтыла алмайды. Ғалымдар көптеген…
Автор: Лейла Болтаева
Қытайда Димаш Құдайбергеннің қатысуымен өткен Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық шоуының премьерасы ел көлеміндегі айтулы оқиғаға айналды, деп жазады Ertenmedia.kz. DimashNews.com порталының мәліметінше, жобаның алғашқы шығарылымы 24 сағат ішінде 102 миллион қаралым жинады. Осылайша Қытайдың медиа рейтингтерінде абсолютті рекорд орнатқан. Бағдарламаны тарататын Hunan TV телеарнасының есебінде көрсетілгендей, шоу Қытайдағы аймақтық спутниктік арналар арасында CVB ұлттық желісі және CSM71 қалалық желісінде алға шықты. Ал KuYun мен Huanwang-тың нақты уақыт режиміндегі рейтингтерінде бірінші орынға шыққан. Voice Beyond Horizon жобасы бірден бірнеше елдің елшіліктері мен беделді БАҚ-тарының тікелей эфирінде қатар көрсетілген алғашқы жоба ретінде де тарихта қалды. Мысалы, Қазақстанның Қытайдағы елшілігі мен China…
Бүгін асығыс шешім қабылдап, сезім жетегінде кететін уақыт емес. Астрологтар бүгін күнделікті тірлікке ден қойып, сенімді адамдармен ғана араласуға кеңес береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты. Бүгін сізге сәттілік серік болмақ. Кез келген кедергіні еңсеруге күшіңіз жеткілікті. Еркін әрі батыл идеяларды ортаға салудан жасқанбаңыз – тіпті қарсыластарыңыздың өзі қолдау білдіруі мүмкін. Торпақ. Тыныш әрі шығармашылық күш-қуатқа толы кезең басталды. Ұзаққа созылған жобаларды сәтті аяқтап, сенімді серіктестер табасыз. Бұл сіздің болашақ жетістіктеріңіздің берік іргетасына айналмақ. Егіздер. Бүгін алып жетістіктерге жету екіталай, бірақ жоспарлы жұмыс өз нәтижесін береді. Бастысы, сабыр сақтап, қандай да бір қызықтыратын тәуекелден аулақ болыңыз. Шаян. Қарбалассыз, жайлы күн болғалы…
9 ақпан күні Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде ауа температурасы -22 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік аймақтарда күн жылы болып, +14 градусқа дейін көтеріледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді, желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы -21…-13°C болса, күндіз -7…-9°C. Алматыда күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз, жел күндіз 10 м/с дейін күшеюі ықтимал. Түнгі температура -2…-4°C аралығында, күндіз +1…+3°C шамасында болады. Шымкентте күн ашық әрі жылы, жауын-шашын болмайды. Жел – 8-13 м/с. Түнде ауа температурасы 0…-2°C, ал күндіз +12…+14°C жылы болады. Ақтауда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде 0…-2°C аралығында, күндіз…
Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында құсбегіліктен облыстық II чемпионат өтіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. 6-8 ақпан күндері аралығына жоспарланған айтулы шараға өңірдің әр түкпірінен келген 30-ға жуық құсбегі қатысып, өзара бақ сынауда. Бұл жарыс қазақ халқының байырғы дәстүрін қайта жаңғыртып, ұлттық спорт түрлерін дәріптеуді мақсат етеді. Қатысушылар бүркіт пен қаршығаның екі жеке санатында сынға түседі. Құсбегілердің құсты баптау шеберлігі, құспен тіл табысуы және аңға салудағы үйлесімділігі басты назарға алынуда. Сайыс көрермендерге ерекше әсер қалдыруда. Жарыс алаңында бүркіт пен қаршығаның еркін самғағанын тамашалау арқылы, адам мен табиғат арасындағы ежелден келе жатқан тығыз байланысты анық сезінуге болады. Құсбегілік халқымыздың мәдени мұрасының айшықты…
