Автор: Лейла Болтаева

Қазақстан АҚШ Қытай сирек металдар

Вашингтон үшін Орталық Азия енді нақты экономикалық мүдделердің, әсіресе стратегиялық минералдар нарығындағы күрестің аймағына айналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Америкалық Cove Capital компаниясының Қазақстанда вольфрам кен орындарын игеруге бағытталған миллиардтық келісімшарты осы бағыттағы алғашқы нақты қадамдардың бірі. Жобаға қатысушы Cove Kaz Capital-дың бас директоры Доминик Хитон АҚШ-тың өңірдегі минералдық стратегиясын алғаш рет ашық талқылады. Сирек металдар ойыны Қырғызстанда 5 ақпанда аяқталған «B5+1» форумы барысында АҚШ билігі Орталық Азиядағы минералдық ресурстарға қол жеткізу жолында біршама ілгерілеуге қол жеткізгенін көрсетті. Дегенмен әлі де атқарылатын жұмыс көп. Cove Capital мен Қазақстан ұлттық компаниясы Tau-Ken Samruk арасындағы келісім соның нақты мысалы. Жобаға сәйкес, америкалық компания акциялардың…

Толық оқу
автбусқатөлем жасау жол ақысы

Алматыда қоғамдық көліктегі жол жүру ақысын төлеудің бірыңғай цифрлық жүйесі – Avtobys кезең-кезеңімен енгізіле бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Алматы қаласы Жол қозғалысы мен жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы хабарлады. Жаңа цифрлық платформа Қазақстан мен Қырғызстанның 24 қаласында сәтті жұмыс істеп тұр. Енді бұл жүйе Алматы қаласының көлік инфрақұрылымын цифрлық басқаруға көшіру аясында енгізіледі. Жүйені отандық Innoforce технологиялық холдингі әзірлеген. Avtobys жолаушыларға жолақыны төлеудің бірнеше ыңғайлы тәсілін ұсынады. Енді жол жүру билетін банк картасы немесе арнайы көлік картасы арқылы ғана емес, Apple Pay және Google Pay қызметтерімен де төлеуге болады. Сондай-ақ Avtobys мобильді қосымшасы арқылы QR-код, Bluetooth, NFC технологиялары, көліктің…

Толық оқу
Жетісу облысы су тасқыны

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында облыс бойынша бірқатар маңызды инженерлік іс-шаралар атқарылып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір аумағында қауіпті саналатын аймақтарда ұзындығы 3 шақырымды құрайтын қорғаныш бөгеттері тұрғызылып, қайта жөнделді. Бұдан бөлек, 14,8 шақырымдық су бұру арналары мен арықтар қазылып, өзендер мен каналдардың 11 шақырымы механикалық тазалаудан өтті. Сонымен қатар, өзен арналарының 13 шақырымдық бөлігі тереңдетіліп, арна түзеліп, жағалаулар бекітілді. Бұл шаралар кешені елді мекендерді су басу қаупін азайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кезекті профилактикалық рейд барысында Каратал өзеніндегі инженерлік жұмыстардың барысын тексерді. Қазіргі уақытта шамамен екі мыңға жуық тұрғын мекендейтін Тастөбе мен…

Толық оқу
ҚазҰУ

Пәкістан астанасы Исламабад қаласындағы Каид-и Азам университетінде Әл-Фараби орталығы ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Орталықтың ашылу рәсіміне ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Пәкістанның білім беру және кәсіптік даярлау министрі Халид Мабул Сиддики, Каид-и Азам университетінің ректоры, профессор Ниаз Ахмед және ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев қатысты. ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Әл-Фараби орталығының құрылуын Қазақстанның ғылыми-білім беру саласын халықаралық деңгейде ілгерілету жолындағы маңызды қадам деп атады. Оның айтуынша, Әл-Фараби – Шығыс пен Батысты тоғыстырған ұлы ойшыл. Енді ғұламаның атымен аталатын орталық еліміздің зияткерлік әлеуетін танытып, қос мемлекеттің мәдени және академиялық байланыстарын нығайтуға үлес…

Толық оқу
Абай университеті Тоқмұхамед Садықов

Алматыда прокуратура Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің заңсыз сатылған ғимараттарын мемлекет меншігіне қайтарды, деп жазады Ertenmedia.kz. Нысандар бұрынғы ректордың жақындарына заңсыз беріліп, кейін университеттің өзіне жалға тапсырылған. Прокуратураның дерегінше, оқу орнына тиесілі спорт ғимараты 2003 жылы сол кездегі ректор Тоқмұхамед Садықовтың бұйрығымен «Фирма Зураб» деген компанияға арзан бағаға сатылған. Заң бойынша мемлекеттік ғимаратты сатуға ректордың ешқандай құқығы болмаған. Ғимараттың ауданы 1400 шаршы метр. 2003 жылы ол бар-жоғы 5 миллион теңгеге сатылған. Салыстыру үшін айтсақ, қазір нысанның құны 135 миллион теңге тұрады. Компания ғимаратты сатып алған соң, оны университетке қайтадан жалға берген. Осылайша, университет өзі бұрын иелік еткен ғимарат үшін…

