Автор: Лейла Болтаева

ауа райы

23 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады. «Қазгидромет» мәліметінше, республиканың көптеген өңірлерінде күн бұлттанып, жауын-шашын түседі. Кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні күшейеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы күндіз +16…+18°C. Алматыда жаңбыр мен найзағай күтіліп, желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге дейін жетеді. Күндізгі ауа температурасы +21…+23°C аралығында. Шымкентте күн райы бұзылып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы күндіз +20…+22°C болады. Ақтауда жаңбыр жауады, күндіз ауа температурасы +15…+17°C. Ақтөбеде жаңбыр жауып, желдің екпіні 15 м/с жетеді, күндіз +10…+12°C аралығында. Атырауда күн бұлтты болып, жаңбыр…

Толық оқу
Ғылым ордасы

Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы «Ғылым ордасы» мекемесінің қорына 100-ден астам ғылыми басылымдардан тұратын кітаптар топтамасын табыс етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шараға АҚШ Бас консулы Мишель Еркін, «Ғылым ордасы» РМК бас директорының міндетін атқарушы Азамат Нұршанов, консулдық өкілдері және Орталық ғылыми кітапхананың қызметкерлері қатысты. Бас консул Мишель Еркін бұл бастаманың ғылыми байланыстарды дамытуда стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. – 100-ден аса ғылыми басылымдар мен «Америкалық кітаптар бұрышының» ашылуы – білім мен ғылымдағы ынтымақтастығымыздың маңызды кезеңі. Біз ұсынған бұл ресурстар ғылыми ізденістерді жандандырып, екі ел ғалымдарының тәжірибе алмасуына ықпал етеді деп сенемін, – деді Бас консул. Қазір Орталық ғылыми кітапхана қорында…

Толық оқу
Жетісу университеті

Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммитте І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің инновациялық жобалары көпшілік назарына ұсынылып, жоғары баға алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан маңызды жиында экология, жасыл технологиялар мен тұрақты даму мәселелері сөз болды. Саммит аясында ұйымдастырылған көрмеде Қазақстанның үздік университеттері өздерінің ғылыми-инновациялық жетістіктерін таныстырды. Көрмені аралаған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жетісу университетінің жобаларына ерекше назар аударып, олардың ғылыми және практикалық маңызын атап өтті. Жетісу университетінің ректоры Ермек Бөрібаев екі негізгі бағыттағы жобаларын таныстырды: Біріншісі – «Green Zhetysu University» жасыл экономика мен қалдықсыз технологиялар бағыты. Мұнда сирек өсімдіктерді in vitro технологиясымен көбейту,…

Толық оқу
кітап көрмесі

Астана қаласында ҚР Президентінің орталығында «Astana Eurasian Book Fair – 2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Орталық Азиядағы ең ірі мәдени шараға мемлекеттік органдар мен қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар және шетелдік елшіліктердің өкілдері қатысуда. Биылғы шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Qazaq Creative» қорының қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырған. Көрмеге Қазақстаннан бөлек, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, Испания, Қытай, Иран, Беларусь, Португалия, Венесуэла және Ұлыбритания елдерінен 80-нен астам баспа мен кітап шығаратын ұйымдар қатысуда. Көрме аясында бес күн бойы жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, авторлармен кездесулер, автограф-сессиялар, балаларға арналған шеберлік сағаттары өтеді. Шара барысында Түркияның «Түрік асханасы»,…

Толық оқу
Жетісу алма

2 мамыр күні Жетісу облысының Сарқан ауданындағы Тополевка ауылында орналасқан «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Сиверса алмасының гүлденуіне қатысты фестивалі өтеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл фестиваль – Жетісу өңіріндегі көктемнің ең ерекше әрі тартымды табиғи құбылысына арналған бірегей іс-шара. Таңдалған мекен де кездейсоқ емес. Дәл осы аймақта жабайы Сиверс алма ағашының әлемдегі ең ірі тоғайлары орналасқан. Ғалымдардың айтуынша, Жетісу аумағында Сиверс алма ағашының әлемдік қорының шамамен 48%-ы шоғырланған екен. Жылына бір-ақ рет, бірнеше апта ғана жалғасатын бұл табиғи құбылысты тамашалауға мыңдаған туристер, фотографтар мен саяхатшылар арнайы келеді. Осы уақытта тау бөктерлері нәзік ақ-қызғылт гүлге оранып, көрген жанды еріксіз таңдай қақтырады.…