Google компаниясы жақын арада Pixel 10a деп аталатын жаңа смартфонын көпшілік назарына ұсынбақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Pixel 10a құрылғысының корпусы көк түсті болады және оның бір бөлігі қайта өңделген материалдардан жасалмақ. Бұл экологиялық тұрғыдан маңызы зор шешім екені белгілі. Сондай-ақ, смартфон Google-дың жаңа Gemini Live функциясын қолдайды. Pixel 10a сыртқы дизайны бойынша былтырғы Google Pixel 9a смартфонына ұқсас. Смартфонның жақтаулары тегіс металл рамкамен қоршалған. Негізгі екі камера арнайы сопақ модульдің ішіне орналасқан. Құрылғының басты камерасы 48 мегапиксельге (f/1.7 диафрагма), ал ультра-кең камерасы 13 мегапиксельге (f/2.2 диафрагма) ие болады. Алдыңғы селфи-камераның мүмкіндігі де 13 мегапиксель (f/2.2) деңгейінде болмақ. Pixel 10a смартфонының…
Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында қызмет ететін матрос Бақдәулет Күздібаев ерекше өнерімен көпшіліктің назарын аударды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол әскер қатарында механик-жүргізуші қызметін атқара жүріп, бос уақытын шығармашылыққа арнайды. Жас сарбаз әскери бөлімнің қабырғаларын ұлттық тарихымыздағы әйгілі батырлар мен хандардың бейнесімен көркемдеп, ерекше өнерімен тәнті етіп жүр. Әсіресе аты аңызға айналған қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлына арнаған суреті талайды таңдай қақтырды. Бұл суреттен Бауыржан батырдың қайсар мінезі мен өжет рухын байқауға болады. Бақдәулеттің өнері – әскерде қатаң тәртіп пен талап болса да, жеке шығармашылықты дамытуға мүмкіндік мол екенін дәлелдейді. Әскер қатарындағы әрбір жас сарбаздың бойындағы талантын шыңдап,…
Алматыда Әзербайжанның танымал әншісі Роза Зергерли Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны шығармашылығының 50 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Әзербайжандық орындаушының айтуынша, ол Алматыға арнайы ұшып келіп, Роза Қуанышқызының мерейтойлық концертінде сахнада жеке құттықтауды мақсат еткен. Қонақтың кенеттен сахнаға көтерілуі Роза Рымбаева үшін үлкен әрі жағымды тосынсый болды. Халық әртісі өзінің танымал аттасының арнайы келуіне ерекше тебіреніп, көңілі толқып, сахна төрінде оған деген ризашылығын білдірді. Сахнадан көрермендерге жүрек тебірентер естелік айтқан Роза Қуанышқызы 1979 жылы «Жыл әні» фестивалінде өзінің аты аңызға айналған «Любовь настала» әнін орындаған сәтін есіне алды. Сол кезде теледидардан бұл әнді тамашалаған Роза Зергерлидің әкесі туған…
7 ақпан күні шешімді әрекеттерге емес, ой қорыту мен жоспар түзуге ыңғайлы күн, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) Бүгін Тоқтыға кез келген батыл шешімнен аулақ болу қажет. Ақпараттың жеткіліксіздігі қателікке ұрындыруы мүмкін. Асығыстықтан гөрі, алдағы қадамдарды жоспарлауға күш салған жөн. Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр) Бүгін Торпақтың сыншылдық қасиеті оянады. Айналасындағы адамдардың кемшіліктері көзге бірден түседі. Алайда сын айтудан сақтанғаны абзал. Кемшілікті емес, өмірдің кішкентай қуаныштарын байқағаны дұрыс. Егіздер (21 мамыр – 20 маусым) Егіздер бүгін маңызды әрі қызықты жаңалықтармен қауышады. Жұлдыздар оларға «көп тыңдап, аз сөйлеуді» ұсынады. Бұл жанжалды жағдайлардан аман өтіп, пайдалы мәлімет…
Туризмнің экономикадағы рөлі барған сайын артып келеді. Аталған сала кез келген өңірдің әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын құрып, шағын және орта бизнесті қанаттандыратын негізгі саланың бірі, деп жазады Ertenmedia.kz. Шығыс Қазақстанның табиғаты көрген жанның көңілін баурайды. Алтайдың биік таулары мен Катонқарағайдың орман-тоғайлары, Марқакөлдің мөлдір сулары әлемде сирек кездесетін бірегей табиғи мұра. Мұндай артықшылықтар өңірдің туризм саласын қарқынды дамытуына зор мүмкіндік береді. Биыл елімізге келген туристер саны 15,3 миллионға жеткені Қазақстандағы туризмнің келешегінен хабар береді. Бұл ішкі нарықтағы экономикалық белсенділікті арттырып, инфрақұрылымның жақсарып келе жатқанын дәлелдейді. Алдағы уақытта Шығыс Қазақстанға туристерді тарту ауқымды сипат алмақ. 2026 жылы ішкі туристер санын 534 мыңға, шетелдік…









