Автор: Лейла Болтаева

амнистия 2026

Қазақстанда жаңа рақымшылық аясында жүздеген мың азаматтың айыппұлы кешіріліп, бірқатар сотталған адамның жазасы жеңілдетілуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәжілісте талқыланған заң жобасына сәйкес, биыл қылмыстық рақымшылыққа алдын ала есеп бойынша 15 мыңнан астам сотталған адам ілігуі мүмкін. Оның ішінде 5 мыңнан астамы бас бостандығынан айыру орындарында отырса, тағы 10 мыңға жуығы пробациялық бақылауда жүр. Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбековтің айтуынша, былтырғы рақымшылық актісі бойынша 15 мыңнан астам сотталған адамның жазасы жеңілдетілген. Бір бөлігі босатылып, енді бірінің жаза мерзімі қысқартылған. Өткен жылғы рақымшылықтан кейін түрмеден шамамен 2300 адам шыққан. Олардың ішінде 8 адам қайта қылмыс жасап, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Мәжіліс…

Толық оқу
цифрлық қағазбастылық

Қазақстанда «Әкімнің цифрлық жұмыс орны» жобасы барлық өңірде кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жоба қазірдің өзінде 17 облыс пен 1894 ауылдық округті қамтыған. Платформаның негізгі мақсаты өңірлік басшылардың қағазбастылығын азайтып, ауылдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға қатысты маңызды деректерді бір жүйеге жинақтау. Жүйе Отбасының цифрлық картасы негізінде әзірленген. Оған 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйенің дерегі біріктірілген. Платформада тұрғындардың табысы, жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік мәртебесі, жылжымайтын мүлкі, инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім беру салаларының көрсеткіштері, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын алушылар туралы мәліметтер қамтылған. Деректерге жедел қолжетімділік әкімдерге әлеуметтік көмекті нақты мұқтаж азаматтарға бағыттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар…

Толық оқу
депозит

Қазақстандықтардың қаржы жинау дағдысы соңғы он жылда айтарлықтай өзгертті. Халық бұрынғыдай доллар қуаламай, депозит жинағын теңгеде сақтауға көше бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бір кездері ел ішінде ақшаға қатысты кез келген кеңес бір арнаға тоғысатын. Көлік сатсаң да, пәтер сатсаң да, сыйақы алсаң да, «доллар ал» деген түсінік кең тараған еді. Валюта жинау сақтықтың белгісі сияқты қабылданды. Экономика тек мөлшерлеме, инфляция немесе Ұлттық банктің есебі ғана емес. Экономика күн сайын миллиондаған адам жасайтын таңдау. Ал сол таңдау соңғы жылдары айтарлықтай өзгерді. 2016 жылдың басында халық депозиттерінің небәрі 19,9 пайызы ғана теңгеде сақталған. Қарапайым тілмен айтқанда, әр 100 теңгенің тек 20 теңгесі…

Толық оқу
депозит ашу

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшыларға жоғары пайызға қызыққанда депозиттің нақты түрі мен мерзімінен бұрын алу шартын мұқият тексеруге кеңес берді, деп жазады Ertenmedia.kz. ҚДКБҚ сарапшылары банк депозитінің «өмірлік циклі» барысында кездесуі мүмкін тәуекелдерді талдап, алғашқы бөлімде салымды дұрыс таңдауға қатысты негізгі мәселелерге тоқталды. Мамандардың айтуынша, жарнамада жоғары мөлшерлеме көрсетілгенімен, депозиттің нақты шарты әрдайым бірден түсінікті бола бермейді. Мысалы, 3 немесе 6 айға жылдық 18-20 пайызбен ұсынылған салым әр банкте әртүрлі өнім болуы мүмкін. Бірінде ол мерзімді депозит ретінде рәсімделсе, екіншісінде жинақ салым болуы ықтимал. Ал салым түрі ақшаны мерзімінен бұрын алу тәртібіне тікелей әсер етеді. Азаматтық кодекске сәйкес, мерзімді…

Толық оқу
Ғылым ордасы

Ғылым ордасында Қазақстанның қолжазба мұрасын сақтау, зерттеу және цифрландыруға арналған халықаралық конференция басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиын BR28712621 «Қазақстанның қолжазба мұрасы» жобасы аясында өтіп жатыр. Конференцияға Қазақстан, Түркия, АҚШ, Ұлыбритания, Куба, Өзбекстан және Әзірбайжан ғалымдары қатысты. Іс-шарада қолжазбаларды тіркеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу мәселелері талқыланды. Модератор – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бейлур. Конференцияға «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Нұрлан Сейдін, Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Гарвард университетінің зерттеушісі Наргис Касенова, Ұлттық кітапхана директоры Ғазиза Нұрғалиева, Орталық мемлекеттік архив директоры Сәбит Шілдебай және өзге де мамандар қатысты. Екі…