Толық оқу
төлем ақылы жол

Қазақстанда 2025 жылы ақылы жолдардан түскен қаражат көлемі 87 млрд теңгені құраған. Биылғы жоспар бойынша 100 млрд теңгеге жуық ақша жинау көзделуде. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлім етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.. Оның айтуынша, ақылы жолдардан түскен қаражат тек сол жолдардың өзін күтіп ұстауға жұмсалады. Жиналған ақша ең алдымен жолдарды жөндеу мен арнайы техника сатып алуға бағытталады. – Қазір екі жолақты жолдың бір шақырымының орташа жөндеу құны – шамамен 100 млн теңге. Егер жол төрт жолақты болса, онда бұл сома 1,5-2 есеге артады, – деді Дархан Иманашев. Компания соңғы екі жылда 1200-ден астам арнайы техника сатып алған.…

Толық оқу
ақылы жол

1 маусымнан бастап жүк тасымалымен айналысатын компаниялар мен тасымалдаушылар жол парақтары мен тауар-көлік жүкқұжаттарын міндетті түрде Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде (КҚББЖ) тіркеуі тиіс, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл талап салмағы 3,5 тоннадан асатын көлік құралдарымен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын барлық қатысушыларға қолданылады. Құжаттарды тіркеудің бұл жаңа тәртібі көлік саласындағы құжат айналымын жеңілдетіп, қағаз түріндегі құжаттарды барынша азайту мақсатында енгізіліп отыр. Айта кетейік, аталған норма алғаш рет 2020 жылы енгізілген, алайда техникалық жетілдіру мен бизнеске қолайлы жағдай жасау мақсатында осы уақытқа дейін міндетті емес сипатта болды. Енді бұл жүйені қолдану барша тасымалдаушылар үшін міндетті болып табылады. Құжаттарды тіркеу тәртібін орындамаған, жалған…

Толық оқу
Жетісу

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері Рамазан Әбдрасіл мен жаттықтырушысы Әлімжан Базарбекті қабылдады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өңір басшысы спортшыны жеңісімен құттықтап, оның халықаралық аренадағы табысы бүкіл ел үшін мақтаныш екенін атап өтті. – Рамазанның жетістіктері ұзақ жылғы еңбектің нәтижесі. Осы орайда жаттықтырушы Әлімжан Базарбекұлының да қажырлы еңбегін ерекше атап өткім келеді, – деген облыс әкімі. Өңір басшысы чемпионға Талдықорғандағы жаңа шағын ауданнан бір бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Ал бапкеріне ақшалай сыйлық сертификатын табыс етті. Кездесуде өңір басшысы Талдықорғанда инклюзивті спорт орталығының құрылысы басталғанын, бұл Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асып жатқанын атап…

Толық оқу
Түркістан

Түркістан облысында инвестициялық жобалардың орындалуы қатаң бақылауға алынды. Биыл өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен 5 инвестициялық штаб отырысы өтіп, жауапты мекемелерге 31 хаттамалық тапсырма берілген болатын, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осы тапсырмалардың орындалу барысы мен жобалардың ағымдағы жағдайы облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің жетекшілігімен өткен кезекті отырыста талқыланды. Жиында 2024 жылы жүзеге асатын инвестициялық жобалардың бүгінгі жай-күйі сараланып, бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы пысықталды. Сондай-ақ, Арыс қаласы мен Сарыағаш ауданының әкімдері былтырғы шетелдік инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы туралы есеп берді. Қанат Қайыпбек жаңа жобаларды уақытында іске қосу мен инфрақұрылым жұмыстарын жеделдету қажеттігін ескертті. «Облыстағы барлық электр қосалқы станцияларына инвентаризация жүргізіп, бос қуат…

Толық оқу
жер

Алматы қаласына жақын, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында түнде жер сілкінісі тіркелгенін сейсмологтар айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Қырғызстанның Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының хабарлауынша, магнитудасы 3,3 балдық жерасты дүмпуі 22 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 04:26-да тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 57 шақырым қашықтықта орналасқан. Қырғызстанның елді мекендерінде тербеліс байқалмаған. Ал Қазақстан аумағындағы жағдай бойынша әзірге ақпарат түскен жоқ. Ресей Қазақстаннан Германияға «Достық» мұнай құбыры арқылы тасымалданатын мұнай транзитін 1 мамырдан бастап тоқтатпақ.

Толық оқу