Автор: Лейла Болтаева

ауа райы фонтан

Қазақстанның басым бөлігінде 3 маусым күні жазғы аптап сақталады, алайда бірқатар өңірде жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Елордада күн құбылмалы болады. Жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +15…+17 градус, күндіз +29…+31 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда күн бұлттанып, жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Күндіз ауа температурасы +29…+31 градусқа дейін жылынса, жел екпіні кей уақытта секундына 15-18 метрге жетуі мүмкін. Шымкентте де жаңбыр мен найзағай күтіледі. Соған қарамастан ауа райы өте ыстық болады. Күндізгі температура +34…+36 градусқа дейін көтеріледі. Ең жоғары температура Түркістан мен Қызылорда облыстарында тіркеледі. Түркістанда күндіз +35…+37 градусқа дейін ыстық болса, Қызылордада +34…+36 градус күтіледі. Жезқазған өңірінде де…

Толық оқу
пенсионка

Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалаудың үш нұсқасының біреуі маусым айының соңына дейін таңдалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Үкіметтегі брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты үш түрлі ұсынысты қарастырып жатыр. Олардың біріншісі – жинақтаушы жүйеге негізделген «4+1» жобасы. Екінші нұсқа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ұсынған сақтандыру зейнетақысы моделіне қатысты. Ал үшінші ұсыныс Сенат депутаттарының бірінен түскен. Бұл бастамаға сәйкес, азамат 40 жыл еңбек өтілін жинаған жағдайда зейнетке ертерек шығу мүмкіндігі қарастырылады. Асқарбек Ертаевтың сөзінше, аталған жобалардың барлығы жұмыс тобының отырыстарында талқылануда. Маусым айының соңына дейін…

Толық оқу
маркировка таңбалау

Кәсіпкерлер тауарларды таңбалау жүйесіне қажет жабдық шығындарын 150 пайыз көлемінде шегерімге жатқыза алады, деп жазады Ertenmedia.kz. Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 16-отырысында таңбалау жүйесін енгізу кезінде бизнеске қосымша қолдау көрсету мәселесі қаралды. «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жәркеновтің айтуынша, таңбалау талабы кәсіпкерлер үшін өндірістік желіні жаңғырту, арнайы жабдық сатып алу және ішкі процестерді қайта бейімдеу секілді едәуір шығынды қажет етеді. Осы қаржылық жүктемені азайту үшін сәйкестендіру жабдықтарын сатып алуға жұмсалған нақты шығынды салықтық шегерімге 150 пайыз мөлшерінде жатқызу ұсынылды. Яғни кәсіпкер нақты жұмсаған сомадан 50 пайызға артық көлемді шегерім ретінде көрсете алады. Жобалық кеңсе мүшелері бұл ұсынысты қолдады. Тиісті…

Толық оқу
Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда заң мен тәртіпке құрмет қалыптастыру қажеттігін тағы да еске салды, деп жазады Ertenmedia.kz. Президент «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына арнайы тоқталып, қалалар мен ауылдарды көркейту, аумақтарды көгалдандыру және экологиялық мәдениетті арттыру жұмысы тұрақты назарда болуы керек екенін айтты. Оның сөзінше, әсіресе туристік нысандар мен табиғат аясындағы азаматтардың тәртібі айрықша бақылауды қажет етеді. Мемлекет басшысы қоғамдық орындарда тәртіп бұзатын, табиғат пен ортақ мүлікке зиян келтіретін вандалдарды заң аясында жауапқа тарту қажет екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, құқықтық нигилизмге тек мемлекеттік органдар ғана емес, бүкіл қоғам болып қарсы тұруы керек. Тоқаев заң мен тәртіпке құрметпен қарау жазадан қорқумен өлшенбейтінін…

Толық оқу
Қасым-Жомарт Тоқаев

Alatau City жобасына қатысты үміт үлкен болғанымен, «болашақ қаласы» мәртебесі өздігінен табыс әкелмейді. Президент бұл бастаманың табысты болуы ең алдымен базалық мәселелердің шешілуіне байланысты екенін айтты. Оның ішінде жер, инфрақұрылым және жұмыс істеу ережелері нақты әрі ашық айқындалуы керек. Құқықтық бөлік бір жылдың ішінде толық рәсімделуге тиіс екенін ескертті, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы қаржылық тәуекелге де назар аударды. Жоба инвестиция мен бизнеске сүйенеді. Алайда бұл әзірге нақты кепілдендірілген табыс емес, болжам ғана. Сондықтан Alatau City үшін тұрақты қаржылық модель, 10, 20 және 30 жылға арналған түсінікті даму жоспары қажет. Ұзақ мерзімді жоспар, мастер-жоспар және даму стратегиясы 2026 жылдың соңына…