Толық оқу
ана капиталы

Қазақстанда бала туу көрсеткішінің төмендеуі тіркелгенімен, әзірге Ресейдегі сияқты ана капиталы енгізілмейді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Үкіметтегі брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қазіргі демографиялық ахуал мемлекет үшін күтпеген жағдай емес. Еңбек министрлігі демографиялық үдерістердің циклдік сипатта дамитынын атап отыр. Яғни халық санының табиғи өсімі кезең-кезеңімен өзгеріп, жоғарылау мен төмендеу кезеңдері кезектесіп отырады. Асқарбек Ертаевтың сөзінше, ведомство 2035 жылға дейінгі демографиялық болжамдарды әзірлеп қойған. Талдау нәтижесі өңірлер арасындағы айырмашылықтың айқын екенін көрсеткен. Кейбір облыстарда туу көрсеткіші жоғары деңгейде сақталса, басқа аймақтарда төмендеу байқалады. Соңғы уақытта бала туу мәселесі қоғамда жиі талқыланып жүр.…

Толық оқу
Ұлттық тестілеу орталығы Малайзия

ҰБТ кезінде құқығы шектелді деп есептеген талапкер Ұлттық тестілеу орталығының комплаенс қызметіне шағымдана алады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, талапкерлер +7 (7172) 57 59 51 нөмірі арқылы хабарласып, өз шағымын жеткізе алады. ҰТО комплаенс офицері Ғалымжан Мұхамедьяровтың айтуынша, тестілеу пунктілерінде бақылаудың бірнеше деңгейі енгізілген. Кіреберісте металл іздегіштер мен жеке тұлғаны тану жүйесі жұмыс істейді. Бұл бөгде адамның кіруіне және тыйым салынған заттарды алып өтуіне жол бермеуге бағытталған. Аудиторияларда үздіксіз бейнебақылау жүргізіледі. Барлық процесс Ахуалдық орталық арқылы бір мезетте қадағаланады. Ұлттық тестілеу орталығының дерегінше, ҰБТ басталғалы бері 283 заң бұзушылық тіркелген. 168 адам кіреберістегі бақылаудан кейін тестілеуге жіберілмеген. Тағы…

Толық оқу
шомылу

Астанада шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті профилактикалық және жедел іс-шараларды күшейтіп, құтқарушылар Есіл өзенінде күн сайын патруль жүргізіп жатыр. Қауіпті учаскелерде үш мобильді құтқару бекеті жұмыс істейді. Тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіз демалысы үшін шомылуға рұқсат етілген бес ресми орын белгіленген. Ал жабдықталмаған және қауіпті аумақтарда суға түсуге тыйым салынатыны туралы ескерту белгілері орнатылды. Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Бауыржан Ахметалиннің айтуынша, судағы жазатайым оқиғалардың басым бөлігі шомылуға арналмаған жерлерде болады. Сондықтан мамандар азаматтарды тек ресми жағажайларда демалуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және мас күйінде суға түспеуге…

Толық оқу
ауа райы тау

Алматы тұрғындарына алдағы тәулікте тауға шықпауға кеңес берілді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда ауа райының күрт нашарлауына байланысты ескерту жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің болжамынша, 3 маусым күні қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метрге дейін күшеюі мүмкін. Әсіресе Бостандық және Медеу аудандарының таулы аймақтарында ауа райы қолайсыз болады. Бұл өңірлерде өткінші жаңбыр, найзағай және секундына 15-20 метрге дейін жететін қатты жел күтіледі. Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындар мен қала қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті. Мамандар әлсіз бекітілген құрылымдардың, жарнамалық қалқандардың, құрылыс қоршауларының, ағаштардың және қатты жел кезінде құлау қаупі бар басқа да нысандардың маңында…

Толық оқу
жұлдыз жорамал

3 маусым күні жұлдыз жорамал барлық зодиак белгілеріне асығыс шешім қабылдамауға және айтылған сөздерге мұқият қарауға кеңес береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін маңызды мәселелер бойынша қорытынды жасауға асықпаған жөн. Кез келген ақпаратты тексеріп, жоспарларды нақтылап алған дұрыс. Күн жұмыс барысын реттеуге, жеке әңгімелер жүргізуге және бұрынғы жоспарларды қайта қарауға қолайлы. Тоқтылар үшін бүгін даулы әңгімелерден аулақ болған дұрыс. Жұмыста алдымен міндетті нақтылап алып, содан кейін әрекет еткен жөн. Кешке серуендеу немесе жеңіл дене жаттығулары көңіл-күйді жақсартады. Торпақтарға өз жайлылығын бірінші орынға қою ұсынылады. Өз жоспарыңызға кедергі келтіретін өтініштерден бас тартудан қорықпаңыз. Кешкі уақытта ертеңгі күнге дайындық жасау пайдалы болады. Егіздерге…

Толық оқу