Толық оқу
Вера Ким

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ жетекшісі Вера Ким Қазақстанда волонтерлікті конституциялық деңгейде ынталандыруды бекіту туралы бастама көтерді, деп жазады Ertenmedia.kz. Вера Ким Президенттің волонтерлік қозғалысқа тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Соның жарқын мысалы – биыл 30 қаңтарда өткен ауқымды Еріктілер форумы. Жаңа Конституция жобасына ұсыныстар қабылдау басталғаннан бері депутатқа волонтерлік ұйымдардан өтініштер үздіксіз түсіп отырған. Олар Конституцияның 31-бабының 2-тармағына «волонтерлік» терминін қосуды сұраған. Осыған орай, депутат әлеуметтік қамсыздандыру мен қайырымдылықпен бірге еріктілердің еңбегін де конституциялық түрде ынталандыруды ұсынды. Ол қазіргі Конституцияда мемлекет тарапынан қолдау табатын қоғамның қатысу түрлері толық емес екенін…

Толық оқу
Орталық Азия Еуропа транзит

Еуразияда жаңа геосаяси шындық қалыптасып келеді. Орталық Азия елдері соңғы кезде көлік-логистикалық бағыттарды әртараптандырып, Ресей аумағын айналып өтетін жобаларды іске асыруға бет бұруда, деп жазады Ertenmedia.kz. Жақында ғана Өзбекстан мен Түркия арасында жаңа тұрақты контейнерлік пойыз маршрутын ашу туралы келісімге қол қойылды. Бұл дәліз Түркіменстан мен Иран арқылы өтеді және Ресей территориясын мүлде басып өтпейді. Биыл қаңтар айының соңында Анкарада қабылданған осы шешім тек логистика тұрғысынан ғана емес, аймақтың жаңа геосаяси таңдауынан хабар береді. Бір қарағанда, бұл жоба қарапайым логистикалық бастама болып көрінуі мүмкін. Шындығында, мұның артында үлкен стратегиялық мән жатыр. Маршрут Орталық Азияның еуропалық нарыққа шығу жолын едәуір қысқартады,…

Толық оқу
Shell бас директоры Ваэль Саван

Shell компаниясының бас директоры Ваэль Саван Қазақстандағы жаңа инвестицияларды уақытша тоқтататынын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұған Қазақстан Үкіметі халықаралық мұнай компанияларына қарсы қозғаған бірқатар сот процестері себеп болып отыр. Қазақстан билігі соңғы жылдары шетелдік инвесторлармен жиі соттасып келеді. Негізгі таластар Қашаған мен Қарашығанақ кен орындарындағы шығындарды өтеуге байланысты. Қазақстан тарапы Қашаған бойынша 13 миллиард доллар, ал Қарашығанақ бойынша 3,5 миллиард доллар өтемақы талап етіп отыр. Осы аптада өткен телефон конференциясында Shell басшысы Ваэль Саван компанияның Қазақстандағы ахуалдың анық-қанығы белгілі болғанша жаңа жобаларға қаражат салмайтынын ашық айтты. «Қазақстанда инвестициялық мүмкіндіктер көп, бірақ қазіргі жағдай біздің алдағы жоспарымызға теріс әсер етеді. Барлығын…

Толық оқу
Алмасхан Сматлаев

Алматы қаласында троллейбус көлігі одан әрі дамытатын болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі таңда қалада қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша кешенді бағдарлама іске асырылып жатыр. Әкім орынбасарының айтуынша, бұл жұмыстар саябақтарды, өзен жағалауларын, көшелер мен қоғамдық орындарды бірыңғай стандарт негізінде көріктендіруді көздейді. Оның басты мақсаты адамға бағытталған, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыратын орта қалыптастыру. Қаладағы ірі жобалардың қатарында Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту жұмысы бар. Жоба аясында саябақтың кіреберіс аймақтары жаңартылып, басты субұрқақ қайта жөнделеді. Ол жыл он екі ай жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар балалар мен спорт…

Толық оқу
құрылыс

Алматыда инклюзивті спортты дамытып, параспортшыларға қолдау көрсететін жаңа спорт кешенінің құрылысы басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Спорттық орталық мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Екі қабатты заманауи кешеннің жалпы ауданы – 7,6 мың шаршы метр. Мұнда бассейндер, әмбебап әрі жаттығу залдары, үстел ойындары, үстел теннисі мен садақ атуға арналған арнайы бөлмелер, сондай-ақ конференц-зал орналаспақ. Жаңа инклюзивті спорт орталығында жүзу, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, бадминтон, үстел теннисі, дзюдо, таэквондо, отырып ойнайтын волейбол, голбол, бочча, арба биі, паравелоспорт, ату спорты және басқа да бейімделген спорт түрлерінен жаттығулар ұйымдастырылады. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың тамыз айында басталды. Спорт кешенін толық пайдалануға беру 2026…

Толық оқу