Толық оқу
Олжас Бектенов

Үкімет қоғамдық тамақтану орындарындағы газ баллондарының сақталуы мен пайдаланылуын тексеруді тапсырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктерге Төтенше жағдайлар министрлігі және Бас прокуратурамен бірлесіп, кафе, мейрамхана және басқа да қызмет көрсету нысандарындағы газ баллондарының қауіпсіздігін тексеруді тапсырды. Әсіресе тұрғын үйлердің бірінші қабатында немесе жапсарлас салынған нысандарда орналасқан қоғамдық тамақтану орындарына ерекше назар аударылады. Мұндай шешім өндірістік және тұрмыстық қауіпсіздік талаптарын күшейту қажеттігінен туындап отыр. Газ баллондарын сақтау немесе пайдалану тәртібі бұзылған жағдайда өрт, жарылыс, адам шығыны секілді ауыр салдар болуы мүмкін. Сондықтан тексерістер келушілердің, қызметкерлердің және көпқабатты үйлерде тұратын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Премьер-министр сонымен қатар…

Толық оқу
Депозит

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшыларға депозит мерзімі аяқталған сәтте қаражатты бақылаусыз қалдырмауға кеңес берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қор сарапшылары банк депозитінің «өмірлік циклі» барысында кездесетін тәуекелдерді талдап, қазіргі жағдайда ең өзекті мәселенің бірі салым мерзімін дұрыс таңдау және автопролонгация талабын мұқият бақылау екенін атап өтті. 2026 жылдың сәуірінде жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттеріне тартылған қаражаттың 58 пайызы жаңа салымдар есебінен қалыптасқан. Ал 42 пайызы бұған дейін ашылып, кейін автоматты түрде ұзартылған депозиттерге тиесілі болды. Бір ай ішінде пролонгацияланған салымдар көлемі 3 трлн теңгеге көбейсе, жаңадан түскен таза қаражат 4,1 трлн теңгені құрады. Мамандардың айтуынша, қазіргі депозит нарығы қысқа мерзімді әрі…

Толық оқу
жол

Қазақстандағы танымал туристік аймақтарға апаратын негізгі автомобиль жолдары жазғы маусымға толық дайын, деп жазады Ertenmedia.kz. Ведомство мәліметінше, демалыс орындарына баратын негізгі бағыттар нормативтік жағдайға келтіріліп, туристер легін қабылдауға әзірленген. Кейбір учаскелерде соңғы жылдары күрделі жөндеу мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Бурабай курортына барушылар үшін негізгі бағыт – Щучинск қаласы арқылы өтетін «Астана – Петропавл» республикалық тасжолы. Бұл жол өңірдегі туристік аймаққа кіретін басты көлік дәлізі саналады. Зеренді демалыс аймағына «Көкшетау – Атбасар» бағыты немесе «Щучинск – Зеренді» автожолы арқылы жетуге болады. Соңғы бағыт Зеренді мен Бурабайды тікелей байланыстырады. Қарағанды облысындағы Қарқаралы курортына республикалық маңызы бар «Қарағанды – Қарқаралы» тасжолы апарады.…

Толық оқу
Маңғыстау

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай халықаралық олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстары және робототехника чемпионаттарында жеңіске жеткен дарынды оқушылармен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. 1 маусым күні өткен кездесуде өңір басшысы жастарды жоғары жетістіктерімен құттықтап, олардың табыстары облыстағы білім беру жүйесінің сапасын көрсететін маңызды көрсеткіш екенін айтты. Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын елдің болашағын айқындайтын негізгі факторлардың бірі ретінде үнемі атап өтетінін жеткізді. Оның айтуынша, халықаралық және республикалық деңгейде жеңіске жеткен оқушылардың жетістігі – табандылықтың, үздіксіз ізденістің және білімге деген ұмтылыстың нәтижесі. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Оқушылар облыс әкімінен мемлекеттік қызметтегі жауапкершілік, табысқа жетудегі тәртіп пен таланттың арақатынасы,…

Толық оқу
LRT Жеңіс Қасымбек бала

LRT туралы бейнеролик арқылы көпшілікке танылған үш жасар Әміреге Мемлекет басшысының Алғыс хаты табыс етілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Халықаралық балаларды қорғау күні үш жасар Әміремен кездесіп, оған арнайы сыйлықтар тапсырды. Әміредің LRT-ға алғаш мінген сәті түсірілген бейнеролик әлеуметтік желіде кең тараған еді. Бүлдіршін сол видеода LRT өзін ел Президентімен кездесуге апаратынына шынайы сенген. Оның балалық аңғалдығы, кіршіксіз көңілі мен қарапайым қуанышы көпшіліктің жүрегін елжіретті. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Әміреге Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты және естелік сыйлықтар табысталды. Әкім мұндай сәттер адамға арманға сенуді, жақсылықтан үміт үзбеуді және өмірдің қарапайым қуаныштарын бағалауды…

Толық оқу